3.БӨЛІМ.
СОӨЖ дайындау методикалық нұсқаулар.
№1 -2 Тақырыптар. Клетканың құрылысы және функциясы.
Мақсаты. Организмнің негізгі құрылымдары - клетка және клеткасыз құрылымдармен танысу. Оларды микроскопиен зерделегенде бір-бірінен ажыратып, таба алу. Клетканың қабығың, цитоплазмасың, ядросын, әрі микроқылшықтарын кірпікшелерін және т.б. жарық және электроңды микроскоптардағы құрылым айырмашылыкдарына сай, анықтай алу. Клеткааралық байланыстар түрін біліп, олардың қажеттілігің баяндау. Торша қабыгы арқылы қабылданатын заттарды — пиноцитоз көпіршектерін (сүйық), фагосомаларды (қатты) идентификациялауды үйрену және оның құрылысына қарап, торша қызметін сипаттап, куйін анықтай білу.
Тапсырмалар:
1-ші тапсырма. Клеткалар сызбасынан әртүрлі клеткаларды табу кесрек те, әр клетканың ядросы бар екендігіне, олар көк түске боялатынына көз жеткізу керек. Ядронын айналасында қызғылт түсті, сырты цитолеммамен қоршалған цитоплазма орналасқан. Клеткалар арасындағы цитолемма әр клетканың шегін көрсете бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Осындай екі клетканың суретін салып, мыналарды белгілендер: I
- цитолемма; II - цитоплазма: 1 — Гольджи аппараты, 2 — центросома, 3 — митохондрий, 4 - протеин түйіршіктері, 5 - торша көпіршіктері, 6 — май түйіршіктері; III — ядро: 7 — кариолемма (ядроның қабығы), 8 — кариоплазма (ядроның шырыны), 9 — хроматиниматин түйіршіктері (гетерохроматин), 11 — домалақ денешіктер (ядрышко). Екінші сызбада: 1 - призма тәрізді клеткалар, 2 — текше клетка, 3 — жайпақ клетка, 4 - домалақ клеткалар: а - сегментті ядролы, б — дөңгелек ядролы, 5 - ұршык тәрізді клетка, 6 - өсінділі клетка, 7 - құты тәрізді клетка, 8 — кірпікше клетка, 9 - тарамыстағы клетка, 10 — сперматозоид, 11 — мегакариоцит, 12 — эритроцит.
2-ші тапсырма. Қанқа колденең жолақты бұлшық ет талшықтарының кесінділерін кіші, үлкен ұлғайтқыштарда карап, олар симпластқа мысал екенің түсініп, көптеген ядролары барын көріп, ұзына бойында және көолденең кесіндідегі бейнелерін суретке салып алып, атластың 49 суретімен танысып, мыналарды белгілеу қажет: 1 - сарколемма, 2 - саркоплазма, 3 ядро, 4 — ұзына бойдагы кесінділер, 5 -олардың арасындағы дәнекер ұлпалар.
3-ші тапсырма. Клетка және клеткасыз құрылымдарга мысал бола алатын жалпы студенттерге көрсетілетін көрініс препараттарды қарап, олардың суретін салмай-ақ, еске сақтау кажет.
4-ші тапсырма. Клетканың субмикроскоптық (электронды микроскоптағы) кұрылысының кестесін салып , мыңаларды дұрыс белгілеп алу керек: 1 - цитолемма; 2 - пиноцитоз көпіршіктері; 3 - центросома; 4 - гиалоплазма; 5 - эндоплазмалық тор: а — жарғақ, б — рибосомалар: 6 - клетканың ядросы; 7 — байланыс түрлері, 8 - ядро саңлауы; 9 - ядрышко; 10 - Гольджи аппараты; 11 - көпіршіктер: 12 - митохондрийлер; 13 — лизосомалар; 14 - фагоцитоз түрлері; 15 - цитолемманын жаргақпен байланысы
Бақылау сұрақтар:
-
Клетка дегеніміз не?
-
Эукариотты клеткалардың құрылысы қандай?
-
Тұнғыш рет клеткаға кім, қай жылы, қандай аңықтама берді?
-
Қандай клеткасыз құрылымдарды білесіз (сипаттамасын беру керек).
-
Қандай клеткааралық байланыстарды білесіз. Оның қажеті неде?
-
Клетканың электронды микроскоптағы құрылысы қандай?
Бақылау формасы: зертханалық жұмысты тапсыру, қорғау. Альбомға сурет салу.
Методикалық нұсқаулар:
Тірі организм күрылысының ең үсак. қүрылым, кызмет бірлігі және басты негізі — торша. Ол прокариотты (ядросы айкындалмаған), эукариогты (ядролы) және өртүрлі (қарапайым домалақтан таңқаларлыққа дейін) болады. Атластыц 1-2 суретін қара. Торшаға түңғыік рет 1861 жылы аиыктама берген неміс ғалымы Макс Шультце, Организмде дене және жыішс торш-алары бар. Олар сыртқы қабығынан, цитоплазмасынан, ядросъшан түрады. Организмдегі қандай да болмасын өзгеріс, ауытқу торшадан басталатывдықтан, орі ауруды айкьиг анықтау үпіін, казір цитологиялык зердслеу ғылым, тәжрибс мекемелсрі-нде ксң қолданыла бастағандықтан келешек мамандар торша және торшасыз күрылымдарды жетік білуі шарт.
Торшасыз қүрылымдарда торша туывдылары болып есспт-елінеді. Оларға - симпластар (остеокластар, трофобластың сыртқы қабаты, қаңқалық бүлшықет талшықтары), синдитийлер (даму жолындағы аталык жыныс торшалары), торпіааралык за-ттар ( коллаген, эластин, аргарофильді талшықтар мен аморфты зат) және өз қызметііі атқарып, енді оиы жалғастыра алмай, басқа кызметкс бейімдслс бастаған горша туындылары (эритроциттер, қан табақшалары, эішдермисі ің мүйізді қабаты, піаш және тырнақтар) жатады.
Қажетті құрал жабдықтар: Микроскоптар, дайын микропрепараттар, препарат жасауға керекті материалдар.
Әдебиеттер:
-
М. Нұрышев. Клетка: құрылысы мен қызметі. Алматы, «Ғылым», 2001.
-
Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.
-
З.Қ. Тоқаев. Гистология, эмбриология және цитология практикумы. Семей, 2001.
-
О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.
-
Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.
-
Ченцов Ю.С. Общая цитология —М.: Изд. Москов. Ун.та, 1978.
-
Алмазов И.В. Сутулов Л.С. Атлас по гистологии и эмбриологии. М., Медицина, 1998.
-
Кухтина Ж.М. Руководство к практическим занятиям по цитологии. – М., Просвещение, 1995.
№ 3-4 Тақырыптар. Клетканың структуралық компоненттері.
Мақсаты: Арнайы дайындалған препараттан клетка құрылысын зерделеп, оның атауларын білу. Цитоплазмада тұракты, түрақсыз қосындылар барын, олардаң жіктелетінін біліп, атауларын еске сақтап, препараттан оларды тауып, цитохимиялық ерекшеліктеріне сай бір-бірінен ажырата білу, әрі олардын клетка тіршілік әрекетіндегі рөлін анықтау. Клетка кабығының құрылысын, зат алмасуына қатысуың меіңгеру.
Тапсырмалар:
1-ші тапсырма. Аксолотль бауыры препаратынан ірі клетканы іздеп, оны үлкен үлғайтқышта қарап, оның құрылысымен танысу. Мұңдай 1-2 клетканың бейнесін сурет дәптеріне салу керек. Бұл тапсырманы меңгеру үшін атластың суреттерін пайдалану керек.
2-ші тапсырма. Препараттан кіші үлғайткышта клеткаларды байкап, оларды үлкен үлғайтқышқа ауыстырып. Хондриосомаларды қарап, олар әртүрлі екеніне көз жеткізіп,
бірнеше клетаның бейнесін салып алып, белгілерін қою керек.
3--_ші_тапсырма. Мысық. жұлын-ми түйіндегі Гольджи аппараты жуйке клеткаларының цитоплазмасында клеткаралық тор ретінде. азоткышқыл күміс тұзы аркылы айқындалган. Кіші үлғайтқышта ірі, домалак, немесе алмурт тәрізді клеткаларды тауып алып, оның ядро айналасын бір-бірімен тор тәрізді айкасыл жатқан қара жінішке талшықтар коршап жатканын байкау керек. Олар Гольджи аппараты. Оны микроскоптын көз алдына қойып, үлксн улғайткышқа карап, бір-екі клетка суретін салып алып, мыналарды белгілеу керек: 1- плазмалемма, 2 – цитоплазма: а- Гольджи аппараты тағы басқа органоидтарды байкау кажет.
4-ші тапсырма. Тұрақты қосындыларға мысала бола алатын жалпы студенттерге көрсетілетін көрініс препараттарынан центросоманы, нейро-мио-тонофибриллдерді қарау шарт.
Бақылау сұрақтар:
-
Клетканың тұрақты косьндыларын, олардың түрлерін, атқаратын қызметін сипаттаңыз.
-
Гиалоплазма дегеніміз не?
-
Клектаның негізгі структуралық компоненттерің атаныз.
Бақылау формасы: зертханалық жұмысты тапсыру, қорғау. Альбомға сурет салу. Тест тапсыру.
Методикалық нұсқаулар:
Цитоплазма, оны қоршап түрған ортадан, клетка қабығы (плазмалемма) аркылы иіектелген, ал өзінде тұрақты (органеллалар, органоидтар), тұрақсыз қосындылар және гиалоплазма орын алады.
Гиалоплазма (клетка шырыны, цитозоль, торша матриксі), клеткадағы барлык қүрамдарды біріктіріп түратын, оларды бір-бірімен химиялык қатынасын қамтамасыз ететін күрделі шала ертінді (коллоид) жүйесі, ішкі тіреп. Зат алмасуында зор рөл аткарады. Ол сырткы орта әссрініе орай, қажет болса ыдырапта те алады.
Клетка қабыгы арқылы екінші клетканы, клшеткааралық затты таниды да, олармен байланысқа түседі, цитоплазмаға заттарды тасымалдап, қайтадан шығарады, әрі қабық сыртында арнайы рецепторлар орналасуына орай, гормондармен, медиаторлармен, цитокиңдермен және т.б. сигналды молекулалармен озара іс-қимыл жасайды және цитоқаңқа жиырылғыш элементтерімен торша қабығының байланысы болғандықтан торшаның жылжуын қамтамасыз етеді
Қажетті құрал жабдықтар: Микроскоптар, дайын микропрепараттар, кестелер, таблицалар.
Әдебиеттер:
-
М. Нұрышев. Клетка: құрылысы мен қызметі. Алматы, «Ғылым», 2001.
-
Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.
-
З.Қ. Тоқаев. Гистология, эмбриология және цитология практикумы. Семей, 2001.
-
О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.
-
Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.
-
Ченцов Ю.С. Общая цитология —М.: Изд. Москов. Ун.та, 1978.
-
Алмазов И.В. Сутулов Л.С. Атлас по гистологии и эмбриологии. М., Медицина, 1998.
-
Кухтина Ж.М. Руководство к практическим занятиям по цитологии. – М., Просвещение, 1995.
№ 5-6 Тақырыптар. Клетканың мембраналы және мембранасыз органоидтары.
Мақсаты. Цитоплазмада мембраналы және мембранасыз органоидтарымен танысу, олардын клетка тіршілік әрекетіндегі рөлін анықтау.
Тапсырмалар:
1-ші тапсырма. Аксолотль бауыры препаратынан ірі клетканы іздеп, оны үлкен үлғайтқышта қарап, оның құрылысымен танысу. Мұңдай 1-2 клетканың бейнесін сурет дәптеріне салу керек. Бұл тапсырманы меңгеру үшін атластың суреттерін пайдалану керек.
2-ші тапсырма. Препараттан кіші үлғайткышта клеткаларды байкап, оларды үлкен үлғайтқышқа ауыстырып мембраналы органоидтарды: митохондрий, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, лизосома, периоксисома суретін салу керек.
Бақылау сұрақтар:
-
Клетканың мембраналы органоидтары, олардың түрлерін, атқаратын қызметін сипаттаңыз.
-
Клетканың мембранасыз органоидтары, олардың түрлерін, атқаратын қызметін сипаттаңыз.
Бақылау формасы: зертханалық жұмысты тапсыру, қорғау. Альбомға сурет салу. Тест тапсыру.
Методикалық нұсқаулар:
Тұрақты қосындылар жалпы және арнайы болып бөлінеді, Жалпы түрі барлық клеткада кездсседі, олардың тіршілік әрекетің қамтамасыз етеді. Бұларға митохондрий, рибосома, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, лизосома, периоксисома, торша орталыгы, цитоқаңқаның кұрамдас бөліктері жатады. Арнайы түрі кейбір клеткаларда ғана кездеседі, олардың арнайы қызметі: атқаруға қатысады. Оларға кірнікше, қылша (жіпше), микротүк (қьшиық), миофибрилдер (бүлшықет талшықтары), акросома (аталық жыныс клеткасында) жатады.
Тұрақты қосындылардың бірталайы биологияліык жарғақтардап түрады. сондықтан оларды жарғакты және жарғаксыз деп бөледі. Жарғақтыларға митохондрий, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, лизосома, периоксисома, ал жарғаксыздарға - рибосома, торша орталығы, микротүк, қылша, цитокаңканың кұрамдас бөлігі кіреді.
Қажетті құрал жабдықтар: Микроскоптар, дайын микропрепараттар, кестелер, таблицалар.
Әдебиеттер:
-
М. Нұрышев. Клетка: құрылысы мен қызметі. Алматы, «Ғылым», 2001.
-
Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.
-
З.Қ. Тоқаев. Гистология, эмбриология және цитология практикумы. Семей, 2001.
-
О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.
-
Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.
-
Ченцов Ю.С. Общая цитология —М.: Изд. Москов. Ун.та, 1978.
-
Алмазов И.В. Сутулов Л.С. Атлас по гистологии и эмбриологии. М., Медицина, 1998.
-
Кухтина Ж.М. Руководство к практическим занятиям по цитологии. – М., Просвещение, 1995.
№ 7-8 Тақырыптар. Клетканың қимыл органеллалары.
Мақсаты. Клетканың қимыл органеллаларымен таынсу.
Тапсырмалар:
1-ші тапсырма. Препараттан ірі клетканы іздеп, оны үлкен үлғайтқышта қарап, оның қимыл органеллаларымен танысу. Мұңдай 1-2 клетканың бейнесін сурет дәптеріне салу керек. Бұл тапсырманы меңгеру үшін атластың суреттерін пайдалану керек.
2--_ші_тапсырма. Препараттан кіші үлғайткышта клеткаларды байкап, оларды үлкен үлғайтқышқа ауыстырып мембранасыз қимыл органеллаларының органоидтарды: кірпікше, микротүк, қылша, талшықтар, базальды денешіктің суретін салу керек.
Бақылау сұрақтар:
-
Микротүтікшілер. Кірпікшелер. Талшықтар. Базальды денешік.
-
Клетка орталығының қызметі, құрылысы. Центриольдер, ультрастурктуралық құрылысы, репликациясы.
Бақылау формасы: зертханалық жұмысты тапсыру, қорғау. Альбомға сурет салу.
Методикалық нұсқаулар: Кірпікшелер мен жіпшелер. Кірпікшелер мен жіпшелер арқылы қозғалу протоплазманың арнаулы ерекше бөлімдерінің катысы арқылы жүзеге асырылады. Қозғалыстың бұл түрі қарапайым организмдерде кең таралған. Жоғарғы сатыдағы жануарларда жіпшелер арқы-лы аталық жыныс клеткалары ғана қозғалады Бүл жіп-ше протоплазманың үстіңгі қабатындағы базальды денешік деп аталатын тузілістерден басталады Клетканың қозғалуы жіпшелердің толқынды қозғалуы арқылы болады. Қарапаиым орғанизмділерде ол алғы жақта, сондықтан қозғалганда клетканы алға жетелсйді. Аталык жыныс клеткаларында ол керісінше, артқы жаққа орна-ласкан. Толқынды қозғалу нәтижесінде клетканы алға жылжытады. Кейбір жағдайда мұндай қозғалыстың жіп-ше бойында түзілетін мембрана арқылы жеңілдей түсе-тіні белгілі.
Жіпше қозғалысына ұқсас толқынды қозғалыс кір-пікшелер арқылы да орындалады. Айырмашылығы қозғалыстың алғашқы жағдайда бір жіпше арқылы, ал соңғысында бір топ кірпікшелер арқылы жүзеге асырыла-тындығында. Кірпікшелер клеткада түзіледі, протоплаз-мадағы әрбір кірпікшенің астында базальды шағын дене-шік жатады. Көптеген қарапайым инфузорияларда кір-пікшелер клетканың сыртын қоршап, инфузорияларды ке-ңістікте қозғалысқа келтіріп отырады. Омыртқалыларда кірпікшелер орналаскан эпителий клеткалары ғана бола-ды. Мысалы, түтікті органдарда осы сияқты кірпікшелі эпителийлер төселген. Сперматозоид әлсіз сілтілі ортада жақсы қозғалады, ал, кышқыл ортада оның активті қоз-ғалысы бәсеңдейді. Мұны білудің малды ұрықтандыру ісінде айтарлықтай маңызы бар.
Ет қозғалысы — қозғалыстың ең жетілген түрі, ол кейде клеткадағы қысқарып, кейде ұзарып отыратын ар-наулы түзіліс — миофибрильдер аркылы орындалады. Осының нәтижесінде бүлшық еттер бекітулі орыннан бір-де жақындап, бірде алыстап организмді кеңістікте қоз-ғалтады. Ет қозғалысын тудыратын жиырылғыш заттар протоплазманың арнаулы түзілісі болып, ет клеткасының ішіне орналасады. Қарапайым элителийлі етті клеткалар шекқуыстыларда және төменгі сатыдағы құрттарда кез-деседі. Кейбір инфузорияларда да ерекшеленген мио-фибрильдер болады.
Тітіркенгіштік. Әрбір организм қаншама қарапайым немесе күрделі болса да, олар өзін қоршаған сыртқы ор-тамен тығыз байланыста болып, ортаның өзгерістеріне қарай тиісті әрекет жасап отырады. Организмнің сырткы ортаның өзгеруіне қарай әрекет жасауының бір керіні-сі — тітіркенгіштік. Тітіркенгіштікті тудыратын фактор-лар тітіркендіргіштер деп аталады. Оларға әр түрлі хи-миялық, сәулелік, электр кұбылыстар және басқа түрлі энергиялар жатады. Тітіркенгіштіктің көрінісі әр түрлі. Олар организмнің күрылысына және әсер етудің сипаты-на тәуелді Жануарлар организмі неғұрлым жоғарьі сатыда бо-лып, нерв жүйесінің күрылысы жоғары жетілген болса, онда олардың сыртқы ортаның әсеріне беретін жауабы да соғұрлым күрделене түсетінін жүргізілген көптеген зерттеулер көрсетті.
Өсімдіктер мен қарапайым және жоғарғы сатыдағы жануарлардын, кейбір клеткаларыньщ тітіркендіргішке қарай керісінше қозғалыс жасау арқылы беретін жауап реакциясы: жануарларда таксис, өсімдіктерде тропизм Деп аталынады. Қозғалыстың тітіркендіргішке кері бо-луына байланысты таксис оң және теріс болуы мүмкін. Тітіркендіргіштер түрінің көп болуына байланысты так-систерде әр түрлі болады. Химиялық заттардың әсеріне организмнің жауап беруі хемотаксис сәуле әсеріне — гелиотаксис, электр тогі әсеріне — гальванотаксис, қат-ты заттардың әсеріне — тигмотаксис және сұйық заттың әсеріне — реотаксис қозғалыс реакциялары жиі кездесіп отырады.
Қажетті құрал жабдықтар: Микроскоптар, дайын микропрепараттар, клетканың атласы, кестелер.
Әдебиеттер:
-
М. Нұрышев. Клетка: құрылысы мен қызметі. Алматы, «Ғылым», 2001.
-
Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.
-
З.Қ. Тоқаев. Гистология, эмбриология және цитология практикумы. Семей, 2001.
-
О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.
-
Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.
-
Ченцов Ю.С. Общая цитология —М.: Изд. Москов. Ун.та, 1978.
-
Алмазов И.В. Сутулов Л.С. Атлас по гистологии и эмбриологии. М., Медицина, 1998.
-
Кухтина Ж.М. Руководство к практическим занятиям по цитологии. – М., Просвещение, 1995.
№ 9-10 Тақырыптар. Клетканың тұрақсыз қосылыстары.
Мақсаты. Клектаның тұракты қосындыларының тұраксыз түрінен айырмашылығы неде екенін біліп, тұрақсыз косындылар қалаи жіктелстінін білу. Олардың әр түрінің ерекшелігін түсініп, анықтамасын айтып, препаратта тұрақсыз қосындыларлы бір-бірінен ажырату керек, әрі олар қандай ұлпаларда болатының түсіндіріп, оларды аныктау тәсілін білу.
Тапсырмалар:
1-ші тапсырма. Өздеріңізге таныс бауыр препаратынан әдейі май қосындыларын анықтауға өнделген бірнеше клтекаларды кіші ұлғайтқышта тауып, олар клетканың бойында мөлшері әртүрлі қара домалақ түйіршіктер түріңде орналасқанын көріп, үлкен үлғайтқыштағы 1-2 клетканың бейнесің сурет дәптеріне салып: 1 — елтка шетін; 2 — цитоплазманы: а- май қосыпдыларын; 3 - ядроны белгілеу керек.
2-ші тапсырма. Бауыр препаратынан гепатоцит цитоплазмасында қызыл түске боялған, көлемі әрқилы түйіршіктерді көріп, ол гликоген екенің түсініп, үлкен ұлғайтқышта бірнеше клетканың бейнесін дәптерге салып алып, ондағы ядроны және гликогенді (көмірсу қосындысы ретінде) белгілеу керек.
3-ші тапсырма. Көздің торлы қабыгынан арнайы әдіспен боялмаған препараттан коңыр түсті байкап, ондагы клеткалардың ортасында көпіршік тәрізді ядросын көріп, оның төңірегінде және өсінділерінде жаңагы коңыр түстер пигменттік қосындылар екенін түсініп, олардың бейнесін дәптерге салып, аталған қосындыны корсету қажет. Оған анық көз жеткізу үшін атластың суретіне назар аударған жөн.
4-ші тапсырма. Тұраксыз қосындыларға мысал ретінде жалпы студенттер көруге арналған пренаратгардан, әрі атластағы суреттен, әртүрлі ұлпа елткаларындағы қосындыларды, олардың бейнелерін көріп, тұжырым жасау керек.
Бақылау сұрақтар:
-
Тұрақсыз қосындылар дегеніміз не?
-
Олардың қандай түрлерін білесіз?
-
Тұрақсыз косындыларды қалай ажыратады?
-
Тұрақсыз қосындылардың бәрі бір клтекада, немесе ұлпада кездесеме?
-
Оларды анықтаудың қандай тәсілдерін білесіз?
Бақылау формасы: зертханалық жұмысты тапсыру, қорғау. Альбомға сурет салу.
Методикалық нұсқаулар: Клетканың тіршілік әрекеті үздіксіз жүретін зат алмасу үдерісімен сипатталады. Осыған байланысты клеткада әртүрлі ыдырау өнімдері жиналып және жойылып отырады. Оларды тұрақсыз қосындылар деп атайды. Оларға қоректік, секреттік, экскерттік, пигменттік қосындылар жатады.
Қажетті құрал жабдықтар: Микроскоптар, дайын микропрепараттар, препарат жасауға керекті материалдар.
Әдебиеттер:
-
М. Нұрышев. Клетка: құрылысы мен қызметі. Алматы, «Ғылым», 2001.
-
Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.
-
З.Қ. Тоқаев. Гистология, эмбриология және цитология практикумы. Семей, 2001.
-
О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.
-
Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.
-
Ченцов Ю.С. Общая цитология —М.: Изд. Москов. Ун.та, 1978.
-
Алмазов И.В. Сутулов Л.С. Атлас по гистологии и эмбриологии. М., Медицина, 1998.
-
Кухтина Ж.М. Руководство к практическим занятиям по цитологии. – М., Просвещение, 1995.
№ 11-15 Тақырыптар. Ядро. Клетканың бөлінуі.
Мақсаты. Арнайы дайындалған препараттан ядро құрылысын зерделеп, оның атауларын (қабыгы, хроматин, ахроматин, ядрошығы) білу.
Клектаның циклін суреттеу, оның әр кезеңін () митоз соңы, синтез алды, митоз
Аттарын еске сақтау, сипаттау, клетканың бөліну түрлерін (митоз, амитоз, мейоз, эндомитоз), ерекшеліктерін, байқалатын өзгерестерін білу.
Митоздың негізгі сатыларын (анафаза, метафаза, анафаза, телофаза) анықтай, зерделей білу
Тапсырмалар:
1-ші тапсырма. Аксолотль бауыры препаратынан ірі клетканы іздеп, оны үлкен үлғайтқышта қарап, ядрошығын, ахроматин барын, хроматин үйіндісін және ядро қабығын тауып алу керек. Мұңдай 1-2 клетканың бейнесін сурет дәптеріне салып алып, аталған ядро құрылымын белгілеу керек. Бұл тапсырманы меңгеру үшін атластың суреттерін пайдаланған жөн.
2-ші тапсырма. Ұзақтылығы 11 сағат болатын клеткалық циклді суретке салып, оңдағы митоздық, синтез алды, синтездік және синтез соңы кезеңдерінінің ұзақтығын дұрыс белгілеу керек.
3-ші тапсырма. Кішкене ұлғайтқышпен препараттан клетклар митозың қарау керек. Үлкен ұлғайтқышпен тік бұрыш формалы бөлінбеген клетканы (интерфазадағы) және митоздың: профаза (опың тығыз түйін секілді және копсый бастаған сатыларын), метафаза, анафаза және телофазасындагы клеткаларды тауып алу керек. Олардың әркайсысының суретін алып мыналарды белгілеу керек: 1 — болінбеген клетка (интерфаза): а - цитолемма, б - цитоплазма. в - ядро; 2 --профаза (тығыз түйін сатысы): а - цитоплазма, б - ядро, в -оралым тәрізді хромосомалар, г — кариоплазма; 3 — профаза (түйіннің қопсый бастаған кезі): а - цитолемма, б миксоплазма, в — оралым тәрізді хромосомалар; 4 – метафаза: а- аналық жұлдыз (клетканың экваториалды жазықтығындағы хромосомалардың екі еселенген саны); 5-анафаза: а- бөлініп шыққан клетканың ортасына қарай орын ауыстырған қос хромосомалар; 6- телофаза: а-абөлініп шыққан клетканың түзіліс бастаған ядросы, б-бөлініп шыққан клетканың қабығы.
4-ші тапсырма. Арнайы әзірлеген препараттарды қарау керек: 1 — мал клетканың митозы, 2 — мал клетканың амитозы. Клетканың бөлінуіне, әсіресе митоз кезіндегі телофазаның санына және амитоз кезіндегі цитотомияның аяқталуына назар аудару керек. Екеуінде де жас клеткалар түзіле бастайды. Митоз кезінде хромосомалар жақсы көрінсе, амитоз кезі кәдімгі ядро көрінсе, хромосомалар байқалмайды.
5-ші тапсырма. Жалпы студенттерге арналған көрініс, гтрепаратарынан клеткада байқалатын қасиетсіздер өзгерістерімен танысу керек.
Бақылау сұрақтар:
-
Ядроның құрылысы және атқаратын қызметтері қандай?
-
Хроматин (хромосома) құрылысы, қызметі неде?
-
Клеткалық цикл дегеніміз не?
-
Клеткалық цикл қандай кезендерден түрады?
-
Клеткалық циклдің кай кезеңінде ДНҚ екі еселсніліп белок синтезі жүреді және АТФ жиналады?
-
Интерфазаның әр кезеңіне не тән?
-
Митозда түрақты қосындылар қалай өзгсреді?
-
Митоз кезінде ядрошыкпен ядро кабығы неге ұшырайды?
-
Митоздың амитоздан айырмашылығы неде?
-
Эндомитоз және полиплоидия дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |