1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология



бет2/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
емтихан

Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері — үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас ықпал; ізгілік, еркімен оқыту. Авторы – В.Ф. Шаталов.
Тірек сызба белгілерін пайдаланып оқытудың тиімділігі мынада: 1. Оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі; 2. Оқушының сызбабелгіні түсінуі үшін ойлау, салыстыру, есте сақтау қабілеттерінің мүмкіндік туады; 3.Оқу материалының ішінен негізгісін таңдай білуді үйренеді; 4.Топпен және өзара бірлесе жұмыс істеуді үйренеді; 5. Оқушы сызу, сурет салу, өз бетімен шартты белгі ойлау, оның мәнін білуге мүмкіндік туады; 6. Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін өзі бағалап үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы—оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Бұл бағдарлама оқытудың 100 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады. Мақсаты шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. 
Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:
- қызығушылықты ояту;
- мағынаны ашу;
- ой толғаныс.
Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»
Кезеңнің мақсаттары:
- оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
- оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
- оқушының белсенділігін ояту;
Жеке тұлғаның іс - әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
оқылатын мәселелер бойынша не білетінін еске түсіреді, ақпаратты жүйелейді, жауап алуға қажетті сұрақтар қояды. Өзге мақсатын тұжырымдайды. «Белгілі ақпараттар» тізімін түйін сөздер бойынша - әңгіме, кластерлер, дұрыс және дұрыс емесін мақұлдау және т. б. 
Бірінші кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жеке, жұп және топ бойынша жүргізіледі.
Екінші кезең «Мағынаны ашу»
Кезеңнің мақсаты:
- жаңа ақпаратпен танысу;
- жаңа ақпараттармен өз білімімен ара - қатынас белгілеу.
Жеке тұлғаның іс - әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
- мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;
- жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;
- қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.
Белсенді оқу әдістерін қолдану:
инсерт; екі жақты күнделік; қосымша журнал6 сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздеу және т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет