1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология



бет83/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   134
емтихан

Кері байланыс ауызша немесе жазбаша орындауға болады
Кері байланыстың құралы ретінде: жазбаша ұсыныстар, бақылау, сауалнамалар,өзін-өзі бағалайтын күнделік/жорналдар т.б., болуы мүмкін.
· оқушы үшін – ол өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін түсінуге және алға жылжу үшін нақты ұсыныстар түрінде ақпарат алуына көмектеседі;
· мұғалім үшін – ол оқытудағы кемшіліктерін түсінуге көмектесетін ақпаратты алу және өзінің сабақ беру әдіс-тәсілдерін жақсарту үшін өзгерістерді еңгізе алады (жаңа әдістер, оқыту техникалары, сабақтың уақытын басқаша бөлу және т.б.).
Оқушының кез келген тапсырмасын тексеру кезінде мұғалім оның кемшіліктерін қана түзеп қоймай, қай жерін түзету керектігін түсіндіріп жазып берсе, оқушы өзі де қызығып, қатесін түзетуге тырысады. Бұл жерде мұғалім баға қоймайды, оқушының өзі түзегеннен кейін ғана баға қойылғаны жөн, өйткені оқушының өзін-өзі оқытуына ұмтылып, табысқа жетеді және мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс іске асырылады.
Кері байланыс келесі түрде айтылуы мүмкін:
Оқушы дұрыс жауап берсе: «я, бұл дұрыс жауап», «өте жақсы», «бәрі дұрыс», «Албина, жарайсың сен сұраққа нақты және толық жауап бердің»..
Оқушы дұрыс жауап бере алмаса: «жауапқа жақын, бірақ нақты емес»,«тағы да ойланып көр», «жақсы бастадың, бірақ бірге ойланып көрейік», «Марат осылай деп ойлайды, ал сендер қалай ойлайсыңдар?», «Осы жерде қате бар, тағы бір рет оқып көріңдер» т.б. Мұғалім оқушының жауабына: «дұрыс емес», «осындай жауап бола ма?» т.б. деген сияқты сөздермен сынамау тиіс, өйткені ондай қылықтар оқушының жеке басына тиеді.
Тәжірибелік маңыздылығы
Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы төмендегі артықшылықтармен белгіленеді:
· жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
· оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
· бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.
· өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритімі белгілі.
· оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет