2. Грек ғалымы Пифагордың қысқаша өмірбаяны мен математика дамуына қосқан еңбектері.
ПифагорБ.э.д. 569 – 475жГрек ғалымы Пифагор матиматикаға негізделетін құпия ілімнің негізін қалады. Ол сандардың барлық нәрсе екенін және математиканың көмегімен кез келген құбылысты түсіндіруге болатынын дәлелдеген. Мысалы, ол музыкалық аспаптың табиғи көлемінің жартысына тең музыкалық ішек кесіндісінің бір октаваға жоғары дыбыс шығаруға мүмкіндік туғызатынын ашқан. Пифагор жердің шар тәріздес екенін бірінші ұққан және дұрыс ұшбұрыштардың әйгілі теоремасын дәлелдеген. Ол сондай-ақ нысанын өзгеруге сенген және тамаққа бұршақтарды салуға тыйым салған. Пифагор сандары – натурал сандар үштігі, бұл сандар ұшбұрыш қабырғаларының ұзындығына пропорционал (немесе тең) болса, онда ұшбұрыш тіктөртбұрышты болып табылады. Бұл үшін Пифагордың кері теоремасы бойынша ол сандардың x² + y² = z² түріндегі диофант теңдеуін қанағаттандыруы жеткілікті (мыс., x = 3, y = 4, z = 5) өзара жай Пифагор сандарының кез келген үштігі мына формулалар арқылы анықталады: x² = m² - n², y = 2mn, z = m² + n², мұндағы m және n – бүтін сандар (m > n > 0).
3. Бабыл сандары арқылы 27, 12 сандарын жазу керек.
5 билет
Математика мұғалімін дайындау жүйесіндегі математика тарихының маңызы.
Математиканың тарихын кезеңдерге бөлу оның басты идеяларымен әдістеріне және өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты. Бұл кезеңдер жалпы тарихи кезеңдермен сәйкес келеді. Шынында да, бастапқы кезде біз алғашқы қауымның және құлиеленушілік қоғамының адамдарының математикалық білімдерімен жұмыс жасасақ, одан кейін ежелгі гректердін математикасына көштік. Яғни, құлиеленушілік қоғамының дамыған математикасымен жұмыс жасай бастадық. Ал үшінші кезең негізінен өндірістің феодалдық қоғамды, төртінші капитализмнің қалыптасу кезеңіне, ал бесінші кезең – бұл капитализмнің қалыптасқан кезеңімен және қазіргі кезеңді қамтиды.
Жастарды тәрбиелеумен оларға математиканы үйрету мақсатында математика тарихының маңызды роль атқаратынын атап өту жөн. Оқушылармен математиканың тарихы туралы әңгіме олардың ой өрісін жетілдіріп, сол пәнге деген қызығушылығын арттыратынын мұғалімдер біледі. Ғалымдардың шығармашылық өмірінен мысал, олардың ашқан жаңалықтары, оқушылардың өз-өзіне деген сенімін арттырады және қазіргі ғылымның мәселелерін шешуге деген ынтасын арттырады. Тарихи әңгімелер оқушыларды қазіргі ғылымның негізгі оның тарихынан басталатын және болашағы зор екенін көрсетеді. Сондықтан мектеп, жоғары оқу орындары мұғалімдерінің және оқушылар мен студенттердің математика тарихына деген қызығушылығы мен ынтасы уақытша болу мүмкін емес. Әрбір сабақта оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 3 немесе 5 минутқа арналған тарихи мәліметтер келтіріп отыру керек. Әр кластарда тарихи тізбектелуді сақтаймын деп әңгімелесу және қайталау міндетті түрде емес. Бұл әңгімелер мазмұны бойынша бірдей болып, бірақ алып отырған аумағы мен түп мағынасы әртүрлі болып кетуі мүмкін.
.
Достарыңызбен бөлісу: |