айту ,елін жерін қастерлеуге ,қорғауға үндеу.
«Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ.Сөзіңді тіліңе билетпе ақылыңа билет...» деген сөздің авторы: Бөлтірік шешен
Бөлтіріктің шешендік сөздерінің көпшілігі неге негізделген: Өз ұлтының қасиетті ұғымдарына сипаттама беруге
Үлкен алдында иіліп сөйле,
Кіші алдында сызылып сөйле
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді./Бөлтірік шешен/Шешендік сөздің жанрлық түрі: Шешендік арнау
Малайсары би Сырыммен қоштасарында: «Есіңе салар үш сөзім бар: обал,сауап,борыш».Осы үш сөз есіңде болса,елің
жаныңнан кетпес, елің барда дұшпаның басыңа теппес»-деген екен.Үзінді: Шешендік өсиет
Әрі батыр,әрі шешендігімен танылған: Сырым
Малайсары: «Есіңе сақтайтын 3 сөз бар: обал,сауап, борыш»-деп кімге айтқан: Сырымға
«Кеудең толы бауыр болсын,арқаң қара жауыр болсын. Бірақ жасың жетпіске жетпесін»-деген батаны Сырымға кім берген: Малайсары
Тарихта Сырым Датұлына бата берген би: Малайсары
«Дау мұраты-біту,Қыз мұраты-кету,Сауда мұраты –ұту, Жол мұраты –жету»-деп айтқан: Сырым
Ақсауыт би: «Баланың екі түрі болады: біреуі үй баласы,біреуі ел баласы.Ел бүтіндігін сақтайын деп тұрған бала екенсің...»-
деп айтты: Сырымға
«Ел баласы» деген сөздің мағынасы: Көптің қамын ойлайтын бала
Кісі болар баланың кісіменен ісі бар,Кісі болмас баланың кісіменен несі бар?»-деген малайсарының нақыл сөзі : Шешендік нақыл
«Байдалы шешеннің Уәлидің ханымы Айғанымға айтқаны» атты шешендік сөзі: Шешендік арнауға жатады
Соқыр Абыздың Жәнібек батырға айтқан батасы шешендіктің қай түріне жатады: Шешендік арнауға
Шешендік дау түрлері: Жер дауы ,жесір дауы,құн дауы , ар дауы
Мұса Шормановтың бес ауыз жұмбағын шешкен шешен:Қанжығалы Саққұлақ /Жұмбағы :Ағат деген