1 БӨлім. «Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» ПӘНІ, оның мазмұНЫ


тақырып Серверлер, мәліметтерді архивтеу



бет45/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.64 Mb.
#453858
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   62
СОӨЖ 14

тақырып Серверлер, мәліметтерді архивтеу


Серверлер. Желі сервері (server) – бұл, желіге қосылған жəне желіні қолданушыларға белгілі бір қызмет жасайтын, мысалы ортақ қолданылатын мəліметтерді сақтау, баспаға беру, МҚБЖ-не деген сұранысты өңдеу, т.б. жұмыстарды атқаратын компьютер. Атқаратын функцияларына қарай мына сервер топтарын көрсетуге болады.

Файлдық сервер (fіle server) – желіні қолданушылардың мəліметтерін сақтайтын жəне осы мəліметтерді, қолданушылардың пайдалануына мүмкіндік беретін компьютер. Осыған орай бұл компьютерде үлкен дискілі кеңістік болады. Файлдық сервер қолданушылардың мəліметтерді бір уақытта қолдануын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар келесі функцияларды атқарады:

  • мəліметтерді сақтау;

  • мəліметтерді архивтеу;

  • əртүрлі қолданушылар жұмыс атқаратын мəліметтерді өзгерту келісімі;

  • мəліметтерді жеткізу.
    Мəліметтер қорының сервері – мəліметтер қорының файлдарын басқаратын, өңдейтін жəне сақтау функцияларын орындайтын компьютер. (МҚ) Мəліметтер қорының сервері келесі функцияларды орындайды:

  • мəліметтер қорының тұтастығын, толықтығын, көкейтестілігін қорғай отырып сақтау;

  • МҚ сұраныстарын қабылдау жəне өңдеу, сондай-ақ нəтижелерді жұмыс орнына өңдеуге жіберу;

  • МҚ қолдануға автоматтандырылған мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, қолданушылар есебін жəне енгізу жүйелерін қолдау, қолданушылар мүмкіндіктерін шектеу;

  • əртүрлі қолданушылар жұмыс атқаратын мəліметтерді өзгерту келісімі;

  • басқа орында орналасқан, таратылған МҚ қолдау, МҚ басқа серверлерімен байланысы.

Қолданбалы программалар сервері (applіcatіon server) – қолданушылардың қолданбалы программаларын орындауға арналған компьютер. Коммуникациялық сервер (communіcatіon server) – енгізу-шығарудың кезекті порттарына, жергілікті желінің қолданушыларына көмескі мүмкіндік беретін құрылғы, немесе компьютер. Коммуникациялық сервер арқылы модемді сервер порттарының біріне жалғап, бөлшектенген модем жасауға болады. Коммуникациялық серверге қосылған қолданушы бұл модеммен тіпті модем жұмыс орнына жалғанбаған күнде де жұмыс істей алады.

Мүмкіндік алу сервері (access server) – шалғайдағы ақпараттарды өңдей алатын арнайы бір белгіленген компьютер. Шалғайдағы жұмыс орнындағы программалар осы серверде орындалады. Шалғайдағы жұмыс орны клавиатурадан қолданушы енгізген командаларды қабылдайды, ал орындалған тапсырма нəтижесі, кері қайтарылады.

Факс сервер (fax server) – жергілікті желіні қолданушыларға мəліметтерді жіберу жəне факсималды мəліметтерді қабылдауды іске асыратын құрылғы немесе компьютер.

Мəліметтердің қосымша көшірме сервері (Buck up server) – жұмыс станцияларында жəне файлдық серверлерде орналасқан мəліметтер көшірмесін қайта қалпына келтіруді, сақтауды жəне құруды шешетін құрылғы немесе компьютер. Мұндай сервер ретінде файлдық серверлердің бірі қолданылуы мүмкін. Айта кету керек аталған сервер типтерінің бəрі бір ғана белгіленген компьютерде жұмыс атқара алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет