1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар


Қалижан Бекхожин (1913-1990)



бет132/177
Дата06.04.2022
өлшемі0.56 Mb.
#456605
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   177
1. Бізді? заманымыз?а дейінгі жазу- сызулар мен а?ыз- жырлар

Қалижан Бекхожин (1913-1990)



  1. Туған жері: Баянауыл өлкесі, Қызыл тау

  2. Еңбектері -40-тан астам өлеңдер мен поэмалар жинақтары шыққан. 20-ға тарта поэма жазған. «Әппақ-наме», «Дала комиссары», «Ақсақ құлан» т.б

  3. Драмалық шығармалары: - «Егер жүрек шын берілсе», «Ұлан асу», «Нөсерден кейін», «Гималай сарыны» т.б

  4. Аудармалары - Гете, Байрон, Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Горький, Маяковский, Симонов, Науаи, Ғ.Ғұлам т.б еңбектерін қазақ тіліне аударған.

  5. Қ.Бекхожиннің туған жері мен туған жылы- Павлодар атырабында (1913-1990)

  6. Қ.Бекхожиннің «Сағындым мен Тәттімбеттің жазығын» өлеңінен алынған :

«Кеттім сенен жүйрік жылдар өтті деп,
Тауға тарттым миуалары тәтті деп.
Ақбас ақын атандым да, не пайда,
Балалығым қалды сенде Тәттімбет! деген үзіндінің мәні - бүгінгі ақындық пен кешегі балалықтың үзілмейтін іңкәрлігін түйсіну.

  1. Қ.Бекхожиннің:

Көк майсада көбелектей ойнадым,
Жалғыз ғана бір бақытты ойладым.
Сол бақытым-өткен сенде ойыным
Жалғыз ғана сол қызыққа тоймадым. деген өлең шумағы алынған шығармасы- «Сағындым мен Тәттімбеттің жазығын»

  1. «Ақсақ құлан», «Сұңқар туралы аңыз», «Мариям Жагорқызы», «Ақсақ Темір мен ақын» шығармаларының авторы- Қ.Бекхожин.

  2. «Теңіздей тебіренді Жейхун бүгін» деп басталатын «Ақсақ Темір мен ақын» шығ-ң авторы-Қ.Бекхожин.

  3. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» шығармасы лириканың қай түріне жатады? -баллада

  4. «Әмірдің ақын шықты шырмауынан,

Жыртқыштың құтылғандай тырнағынан»-деген үзінді қай шығармасынан алынған? -«Ақсақ Темір мен ақын»

  1. «Әмірдің ақын шықты шырмауынан,

Жыртқыштың құтылғандай тырнағынан»- жыртқыш бейнесіндегі Бекхожин кейіпкері- Ақсақ Темір

  1. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасындағы ақынның негізгі мақсаты - ақындықтың құдіретін таныту.

  2. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасындағы ақын жігіт- Хафиз

  3. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасындағы Әмір Темірге тән қатар- Яссауи кесенесін салдырған, Азия барысы

  4. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасындағы ақынның туған қаласы-Шираз

  5. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасындағы Ақсақ Темірдің бәрінен артық санайтын қаласы- Самарқан.

  6. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасында Хафиз ақын қай қалаларды сүйген қызының жолында садақа деп айтқаны үшін Әмір Темірдің алдына барған?- Самарқан мен Бұқара.

  7. Хафиздің Ақсақ Темірге берген бағасы- 25 теңге

  8. Хафиздің Ақсақ Тәмірге «Бағаңыз- 25 теңге ғана» деген сөзінің мәні- «Темір» атты есімін алтынмен салыстыра суреттеуі.

  9. Ақын Хафиз Ақсақ Темірден қандай сөздер арқылы бостандық алды?- қасиетті құранның да өлеңмен жазылғанын есіне түсірді.

  10. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасындағы Хафиз қайда асығатынын табыңыз- Ширазға.

  11. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасындағы «Қаф тауы» деген ұғымның мәні-Кавказ таулары

  12. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасының соңы- ақын ғашығына асығып, Ширазына тартады.

  13. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасының шешімі- әміршінің рақымшылығы, ақынның бостандыққа шығуы.

  14. «Қ.Бекхожин талантының қыры көп. Ол – лирик, ол-эпик, ол- сыншы, әдебиетші» пікірінің авторы- Мұзафар Әлімбай.

  15. «Қ.Бекхожин талантының қыры көп. «Ақсақ құлан», «Сұңқар туралы аңыз» т.б поэмалары мен қазақ әдебиетінде баллада, сонет түрлерін жазу арқылы осы жанрларды туған топырақта биікке көтерді.» пікірінің авторы- Мұзафар Әлімбай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   177




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет