1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар



бет77/177
Дата06.04.2022
өлшемі0.56 Mb.
#456605
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   177
1. Бізді? заманымыз?а дейінгі жазу- сызулар мен а?ыз- жырлар

XX ғасыр әдебиеті
Таным дерек: Алғашқы газеттер- "Түркістан уәлаятының газеті" (Ташкент, 1870-1882), "Дала уәлаятының газеті" (Омбы, 1888-1892). Бұдан кейін Оралда және Ордада ағартушылық бағыттағы "Қазақстан" газеті (1911-1913), Орынбор қаласында А. Байтұрсыновтың ұйымдастыруымен "Қазақ" газеті (1913-1918), ақын-демократ М. Сералин ұйымдастырған қазақ тіліндегі тұңғыш журнал "Айқап" (1911-1915) шықты. 1913 жылы 11 газет болды. ("Қазақстан" ұлттық энциклопедия, 5-том, 324-бет).
"Айқап"- қоғамдық- саяси және әдеби журнал. Троицк қаласында айына 1 рет, кейін 2 рет шығып тұрған. Оның 88 саны 1000-2000 данамен жарық көрген.

  • Қазақ прозасының профессионалдық биік деңгейге көтерілген кезі: (XXғ)

  • Дүниежүзілік әдебиеттер байланысының жаңа белеске көтерілген уақыты (XXғ)

  • XX ғасыр басындағы әдебиеттегі бағыттар:

1.ағартушы-демократтық: М.Сералин , С.Торайғыров, С.Дөнентаев,
Ғ. Қарашұлы, т.б.
2.діни-ағартушылық:М.Көпеев,Н.Наушабаев,Ш.Жәңгіров,М.Қалтаев,
т.б.
3.төңкерісшіл-демократтық бағыт: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы,
М. Дулатов, С. Сейфуллин, т.б.

  • Реализмге анықтама берген адам: (М.Горкий)

  • Жаңа сипатты символ- астарға ден қою әлем әдебиетінде қай ғасырдың жаңалығы болып есептеледі? (XX ғ. II жартысы)

  • 20-30 жылдарда қазақ қаламгерлері өндіріс дамуының символы ретінде қолданған сөздер (Темір жол, зауыт, фабрика)

  • "Алаш" партиясының өкілдеріне тағылған жала: ("Халық жауы")

  • XIX ғасырдың екінші жартысында және XX ғасырдың басында қазақ халқымен тығыз әдеби байланысты болған туысқан халықтар: (Татар, қырғыз, өзбек)

  • Мұхаметжан Сералиннің XX ғ. басында әдебиеттің қандай саласын қалыптастырған? (Публицистиканы)

  • Қазақ прозасының туу, қалыптасу дәуірінде шеберлік танытқан, терең ой әкелген жазушылар:( Ж. Аймауытов, Б.Майлин, М. Әуезов)

  • "Қазақ" газеті қай жылдан шыққан? (1913 жылдан, 1918ж.дейін)

  • "Егемен Қазақстан" газетінің 1920 жылдардағы аты: ("Еңбекші қазақ")

  • Тұңғыш қазақ театрының ашылған уақыты: (1926ж)

  • 1926 жылы Қазақ театрының тұңғыш шымылдығы ашылған пьеса: ("Еңлік-Кебек")

  • Қазақ театрының туып, қалыптасуына әртіс ретінде үлес қосқан азаматтар: (Қалыбек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов)

  • Жұмат Шаниннің сатиралық драмасы: ("Үш бажа")

  • 30-жылдарда едәуір дамыды:(Саяси лирика)

  • 30-жылдарда пайда болған жанр:(Очерк жанры)

  • 30-жылдар әдебиетінде көрнекті орын алатын Саттар Ерубаевтың романы:("Менің құрдастырым")

  • 1920-1930 жылдар әдебиетіндегі дарынды, бірақ өмірі қысқа болған ақын қыз: (Шолпан Иманбаева)

  • Қазақстан жазушыларының I съезінің өткен жылы:(1934 жылы, 13-18.06)

  • Мәскеудегі қазақ өнерінің алғашқы онкүндігі өткізілген жылы: (1936 жыл)

  • Нұрпейіс Байғаниннің (1860-1945ж.) "Ер туралы жыр" поэмасының кейіпкері: (Нарсұтбай)

  • Сюжетін халықтың тарихи аңыздарынан алған, зарлы заман оқиғаларын суреттеген шығарма: (Иса Байзақов, (1900-1946ж.) "Ақбөпе", "Құралай сұлу")

  • Алты томдық "Қазақ әдебиетінің тарихы " кітабы қай жылдары жарық көрді? (1960-1967ж.ж.)



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   177




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет