Аралас термомембранды залалсыздандыру. Соңғы жылдары жартылай өткізгіш мембрананы пайдалануга негізделген алсыздандыру көбірек қолданылып жүр. Төменгі энергия сыйымдылық, рмофильді компоненттерге кері әсерінің жоқтығы сияқты артықшылықтары -болғанмен, бұл әдіс құрамында жүгері бөлшектері немесе соя ұны, бор т.б. қатты заттары бар тұтқыр ортаны өңдеуге жарамсыз. Осындай кемшіліктерін азайту үшін, қоректік орта компоненттерін жекелеп өңдеуге болады.
Мысалы; технологиялық суды және тұзды ерітінділерді микрофильтрлеу жолымен,ал қатты бөлшектері бар концентратты үздіксіз залалсыздандыру құралдарында залалсыздандырады. Бұл термиялық әдіспен залал-сыздандырылған сұйықтықтың көлемін, бу шығымын және салқындатылған судың көлемін бірден қысқартуға мүмкіндік береді. Концентраттар мен технологиялық судың (тұзды ертінді) келемінің арақатынасы 1:3 тең, залалсыздандырудың аралас әдісі жылытып залалсыздандырумен салыстырғанда энергетикалық шығынды 73% -ға төмендетеді.
Технологиялық су, тұзды ерітінді немесе басқа залалсыздандырылған сұйық сығылған ауаның қысымының әсерінен қатты бөлшектерді ұстап қалатын фильтрден өтіп, буферлік ыдысқа түседі. Тазартылған ерітіді айналмалы насостың көмегімен мембранды сүзгіш аппаратқа беріледі, одан ферментаторға кетеді, ал ерітіндінің қалған бөлігі буферлік ыдысқа қайтып келеді.
Осы технологиялық нұсқау бойынша сұйықтықты кері айналдырса мембрана астынан мембрана үстіне сұйықтықтың интенсивті ағымы орын алады және ол таза болады. Айналымдағы ерітінді құрамында қатты бөлшек-тер аз болғандықтан, мембрана бетінде тұнба қабаты түзілмейді.
Қоректік ортаны суық залалсыздандыру. Залалсыздандырылған қоректік ортаны алудағы ең басты мәселе-оның биологиялық толыққандығы немесе біртұтастығын сақтап қалу. Ол дегеніміз термофильді компоненттэрдің (мысалы витамин) сақталуы, түрлі ингибиторлардың түзілу үдерісін болдырмау.
Соңғы жылдары асбестсіз целлюлозды және мембранды сүзгіш элементтер кең көлемде қолдау тауып отыр. Бұл сүзгіштер 12-ден 0.01м саңылаулы, қалыңдығы шамамен 80-150мкм.
Суық залалсыздандыруда «miuipor», «владипор» деген фирмалардың мембраналық сүзгіштері арқылы сүзу, ультра сүзу де бар. Мембраналарды полипропилен, целлюлоза, ұсақ саңылаулы таттанбайтын темір, ұйысқан жіп және сым торлар, микро талшық, нейлон т.б. материалдардан дайындайды.
Барлық залалсыздандырғыш агенттердің әсері клетканың өсуіне және көбеюіне қажетті клеткаішілік маңызды заттарды инактивациялауға негізделген. Клетканың барлық даму фазаларына күрделі жолмен қосылатын көптеген белоктар, әсіресе, ферменттер жылудың әсерінен денатурланады Олар сондай-ақ хромосомаға радиацияны немесе химиялық улы заттардың әсерін тудыратын молекулалық өзгерістерге де сезімтал.