1. Білім беру бағдарламасының құрылымындағы оқу пәнінің мақсаты, міндеті мен орны



Pdf көрінісі
бет52/69
Дата21.11.2023
өлшемі3.62 Mb.
#483932
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   69
Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

Білу және түсіну: Түркі тілінің дамуындағы, фразеологиядағы, сөзжасам жүйесіндегі, 
морфологиядағы және синтаксистегі негізгі тенденцияларды тұжырымдай біледі. 
Білік: Қазіргі қазақ тіліндегі белсенді үрдістерді, тілдегі норма және тіл бірліктерінің 
вариациясы, қазақ тілінде сөйлеу кезіндегі өзгерістерді саралайды.
Дағды: Теориялық білімді жинақтап, ғылыми идеяларды сыни тұрғыдан бағалайды. 
Ғылыми зерттеулер жасауға және жоғары оқу орнында арнайы пәндер бойынша сабақ 
жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей кәсіптік деңгейде шет тілін еркін 
меңгереді
 
 
1. МӨЖ мен ОБМӨЖ ұйымдастыру жөнінде жалпы мәліметтер 
1.1 Кредиттік 
оқу жүйесінің шарттарына сай студенттердің өзіндік 
жұмыстарын ұйымдастыру
Кредиттік оқыту технологиясы білім берудің әлемдік стандарттарын енгізуге 
мүмкіндік береді. Білім беру қызметі нарығының сұранысына сәйкес кредиттік 
технологияны енгізу және оқыту – мамандарды дайындаудағы жаңа заман талабы. 
Бұл технология болашақмаманғаөзініңтанымдықмүмкіндіктерінескереотырып, 
білімдіөзбетіншеалуғамүмкіндікбереді. 
Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру кезінде 
пәннің оқу материалының әрбір тақырыбы аудиториялық жұмысты, сондай-ақ 
студенттердің өзіндік жұмысына (МӨЖ) арналған тапсырмаларды орындауды және 
оқытушымен бірге орындалатын студенттердің өзіндік жұмысты (ОБМӨЖ) орындауын 
қамтуы тиіс. 
Бүгінгі ЖОО-ның оқытушы – студенттің өзбетінше алатын жаңа білім жолындағы 
ізденісін ұйымдастырушы. Білім алушы – өз бетінше белсенді түрде жұмыс жасаушы. 
Оның өзіндік даярлығына тиесілі уақыт аудиториялық сағатқа қарағанда екі есеге артық 
немесе 70 пайыздан кем болмауы керек, сондай-ақ студенттердің білім деңгейі мен 
қабілеті бірдей еместігі ескеріледі. 
Білім алушылардың өзіндік жұмысы оқу жұмыс бағдарласындағы әрбір пән 
бойынша ұйымдастырылады. Қазіргі таңда білім алушылардың ана тілінде, сондай-ақ, шет 
тілінде білімін өздігінен жетілдірудеөзіндік жұмысының шығармашылық әдістерін іздеу - 
жоғары білім берудің өзекті мәселелерінің бірі

Сонымен, МӨЖ және ОБМӨЖ тапсырмаларын орындау барысында білім алушы 
келесі талаптарды сақтауы тиіс: 
• өзі орындайтын жұмыстың мақсатын түсіну; 
• өз жұмысының оң нәтиже беруіне қызығушылық таныту; 
• өз жұмысының түпкі мақсатына жетуге мүдделі болу; 
• өз жұмысын өзіндік дербес жолмен орындау; 
• өз ойлары мен іс-әрекеттерін басшылыққа ала білу; 
• түрлі құбылыстарды ғылыми тұрғыдан бағамдай білу. 
Оқытушы білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында келесі 
ережелерді білуі және сақтауы тиіс: 


• МӨЖ-ді оқу бағдарламасындағы өзге де жұмыс түрлерімен өзара байланыстыра 
білу; 
• білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін жетілдіру; 
• білім алушылардың мен білік пен дағдыларынқалыптастыру; 
• білім алушының өз бетінше білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту; 
• білім алушыларбілімініңшығармашылық дамуына ықпал ету; 
• білім алушының МӨЖ мазмұнына жаңа ақпаратты енгізу; 
• білім алушыға жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың кең 
мүмкіндіктерін ұсыну; 
• білім алушылардың дағдылар мен біліктерді өз бетінше игеруіне ықпал ету; 
• білім алушылардың санасында білімді ғылыми талдау негіздері түсінігін 
қалыптастыру. 
Сонымен, МӨЖ және ОБМӨЖ білім алушылардан көрсетілген мерзімде 
тапсырмаларды уақтылы орындаудағы жауапкершілікті, білім алушылардың өзінің 
болашақ мамандығына деген кәсіби танымдық қызметін қалыптастыруды талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет