1-билет Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәні, мақсаты, міндеті


Есептерді шығаруға үйретудің кезеңдері



бет36/47
Дата18.06.2023
өлшемі1.29 Mb.
#475186
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47
Қарапайым матем калганы23 (1)

Есептерді шығаруға үйретудің кезеңдері
Есептерді шығаруға үйретудің дайындық кезеңі
Мектепке дейінгілерді есептердің шешімін табуды оқыту бінеше бір – бірімен байланысты кезеңдерінен өтеді. Солардың біріншісі – Дайындық кезеңі.
Негізгі мақсаты – жиындарды алу амалдарын орындаудағы жаттығуларды жүйесін ұйымдастыру
Есептерді шығаруға үйретудің екінші кезеңі
Мектепке дейінгілерді есептердің шешімін табуды оқыту бінеше бір – бірімен байланысты кезеңдерінен өтеді. Соның екінші кезеңінде блаларды есептерді құрастыруға және оның құрылымын меңгерту.

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлық математикалық бейнелерін қалыптастыру бойынша жұмыс түрлерінің сызбасын құрастырыңыз, оларға қысқаша сипаттама беріңіз.








20-билет
1.6 жасар балалардың көлем, геометриялық пішін туралы түсініктерін қалыптастыру
Геометриялық фигуралар жайындағы жеңіл-желпі ұғым 6-7 жасар балалар үшін ғана әбден түсінікті бола алады. Ұғымды анықтау деген – сәйкес обьектілер класын дәл бөліп көрсете білу және олардың елеулі белгілерін атау болмақ. Аталмыш обьект жатқызылатын текті көрсете отырып, ұғымды анықтауды жәнеде сырт көрінісін айыруды ересек топтың балалары оқыту барсында біртіндер меңгереді. Сонымен бірге 6-7 жасар балалар геометриялық фигуралардың қарапайым қасиеттерін, сондай-ақ геометриялық фигуралардың кейбір түрлерінің арасындағы қатынастарында түсіне алатын болады. Геометрияда бір ұғым екіншісі, анағұрлым көлемділеуі арқылы анықталатын жағдай жиі кездеседі. Мысалы, былай дейді «квадрат дегеніміз-тіктөртбұрыштың дербес жағдайы» алайда тіктөртбұрыштың қай – қайсысыда квадрат бола бермейді, өйткені квадраттың барлық қабырғалары тең ал тіктөртбұрышта – тек екі қабырғасы тең болады.
Квадрат пен тіктөртбұрышты олардан кеңірек паралелограмм, төрбұрыш ұғым арқылы, тіпті оданда гөрі кеңдеу көп бұрыш ұғымы арқылы анықтауға да болады. Осылайша күрделене беретін бағыныңқы ұғымдардың тұтас жүйесін елестетуге болады. Ал зерттеулерге қарағанда, балалар мұңдайға аса қызығатын көрінеді. Бұл тектес байланыстар мен бағынушылықтарды тағайындау болса, балалардың ойын дамытып әрі тереңдете түседі, айнала қоршаған болмысты қабылдай білуге үйретеді, ойлау жүйелілігіне, байланыстылылығына тәрбиелейді.
Бұдан шығатын педагогикалық қорытынды: балаларды алуан түрлі геометриялық фигурамен таныстыра отырып, олардың қарапайым қасиеттеріне біртіндеп назар аудару қажет, сондай-ақ балаларды геометриялық фигураларды белгілеріне қарай топтастыра білуге үйрету, мұнымен формалардың инвариянтылығы атап көрсетіледі. 6-7 жасар балалар нәрсені екі қолымен ұстап көреді. Қимылы біріне-бірі қарама-қарсы келеді немесе екі жаққа қарай қазғалады. Алайда обьектінің контурын жүейлі түрде бақылап шығу дегенді әзір білмейді. Ақтығында, 6 жасар балалар фигураның бүкіл контурын саусақтарының ұшымен байқап шығатын болады,байқау қимылдары нәрсенің формасын модельдейтін іспетті.
Көз қимылдарының генезисі мынаған көз жеткізеді: фигураның контур бойымен көз жүгіртудің өзі де оның формасын модельдейтін сияқты және де оны дәл танып білуге септігін тигізеді. Алайда мұндай қимыл тек 6-7 жасар балаларға тән. Ертерек кезеңде көз қимылы фигураның тек ішкі облысын ғана қамтиды: алдымен оның өлшемін байқайтын сияқты тек 5 жасқа таман баланың көзі форманы анағұрлым сипаттық бөліктерін қамти бастайды,мұны өзі қабылданатын обьектіні белгілі бір дәрежеде тани білуге септігін тигізеді. Бұдан шығатын қорытынды: балаларға мүмкіндігінше геометриялық фигураның формасын немесе контур бойынша нәрсені тексеру тәсілдерін ерте үйрету қажет. ,балаларға геометриялық фигуралар формаларын дұрыс зерттеу тәсілдерін ерте жастан үйрету қажет: олардың қарапайым қасиеттерін көре білу қабілетін дамыту: айтылған сөзге және үлгіге қарай әр түсті және өлшемдері де әртүрлі фигуралардың арасынан таңдай білуді үйрету:геометриялық фигураларды алуан түрлі белгілері бойынша топтай білуге айнала қоршаған нәрселерден белгілі геометриялы фигуралармен ұқсастығын таба білуді уйрету: фигуралардан нәрселердің моделдерін құрастыра отырып олардың түрін өзгерте білуге үйрету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет