1 БӨлім. Глоссарий автотрофный



бет2/5
Дата21.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#152723
1   2   3   4   5

Липоидтар (майлы заттар). Клетканың тіршілік етуі үшін протоплазманың

құрамында көптеген майлы заттар — липоидтар болады. Липоидтың құрамына көміртегі және оттегі кіреді. Олардың кейбіреулерінде фосфор қышқылы және азотты негіздер болады. Липоидтар төрт . топқа: майларға, фосфатидтерге, стеариндерге, церебро-зидтерге бөлінеді. Олардың барлығы эфир, хлороформ, спирт, бензол және басқа май сріткіштерде жеңіл ериді. Майлар клеткалардың бәріндс де болады. Өйткені, олар клетканың тіршілік әрекеті үшін өтс қажет. Майлардың құрамына: пальмитин, олеин, стеарин қышқылдары да кіреді. Қышқылдар глицеринмен қосылып пальмитин, олеин, стеарин құрайды. Протоплазмадағы майлар кебі-несе энергиялық материал есебінде жұмсалады. Фосфа-тидтер әр түрлі қасиеттерге ие болған қосылыс. Оларға лецитин, цефалин, сфингомиэлин жатады. Бұлар күрделі липоидты қосылыстар болып, фосфор қышқылы мен азотты негіздерге ие болады.

Фосфатид және цереброзидтер едәуір мелшерде нерв жүйесі элементтерінен табылады. Организмнің барлық клеткаларында кездесетін маңызды стеариндердің бірі — холестерин. Стеариндер барлық тканьдердің клеткалық 'зат алмасу процесінде аса зор роль атқарады.

Углеводтар — организмде энергетикалық материал есебінде маңызды роль атқаратындардың бірі. Фермент-тердің әсерінен углеводтар ыдырайды, яғни тотығады. Мүның нәтижесінде бөлінетін энергия клеткалық про-топлазмаларды қайта құрайтын синтезді процестерде пайдаланылады. Углеводтар моносахаридтер және поли-сахаридтер тобына бөлінеді.

Организмде ерекше роль атқаратын жай углевод — монасахаридтің өкілі глюкоза. Глюкоза көбінесе қан мен ткань шырындарында кездеседі. Күрделі углевод поли-сахаридтер крахмал түрінде өсімдік клеткаларында, гли-коген түрінде жануарлар тканьдерінде болады.

Көптеген мөлшерде бүл углевод бауыр және еттерден табылады. Өсімдік клеткаларынын кабығын түзетін күр-делі полисахарид — целлюлоза деп аталады.

Протоплазманың 80—95 прсшенті орғаникалық емес және органикалық тұздар еріген судан тұрады. Клетка-ның тіршілік әрекетіндс клеткадағы су және басқа зат-тардың мөлшері, унемі өзгеріп отырады. Соған байланыс-ты клеткадағы гидролиз процесі тоқталмай етеді. Зат алмасуда маңызды орын алатын калий, натрий, кальций, магний, темір катиондары және сол сияқты фос-фат, сульфат, хлор аниондары болады. Иондар белок жә-не майлармен қосылып зат алмасу процесінде (олардың езгеруінде) маңызды роль атқарады.



Протоплазманың физикалык күйі. Тірі заттың қүрамында едәуір мөлшерде су болады. Протоплазма мен ядроның кұрамында су 90 процент және онан да көп. Тірі заттың қозғалыска кслуі көбінесе өзінің қүрамындағы судың мөлшеріне байланысты.

Протоплазманы қатты затқа да, сүйық затқа да жат-қызуға болмайды. Онда осы екеуінің де қасиеті бар. Ті-рі протоплазманы зерттеу, оның күрделі коллоидты екен-дігін көрсетті. Протоплазманың күйі ортаның өзгерісіне байланысты тірі заттарға тән әр түрлі структураларға ауысып отырады.

Протоплазманың негізгі касиеттерін түсіну үшін кол-лоидты системалардың ерекшеліктерімен танысу қажет.

Коллоидты система деи аталынатын ерітінділер на-ғыз немесе молекулярлы ерітіндіге және коллоидты ері-тіндіге бөлінеді. Ерітінділердің қасиеті олардың түзетін заттарының ерекшелігімен емес, еріткіште болатын бел-шектердің мелшерімен белгіленеді.

Молекулярлы ерітінділерде еритін заттар ультрамик-роскопта да көрінбейтін үсақ молекулалар немесе ион-дар күйінде болады. Сондықтан молекулярлы ерітінділер біркелкі болып көрінеді.

Коллоидты системада еріген заттардың бөлшектері ірілеу болып, екі фазалы жүйе қүрайды. Қалқып жүретін бөлшектер дисперсті фазаны, ад, сұйығы дисперсті ортаны түзеді. Коллоидты күйдегі заттардың жалпы қасиеттеріне — біріншіден, жартылай өткізгіш мембранадан өте алмауы, екіншіден, коллоидты бөлшектердің сәулені Шашыратып, анық көрінетіндігі. Молекулярлы ерітінділер бұған керісіншс, жартылай өткізетін мембранадан ' толық өтіп, сәулені шашыратпайды және көрсетпейтін де қасиетті бар.

Бөлшектердің күйіне байланысты эмульсия және суспензия деп аталынатын екі коллоидты жүйе ажыратылады. Дисперсті фаза эмульсияда сұйық, ал суспеңзияда Катты белшектерден түрады. Коллоидты ерітіндідегі калқып жүретін бөлшектер мицеллалар деп аталынады. Олар формасы түрлі болып, 0,001 микроннан 0,1 микронға дейін жетеді. Мицеллалар ертіндіде біркелкі орна-ласады. Өйткені, олардың электр заряды аттас келеді. Коллоидты ерітінділердің тұрақтылығы да осыған байла-нысты. Бірақ ортаның әр турлі жеріне байланысты, бөл-шектердің электр заряды әр аттас болғандықтан, олар бір-бірімен байланысып, тунбаға тусетін үлкен түйірлер тузеді. Бул қубылыс коагуляция (туну емес ую) деп аталынады.

Коллоидты жуйеде қалқып журетін бөлшектер нейтралданумен қатар тығыздалады да. Басқа сөзбен айт-қанда, сұйықтық (золь) қатты күйге (гель) ауысады. Бул процесті желімдену деп атайды. Желімденудің коагуля-циядан айырмашылығы сол, оның коллоидты ерітінді тузетін заттарьгада кушті езгерістер болмайды. Гель зольға оңай ауысып отырады. Желімденудің қайталай-тын процесін тиксотропия деп атайды. Ерітінділердің же-лімдену және коагуляциялану қубылыстары клетканың негізгі тіршілік процестерін қамтамасыз етеді.

Протоплазманьщ физикалық қасиетінің өзгеруі, оның амеба тәрізді қозғалысында, көбеюінде, зат алмасуында тітіркену кубылысында байқалады. Клетканың тіршілік қызметіне байланысты прогоплазманың қурылысындағы өзгерістерді рентген сәулесі және электрон микроскобы арқылы толық зерттеуге болады. Протоплазманың мицел-лалары белгілі тәртіппен турлі бағытта орналасып, оның коллоидты болуын қамтамасыз етеді. Бірақ мицеллалар-дың қурылысы мен орналасуы протоплазманың қоюлану және суйықтану қасиеттерін толық бейнелей алмайды. Протоплазманы зерттей келгенде оньщ қасиеттеріне әсер тигізетін суйықтықтың тутқырлығы екендігі анықталды. Протоплазманьщ тутқырлығы біркелкі суйықтықтардың тутқырлығынан айрықша клетканың физиологиялық жағдайда және ортаның әсеріне тәуелді унемі өзгеріп отырады. Мысалы, протоплазманьщ тұтқырлығы клетка-ның амеба тәрізді қозғалысында көрінеді- Бөлінетін клеткалардың бөлшектерінде түтқырлық әр түрлі бола-ды- Клетканың бөлінуінде уршықтың және бунақтың пайда болуы осыған байланысты.

Тутқырлық мицелла араларындағы бөлшектердің уй-келуінен пайда болады. Мицелла арасьшдағы үйкелу не-ғурлым аз болса, протоплазма солғурлым суйық болады. Желімдену жағдайьшда, керісінше, мицеллалар кушті уйкеліп, тығыз массалар тузеді. Тутқырлық протоплазманын әр түрлі жағдайын түсіндіргенмен сүйықтылык пен қоюлықтың бір-біріне ауысу себебін толық шеше ал-майды. Протоплазманың нәзік құрылысын зерттей кел-генде тутқырлық тек бөлшектердің үйкелуінен пайда болмайтындығы керінді. Клеткалық протоплазма қара-' пайым коллоидты жүйеден айрықша болады. Өйткені, оНын мицеллаларын құрайтын белоктар мен липойдтар өзара белгілі байланыста болып, клетканың күрделі қу-рылысының негізін қурайды. Мицеллалардың байланы-сы және протоплазманың күйі әр түрлі, протоплазма судың азаюы және көбеюі кезінде, температураның, суте-гі иондарының концентрациясының қүбылысында және басқа жағдайларда өзгеріп отырады. Мысалы, протоплаз-маны су басқанда немесе температурасы көтерілгенде мицельді байланыстар бұзылып, протоплазма сүйықта--лады. Протоплазма тығыздалғанда белокті мицельдер жаңадан түзіліп, қайтадан қалпына келеді. Мұндай қа-сиет тірі заттың ерекшелігін көрсетеді.

Протоплазманың мицельді құрылысы клетканың зат алмасу және тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді. Зат аямасудың негізіне белок жатады. Белок арқылы про-тонлазманың нәзік қурылыстары мен күрделі әрекеттері езгеріп отырады.
Бақылау сұрақтар:


  1. Клетка – тірі заттың ең кішкене бірлігі.

  2. Клеткалардың құрылысы: су, белоктар, липидтер, көмірсу, органикалық және неорганикалық иондар, АТФ, нуклеин қышқылдары.

  3. Клетканынң морфологиясы. Клетка және организм: барлық организмдердің онтогенезінің негізі – көбею, өсу және клеткалардың жіктелуі.

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. М. Нұрышев. Клетка: құрылысы мен қызметі. Алматы, «Ғылым», 2001.

  2. Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.

  3. З.Қ. Тоқаев. Гистология, эмбриология және цитология практикумы. Семей, 2001.

  4. О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.

  5. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.

5 -6 Дәрістер. Клетканың структуралық компоненттері.



Дәрістің мақсаты: Клетканың структуралық компоненттеріне жалпы түсінік беру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Цитоплазма. Цитоплазманың негізгі заты – гиалоплазма - клетканың ішкі ортасы.

  2. Цитоплазманың негізгі компоненті – органеллалар, қосылыстар, гиалоплазма (матриксі).

  3. Органоидтар – жалпы сипаттамасы, классификациясы

Цитоплазма

Чех ғалымы Пуркинье 1840 жылы клетканын ішкі құрамын 6елгілеу үшін «протоплазма» деген терминді үсынған болатын. Протоплазма - клетканы құрайтын тірі з;іт - кариоплазма (ядро деген мағынада) мен цитопллзмаға бөлілінеді. Бұл екі терминді польша ботанигі Страсбургер 1882 жылы ғылымға енгізді.

Цитоплазма клетканын метаболизмдік жұмысты аппараты. Мұнда негізгі метаболизмдік процестер жүреді.

Эукариондык клеткаллрдын цитоплазмасы гиалоплазмадан, органоидтардан және кірінділерден құралады. Клеткада білгілі фуикцияларды аткаратын цитоплазманың еерекше жіктелген бөлігін органоидтар (органелла) деп атайды. Аудармасы "кішкене орган".

Органеллелеарды мембраналы және мембранасыз жалпы маны және арнаулы органеллалар деп ажыратады. Мембраналы органеллаларға эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, митохондриялар, лизосомалар, пероесомалар, ал мембранасыз органеллаларға рибосомалар, центриольдер, микротүтікшелер, микрофибриллалар, микрофилменттер,, кірпікшелер мен талшықтар жатады.

Гиалоплазма.

Гиалоплазма негізгі плазма немесе цитоплазманың матриксі, клетканың манызды бөлігі, оның шын мағынасындағы ішкі ортасы. Электрондык микроскопта цитоплазманың матриксі гомогенді немесе электрондық тығызды төмен ұсақ дәнді зат болып байқалады.

Гиалоплазманың құрамында түрлі глобүлалық белоктар мен цитоплазмалалық митркистің ферменттері болады. Бұлар эукариондық клеткадағы белоктардың жалпы санының 20-25% күрайды. Маткрстің маңызды ферменттеріне гликолиздің ферменттері, қанттардың, азоттық негіздерің, аминқышқылдарынының, липидтердің және басқа маңызды қосылыстардың метаболизмнінің ферменттері жатады. Матриксте РНК мен белоктың синтезделеуі кезінде аминқышқылдарының белсенділігін арттыратын ферменттер орналасқан.

КЛЕТКА ОРГАНОИДТАРЫ

Органоидтар деп — клетканың жалпы функцияларын — ішкі клеткалық зат алмасу, секреторлы және басқа түрлі әрекеттерді орындайтын протоплазманың жоғары ерекшеленген, үнемі болатын түзілісін атайды. Органоидтарға: митохондрий немесе хондриосомдар, ішкі торлы аппарат, клетка орталығы және сондай-ақ, эргастоплазма жатады.
Бақылау сұрақтар:


  1. Цитоплазма. Цитоплазманың негізгі заты – гиалоплазма - клетканың ішкі ортасы.

  2. Цитоплазманың негізгі компоненті – органеллалар, қосылыстар, гиалоплазма (матриксі).

  3. Органоидтар – жалпы сипаттамасы, классификациясы

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. М. Нұрышев. Клетка: құрылысы мен қызметі. Алматы, «Ғылым», 2001.

  2. Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.

  3. З.Қ. Тоқаев. Гистология, эмбриология және цитология практикумы. Семей, 2001.

  4. О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.

  5. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.

7 -8 Дәрістер. Клетканың органоидтары.



Дәрістің мақсаты: Клетканың органоидтарына жалпы сипаттама беру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Эндоплазмалық тор – құрылысы, қызметі, тегіс және кедір бұдырлы эндоплазмалық тор.

  2. Гольджи аппараты – құрылысы, қызметі.

  3. Диктиосомалар. Лизосома – құрылыс, химиялық құрамы. Алғашқы, екінші лизосомалар.

  4. Рибосомалар – құрылысы, және отқаратын қызметі. Полирибосомалар. Рибосомалардың белок биосинтез процесіне қатысу.

  5. Митохондриялар – жалпы құрылысы, сыртқы және ішкі мембраналары, кристалардың құрылысы, матриксі: ДНК,РНК рибосомалар.

  6. Пластидтер өсімдіктер клеткаларында ғана кездесетіндігі. Хлоропласт, хромопласт, лейкопласт, протопластидтер. Фотосинтез процесі, оның негізгі процесі.

Хондриосом. Өткен ғасырдың аяқ шенінде көптеген ғалым биологтар әр түрлі ткань клеткаларының протоплазмасында түйіршікті құрылыстардың бар екендігін анықтады. Алдымен ол құрылыстар өсіп келе жатқан жыныс клеткаларында, кейіннен барлық жануарлар мен өсімдіктердің тірі клеткаларында табылды. Митохондрии (mitos — жіп, chondras — түйіршік) — клеткалардың түйіршікті немесе жіп тәрізді ұсақ түзілісі; кейбір клеткаларда олар ұсақ түйіршіктер, таяқшалар турінде жекеленіп орналасады. Бұл органоидтын осындай түрдегі жинағын хондриосом деп атайды.

Митохондриялардың ұзындығы 7 микроннан аспаса да, диаметрі 0,2 микроннан 2 микронның арасында болып отырады. Бұл ішкі және сыртқы ортаның үнемі өзгеріп және отыратындығынан, клетканың ауыспалы физиологиялық жағдайы болатындығынан. Егер клетканың қысымы аз ортаға салсақ, онда митохондриялар ісініп, үлкейеді. Ал, керісінше, қысым мол ертінділерде, олар бүрісіп қалады. Әсіресе хондриосомдар саны өте кушті өзгеріп отырады. Сондықтаң олар әр түрлі болып келеді. Мысалы, жоғары активті жұлын миының қозғалтқыш клеткасында, құстың төс етінің талшығында хондриосомдардың саны өте көп болады. Бұл органоидтардың цитоплазмада таралуы клетканың атқаратын кызметіне тығыз байланысты. Мысалы, қорлы заттарды соратын шектің эпителийінде хондриосомдар клетка протоплазмасының бас жиегіне, ал ет талшықтарында жиырылатын элементтердің айналасына орналасады.

Митохондриялардың формасы мен санының өзгергіштігі клетканың сыртқы және ішкі жағдайға сезімталдығын көрсетеді.

Ғылымның жаңа әдістерін қолдану және электронды микроскопты пайдалану арқылы митохондриялардың күрделі құрылысы айқындалды. Митохондриялар негізінен ішкі мембрана жүйесінен немесе қырлардан және сыртқы мембраналардан тұрады. Электронды микроскоппен қарағанда мембрананың екі қабаты-күнгірт қабаты, жарық қабаты көрініп тұрады. Болжау бойынша күңгірт қабаттары протеин молекулаларынан, ал жарық қабаты липоидтардан тұруы мүмкін. Митохондриялардың ішкі мембрана саны, оның тығыздығы, жуандығы және орналасуы сыртқы мембранамен салыстырғанда әр түрлі болып келеді.

Митохондрияларды микрохимиялық анализден өткізгенде оның құрамында күрделі белоктар, липоидтар, дезоксирибонуклеин қышқылы, рибонуклеин қышқылы және тотықтыру ферменттері: цитохромоксидаза, сукциноксидаза бар екендігі анықталды. Бұлардың арақатынасы клетканың қызметіне және клеткада болып тұратын түрлі өзгерістерге байлйнысты.

Клетканың тіршілік әрекетіне хондриосомның тигізетін әсері туралы көптеген пікір айтылды. Алғашқыда хондриосом клеткада түрлі құрылымдарды түзуге қатысады, кейіннен олар арқылы безді клеткада секрет жиналады деп есептелді. Хондриосомның қызметі осы кезге дейін толық анықталмаған. Болжаумен айтқанда оның маңызы зат алмасуға катысуда болса керек. Бұған дәлел ретінде оның құрамындағы тотықтыру ферменттерінің болуын айтуға болады. Өйткені, зат алмасу күшейгенде ферменттер саны көбейіп, бәсеңдегенде азаятындығы анықталған. Клеткада хондриосом мөлшерінің өзгеруі оның клетка протоплазмасында қайта түзілетіндігін көрсетеді.

Ішкі торлы аппарат. Ішкі торлы аппарат жануарлар клеткасының протоплазмасындағы тұрақты түзіліс. Оны алғашқы рет 1898 жылы.Италия ғалымы Гольджи жануардың нерв клеткасынан тапты. Ал өсімдік клеткаларында тек Гольджи аппаратына ұқсас түзілістер бар екені баяндалған. Соңғы уақытқа дейін бұл органоидтың болатындығы күмән туғызып келді. Кейбір ғалымдар оны клеткаға химиялық заттармен әсер еткенде жасанды түрде пайда болатын құбылыстар болуы мүмкін деді. Совег ғалымдары А. А. Заварзиннің Н. Г. Хлопиннің, В. П. Карповтың зерттеулері нәтижесінде тірі клеткаларда іщкі торлы аппараттың болатындығы толық анықталып отыр. Ішкі торлы аппараттың формасы да көп. Ол цитоплазмада әр түрлі орналасады, бірақ дұрыс торлы түрі жиі кездеседі. Омыртқалы жануарларда шырматылған жуандығы әр түрлі жіпшелер ядроның айналасында ұя тәрізді тор құрайды. Омыртқалы жануарлардың клеткасында Гольджи аппараты бөлек түйіршіктер түрінде кездеседі.

Ішкі торлы аппараттың құрылысы өте күрделі. Оның құрамында қатарласа орналасқан пластинкалар жүйесін түзейтін мембраналарды, күңгірт бөлшектер — түйіршіктерді және шырындарды байқауға болады. Шырындар мен түйіршіктердің саны өзгеріп отырады. Сонымен бұл аппараттың негізгі құрылымы — мембраналар жүйесі. Ішкі торлы аппараттын хондриосомдардан айырмашылығы, оның клеткада тұрақты орны болады. Нерв клеткаларында ол ядроның айналасында, айқын ерекшеленген шек клеткасының эпителийінде ядроның үстінде, ал безді эпителийде клетканың саңылау бөліміне орналасады.

Ішкі торлы аппараттың құрамына ферменттер, нуклеопротеиндер және липоидтар кіреді. Бұл заттардың мөлшері әр түрлі клеткалардың аппараттарында түрліше болады. Ішкі торлы аппараттың функциясы көпке дейін даулы болып келді, қазіргі кезде секреторлық маңызы бар делінуде. Кейбір безді клеткалардағы аппараттың торында секреттік түйіршіктердің пайда болатындығы және олардың жетілген кезінде клетканың безді саңылаулы жағына ауысатындығы анықталды. Клетка бөлінер алдында ішкі торы аппарат бөлшектенеді, кейіннен сол белшектерден жас клеткаларда бастапқыдай формасы бар ішкі торлы аппарат түзіледі.

Эргастоплазма немесе эндоплазмалық тор. Клеткадағы цитоплазманың негізгі затының құрылысын тек электронды микроскоп арқылы көруге болады. Жай микроскоппен қараганда олар клетканың негізгі затымен біртекті болып көрінеді. Эргастоплазма күнгірт түйіршіктермен тығыз байланысып көлденең орналасқан пластинкалардан тұрады. Түйіршіктер цитоплазманың негізгі затының құрамына еніп, зерттелген клеткалардың эритроциттерден басқаларының бәрінде кездеседі. Цитоплазманың негізгі затының құрылысы және клетканың өзінде де біркелкі бола бермейді. Түйіршіктердің орналасуы мен түрінде және санында айырмашылық кездеседі. Түйіршіктер пластинка бойында немесе оның үстінде біртекті қатар түзеді. Түйіршіктер жетілмеген клеткаларда, ересек организмде және кейбір без клеткаларында өте көп болады.

Сонымен қатар эргастоплазманың құрамына белоктардың синтезі мен бұзылуына қатысатын протеаза ферменттері мен нуклеопротеидтер кіреді. Күрделі пластинкалар мен каналшалары бар, гранулаларға бай эргастоплазма базофильді клеткаларда өте жақсы дамыған. Клетканың базофильдігі сол түйіршектерге байланысты болуы мүмкін. Цитоплазманың құрамының күрделі болуы зат алмасудағы химиялық реакцияларды және клеткадагы молекулалардың қозғалысын тездетуге себін тигізеді. Сондықтан митохондрияның, ішкі торлы аппараттың, эргастоплазманың маңызы өте зор.

Клетка орталығы. Клетка орталығы өткен ғасырдың 80-інші жылдарында теңіз кірпісі жұмыртқасының майдалану процесін зерттеудің барысында ашылды. Мұнан кейін аз уақыт өтісімен ол көптеген жануарлардың клеткаларында табылды. Осы кезде клетка орталығы барлық жануарлар мен төменгі сатыдағы организмдердің клеткасында бар екендігі анық болып отыр.

Клетка орталығы бір немесе екі ұсақ түйіршіктен тұрады. Ол түйіршіктер центриоли деп аталады. Түйіршіктердің диаметрі 0,2—1 микронға дейін. Центриолидің түйіршікті түрлерінен басқа таяқша тәрізділері де кездеседі. Центриолилер бос жатпайды, олар өзара протоплазмадан тығыздалып пайда болған қосқыштар арқылы байланысады. Бұл қосқыштар центриолилерге қарағанда әлсіздеу боялып, центродесмоз деп аталынады. Центриолилер және центродесмоздар протоплазманың ашық түсті бөліктеріне орналасады. Сондықтан протоплазманың ашық түсті бөліктері центросфера деп аталады. Сонымен ашық түсті центросферадағы центродесмоз арқылы қосылған центриолилер клетка орталығын құрайды. Қлетка орталығын мысалы, шек эпителийінің клеткаларында, ет клеткаларында және көптеген басқа да клеткаларда кездестіруге болады. Клетка орталығының түрі күрделі болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда протоплазмада жіпше тәрізді радиальді бағытталған центросфера айналысында сәулелі сфера пайда болады.

Экскреттер — тіршілік процесінде роль атқармайтын, организмнен зиянды зат есебінде шығарылуға тиісті зат алмасу процесіндегі продукты. Секреттер — безді клеткалар әрекетінің продуктысы, организм үшін қажетті. Олар клеткада жиналып, кейіннен тысқа шығарылып отырады. Қлеткалық продуктылардың бұл категориясына ферменттерді де жатқызуға болады.



Пигментті қосындылар — олар клеткаға түс береді. Пйгменттердің көптеген түрі бар. Қара меланин деп аталатын пигменттің маңызы зор. Ол адам мен жануарлардың терісіне қоңыр түс беріп тұрады. Бояулы зат гем мен қан белогы — глобиннің қосындысы — гемоглобин деп аталады. Гемоглобин құрамында темір болуына байланысты оттегімен оңай және тұрақсыз қосылыс түзіп, организмде оттегін тасушы ролін атқарады.

Сөйтіп, бұл қосылыстар протоплазмадағы тұрақсыз түзілістер болғанымен клетканың тіршілік әрекеті үшін



Бақылау сұрақтар:

  1. Эндоплазмалық тор – құрылысы, қызметі, тегіс және кедір бұдырлы эндоплазмалық тор.

  2. Гольджи аппараты – құрылысы, қызметі.

  3. Диктиосомалар. Лизосома – құрылыс, химиялық құрамы. Алғашқы, екінші лизосомалар.

  4. Рибосомалар – құрылысы, және отқаратын қызметі. Полирибосомалар. Рибосомалардың белок биосинтез процесіне қатысу.

  5. Митохондриялар – жалпы құрылысы, сыртқы және ішкі мембраналары, кристалардың құрылысы, матриксі: ДНК,РНК рибосомалар.

  6. Пластидтер өсімдіктер клеткаларында ғана кездесетіндігі. Хлоропласт, хромопласт, лейкопласт, протопластидтер. Фотосинтез процесі, оның негізгі процесі.

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. М. Нұрышев. Клетка: құрылысы мен қызметі. Алматы, «Ғылым», 2001.

  2. Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.

  3. З.Қ. Тоқаев. Гистология, эмбриология және цитология практикумы. Семей, 2001.

  4. О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.

  5. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.

9-10 Дәрістер. Клеткалардың қимыл органеллалары.



Дәрістің мақсаты: Клеткалардың қимыл органеллалаларына жалпы сипаттама беру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Микротүтікшілер. Кірпікшелер. Талшықтар. Базальды денешік.

  2. Клетка орталығының қызметі, құрылысы. Центриольдер, ультрастурктуралық құрылысы, репликациясы.

Кірпікшелер мен жіпшелер. Кірпікшелер мен жіпшелер арқылы қозғалу протоплазманың арнаулы ерекше бөлімдерінің катысы арқылы жүзеге асырылады. Қозғалыстың бұл түрі қарапайым организмдерде кең таралған. Жоғарғы сатыдағы жануарларда жіпшелер арқы-лы аталық жыныс клеткалары ғана қозғалады Бүл жіп-ше протоплазманың үстіңгі қабатындағы базальды денешік деп аталатын тузілістерден басталады Клетканың қозғалуы жіпшелердің толқынды қозғалуы арқылы болады. Қарапаиым орғанизмділерде ол алғы жақта, сондықтан қозғалганда клетканы алға жетелсйді. Аталык жыныс клеткаларында ол керісінше, артқы жаққа орна-ласкан. Толқынды қозғалу нәтижесінде клетканы алға жылжытады. Кейбір жағдайда мұндай қозғалыстың жіп-ше бойында түзілетін мембрана арқылы жеңілдей түсе-тіні белгілі.

Жіпше қозғалысына ұқсас толқынды қозғалыс кір-пікшелер арқылы да орындалады. Айырмашылығы қозғалыстың алғашқы жағдайда бір жіпше арқылы, ал соңғысында бір топ кірпікшелер арқылы жүзеге асырыла-тындығында. Кірпікшелер клеткада түзіледі, протоплаз-мадағы әрбір кірпікшенің астында базальды шағын дене-шік жатады. Көптеген қарапайым инфузорияларда кір-пікшелер клетканың сыртын қоршап, инфузорияларды ке-ңістікте қозғалысқа келтіріп отырады. Омыртқалыларда кірпікшелер орналаскан эпителий клеткалары ғана бола-ды. Мысалы, түтікті органдарда осы сияқты кірпікшелі эпителийлер төселген. Сперматозоид әлсіз сілтілі ортада жақсы қозғалады, ал, кышқыл ортада оның активті қоз-ғалысы бәсеңдейді. Мұны білудің малды ұрықтандыру ісінде айтарлықтай маңызы бар.

Ет қозғалысы — қозғалыстың ең жетілген түрі, ол кейде клеткадағы қысқарып, кейде ұзарып отыратын ар-наулы түзіліс — миофибрильдер аркылы орындалады. Осының нәтижесінде бүлшық еттер бекітулі орыннан бір-де жақындап, бірде алыстап организмді кеңістікте қоз-ғалтады. Ет қозғалысын тудыратын жиырылғыш заттар протоплазманың арнаулы түзілісі болып, ет клеткасының ішіне орналасады. Қарапайым элителийлі етті клеткалар шекқуыстыларда және төменгі сатыдағы құрттарда кез-деседі. Кейбір инфузорияларда да ерекшеленген мио-фибрильдер болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет