1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


Педагогикалық технологияларды жіктеу ерекшеліктері



бет26/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   134
емтихан

3.Педагогикалық технологияларды жіктеу ерекшеліктері.
Білім берудегі педагогикалық технологиялар мынандай ұстанымдарға сәйкес қолданылады:
1. Білім беру үдерісінің жариялылығы.
2. Педагогикалық үдерісті ізгілендіру ұстанымы.
3. Оқушының әлеуметтік құзыреттілігін дамыту ұстанымы.
4. Дамыта оқыту ұстанымы.
5. Педагогикалық технологиялар тиімділігін арттыру ұстанымы
6.Іс-әрекет теориясын жүзеге асыру.
Білім беру технологияларын әдіскер ғалымдар 4-ке бөліп жіктейді.

  1. Тұлғалық-бағдарлы

  2. Проблемалық Оқыту

  3. Дамыта оқыту технологиялары

  4. 4. ұжымдық өзара оқыту технологиялары

Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:
- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік);
- философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл- əкімшіл (авторитарлы);
- тəжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы); іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;
- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой əрекеттері əдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тəжірибелік əрекеттер қалыптастыру).
- Дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация): оқушы іс-əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру технологиясы; мұғалім жəне оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология жəне т.б.
Оқыту технологияларына тән негізгі белгілері:

  1. Тиімділігі

  2. Нәтижелілігі

  3. Жүйелілігі

  4. Негізділігі

  5. Тұжырымдамалылығы

  6. Басқарылмалылығы

  7. Үнемділігі

  8. Жобаланбалылығы

  9. Ғылыми негізделгендігі

Педагогикалық технологиялар жоғарыда айтылған түсініктемелері мен алуан түрлі анықтамаларын талдай отырып, бұл барлық технологиялардың айырықша ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытынды жасауға болады:
- оқытудың микромақсаттарының, мақсаттарының айқын, нақтылы анықталуы
- нәтижелердің жетістігіне бағытталуы;
- тәрбиелеумен оқыту субъектілерінің іс-әрекеттерінің әрбір кезеңдері бойынша қадамдық құрылымының анықталуы;
- мониторинг, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау;
- тәжірибенің қайталануымен алмасуы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет