1 БӨлім. «Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» ПӘНІ, оның мазмұНЫ



бет8/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.64 Mb.
#453858
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62
СОӨЖ 14

Параметр

суперЭЕМ

Үлкен ЭЕМ

КішіЭЕМ

МикроЭЕМ

Өнімділігі, MIPS

1000-100000

10-1000

1-100

1-100

ЖЖ көлемі, Мб

2000-10000

64-10000

4-512

4-256

СЖ көлемі, Гб

500-5000

50-1000

2-100

0,5-10

Разрядтылығы, бит

64-128

32-64

16-64

16-64

Тарихта алдымен үлкен ЭЕМ-дер пайда болды. Ол – 1946 жылы АҚШ-та шығарылған ЭНИАК (Electronic Numerical Integrator and Computer) компьютері. Бұл машинаның массасы 50 т, жұмыс істеу жылдамдығы – секундына жүздеген операция, жедел жадысы 20 сандық ситымдылықта болды, ауданы 100 кв.м болатын үлкен залда орналасты. Бұдан кейінгі жылдарда суперЭЕМ, кішіЭЕМ, суперминиЭЕМ кезегімен пайда бола бастады.

1969 жылы микропроцессордың пайда болуымен микроЭЕМдер шыға бастады. Осы микропроцессор микроЭЕМ-нің бірінші анықтаушы белгісіне айналды. МикроЭЕМ-ді былайша жіктеуге болады:




Көпшілік қолдануға арналған микроЭЕМқуатты микроЭЕМ, бірнеше видеотерминалдармен жабдықталған, уақыт бөлі режимінде жұмыс атқарады, бұл бір мезгілде бірнеше қолданушының жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Дербес компьютерлер (ДК) – жан-жақты және әмбебап қолдануды жүзеге асыратын қолданушыға арналған компьютер.

Жұмыс станциялары (work station) – белгілі бір жұмысты (графиктік, инженерлік, баспалық, т.б.) орындауға мамандандырылған бір пайдаланушы басқаратын қуатты микроЭЕМ.

Сервер – желінің барлық станцияларынан түскен сұрауларды өңдеуге бөлінген есептеу желісіндегі көп адам қолдана алатын қуатты микроЭЕМ.

Жоғарыда көрсетілген жіктеулер шартты түрде келтірілген.


Дербес компьютерлер

ХХ ғасырдың 70-жылдарында дербес компьютерлер кең таралды. Қазіргі кезде дербес компьютерлер көптеп шығарылуда. Американдық Compaq Computer, Apple(Macintosh), HewletPackard, Dell, DEC фирмалары, Ұлыбританияның Spectrum, Amstrad, Францияның Micral, италияның Olivetty, Жапонияның Toshiba, Panasonic, Parter фирмаларының дербес компьютерлері қазірде кеңінен таныс. Ал әлдеқайда танымал фирма – бұл американдық IBM фирмасының компьютерлері. Оның алғашқы модельдері 1981 жылы шығарылды. Одан кейінгі орында Apple фирмасының Macintosh компьютерлері тұр. Тандық компьютерлерден (ТМД елдері) Агат, Микроша, Спектр, Орбита, БК, ДВК-1, ДВК-4, Электроника, Искра, Нейрон т.б. модельдерді атауға болады. Бірақ қазіргі кезде отандық дербес компьютерлер шетелдік комплекттерден құрастырылады және IBM РС-біріктірушісі болып табылады.



Дербес компьютердің құрастыру ерекшеліктеріне байланысты жіктелуін мына сызбадан көруге болады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет