1-билет Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәні, мақсаты, міндеті


-билет 1.Бес жастағы балалардың уақытты және кеңістікті бағдарлау ерекшеліктері



бет27/47
Дата18.06.2023
өлшемі1.29 Mb.
#475186
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47
Қарапайым матем калганы23 (1)

14-билет
1.Бес жастағы балалардың уақытты және кеңістікті бағдарлау ерекшеліктері
Кеңістікті бағдарлау.
Кеңістік туралы түсініктерді бекіту: заттарды кеңістікте орналастыру (сол
жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде); қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа,
оң жақтан сол жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа.
Сөйлеуде белгілі бір заттың өзіне немесе басқа затқа қатысты орнын
көрсете білуге үйрету. Берілген бағытта, оны белгі бойынша өзгерте отырып,
бағдарлауын қалыптастыру. Қағаз парағын бағдарлай білуді бекіту.
Уақытты бағдарлау.
Әртүрлі оқиғалардың, апта күндерінің, тәулік бөліктерінің реті туралы
білімді бекіту. Айлар, жыл мезгілдері туралы түсініктерді қалыптастыру,
олардың ретін білу және атау, циферблат бойынша уақытты анықтау.
Тәулік бөліктерінің ауысуын («кеше», «бүгін», «ертең»), оқиғалардың
ретін («алдымен – содан кейін», «бұрын – кейінірек») анықтау.
Заттар мен құбылыстардың математикалық мәнін тануға қызығушылық пен эмоционалды көзқарасты, ойлау мәдениетін, таным процесін ерікті реттеу,
шыдамдылық, ұқыптылық, өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға баулу.
Нүктелерді, өрнектерді салуға, тік және көлбеу таяқшаларды, қисық және
қиғаш сызықтарды дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.
2. Сұйық және сусымалы заттарды өлшеу туралы білімдерін қалыптастыруға арналған ойындар мен ойын жаттығулары.

Сұйық зат- ол су. Себебі-суды жерге төгетін болсақ ол жан-жаққа жайылып кетеді.


Ал сусымалы заттарды жерге төгетін болсақ, ол бір жерде үйіліп қалады.
Сусымалы заттар-күріш,секер,ұн,тұз.Сусымалы заттардың ерекшелігі-бір ыдыстан екінші ыдысқа төккенде үйінді сияқты болады.
«Сұйық немесе сусымалы» ойыны
Мақсаты: балалардың сұйық және сусымалы заттарды өлшеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Керекті құрал-жабдықтар: тәрелкелер,шыны ыдыс;
Барысы:Балалардың алдарына екі тәрелке беріледі. Бір шыны ыдысқа су және екінші шыны ыдысқа ұн (тұз,немесе секер,құм) саламыз.Балалар бір тәрелкеге суды құяды,ал екінші тәрелкеге құм немесе тұзды салады.Сонда су тәрелкенің жан-жағына жайылып кетеді,ал құм немесе тұз бір жерге үйіліп қалады.
«Дүкен» ойыны, бұл ойын кезінде сатушы сатып алушыларға банкаларға 1л, 2л, 3л сүт береді; б) «Ыдысқа қанша литр су сиятынын тап» (алғашында көлемі көзмөлшермен, кейін өлшеуішпен анықталады); в) екі ыдыстағы сұйықтық мөлшерін теңестіру жаттығуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет