Тәрбие жоспарына қойылатын кейбір талаптар:
• жоспардың қоғам талаптарына, мақсатына сәйкестігі;
• өмірмен тығыз байланыстылығы;
• жоспарға тәрбиенің барлық салаларынан жұмыстар енгізу;
• тәрбие жұмысы формаларының оқушылардың жасына, ұжымының ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне сәйкес болуы;
• жоспардық жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларын қамтамасыз етуі (комплексті тұрғыдан);
• жоспардың нақтылығы.
2.Әдебиетті окыту әдістемесі пәнінің мақсаттары мен міндеттері. Әдебиетті оқытудың өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері.
Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты әдебиеттің сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып, оны халқымыздың көркем тарихы, «өмір оқулығы» дәрежесінде оқып-үйрету. Мектепте әдебиеттен білім беру мақсаттары:
Әдебиеттің ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі екендігі, өнер болғанда сөз өнері екендігі туралы ұғымдарын қалыптастыру, әдебиет пәнінің өзіндік ерекшелігі де сол өнер пәні болғандығы әдебиеттің сөз, тіл өнері екендігі туралы білімдерін қалыптастыру.
Әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білім бере отырып, оның басқа өнер түрлерінен айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.
Әдебиеттің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, ондағы дәстүр мен жаңашылдық, жалғаспалық әдеби кезеңдер, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайлы білімдерін қалыптастыру.
Өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты мәдениетті оқырман дайындау. Ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге, жаза білуге үйрету.
Көркем туындыны оқи отырып, эстетикалық талғамдарын байыта отырып, оны әдеби тұрғыдан сауатты талдай білуге дағдыландыру.
Туған әдебиеттің өзіндік ерекшелігі, оның адамзат әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы ұғымдарын толықтыру, жетілдіру.
Әдебиеттану ғылымы, сыны, оның мақсаты, міндеті, әдебиеттегі білім берудегі маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиешілік мақсат. Эстетикалық сезімдерін, талғамдарын тәрбиелеу. Адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке, адамдық барлық жақсы қасиеттерге баулу. Туған халқының тілі, оның әдебиетіне деген ұлттық сезімдерін тәрбиелей отырып, бүкіл адамзат қауымының тілі, әдебиетіне деген қызығушылығына әсер ету.
Әдебиет әдістемесінің міндеттері:
Білім беру приоритетіндегі ұстанымдарды жетілдіру;
Әдістемелік нұсқауларды толықтырып отыру;
Әдеби-теориялық ұғымдар сөздігін жасау;
Сабаққа қажетті дидактикалық материалдарды көбейту;
Сыныптан тыс оқу кітаптары;
Көрнекі құралдар: синтетикалық, синхроникалық кестелер, альбомдар, портреттер;
Техникалық оқу құралдары: диафильмдер, оқу кинофильмдер, слайдтар, магниттаспаларына жазылған: радио, телехабар беттері, фонохрестоматиялар жасау. Бір сөзбен айтқанда көркем шығарма мен жаңа әдістердің байланысын ашып, оқушының жас ерекшелігіне сай жаңартып отыру. Үнемі ізденіс зерттеуді жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |