1-билет Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәні, мақсаты, міндеті


-билет 1.Бес жастағы балалардың көлем және геометриялық пішін туралы түсініктерін қалыптастыру



бет26/47
Дата18.06.2023
өлшемі1.29 Mb.
#475186
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47
Қарапайым матем калганы23 (1)

13-билет
1.Бес жастағы балалардың көлем және геометриялық пішін туралы түсініктерін қалыптастыру
Геометриялық фигуралар
Шеңбермен және тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақша пішінмен таныстыру. Геометриялық фигуралар (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) дұрыс атап, оларды ажырата білуге жаттықтыру.
Танымдық-зерттеушілік қызығушылықты, ойлауды, алдына қойылған міндетті шешуде не істеу, қалай істеу керек екенін түсінуге, күрделі формадағы заттарды өзбетінше зерттеуге мүмкіндік беру, қоршаған ортадан геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табу, олардың пішіндерін анықтау.
Пішіннің бір формасынан екіншісін қалай жасау керектігі туралы ұғымдарды дамыту, қағаз парағын тең және тең емес бөліктерге бөлу, бүтін мен бөлікті салыстыру, 8-10 бөліктерден пішіндерді жинап, құрастыру.


2.Өлшем туралы білімдерін қалыптастыруға арналған ойындар мен ойын жаттығулары.
«Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта».
Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.
Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар.
Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді.
«Ұзын-қысқа».
Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.
Ойынның мазмұны: Балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру.
«Тапсырманы орында».
Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: әртүрлі өлшемдегі ойыншықтар.
Ойынның мазмұны: бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет