2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаттары мен міндеттері. Қазақ тілін оқытудың ғылыми -зерттеу принциптері. Қазақ тілі әдістемесінің зерттелуі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі.
1.Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар¬дың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылар¬дың тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза білуге жол ашу.
2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу; оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы еңбекке баулу.
3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру.
Қазақ тілі пәнінің міндеттері: 1) Толық сауатты адамдар даярлау; 2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Қазақ тілін оқытудың ғылымилық принципі:
1.Оқытудың шамаға лайық жүйелілік принципі
Оқытудың саналылық принципі
Оқытудың материалды дұрыс орналастыру принципі
Оқытудың алдын-ала болжау принципі
Оқытудың берік, тиянақты болу принципі
Оқытудың теория жəне практика, өмірмен байланыстыру принципі
Оқытудың көрнекілік принципы
Қазакстанда педагогика тарихы, сондай-ак қазақ тілін окыту мәселелері Ыбырай Алтынсарин есімімен байланысты.
1935 жылы жылы «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдісі» деген атпен жинақ шыкты.
Қазак тілін,әсіресе грамматиканы оқыту жөнінде пікір айткан Қажым Басымов болды.1938 жылы «Грамматика' окыту жөнінде» деген макаласында окыту әдістеріне токталды.
1940 жылы Ғали Бегалиевтың «Бастауыш мектепте казак тілінің методткасы»,онан кейін 1950 жылы «Бастауыш мектепте казак тілі методикасының мәселелері» деген кітабы жарык керді.1965 жылдан бастап казак тілін окыту методикасынын даму тарихына үлес қосушылардың бірі – Бибігүл Кәтенбаева.Қазақ тілін оқыту әдісте месінің тарихы – ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерң негізінде қалыптаса бастады да, кейін оқытудың негізгі теориялық және тәжірибелік мәселелерімен С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, Х.Басымов, Ш.Сарыбаев т.б. ғалымдар айналысты.
1956 жылы Шамғали Сарыбаевтың «Қазак тілі методикасының кейбір мәселелері»
Ж. Аймауытовтың қазақ тілін оқыту мәселелеріне қатысты еңбектерін былай топтастыруға болады:
Қазақ тілін сапалы әрі тиімді оқытуға байланысты жазылған еңбектер;
Қазақ тілін әріптен бастап үйрету әдісіне арналған еңбектер;
Қазақ тілін жүйелі түрде оқытуға бағытталған еңбектер.
Ш.Х. Сарыбаев еңбектерін бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
Қазақ тілін орыс мектебінде оқыту мәселесі;
Қазақ тілін қазақ мектебінде оқыту мәселесі;
Фонетиканы оқыту мәселесі;
Орфография және оның принциптерін оқыту мәселесі;
Етістіктің грамматикалық категорияларын оқыту мәселесі;
Сөз таптарын оқыту мәселесі.
Достарыңызбен бөлісу: |