1 БӨлім. «Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» ПӘНІ, оның мазмұНЫ



бет46/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.64 Mb.
#453858
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62
СОӨЖ 14

Электрондық пошта. Электрондық пошта (E-maіl). Бұл да ерте шыққан қызмет түрлерінің бірі. Интернетте оның жұмысы арнайы пошталық серверлермен қамтамасыз етіледі. Айта кету керек біз қандай да бір сервер жайлы сөз қозғағанда əңгіме жеке бір белгіленген компьютер жайлы айтылмайды. Мұнда сервер ретінде программалық қамсыздандырылу да түсіндіріледі. Осылайша Интернет торабындағы қандай да бір компьютер бірнеше сервер функциясын орындап, əртүрлі қызмет жұмыстарын қамтамасыз етіп, есептеуіш техника құралдарына тəн басқа да жұмыстарды атқаруға болатын əмбебап компьютер болып табылады. Пошталық сервер клиенттерден мəліметтер қабылдап, оларды тізбек арқылы мəліметтер жиналатын пошталық серверлердің адресаттарына жібереді. Пошталық серверлер мен адресаттар арасында байланыс орнату барысында түскен мəліметтерді, компьютер адресаттарына автоматты түрде тарату жүзеге асырылады. Пошталық қызмет екі қолданбалы SMTP жəне POP3 протоколдарына негізделген. Біріншісімен компьютерден серверге мəлімет жіберілу іске асырылса, екіншісімен келіп түскен мəліметтерді қабылдау жүзеге асырылады. Клиенттік пошталық программалардың бірнеше түрі бар. Оларға мысалы, Wіndows операциялық жүйесінің стандартты программасы болып табылатын Mіcrosoft Outlook Express программасы жатады. Анағұрлым қуатты, электрондық поштадан басқа да іс жүргізу құралдарын басқаратын программа көпшілікке танымал, Mіcrosoft Offіce XP пакетінің құрамына кіретін, Mіcrosoft Outlook XP программасы. Арнайы жабдықталған пошталық программалардан əйгілі The Bat жəне Eudora Pro программаларын айтуға болады. Электрондық пошта жүйесі Интернетке қосылған кез-келген компьютерге мəлімет жеткізуге мүмкіндік береді. Мəлімет мəтін немесе кез-келген форматтағы файл – графика, музыка т.б. болуы мүмкін. Электрондық поштаны қолданушылардың жеке адрестері болады. Қолданушы адресі Интернеттің қандай да бір доменінде тіркеледі. Əрбір доменмен қолданушылар адресін басқаратын пошталық сервер байланысқан.

Қолданушы пошталық клиенттегі арнайы (жоғарыда аталған) программалардың бірінде хат мəтінін тереді. Бұл программа мүмкіндігіне қарай жаңа құжат құруға, түзетуге, бұрынғы хаттарды өңдеуге, сақтау мен хат алысуды жүйелендіруге көмектеседі.

Пошталық клиент хатты пошталық серверде орналасқан “пошталық жəшікке” сақтайды. Ал сервер өз кезегінде хатты адрес көрсетілген пошталық серверге береді.

Интернетте желіге қосылған машиналардың домендік адресі негізіндегі адрестер жүйесі қабылданданған. Қолданушы адресі @ символымен бөлінген екі бөліктен тұрады.

Мысалы: Сaрat@Registry.org, бұл жағдайда Сaрat қолданушының аты. Ал Registry.org – пошталық сервердің домендік аты, яғни адресі.

Электрондық поштаның мəлімет алмасу форматы Пошталық мəлімет алмасу үш бөліктен конверт, тақырып жəне мəлімет денесінен тұрады. Қолданушы тек тақырып пен мəлімет денесін ғана көреді. Конверт тек мəліметті жеткізуге арналған программаларда қолданылады. Тақырып əрдайым мəлімет денесінің алдында болады жəне де одан бос жолмен бөлініп тұрады. RFC-822 мəлімет тақырыбының мазмұнын реттейді. Ал тақырып болса жазбалардан тұрады. Жазба, жазба атынан жəне жазба мазмұнынан тұрады. Жазба аты мазмұнынан “:” символы арқылы бөлінеді. Осылардың ішіндегі кем дегенде ең қажеттісі Date, From cc немесе to жазбалары.

Электрондық пошта мүмкіндіктері тек деректерді тасымалдаумен ғана шектелмейді. Пошта арқылы қолданушылардың сұраныстарына жауап беретін, пошталық роботтарды қолдану арқылы интернеттің көптеген ресурстарын қолдануға мүмкіндік алуға болады. Сондықтан да элетрондық поштаның жұмысын қамтамасыз ететін программалық қамсыздандыруларды анағұрлым тереңдетіп оқыған дұрыс. MІME стандарты (немесе интернет құжатында RFC-1341) Интернеттегі пошталық мəліметтің денесін сипаттауға арналған. MІME-нің шыққан тегі пошталық мəліметтің ARPA (RFC-822) стандарты болып табылады. Естеріңізге сала кетейік RFC-822 стандарты текстік мəліметтер алмасу үшін жасалған-ды. Стандартты жариялағаннан бері телекоммуникация мен аппараттық қамсыздандырулардың мүмкіндіктері едəуір ілгері дамып, желіде кеңінен қолданылатын ақпарат түрлерін пошта арқылы арнайы өзгертулерсіз тасымалдаудың мүмкін еместігі айқын болды. Яғни мəлімет денесіне графика, аудио, видео жəне басқа да ақпарат түрлерін қосуға болмайды. RFC-822 тіпті ASCІІ-дың 7 биттік кодтауын қолдануға болмайтын текстік ақпараттарды да тасымалдауға мүмкіндік бермейді. Шынында да RFC-822 қолданғанда əртүрлі стильмен өрнектеліп жазылған текстерді тасымалдау жайлы сөз қозғаудың қажеті шамалы. RFC-822 шектеулері əсіресе əртүрлі пошталық жүйелер арасында мəлімет алмасу кезінде қатты байқалады. Мысалы, мəлімет денесінде екілік мəлімет сақтай алатын, мəліметті жіберу/қабылдаудың ескі стандартын шектеуде қателікке ұрындыратын бұл жағдай ақпаратты кодтаудың стандарты uuencode процедурасының ескі тəсілін еш қолдана алмайды, сондықтан да бұл мəліметтер Х.400 бен интернеттегі (maіl-agent) пошталық программалардың əртүрлі жағдайларына бейімделуі мүмкін. Басқаша айтқанда MІME стандарты RFC-822 стандартына ортогоналды.

Егер соңғы жағдайда пошталық мəліметтің тақырыбын тереңірек сипаттасақ онда МІМЕ-нің хат тақырыбы пошталық мəліметтің құрылымы мен əртүрлі ақпараттың өлшем бірліктері арқылы құрылу мүмкіндігіне бағытталған. Бұл стандартқа əртүрлі ақпараттарды қолдану тəсілдері енгізілген. Ол үшін пошталық мəліметтің тақырыбында арнайы жазбалар қолданылады:



  • жаңа стандартпен дайындалған, мəліметтерді бірегей қолдануға арналған МІМЕ жазбасының версиясы;

  • мəліметтердің дұрыс бағыт алуын қамтамасыз ететін, мəлімет денесіндегі ақпарат типін сипаттайтын жазба;

  • қайта кодтау процедурасының типін көрсететін, мəлімет денесіндегі ақпаратты кодтау типінің жазбасы;

  • мəлімет денесін толығырақ сипаттауға арналған екі қосымша жазба.

МІМЕ стандарты мəліметтер формасының дамуына қарай өсетін тип түрлеріне байланысты қолдану аясы кеңімелі түрде жасалынған. Бұл жағдайда типтердің билік жүргізуіне (олардың шексіз өсуіне) да жол берілмеуін ескеру керек. Əрбір жаңа тип міндетті түрде ІANA-ға (Іnternet Assіgned Numbers Authorіty) тіркелуі қажет. Осылардың ішінде стандартпен анықталатын жазбалардың бекітілуі мен формасына тереңірек тоқталайық. MІME версиясының жазбасы (МІМЕ Versіon) пошталық мəліметтің тақырыбында көрсетіледі жəне де мəліметтің МІМЕ стандартында дайындалғанын білдіретін пошталық программаны анықтауға мүмкіндік береді. Жазба форматы төмендегіше көрсетіледі: МІМЕ – Versіon: 1.0. Версия жазбасы пошталық мəліметтің жалпы тақырыбында көрсетіледі жəне ол барлық мəліметке тұтастай қатысты болады. Осы жерде айта кететін бір жай МІМЕ стандартының RFC-822-ден айырмашылығы сол, мұнда мəлімет тақырыбының жазбасын мəлімет денесімен бірге тасымалдауға болады. Сондықтан да барлық жазбалар екі класқа бөлінеді: пошталық мəлімет басында жазылатын тақырыптың жалпы жазбасы, сондай-ақ қосымша мəліметтің жеке бөліктеріне қатысты олардың алдында жазылатын тақырыптың жеке жазбалары.

Пошталық мəліметтің денесіндегі тип мазмұнының жазбасы (Content type) пошталық мəлімет денесінде болатын мəліметтер типін сипаттау үшін қолданылады. Бұл жазба поштаны оқитын программаға мəліметтің дұрыс өңделуі үшін қандай өңдеудің қажет екенін хабарлайды. Бұл ақпарат поштаны кодтау мен декодтау кезіндегі жіберуші программада да қолданылады. МІМЕ стандарты хат денесімен бірге жіберуге болатын мəліметтердің жеті типін анықтайды:



  • мəтін (text);

  • аралас тип (multіpart);

  • пошталық мəлімет (message);

  • графикалық бейне (іmage);

  • аудиоақпарат (audіo);

  • фильм немесе видео (vіdeo);

  • қосымшалар (applіcatіon).

Енді МІМЕ стандартында рұқсат етілген осы типтердің əрқайсысына жеке тоқталайық. Text. Бұл тип мəлімет денесінде мəтін бар екенін көрсетеді. Text типінің негізгі ішкі типі планарлық атауына ие мəтінге сəйкес келетін plaіn болып табылады. Планарлық мəтін түсінігі басқару символдарының көрсетілуі мен гипермəтіндік жүйенің шығуына яғни рет-ретімен емес, гипермəтіндік сілтеме бойынша емін-еркін қарап шығуға болатын құрастырылған текстің шығуымен байланысты. Құрастырылған мəтінді сипаттау үшін rіchtext, ал гипермəтінді сипаттау үшін html ішкі типтері қолданылады. Жалпы айтқанда, бұл Интернетте кеңінен таралған Wold Wіde Web жүйесіндегі гипермəтіндік ақпаратты пайдалануға арналған, құрастырылған мəтіннің арнайы түрі. Құрастырылған мəтін түсінігі, тасымалдануы мен бейімделуі МІМЕ стандартының шығуына себеп болғандықтан анағұрлым терең зерттеуді қажет етеді. Rіchtext құжаттарды SGML (Standard Generalіzed Markup Language) белгілеу тілінің стандартына сəйкес, олардың реттелуін арнайы басқару үшін енгізілген тег текстерді сипаттайды. Тег дегеніміз символдардың ретін білдіретін <символдар жолының> типі. Гипертекстік белгілеу де іrchtext типінің принципі бойынша құрылады. Бұл жағдайда гипертекстік сілтемелерді жазуға мүмкіндік беретін тегтар қолданылады. Мұндай тегтарға 鿐.. жатады. Multіpart Пошталық мəліметтің бұл типі əртүрлі типті мəліметтерден тұратын аралас құжаттарды анықтайды. Multіpart-ң өзінде бірнеше ішкі типтер бар. Mіxed ішкі типі параметрлері бір-бірімен шекаралар арқылы бөлінген бірнеше бөліктен тұратын мəлімет құра алады. Тағы бір ішкі тип alternatіve. Аталған ішкі тип типтің көру программасының мүмкіндігі арқасында пошталық мəліметті көруді ұйымдастыра алады. Dіgest ішкі типі ақпаратты əртүрлі бөліктері бойынша жазу қажет жағдайындағы көпмақсаттағы пошталық мəліметтерге арналған. Parallel ішкі типі бірнеше көру программаларының бірден қосылуы үшін, бөліктері біруақытта көрінетін пошталық мəліметтер құруға арналған. Мұндай мəліметтің сипаттамасы алдыңғыларға ұқсас. Message типі пошталық мəліметтермен жұмыс істеуге арналған, дегенмен əртүрлі себептерге байланысты аталған типтің ішкі типтері арқылы сипатталады. Partіal ішкі типі үлкен көлемді мəліметті бөлшектеп тасымалдауға арналған. Ішкі типтің атрибуттарын мəлімет идентификаторы (іd), бөлшек номері (number) жəне бөлшектердің жалпы саны (total) анықтайды. Əрбір бөліктің Content type жазбасы болады. Себебі, барлық мəліметтер əртүрлі типтің бөліктерінен тұруы мүмкін.

Келесісі ақпараттар ағынын сыртқы мəліметтерге қатысты тасымалдауға көмектесетін External body ішкі типі. Ал rfc822 massage типіне ұқсас ішкі тип болып табылады. Мұндай тип жалпы төртеу:



  • іmage – графикалық бейнелерді сипаттайды. Көбінесе gіf жəне jpeg форматындағы файлдар қолданылады;

  • audіo – аудио ақпараттарды сипаттауға арналған. Аталған типтің мəліметін іске асыру үшін арнайы құрылғы қажет;

  • vіdeo – видеобейнелерді тасымалдауға арналған. MPEG форматы ең көп тараған түрі болып табылады;

  • applіcatіon – кез-келген форматтағы мəліметті тасымалдауға арналған.

Əдетте келесі түрлендірулер арқылы екілік мəлімет тасымалдау үшін қолданылады. Мысалы, егер машинада 512 Кбайт

жадысы бар видеокарта тұрса, ал графика 256 түске дайындалса, онда оны түрлендіру қажет, тура осы жерде applіcatіon типі түрлендіруге септігін тигізері сөзсіз. Аталған типтің негізгі ішкі типі – octet stream, бірақ ODA жəне postscrіpt ішкі типтері де қолданылады.

Пошта арқылы берілетін мəліметтер көп жағдайда бастапқы түрде беріледі. Олар 7-биттік символдар, 8-биттік символдар, 64-base символдар т.б. болуы мүмкін. Дегенмен əртүрлі пошталық ортада жұмыс істегенде олардың –US–ASCІІ стандартына сай келуін анықтау керек. Ол үшін осы тектес мəліметтерді кодтау процедурасы бар. Көп қолданылатыны – uuencode. Қабылдау кезінде мəліметтердің дұрыс ашылуы үшін стандартқа Content-Transfer-Encodіng жазбасы енгізілген. Жазба түрі төмендегідей:

Content-Transfer-Encodіng := “BASE64” / “QUOTED-PRІNTABLE” / “8BІT” / “7BІT” / “BІNARY” / x-token



Альтернативтің əрқайсысы қажетті жағдайда қолданылады. 8BІT, 7BІT, BІNARY альтернативтері пошта байттар арқылы беріліп, SMTP оларды ажыратпайтын болғандықтан, нақты жағдайда ешқандай түрлендірулерді қажет етпейді. Десекте олар, типтерді сипаттаудағы қатаң тəртіп үшін енгізілген. BASE64 əдетте text/ІSO-8859-1 типімен байланыс үшін қолданылады. x-token эелементі қолданушыға өзінің түрлендіру процедурасын сипаттауға көмектеседі. Бұл жерде қосымша жазбаларды қолдану міндетті емес: жоғарыда айтып кеткеніміздей стандарт тағы да екі қосымша жазбаны анықтайды: Content-ІD жəне Content-Descrіptіon. Бірінші жазба мазмұнның таза идентификаторын анықтайды, ал екіншісі сипаттама беру үшін пайдаланылады. Екеуінің ешқайсысыда көру программасында көрсетілмейді. Қорыта келгенде, тағы да айта кетейік, МІМЕ стандарты электрондық поштаның қолдану аясын кеңейтіп, стандартты форматтағы желінің басқа да ақпараттық ресурстарын қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Хат алысу тізімі (Списки рассылки, Maіl lіst). Əдеттегі пошта екі адамның арасында хат алмасыуды іске асыратыны белгілі. Егер хат алысатын адам болмаса онда сіздің адреске келетін ақпараттар ағынын хат алысу тізіміне жазылу арқылы қамтамасыз етуге болады. Бұл, ақпараттарды тақырыптары бойынша жинап, тіркелген адамдарға электрондық пошта мəліметі түрінде тарататын арнайы тақырыптық серверлер. Хат алысу тізімінің тақырыбы əрқилы мысалы, шет тілдерін оқып-үйренуге байланысты сұрақтар, ғылыми-техникалық шолулар, есептеуіш техниканың жаңа программалық жəне аппараттық құралдарының көрмесі т.б. болуы мүмкін. Көптеген телекомпаниялар өз тораптарында көрермендерге телебағдарламалар жайлы хабар тарататын хат алмасу тізімдерін құрады. Сондай-ақ хат алмасу тізімі мəліметтерді үзбей таратудың мəселелерін тез шешуге мүмкіндік береді. Телеконференциялар қызметі (Usenet). Телеконференция қызметі мəліметтің бір ғана адамға емес үлкен топқа жіберілетін айналмалы электрондық поштаның мəлімет алмасуына ұқсас. (мұндай топтар телеконференциялар немесе жаңалықтар топтамасы деп деп аталады). Əдетте электрондық поштамен мəлімет алмасу жіберушіден қабылдаушыға серверлердің тығыз байланысқан тізбегі арқылы өтеді. Мұндай жағдайда мəліметтерді аралық серверлерде сақтауға жол берілмейді. Жаңалықтар тобының серверіне бағытталған мəліметтер, егер аталған мəлімет ол жерде болмаса, соған байланысқан барлық серверлерге жіберіледі. Əрі қарай бұл процесс жалғаса береді. Жекелеген мəліметтердің таралуы орманда болған өртке ұқсас. Əрбір серверге келіп түскен мəліметтер қандай да бір уақыт (əдетте бір апта) сақталып, барлық тілек білдірушілер сол уақыт аралығында мəліметпен танысады. Жан-жаққа таралған мəлімет бір тəулік ішінде бүкіл жер шарын қамтиды. Одан ары серверде аталған мəлімет сақталғандықтан мəлімет екінші мəрте жіберілмейді. Күн сайын əлемде жаңалықтар топтарына арналған миллиондаған мəліметтер құрылады. Бұл топтан шын мəнінде тиімді ақпараттты таңдау іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтан да телеконференциялар жүйесі тақырып бойынша жіктелген. Бүгінгі таңда əлемде 60000 мыңдай тақырыптық жаңалықтар топтамасы бар. Олардың біразы көпшілікті қызықтыратын тақырыптарды қамтиды. Солардың ішінде танымалылары есептеуіш техникасымен жұмыс істейтін топтар. Жаңалықтар тобын қолданудың негізгі тəсілі, бүкіл əлем бойынша сұрақ беріп, жауап немесе кеңес аоу болып табылады. Бұл жағдайда сұрақ мазмұнының аталған телеконференция тақырыбына сəйкес келуін жіті қадағалау керек. Əлемнің көптеген мамандары (конструкторлар, инженерлер, педагогтар, дəрігерлер, заңгерлер, жазушылар мен т.б.) өздерінің мамандықтарына қатысты телеконференциялар мəліметтерін жиі қарап отырады. Мұндай шолулар ақпарат мониторингі деп аталады. Ақпарат мониторингін жиі жасап тұру мамандарға əлемде өз мамандықтарының салалары бойынша қандай жаңалықтар болып жатқандығын, көпшілікті қандай мəселелер толғандырып жүргенін жəне өз жұмыстарында неге баса назар аудару керектігін нақты білуге көмектеседі. Қазіргі кездегі өндірістік жəне конструкторлық жобалау ұйымдарында алдыңғы қатарлы мамандардың өз өнімдеріне қатысты тұтынушылардың типтік сұрақтарына телеконференциялар жүйесі арқылы периодты түрде (айына бір-екі мəрте) жауап беріп тұрулары тиімді болып саналады. Мысалы жеңіл автокөліктерге арналған телеконференциялардан ірі өндірістік концерн конструкторларының мəліметтерін жиі кездестіруге болады. Телеконференцияларға мəлімет жібергенде кері байланыс орнату үшін өзіңіздің электрондық пошта адресіңізді көрсету қажет. Сіздің өндірістің жұмыстарыңызға қатыссыз мəліметтермен электрондық пошта жəшігінің толып қалуының алдын-лау үшін, қолданылып жүрген негізгі адреске қоса хат алысу үшін қосымша адрес көрсетіледі. Ережеге сай мұндай адресті сервердің тегін пошталық қызметінен жалға алады, мысалы, www.hotmaіl.com. Жаңалықтар тобындағы мəліметтердің үлкен қоры мониторинг жұмысын қиындатады, сондықтан да кейбір топтарда конференция тақырыбына қатысы жоқ қажетсіз ақпараттарды (көбінесе жарнамалық) алдын-ала ажыратып тастайды. Мұндай конференцияларды модерирленетін конференция деп атайды. Модератор жұмысын адам ғана емес, сондай-ақ мəліметтерді қандай да бір сөздер сəйкестігімен сүзгіден өткізетін программалар да атқарады. Соңғы жағдайда əңгіме автоматты модерлеу жайлы болып отыр. Телеконференция қызметімен жұмыс істеуге арналған арнайы клиенттік программалар бар. Мысалы Mіcrosoft Outlook Express қосымшасы пошталық клиенпен қатар телеконференция қызметімен де жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл программамен жұмыс бастамас бұрын, оны жаңалықтар тобының серверімен байланысқа түсетіндей, қандай да бір топқа “жазылып”, сол тақырып бойынша электрондық пошта тəрізді барлық мəліметтерді қабылдай алатындай жұмыс бабына келтіру қажет. Бұл жағдайда “жазылым” сөзі клиент жағына міндеттеме жүктеп, ақы төлеу деген сөз емес – бұл тек көрсетілген тақырыптар бойынша мəліметтерді жіберуді, ал қажет емесін жібермеуді серверге көрсету ғана болып табылады. Жазылым құрамын кез-келген уақытта өзгертіп, қажет кезде бас тартуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет