Коммуникацияны және жабдықтарды залалсыздандыру.
Асептикалық жағдаймен қамтамасыз ету үшін, барлық коммуникациялар мен құрал жабдықтарды, микроорганизм дақылымен байланысты заттарды, сондай-ақ тығындалуды реттеуші арматураның кейбір элементтерін залалсыздандыру қажет. Өндірістік ферментатордың техникалық жүйесі өте күрделі болып келеді, көптеген құбырлардан, көрсеткіштерде (датчик) тұрады.
Ауаны залалсыздандыру мен тазалаудың өнеркәсіптік жүйесі
Қысыңқы технологиялық ауаны дайындау, оның фильтрация әдісімен
биосинтез және залалсыздандыру үшін биореакторларға берілуі бірнеше
сатыдан тұрады.
Газдарды залалсыздандыру мен тазалау жүйесі техникалық белгілеріне байланысты бөлінеді:
1. Аэробты дақылдау үшін ауаны дайындау және беру немесе газдарды биореакторларға, яғни сұйық дақылға беру.
2. Газдарды дайындау және беру.
3. Микроорганизмдердің суспензиясын және таза сұйықтықтарды бір
ыдыстан екінші ыдысқа ауыстыру, қысыңқы ауаны дайындау немесе
ары қарай өңдеу (центрифугалар, сеператорлар, фильтрлер және т. Б)
4. Әртүрлі кұрал-жабдықтан шыққан ауаны және газдарды тазалау.
Ауаны залалсыздандыру мен техникалық тазалық жүйесі келесі сатылау
бойынша жүреді: механикалық қоспалардан алдын ала тазарту; сығу
салқындату; конденсацияланған ауаны бөліп алу, ылғалдылықты және
майды залалсыздандыру.
1-ші этап - дөрекі тазапау. Газдарды компрессор алдында дәрекі қоспалардан тазартады.
2-ші этап - газдың сыгыпуы. Қазіргі кезде әртүрлі өнеркәсітерде көбінесе поршеньді компрессорлар қолданылады. Сығылу кезінде ауа 100-ден 200°С- қа дейін қызады, сондықтан оны дақылдау температурасына дейін салқын-датып тұру керек. Ауаның жоғары ылғалдылығына байланысты салқындат-қан кезде 50-70% -ға дейін түседі.
3-ші этап - газ фильтрациясы және біріншілік тазалау.
4-ші этап - жіңішке тазалау және газ фильтрациясы. Басты фильтерден кейін газ жеке фильтрге, одан әрі биореакторға түседі.
1.3. Биореакторлар және олардың жұмыс істеу принциптері
Биотехнологиялық өндірістің негізін биореакторлар (ферментерлер) құрайды. Биотехнологияда қолданылатын құрал жабдықтар гигиеналық және санитарлық нормаларға сай келу керек. Аппараттағы бір бөлшектерді ауыстырғанда ондағы ішіндегі заттарға сол бөлшектердің зақымы тимеу керек. Әсіресе ол бөлшектер биореактор ішіне түспеу керек.
Өсімдік клеткаларының клетка қабығы болғандықтан, ол организдер аппаратта көп уақыт өседі. Нәтижесінде аппаратта қосымша енгізулер болу керек. Ал жануарлар мен адам клеткаларының клетка қабығы болмағандық-тан олар биореактордағы ортада көп талапты қажет етеді. Сондықтан бұл биореакторлар ондағы биообъектілерге өте сезімтал болу керек.
К. Шюгерль 1982жылы биореакторды 3 негізгі топқа белді:
1 ішкі құрылғылардың орын ауыстыруына негізделген механикалық әрекетті биореактор.
2 сыртқы насостың рециркуляциясына негізделген биореактор. 3. газдың дақылды сұйықтыққа берілуі мен ығысуына негізделген
биореакторлар.
Адам бұрынғы кездерден ашытқы организмдерді қарапайым үдерістерде (нан) ашыту, сыра ашыту және т.б.) қолданған. Антибиотиктер өнеркәсібінің «шылуы микроорганизмдерді дақылдау үшін арнайы аппаратураның пайда болуына әкеп соқтырды.
Достарыңызбен бөлісу: |