10-билет
1.Төрт жастағы балалардың кеңістікті және уақытты қабылдау ерекшеліктері.
4 жас). Бәрінен бұрын бала жоғарғы бағытты бөледі. Кейін –
оған қарама-қарсы – төменгісін ажыратады. Содан кейін ол «алдында» -
«артында» бағыттарын түсінеді. Ең соңында, «оң жақта» - «сол жақта».
Бұл ретте кеңістікті белгілердің әрбір жұбында бала алдымен біреуін, кейін
онымен салыстыру негізінде қарама-қарсысын бөліп көрсетеді. Кеңістікті
бағыттарды балалар алдымен өз денесінің белгілі бөліктерімен
байланыстырады:
• үстінде — басы қайда болса, сол жерде;
• астында — аяғы қайда болса, сол жерде;
• алдында — беті қайда болса, сол жерде сонда;
• артында — арқасы қайда болса, сол жерде;
• оң жақта — оң қолы қайда болса, сол жерде;
• сол жақта —сол қолы қайда болса, сол жерде және т.б.
Алдымен, бала заттың кеңістікті орналасуын, іс жүзінде өлшеп, затқа
дейін қолын тигізіп анықтайды. Өйткені ол, мысалы, оң жақта тікелей оң
қолының жанында орналасқан заттар бар деп санайды. Бұдан әрі балаға тек
көзбен көріп бағалау жеткілікті. Алдымен, кеңістік сараланған түрде
қабылданады (әр зат бөлек). Бала заттардың кеңістікті орналасуын тек дәл
сызықтар бойынша анықтай алады (тік, көлденең, сагиттальды).
Егер заттар сызықтарда орналаспаса, олардың кеңістікті орналасуы
туралы балаға бір нәрсе айтуға қиынға соғады. Бұл жаста бала заттар
арасындағы қашықтықты әлі нақты қабылдамайды. Мысалы, заттарды
қатарға қойып, бала оларды өте жақын орналастырады. «Жанында» ұғымы ол
үшін «тигізу, қолмен ұстау» синонимі болып табылады.
4-5 жас). Бала кеңістікті бағдарлау аумағы кеңееді. Кеңістікті
өлшеу денесінің бұрылуымен және қолдың көрсету қозғалысымен
ауыстырылады, кейін объекті жағына қарай тек көзқараспен өзгереді. Бала
тар кеңістікті қабылдайды, бірақ олардан тыс бағдарлай алмайды.
Уақытты қабылдауда балаларды апта күндерімен, жыл мезгілдерімен және айларымен, күнтізбемен таныстыруға болады. Соған параллель «уақыт сезімін» - уақыт аралықтарын бағалау және қосалқы құралдарсыз уақытта бағдар табу қабілетін дамыту қажет. балаларды 1, 2, 3, 5, 10 минут, жарты сағат, сағат аралықтарымен таныстыруға; сағатты (құмсағат, механикалық), секунд өлшеуішті пайдалануға үйретуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |