Электронды есептеуіш машиналары. ХХ ғасырдың І жартысында радиотехника кең қарқынмен дами бастады. Радиоқабылдағыштар мен радио арқылы хабар бергіш құралдардың негізгі элементі электронды ваккумды шамдар болды. 1-ші электронды есептеуіш машинасы 1946 ж
АҚШ-ң Пенсильван университетінде жасалды, оны INIAC деп атады.
1946ж американ математигі Джон Фон Нейман өз мақаласында ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсетті. Өз мақаласының нәтижесінде 1949 ж EDSAC машинасын құрастырды.
Бұрынғы Советтер Одағында 1-ші ЭЕМ 1947-1948 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедеевтің басшылығымен жасалды, оны МЭСМ деп атады. 1952-53 жылдары оның жетілдірген түрі БЭСМ өндіріске қосылды.
1960 жылдан бастап бұрынғы Советтер Одағында екінші буындағы машиналар шығарыла бастады. Олар: “М-220”, “БЭСМ”, “Урал-11”, “Минск-22” т.б.
ЭЕМ-дер 70-жылдардан бастап өндіріске енді. 1980 жылдан бастап АҚШ-ң ІВМ фирмасы дербес компьютер жасау жолында дүние жүзі бойынша алдыңғы фирамлардың бірі болды. 1990ж бастап көрнекті фирмалардың бірі Apple Corporation болды, ол Мacintoch маркалы компьютер шығара бастады.
ЭЕМ, компьютер – есептеу және информациялық міндеттерді шешу процесінде информацияны автоматтты өңдеуге бағытталған техникалық құралдардың кешені.
Компьютер әртүрлі белгілеріне: әрекет ету принциптеріне, бағытталуына, есептеу процесінің ұйымдастыру тәсілдеріне, өлшеміне және есептеу қуатттылығына, фунуционалды мүмкіндіктеріне програмаларды параллель орындай алу мүмкіндігіне байланысты жіктеледі.
Әрекет ету принциптеріне байланысты ЭЕМ үлкен 3 топқа бөлінеді: аналогтық, цифрлық және гибридтік.
ЭЕМ-дердің бұлайша жіктелуі олар жұмыс істейтін информациялардың берілу формасына байланысты.
ЦЕМ - дискретті әрекетті есептеу машиналары, дискретті, дәлірек айтса, цифрлық формадағы информациямен жұмыс істейді.
АЕМ - үздіксіз әрекеттегі ЕМ, үздіксіз, яғни қандай да бір физикалық шама (көбінесе электр кернеуі) формасындағы информациямен жұмыс істейді.
ГЕМ - комбинацияланған әрекеттегі ЕМ, цифрлық және аналогтық информациялармен жұмыс істейді, АЕМ мен ЦЕМ әрекеттерін өзіне біріктіреді.
ЭЕМ-нің даму кезеңдеріне қарай жіктелуі
Достарыңызбен бөлісу: |