1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар


журналдарды оқып пән негіздерін үйренеді.)



Pdf көрінісі
бет131/242
Дата06.12.2022
өлшемі1.81 Mb.
#466588
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   242
Көк кітап.Гүлнұр

журналдарды оқып пән негіздерін үйренеді.)
Сұлтанмахмұттың ақындық талабын құптап батасын берген ұстаз: (Мұқан)
Абай дәстүрін жалғастырушы ақын : (С.Торайғыров)
Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатысып , «Алаш ұранын » жариялаған ақын : (С.торайғыров)
Алаш партиясының ұранын жазған ақын : (С.Торайғыров)
С.Торайғыров қызмет еткен журнал: («Айқап»)
 Сұлтанмахмұттың 1917 жылы «Сарыарқа» газетінде қандай мақаласы жарияланған ? («Әлиханның Семейге келуі»)
С.Торайғыров үлгі тұтқан татар ақыны : (Ғабдолла Тоқай )
«Шоң серіктігі» мәдени-ағарту ұйымын құрмақшы болған ақын: (С.Торайғыров )
«Тым болмаса екі жыл тұрмадым, іштегіні түгел жарыққа шығара алмай барамын-деп,өмір сүргісі келген қаламгер: 
(С.Торайғыров)
«Жұмысына екі ғана обед етем,құр шай мен нан. Сонда да қайғырмаймын .Бір тиыным қалғанша оқимын.» Сөйтіп жүріп 
ауыруға ұшыраған ақын: (С.Торайғыров)
«Қатонғарағайдан кеткенім-ызаға шыдамадым , күн көру үшін кеттім. Қолымдағы қаражатым бір –ақ ай тұруға жететін еді 
,»-деп жазған : (С.Торайғыров)
«Адамнан туып,адам ісін етпей,
Ұялмай не беттіммен көрге барам,»-деген өлең жолдары ғұмыр бойғы тіршілігінің бағдарламасы болған ақын,қайраткер: 
(С.Торайғыров)
С.Торайғыровтың өлеңі : («Шәкірт ойы »,1912ж.)
С.Торайғыровтың «Айқапта » жариялаған әйел теңсіздігі жайлы мақаласы : (Ауырмай есімнен жаңылғаным)
Сұлтанмахмұтқа тән сипат : (Қараңғы қазақ көгіне күн болғысы келген)
Қараңғы қазақ көгіне күн болғысы келіп ,тұрмыстың қиыншылығын ескермеген оптимист ақын: (С.Торайғыров )
С.Торайғыровтың «Қараңғы қазақ көгіне ....» өлең жолының екінші тармағы :
(Өрмелеп шығып күн болам)
«Қараңғы қазақ көгіне, 
Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың кегіне , 
Күн болмағанда кім болам?»-деген шумақтың авторы: (С.Торайғыров)
С.Торайғыровтың «Оқудағы мақсат не?» деген өлеңінде өз мақсатын қалай ашып көрсетеді? (Өнер табу,пайдалы іс табу)
«Жас жүрек» (1917ж) кімнің өлеңі ? (С.Торайғыров)


«Ендігі беталыс» өлеңнің авторы : (С.Торайғыров )
С.торайғыровтың оқу-білім тақырыбындағы өлеңдері: («Шәкәрттерге», «Оқып жүрген жастарға», «Анау-мынау»)
С.Торайғыровтың өлеңі: («Оқып жүрген жастарға»)
Жасамаймын : «Еңбектің
Жемісін көзбен көрем деп» .
Жасаймын: «Бір қолғабыс 
Кейінгіге берем деп,»-деген үзіндінің авторы: (С.Торайғыров)
«Бір үйде жиюлы екен қазына мал
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал...»-деген жолдар алынған Сұлтанмахмұттың өлеңі : («Бір адамға»)
Сұлтанмахмұттың Шорман балаларының дүниеқоңыздығын шен-шекпенге құмартушылығын сынаған өлеңі : («Бір адамға»)
Суреттер және көрдім жүзі жарқын, 
Ойладым: «Оңдырған-ау баққан халқын !» тармақтарының астарында негізделген : (Зілді кекесін )
Сұлтанмахмұттың «Бір адамға»деген өлеңін арнаған адамның аты-жөні:(Шорманның баласы Сәдуақас)
Сұлтанмахмұттың «Бір адамға»деген өлеңінде қолданылған көркемдегіш тәсіл: (Ирония,сарказм)
«Анау қырда татар тұр
Басқалармен қатар тұр. 
Мынау ойда қазақ тұр
Қастарында азап тұр.» Үзінді алынған Сұлтанмахмұттың өлеңі : («Анау-мынау»)
«Мен –балаң, жарық күнде сәуле қуған
Алуға күнді барып белді буған, » -өлең жолының авторы : (С.Торайғыров)
С.Торайғыровтың :
«Мен –балаң, жарық күнде сәуле қуған, 
Алуға күнді барып белді буған. 
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін. 
Болмасам толған айдай балқып туған.»-деген өлең тармақтарындағы буын саны мен ұйқас түрі : (11буынды,қара өлең 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   242




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет