1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар


Литота – затты кішірейте, құлдырата суреттеу. Литота ойды бейнелейді. (Құбылысты мүлде құлдырата, кішірейте суреттеу)



бет168/177
Дата22.08.2022
өлшемі0.56 Mb.
#459996
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   177
Ежелгі дәуір әдебиеті

Литотазатты кішірейте, құлдырата суреттеу.

Литота ойды бейнелейді. (Құбылысты мүлде құлдырата, кішірейте суреттеу)

Қоғалы көлдер суалған,
Тізеге жетер-жетпес күн болған,- деген жолдардағы Махамбет қолданған көркемдік тәсіл: (Литота)

  • «Ер Тарғын» жырында:

«От орнындай тұяқтан
Ойнамақтай-ақ қалыпты,
Етектейін еріннен
Екі елісі қалыпты,» - деген шумақта жыршы қолданған тәсіл: (Литота)
Гротеск (өсіру, ұлғайту) – әдеби шығарма ішіндегі оқиғаны шамадан тыс асыра, әсірелей айту.
Табу – көне дәстүр, наным бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөз.Мысалы,жай түсу – жасыл түсті,Қасқыр- ұлыма т.б.
Эвфемизм – мағынасы тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып қолданылатын сөз.Мысалы,мылжың – сөзуарлау, өлді- дүние салды, бақиға аттанды, көз жұмды.
Айшықтаудың (фигура) түрлері:
Арнау:

  • Жарлай арнау

  • Сұрай арнау

  • Зарлай арнау

Қайталау:

  • Жай қатару

  • Еспе қайтару

  • Анафора (әдепті қайталау)

  • Эпифора (кезекті қайталау)

Антитеза (шендестіру)
Градация (дамыту)
Параллелизм (егіздеу)
Эллипсис (сөз тастап кету)
Инверсия (сөз орнын ауыстыру)
Арнау – айшықтаудың бір түрі.
Жарлай арнау – ақынның жеке адамға емес, жалпы жұртқа жария кеңесуі.
Қалың елім,қазағым,қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. (Абай)
Сұрай арнау – ақын өз ойын сан-салалы сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол сауалдарға жауап күтеді.
Ақ қағазды қаралап,
Қалам неге ойнайды?
Ақын неге қайғырып,
Терең ойға бойлайды? (Әлі Есмамбетов)
Зарлай арнау – мұң, зар түрінде айтылады.
Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба?
Сарыарқаны шарласам,
Саңлағымды табам ба? (Жамбыл)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   177




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет