1 БӨлім. «Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» ПӘНІ, оның мазмұНЫ



бет47/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.64 Mb.
#453858
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62
СОӨЖ 14

ІRC қызметі. ІRC (Іnternet Relay Chat) Интернетте нақты уақытта бірнеше қолданушының пікірталасуына арналған қызмет түрі. ІRC қызметін кейде чат-конференциялар немесе жай ғана чат деп атайды. ІRC жүйесінің дүние жүзіне ашық телеконференциялар жүйесінен айырмашылығы мəлімет алмасуға қатысушылар арасындағы тақырыпты талқылау бір ғана арна арқылы іске асырылады. Əрбір қолданушы өзінің жеке арнасын құрып оған басқа қатысушыларды шақырып “əңгімеге” тарта алады немесе дəл сол уақыттағы ашық арналардың біріне қосыла алады. ІRC қызметін қолдайтын, серверлермен жəне желілермен жұмыс жасауға арналған бірнеше танымал клиенттік программала бар. Солардың ішінде ең танымалысы – mІRC.exe программасы.
ІCQ қызметі. Бұл қызмет дəл сол уақытта Интернетке қосылған қолданушының желілік ІР-адресін іздеуге арналған. Мұндай қызметтің қажеттілігі көптеген қолданушылардың тұрақты ІР-адрестерінің болмауында. Қызмет атауы І seek you – “Мен сені іздеймін” сөйлемінің дыбыстық естілуінен шыққан. Бұл қызметті қолдану үшін оның орталық серверіне (http://www.icq.com) тіркеліп жеке номер UІN (Unіversal Іnternet Number) алу керек. Аталған номерді байланыс бойынша екінші адамға мəлімдейді. Сол уақытта ІCQ Интернет-пейджер қызметін атқарады. Екінші адамның UІN номерін білгеніңізбен ІР-адресін білмесеңіз онда қызметтің орталық сервері арқылы ол адаммен байланыс орнатуға сұраныс беруіңізге болады. Жоғарыда көрсетілгендей Интернетке қосылған əрбір компьютерде төрт сандық ІР-адрес болуы керек. Бұл адрес тұрақты немесе динамикалық, уақытша болуы мүмкін. Интернетке тұрақты қосылған компьютерлерде тұрақты ІР-адрес болады. Көптеген қолданушылар Интернетке уақытша ғана қосылады. Оларға тек жұмыс уақытында ғана қолданатын динамикалық ІР-адрес беріледі. Бұл адресті қолданушы қосылатын сервер береді. Əр сеанста динамикалық ІР-адрес алдын-ала белгісіз əртүрлі болуы мүмкін. Интернетке əрбір қосылған сайын орнатылған ІCQ программасы компьютерде ағымдағы ІР-адресті анықтап, өз кезегінде байланысқа түсу үшін серіктестерге мəлімет жібереді. Ары қарай байланысқа түсетін серіктес (егер олар аталған қызметті қолданатын болса) сізбен тікелей байланысқа түсе алады. ІCQ программасы мынадай байланыс түрлерін таңдауға мүмкіндік береді. (“байланысқа дайынмын”; “алаңдатпауыңызды сұраймын, бірақ жедел мəлімет қабылдауға дайынмын”; “байланыс орнату мүмкін емес” т.с.с.) Байланыс орнатқан соң мəлімет алмасу ІRC қызметіне ұқсас режимде жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет