51. Білуге тиіс:
терліктен, былғары мен жартылай былғарыдан бөлшектерді кесу ережелерін, топографиялық учаскелер бойынша терінің қасиеттерін, ақауларын, тығыздығы мен қалыңдығын, бөлшектерді ұтымды пішу әдістерін, былғарыға және аяқ киімнің төменгі бөлігіне қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, биіктігі, қайралғаны бойынша кескіш пышақтарды, сақтандырғыш күнқағарлардың жөнділігін тексеру ережелерін.
8. Бөлшектер мен материалдарды қосарлаушы
Параграф 1. Бөлшектер мен материалдарды қосарлаушы, 1-разряд
52. Жұмыс сипаттамасы:
қызмет ету машинасында бөлме аяқ киімі үшін бәйкі қатырма қағазы ұлтарақтарын қосарлау.
53. Білуге тиіс:
бөлшектер мен материалдарды қосарлау технологиясы мен ережелерін, аяқ киім ассортиментін, қызмет ету машинасын пайдалану ережелерін.
Параграф 2. Бөлшектер мен материалдарды қосарлаушы, 3-разряд
54. Жұмыс сипаттамасы:
желім қабыршығын жағумен үлбір пішімі бөлшектерін немесе тілімдерін мақта-мата кездемесімен қосарлау;
еріткішпен мехтың терілік арқауын және матаны, орама материалдарды- синтетикалық былғарыны, жасанды былғарыны желім қабыршығы жағылған матамен, термоиілімді негізден жасалған ұлтаншамен, ұлтанша аралықпен былғары пішім бөлшектерін, ұлтанша аралық пен үстіңгі бөлік бөлшектерін, тоқыма ұлтаншасы мен үстіңгі бөлігі бар аяқ ұшының астын механикалық тәсілмен өңдеу;
мата бөлшектерін жазу және қосарланушылық процесінде оларды айыру, жағу мен жабыстыра желімдеуді бақылау, тасымалдау;
қосарланатын бөлшектер мен тілімдерді преске төсеу және оларды сығымдау;
қосарланған материалды орамға шиыршықтау, таңбалау және буып түю;
тоқыма және синтетикалық материалдардан аппликация жасау, түрлі-түсті термикалық жапсырмалар-тоқыма материалдарынан жасалған аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне шаблондар бойынша сығымдау арқылы желімдеу.
55. Білуге тиіс:
материалдарды, бөлшектерді, негізді теріні қосарлау технологиясы мен ережелерін, қосарлану материалдарының, еріткіштердің және желімнің шығыс нормаларын, еріткіштермен жұмыс істеу ережелерін, қолданылатын жабдықтың құрылысы мен техникалық пайдалану ережелерін.
9. Лекалоларды әзірлеуші
Параграф 1. Лекалоларды әзірлеуші, 3-разряд
56. Жұмыс сипаттамасы:
шаблон бойынша қатырма қағаздан, фибрадан, фанерадан, қаңылтыр және басқа материалдардан қызмет ету машинасында немесе қолмен лекалоларды әзірлеу;
лекалоларды метал лентамен жиектеу немесе қаңылтырмен қаптау;
бөлшектерді құрастыру кезінде бағдар ретінде лекалоларға нүкте, сызық, кертпе түсіру;
лекалоларға фасонды, өлшемді, толықтықты, көлемді және басқа деректемелерді қойып шығу;
градир-машинада лекалоларды сериялы түрде жасау: бастапқы лекалоны машинада бекіту, масштабтық механизмнің ені мен ұзындығын ретке келтіру, бастапқы лекалоны құрсау штифтімен айналдыра орау;
жасалған лекалоларды тексеру.
57. Білуге тиіс:
лекалоларды дайындау және таңбалау ережелерін, бөлшектердің түрін, фасонын, моделін, өлшемін, пішінін, қолданылатын материалдардың қасиеттерін, жинақтағы лекалолар санын, қызмет ету машинасын пайдалану және реттеу ережелерін.
10. Былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды өлшеуші
Параграф 1. Былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды
өлшеуші, 2-разряд
58. Жұмыс сипаттамасы:
былғары және үлбір шикізатының, жасанды былғары тілімшелерінің, техникалық негіздердің ауданы мен қалыңдығын, техникалық қайыстың ұзындығын планшетпен, қалыңдық өлшеуішпен және басқа құралдармен өлшеуді бір мезгілде таңбалаумен, орын ауыстырумен және стеллаждарға қаттап жинаумен жүргізу;
эталондар бойынша планшеттің, қалыңдық өлшегіштің көрсетулерінің дұрыстығын тексеру;
лбылғары және үлбір шикізаты мен материалдарды өлшеу нәтижелерін жазу;
штамптарды тазалау.
59. Білуге тиіс:
былғары мен үлбір шикізатының, жасанды былғары тілімдерінің, техникалық негіздердің ауданы мен қалыңдығын өлшеу ережелерін, өлшеу кестелері мен аспаптарын қолдану ережелерін, былғары және үлбір шикізаты мен материалдардың түрлерін, былғары және үлбір шикізатының ұзындығы, ені мен қалыңдығын өлшеудің стандартты нүктелерін, өлшеу нәтижелерін жазу үшін құжаттаманы жүргізу ережелерін, қалыңдық өлшегіштің, планшеттің және басқа қолданылатын аспаптардың құрылысын.
Параграф 2. Былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды
өлшеуші, 3-разряд
60. Жұмыс сипаттамасы:
планиметрмен және өлшеу машинасында даяр былғарының, иленген және боялған үлбір терілерінің, тілімшелерінің ауданы мен қалыңдығын өлшеу;
эталондар бойынша өлшеу машинасының, планиметрдің көрсетулерін мерзімдік бақылау;
өлшеу машинасының жұмысын бақылау.
61. Білуге тиіс:
планиметрмен және өлшеу машинасында дайын былғарының, иленген және боялған үлбір терілерінің, тілімшелерінің ауданы мен қалыңдығын өлшеу ережелерін, дайын былғарының, үлбір терілерінің, тілімшелерінің түрлерін, дайын былғарының ұзындығын, ені мен қалыңдығын өлшеудің стандартты нүктелерін, өлшеу машинасы және плнаниметрдің құрылысы мен пайдалану ережелерін, өлшеу машинасының, планиметрдің көрсетулерінің болуы мүмкін ауытқуларының себептерін және оларды жою тәсілдерін.
Параграф 3. Былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды
өлшеуші, 4-разряд
62. Жұмыс сипаттамасы:
транспортерге төсеумен электрондық машинада дайын былғарының ауданы мен қалыңдығын өлшеу;
эталондар бойынша машина көрсетулерінің дұрыстығын тексеру.
63. Білуге тиіс:
электрондық машинада дайын былғарының ауданы мен қалыңдығын өлшеу ережелерін, электрондық машинаның құрылысы мен пайдалану ережелерін, электрондық машина көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру тәсілдерін.
Параграф 4. Былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды
өлшеуші, 5-разряд
64. Жұмыс сипаттамасы:
компьютер жадына енгізу және дисплей арқылы шығару құрылғысына өлшенетін былғары партиясы жөнінде ағымдағы ақпаратты беру үшін қажетті экранмен, басып шығару құрылғысымен, клавиатурамен жабдықталған электрондық машинада дайын былғарының ауданы мен қалыңдығын өлшеу;
баспа таспасын ауыстыру, машинаны жөндеу, күйге келтіру және реттеу;
былғары түріне сәйкес автосалғышты күйге келтіру және реттеу;
эталондар бойынша машина көрсетулерінің дұрыстығын тексеру;
кейіннен партияларға буып түю үшін тасымалдаумен пакеттерге автосалғышпен былғарыны комплектілеу, пакеттерді орап байлау, жасақталған партиялардың есебін алу.
65. Білуге тиіс:
дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, электрондық машинада дайын былғарының ауданы мен көлемін өлшеу ережелерін, арнаулы эталонмен электрондық машина көрсетулерінің дұрыстығын тексеру тәсілдерін, жасақталған партиялардың есебін алу үшін компьютерді пайдалану ережелерін.
11. Реңші
Параграф 1. Реңші, 5-разряд
66. Жұмыс сипаттамасы:
колерлерді жасау;
рецептура мен технологиялық карталарға сәйкес грунтты, аппретураны, жалтырақты, органикалық сұйылтқыш пен еріткіштерді, нитроэмаль ерітінділерін, казеиндік, акрильдік және басқа жаба бояуларды дербес әзірлеу;
жұмыс орнына қолданылатын материалдарды тасымалдау;
пигмент пасталары мен еріткіштерді араластырғышқа салу;
пигмент пасталары мен еріткіштерді араластырғышқа салу;
сынаманы іріктеп алу және эталондарға сәйкестендіріп колерлердің түсі мен реңкін жеткізу;
сынама бояуды орындау;
дайындалған аппретураны, жалтырақты және басқа жаба бояуларды, сондай-ақ еріткіштерді өндіріске жіберу;
шығыс болатын бояғыштар мен қолданылатын материалдардың есебін жүргізу.
67. Білуге тиіс:
реңкті және колерді жасау тәсілдерін, құрамдардың рецептурасын, бояғыштардың, сұйылтқыштар мен еріткіштердің қасиеттері мен шығыс нормаларын, олардың өзара әрекеттесуін, былғарының қасиеттері мен құылымын, былғарыны жаба бояуға, аппретуралауға және жалтыратуға қойылатын техникалық талаптарды, қолданылатын материалдардың шығысын есепке алу тәртібін, араластырғышқа пасталар мен еріткіштерді салу ержелерін, сынаманы іріктеп алу әдістерін, есепке алу құжаттамасын жүргізу ережелерін.
12. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды жасақтаушы
Параграф 1. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды жасақтаушы, 1-разряд
68. Жұмыс сипаттамасы:
қалыптарды, үстіңгі бөліктің, ұлтаншаның және аяқ киімнің төменгі бөлігінің бөлшектерін жұптарға қалыңдығы, түсі, өлшемі, фасоны, биіктігі, жүріс бетіндегі суреті (резеңке табандардың) бойынша жасақтау, іріктеу, тасымалдау құрылғыларында қайтадан салу кезінде бөлшектер мен бұйымдарды жіберу және алу;
биркаларды іріктеу және оларды дайындамаларға бекіту;
дайындаманың, аяқ киімнің үстіңгі және төменгі бөлік бөлшектерін байлау, есептеу.
69. Білуге тиіс:
аяқ киім және дайындама бөліктерін жұптаудың іріктеу және жасақтау ережелерін, тігу бұйымдарының ассортиментін, бөлшектердің, дайындаманың және қалыптардың түрін, фасонын, өлшемдерін, қалыптардың сапасына қойылатын талаптарды.
70. Жұмыс үлгілері:
1) үстіңгі бөліктің бөлшектері мен аяқ киім үшін ұлтаншалар- қайып тігу алдында жұптарға жасақтау;
2) дайындамалар – аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің нөмірлері бойынша жұптау;
3) өкшелер –аяқ киімнің фасоны, өлшемі, түсі және биіктігі бойынша іріктеу;
4) қалыптар – қосу кестесіне сәйкес фасоны, өлшемі және толықтығы бойынша іріктеу, бөліп салу, ақауы бар қалыптарды іріктеу;
5) табандар – жасақтау және жұптарға іріктеу.
Параграф 2. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды жасақтаушы, 2-разряд
71. Жұмыс сипаттамасы:
жартылай фабрикаттарды, пішімді және дайын өнім бұйымдарының бөлшектерін өндірістік партияларға жасақтау, оларды есептеу және бумаларға байлау, жазба белгілерді рәсімдеу, оларды желімдеп жапсыру және бумаларға салу;
дайын өнімге ілеспе құжаттаманы жасау мен рәсімдеу және оны белгіленген орынға тасымалдау;
былғарының қиып пішілетін партияларының жасақталуы, пішуге былғарының жіберілуі, ағындардан пішімдердің қабылдануы, құрастыру цехтарына беру үшін беріліс серияларының жасақталуы сәйкес келетін өндірістік құжаттарды даярлау және іріктеу;
есеп жүргізу және фабрика зертханасы мен диспетчерлігіне ақпарат беру үшін былғарының барлық түрлерінің, сорттары мен санаттарының түгел болуын бақылау (пішу карталары, пішу ведомостері, тауарлық билеттер, партиондық билеттер);
өндірістік құжаттарға пішілетін материалдар атаулары мен олардың сорттарын, түрі , саны, өлшемі бойынша аяқ киім бөлшектерін пішу тапсырмаларын, сондай-ақ пішу түрі бойынша материалдардың шығыс нормаларын енгізу; 5 модельге дейін жартылай фабрикаттарды, бөлшектер мен тігу бұйымдарын түрі, фасоны, түсі, толықтығы, өлшемі және басқа белгілері бойынша іріктеу және өндіріске жіберу, сондай-ақ аяқ киімнің қалыптарын ауысымдық тапсырма кестесіне сай фасоны, өлшемі, толықтығы бойынша конвейер ағынына жіберу, конвейерден дайын өнімді, жартылай фабрикаттар мен үлбір терілерін алу;
өндіріске жіберілген бөлшектердің, жартылай фабрикаттардың және конвейерден алынған дайын өнімнің санына есеп жүргізу;
дайын өнімнің жеке есебін жүргізу.
72. Білуге тиіс:
бөлшектерді, жартылай фабрикаттарды және бұйымдарды жасақтау ережелерін, жасақтау топтарына қойылатын техникалық шарттарды, пішілетін материалдардың түрлері мен сорттарын, бұйым бірлігіне жұмсалатын материалдардың шығыс нормаларын, түрі және сорты бойынша материалдарды пайдалану нормаларын, өндіріске сериялық жіберуді қамтамасыз ету үшін пішілетін материалдардың партияларын іріктеу ережелерін, тігілетін бұйымдардың ассортиментін, фасонын, өлшемін, толықтығын, жинақтағы бөлшектер немесе бұйымдар мен жартылай фабрикаттардың партиядағы санын, бұйымдардағы бөлшектердің орналасу сызбасы мен олардың бекітілу тәртібін, сорттылықты анықтау ережелерін, өнімнің және орындаушылардың сапа көрсеткішінің қабылданған белгілерін, бөлшектер мен бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды, құрастыру цехтарына беріліс серияларын жіберудің тәуліктік кестелерін, белгіленген құжаттаманы және жіберілген және алынып тасталған бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың есебін жүргізу ережелерін, шартты жасақтау белгілерін.
73. Жұмыс үлгілері:
1) көркемдік бояу жаққыштар үшін пластмассадан, құрсаудан және түйіннен бояу жаққыш саптарына сына – жасақтау;
2) щеткалы бұйымдардың гарнитуралары – арнаулы фурнитураны қолдану арқылы құрастырумен жасақтау;
3) дайын өнім – қыл-щетка өндірісінде өлшемі және сорты бойынша партияларды жасақтау;
4) пішім бөлшектері мен былғары галантерея өндірісінің жартылай фабрикаттары – түрі, моделі, түсі және өлшемі бойынша жасақтау;
5) аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің және ұлтаншаның пішімі, аяқ киімнің төменгі бөлігінің бөлшектері, дайындамалар – түрі, материалы, түсі, фасоны, өлшемі және толықтығы бойынша жасақтау;
6) пішім және қайыс-ер бұйымдарының бөлшектері – түрі, материалы, түсі бойынша жасақтау;
7) щетка бұйымдарының қалыптарына қаптама, еден сүрткіш щеткаларына баулар –жасақтау;
8) қақпақтар – желімдеу және щеткаға бекіту;
9) былғары жартылай фабрикаттар- технологиялық карталарға сәйкес мақсатына және басқа белгілеріне қарай өндірістік партияларға жасақтау;
10) бояу жаққыштарға арналған сап пен қақпақтар, щетка қалыптарына қақпақтар – іріктеп алу;
11) үлбір терілері мен үлбір кесіндісі – өндірістік сорттау белгілері, сорты, ақаулары, өлшемі бойынша сұрыптау.
Параграф 3. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды жасақтаушы, 3-разряд
74. Жұмыс сипаттамасы:
мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттар мен технологиялық карталарға сәйкес былғары, аяқ киім, былғары галантереялық және қайыс-ер бұйымдары сынды дайын өнімдерді, сондай-ақ үлбір шикізаты мен жартылай фабрикаттарды есептеумен және байлаумен қоса белгіленген шамадағы өткізу партияларына жасақтау;
бір мезгілде 5үлгіден (фасоннан) астам тігу бұйымдарын дайындау кезінде бөлшектерді, пішімді және жартылай фабрикаттарды іріктеу және жіберу; Ілеспе құжаттар бойынша бөлшектердің, бұйымдардың, пішімдердің, жартылай фабрикаттардың, көмекші материалдардың санын тексеру;
жасақталған партияларға құжаттарды рәсімдеу, белгіленген деректемелермен техникалық карталарды, төлқұжаттарды, калькуляциялық және прейскуранттық талондарды дайындау және толтыру;
жасақталған партиялардың есебін жүргізу, қоймаға дайын өнімді тасымалдау.
75. Білуге тиіс:
жартылай фабрикаттарды, үлбір шикізатын және дайын өнімді жасақтау ережелерін, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдердің ассортиментін, дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, өткізу партиясының белгіленген шамасын, тері өлшемдерін өлшеу тәсілдерін, жасақталатын шикізат пен терілердің сипаттамасын, олардың мақсатын, өндіріске және нарядтар бойынша пішу цехтарына жіберу үшін жасақтау тәртібін, терінің шығыс нормаларын, белгіленген құжаттаманы толтыру бойынша нұсқаулықты және оны толтыру барысында арнаулы аспаптарды пайдалану ережелерін, жасақтаудың шартты белгілерін, өндіріске бөлшектерді, пішімді және жартылай фабрикаттарды жіберуге қойылатын техникалық талаптарды, даярланатын бұйымдарды өңдеудің технологиялық бірізділігін, транспортер құрылысын және оның қозғалыс жылдамдығын реттеу тәсілдерін.
76. Жұмыс үлгілері:
1) дайын былғары мен сыздықтар – түрі, сорты, салмағы, ауданы және басқа көрсеткіштер бойынша бумаларға жасақтау;
2) былғары галантереялық бұйымдар – түрі, артикулы, өлшемі, түсі және сорты бойынша жасақтау;
3) аяқ киім - артикулы, сорты, фасоны, өлшемі, толықтығы бойынша жасақтау;
4) тері тілімшелер – өлшемі, фасоны бойынша жасақтау;
5) қайыс-ер өндірісі өнімі – түрі, артикулы және сорты бойынша жасақтау;
6) сортталған үлбір шикізаты, жартылай фабрикаттар мен терілер – терілердің алынған топтарынан бұйымдардың шығымын айқындаумен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес жасақтау;
7) полиэтиленнен жасалған ерлер қалыптары- фасоны, өлшемі, толықтығы бойынша іріктеу.
13. Былғары және үлбір шикізатын консервілеуші
Параграф 1. Былғары және үлбір шикізатын консервілеуші, 2-разряд
77. Жұмыс сипаттамасы:
шелді консервілеу және қайта консервілеу;
антисептиктерді қолданумен консервілеуші қоспаны жасау.
78. Білуге тиіс:
шелді консервілеу тәсілдерін және былғары мен үлбір шикізатын салу ережелерін, консервілеуші материалдар мен антисептиктердің қасиеттерін, антисептиктерді қолдана отырып консервілеуші қоспаны жасаудың тәсілдерін, былғары және үлбір шикізатының түрлерін.
Параграф 2. Былғары және үлбір шикізатын консервілеуші, 3-разряд
79. Жұмыс сипаттамасы:
технологиялық картаға сәйкес құрғақ консервировкалардың (құрғақтұзды, тұщы-құрғақ) былғары және үлбір шикізатын консервілеу және қайта консервілеу;
уақытша және ұзақ сақтау үшін әрбір терінің штабельдерге қалап қоюға жарамдылығын анықтау;
сақтауға жіберілетін шикізаттың: сапасын, ылғалдығын, күйе көбелектің тірі түрлерінің, тері тесердің, қысыр сабақтың, зеңнің жоқтығын тексеру;
термометрлері бар астаушаларды қатарлап қою;
кептіргіштерде ылғалданған шикізатты құрғату;
партиондық және жүк трафареттерін рәсімдеу.
80. Білуге тиіс:
құрғақ консервілеудің былғары және үлбір шикізатын консервілеу тәсілдерін, құрғақ консервілеу терілеріңн сақтауға қою тәсілдерін, әрбір терінің массасын, бүтіндей пакеттің массасы мен көлемін есепке ала отырып, шикізаттың түріне байланысты буып түю тәсілдерін, консервіленген шикізаттың күйін органолептикалық айқындау, консервілейтін материалдардың химиялық қасиеттерін, құрғақ консервілеудің ақаулары, оның дайын былғарының сапасына әсері, партиондық және жүк трафареттерін рәсімдеу ережелерін.
Параграф 3. Былғары және үлбір шикізатын консервілеуші, 4-разряд
81. Жұмыс сипаттамасы:
қолданыстағы әдістемеге сәйкес ылғалды тұзды консервілеудің былғары және үлбір шикізатын консервілеу және қайта консервілеу;
сақтауға қойылатын шикізаттың сапасын, консервілеу ақауларының, бұзылу белгілерінің (шіріп көгеру, қызарушылық, жылпылдақ болу, аммиак иісі) болмауын, кеуіп кеткен, ластанған, үйілген терілердің болмауын бақылау;
сақтауға жинақталған және жөнелтуге буып түйілген былғары және тондық-терілік шикізатты есепке алу.
82. Білуге тиіс:
ылғалды тұзды консервілеудің былғары және үлбір шикізатын консервілеу тәсілдерін, ылғалды тұзды консервілеудің былғары шикізатын салу тәсілдерін (алжапқыштық, кардондық жартылай кардондық, қайырылған шетімен, тұзсыз және басқа), ылғалды тұзды консервілеудің ақаулары, олардың дайын былғарының сапасына әсері, сақтауға жинақталған және жөнелтуге буып түйілген былғары және тондық-терілік шикізаттың есебін жүргізу ережелерін.
14. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды бақылаушы
Параграф 1. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды бақылаушы, 2-разряд
83. Жұмыс сипаттамасы:
мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес тоқымадан және былғары алмастырғыштан жасалған аяқ киімнің үстіңгі және төменгі бөліктері бөлшектерінің сапасын бақылау;
жартылай фабрикаттарды өңдеу сапасын тексеру, жартылай фабрикаттарда анықталған ақауларды белгілеу, оларды көрсету және белгіленген тәртіпте жою;
ұсақ ақаулары түзетуге жіберілген бұйымдардың қайтарылуын есепке алуды жүргізу.
84. Білуге тиіс:
тоқымадан және былғары алмастырғыштан жасалған аяқ киімнің үстіңгі және төменгі бөліктеріне қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, олардың түрі, фасоны мен жартылай фабрикаттардың өлшемдерін, аяқ киімнің үстіңгі және төменгі бөліктерінің бөлшектерін кесу және өңдеу операцияларының орындалуына қойылатын талаптарды, жартылай фабрикаттардағы ұсақ ақаулардың пайда болу себептері мен оларды жою тәсілдерін, бақыланатын бұйымдар, жартылай фабрикаттар мен материалдарды есепке алуды жүргізу.
Параграф 2. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды бақылаушы, 3-разряд
85. Жұмыс сипаттамасы:
мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес сорттылығын анықтаумен қоса тоқыма материалдары мен былғары алмастырғыштардың, былғары және жартылай фабрикаттар бөлшектерінің, сондай-ақ дайын өнімнің сапасын бақылау.
бақылау және өлшеу құралдары мен инструментті қолдану арқылы пайдаланылатын шикізат пен жартылай фабрикаттардың өңделу сапасын тексеру, жартылай фабрикаттардағы анықталған ақауларды белгілеу, оларды көрсету және белгіленген тәртіпте жою.
жұмысты орындаушылар бойынша қайта жасауға жіберілген бұйымдардың қайтарылуының жеке есебін жүргізу.
86. Білуге тиіс:
пайдаланылатын шикізат, материалдар мен дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, бақыланатын жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдердің артикулын, түрін, фасоны мен өлшемдерін, шикізат пен жартылай фабрикаттарды өңдеуді орындауға қойылатын талаптарды, бақыланатын бұйымдар,жартылай фабрикаттар мен материалдар ақауларының пайда болу себептерін, оларды анықтау және жою тәсілдерін, сорттылықты анықтау ережелерін, қолданылатын бақылау және өлшеу құралдары мен инструментінің мақсатын және оларды пайдалану ережелерін.
87. Жұмыс үлгілері:
1) былғарыдан жасалған аяқ киімнің үстіңгі және төменгі бөліктерінің бөлшектері - сапасын бақылау;
2) былғары галантерея бұйымдарының бөлшектері – сапасын бақылау;
3) жегу әбзелінің, ер-тұрманның, адам керек-жарағының (қамыт, жастықша, қамыт жапқышы жүген, шілия, делбе және басқа) бөлшектері – сапасын бақылау;
4) аяқ киім дайындамасы – сапасын бақылау;
5) тоқыма материалдары және былғары алмастырғыш – сапасын бақылау;
6) жеңіл аяқ киім, шеркей, сандал - сапасын бақылау және сорттылығын анықтау;
7) техникалық бұйымдардың жартылай фабрикаттары – сапасын бақылау;
8) сағат, белбеу, жол қайыстары – сапасын бақылау және сорттылығын анықтау;
9) қарапайым щеткалар - сапасын бақылау және сорттылығын анықтау.
Параграф 3. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды бақылаушы, 4-разряд
88. Жұмыс сипаттамасы:
мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес былғары материалдары мен дайын өнімдердің сапасы мен сорттылығын анықтаудың дұрыстығын бақылау;
шикізат пен жартылай фабрикаттарды өңдеудің технологиялық режимдерін сақтау ережелерін, ақаулардың пайда болу себептерін анықтау және оларды жою үшін шаралар қолдану;
себептері мен жарамсыздық түрлерін анықтаумен қоса жартылай фабрикаттарды жарамсыздыққа шығару және оларды қайта жасауға жіберу;
материалдардың, дайын өнімдердің анықталған ақауларын белгілеу және сорттылығын анықтау;
орындаушылар бойынша бақыланатын бұйымдардың ақауларын есепке алу, жарамсыздыққа шығару актісін жасау.
89. Білуге тиіс:
бақыланатын шикізат пен дайын өнімдерге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, материалдарды, дайын өнімдерді қабылдау, жарамсыздыққа шығару және олардың сорттылығын анықтау ережелері мен тәсілдерін, дайын өнімдердің ассортименті мен өндіру технологиясын, бақыланатын өндіріс учаскесінің операцияларын орындауға қойылатын талаптарды, шикізатты өңдеу барысында ақаулардың пайда болу себептерін және оларды анықтау мен жою тәсілдерін, операциялар бойынша өндірістік ақаулардың қолданыстағы шектерін және оларды есепке алу тәртібін, дайын өнімдердің сапасына жеке ақаулардың әсерін, пайдаланылатын бақылау және өлшеу құралдары мен инструменттің құрылысын, бақылау қабылдау-тапсыру құжаттамасын рәсімдеудің ережелері мен тәртібін.
90. Жұмыс үлгілері:
1) былғары материалдары – сапасын бақылау және сорттылықты анықтадың дұрыстығы;
2) үстіңгі бөлігі тоқыма және былғары алмастырғыштан жасалған, жеңіл аяқ киім, шәркей, сандалдан басқа, аяқ киім – сапасын бақылау және сорттылықты анықтау;
3) былғары галантерея өндірісінің (сағат, белбеу және жол қайыстарынан басқа), қайыс-ер бұйымдары өндірісінің (жегу әбзелі, қамыт, ер, адамның керек-жарақ бұйымдары) өнімі – сапасын бақылау және сорттылығын анықтау;
4) былғарыдан техникалық бұйымдар өндірісінің өнімі-сапасын бақылау және сорттылығын анықтау;
Достарыңызбен бөлісу: |