кәсіпкерлік аймағына айналдыру, бағдарламалық өнімді әзірлеу және т. б. ЭЕМ-ді, блок-
сызбаларды және т.б. қолдану ұсынылады.
Жеке жоба – дайындығы мейлінше жақсыбілім алушы өз қалауы бойынша жасайды.
Жұмыс тақырыптың бірегейлігімен және зерттеу сипатына ие болуымен ерекшеленуі тиіс.
Материалдарды ауызша баяндау (presentation) – білім алушы берілген тақырып
бойынша өзі дайындаған өзекті материалдарды баяндайды. Презентация уақыты – 10-15
минут. Презентация тақырыптың қаншалықты ашылғанына және қаншалықты
қызығушылық тудырғанына (талқылау), әдебиеттің әсіресе қосымша әдебиеттің
қаншалықты қолданылғанына қарай бағаланады.
Жазбаша жұмыстар (рефераттар, эсселер) - әртүрлі дереккөздерді қамтуы тиіс.
Жазба жұмысы қысқаша 1-2 бет, эссе көп дегенде 2 бетте баяндалуы тиіс.
Тест – әр модуль соңында өткізілуі тиіс,сондай-ақ
қаралған сұрақты толық
қамтитын болуы керек, білім алушы кез-келген тақырып бойынша студенттергеескертпей
тест жүргізе алады. Әр түрлі тесттерді қолдануға болады.
Кейс құрастыру – жағдаятты талқылау негізінде құрастырылады. Студентке
мәселелер сипатталған жағдаят туралы ойлану ұсынылады. Сонымен бірге мәселе
біржақты қаралмауы керек. Кейс мәселе сипаттау немесе мәселені шешу жолы
көрсетіледі.
Пікір - Білім алушылар бір-бірінің рефераттарына және презентацияларына
пікір
білдіреді. Пікірлер баяндаманың күшті немесе әлсіз жақтарын алынған ақпарат бойынша
қысқаша талдаудан тұрады .
Тапсырма орындау. Әр білім алушы оқытушыдан жазба түрде орындалуы тиіс жеке
тапсырма алады.
Тапсырма құрастыру. Білім алушылар дәрісте өткен тақырыптары бойынша
тапсырма шартын құрады. Шартпен қоса тапсырма шешімі де болуы керек.
Барлық тапсырмалар уақытында өткізілуі керек. Ағымдағы аптада тапсырмалар
уақтылы орындалмаған жағдайда бағалау 20% - ға төмендетілуі мүмкін.
МӨЖ ұйымдастыру үшін қажет:
- МӨЖ тапсырмасын академиялық кезеңнің басында беру (семестр);
- бақылаудың ағымдық және аралық түрлерін дайындау;
- МӨЖ кеңесінің уақытын белгілеу.
Сонымен қатар, талаптар мен жалпы нәтижелерді белгілеу маңызды, яғни
силлабуста оқытушы білім алушыларді: а) үй тапсырмаларын орындау қажеттілігіне; б)
орындау мерзімдерін сақтауға; в) дайындық пен жауапкершілікке бағыттауы керек.
Интерактивтік әдістер білім алушылардың бойында қалыптастырады:
- тыңдау және қарым-қатынас дағдылары;
- өзге адамға жанашырлық
таныта білу;
- дүниетанымды дамыту;
- мәселелерді шешу мен шешім қабылдау қабілетінінің артуы;
- аналитикалық ойлау мен талдау;
-экономикалық тұтас мәселелерге деген көзқарасын қалыптастыру қабілеттіліктерін
бекіту.
Достарыңызбен бөлісу: