1-бөлім. Жалпы ережелер



бет6/12
Дата29.06.2016
өлшемі1.32 Mb.
#166591
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

қолданылатын жабдықты жөндеу.

199. Білуге тиіс:

қолданылатын жабдықтың құрылысын, оны пайдалану және жөндеу ережелерін, материалда кескіштер мен лекалоларды ұтымды орналастыру жүйесін, жоғары күрделіліктегі футлярларды жасау технологиясын.

200. Жұмыс үлгілері:

1) киіз – ер, қамыт, жегу әбзелі бөлшектеріне, адам керек-жарағының бөлшектерін лекалолар бойынша пішу;

2) былғары – балет қорапшаларының, несессерлердің, папкілердің, портфельдердің, қолғаптардың , барлық түрдегі сөмкелердің (балалардікінен басқа), әмиянның, портмоненің, шиланның, құжаттар мен кітап мұқабаларының, шылым сауыттарының, әр түрлі футлярлардың (дүрбі, кино және фотоаппараттар мен музыкалық аспаптардың футлярларынан басқа) бөлшектеріне қиып пішу;

3) былғарылар – астарлар, тілімшелер, ұшсыз белдікшелер бөлшектері мен хром муфталарының дайындамасына, бөлгіш және айдау қайыстарына, гантиндерге қайып пішу;

4) тоқыма материалдары мен былғары алмастырғыштар – үстіңгі бөліктің бөлшектеріне, астарына, аяқ киімнің аралық бөлшектеріне (простилкалар, түйіндер, бүйір жақтар, аяқ ұш асты, өкше асты және басқа) және былғары галантерея мен қайыс-ер бұйымдарының бөлшектеріне қиып пішу;

5) үлбір – астарлар мен әрлеменің бөлшектеріне қиып пішу;

6) жібек, жартылай барқыт,барқыт, түптеу, күдері маталар- футлярлардың сыртқы және ішкі әрлемесінің, бөлшектеріне, көрме зат асты мен кез келген күрделіліктегі футлярлардың тіреуіштеріне қиып пішу.

Параграф 4. Материалдарды пішуші, 5-разряд
201. Жұмыс сипаттамасы:

былғарыны анағұрлым ұтымды пайдалануды қамтамасыз етумен бірге күрделі аяқ киім, былғары галантереялық, қайыс-ер және басқа бұйымдардың бөлшектеріне престе немесе қолмен топографиялық учаскелер бойынша былғарыны қиып пішу;

қалыңдығы, сапасы және топографиялық учаскелер бойынша былғары пішімінің элементтерін сұрыптау, олардың мақсатын анықтау;

былғарының созылымдылық бағытына қатысты модельдердің дұрыс орналасуын сақтау;

пішімнің жинақтылығы мен жұптылығын, таза және тегіс қиықты, кескіштердің ауданы мен сұлбасы бойынша бөлшектердің дәл сәйкес келуін қамтамасыз ету;

футлярды пішу және әрлеу үшін шаблондар мен аспаптарды жасау;

қолданылатын жабдықты жөндеу.

202. Білуге тиіс:

пішілетін материалдардың қасиетін, мақсатын және сыныптамасын, пішілетін материалдар мен пішілген бөлшектерге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, бөлшектер мен бұйымдардың түрін, мақсатын, үлгісін, өлшемін, жинақтағы бөлшектер санын, пішілетін материалда кескіштер мен лекалоны ұтымды орналастырудың тәсілдерін, материалдарды пайдалану нормаларын, футлярдағы бөлшектерді құрастыру, футлярдың әрлеме материалдарын іріктеу ережелерін, қолданылатын жабдықтың құрылысын, оны пайдалану және жөндеу ережелерін.

203. Жұмыс үлгілері:

1) былғары – аяқ киім ұлтаншасының бөліктеріне, супинаторлық жартылай ұлтарақтарға, былғары галантереялық бұйымдарға қиып пішу;

2) былғары – орамалға, қолғаптарға, дүрбі, музыкалық аспаптар, кино және фотоаппараттар футлярына және спорт бұйымдарының бөлшектеріне қиып пішу;

3) хром, юфть, жартылай қақталған былғары – қайыс-ер бұйымдары мен адам керек-жарағы бұйымдарының бөлшектеріне қиып пішу;

4) қайыс былғары - қайыстар мен құлақбауларға қолмен пішу;

5) былғары – былғары пішімін дәл шақтау және әрлеумен бірге күрделі пішіндегі және әр түрлі конфигурациядағы футлярлардың бөлшектеріне қиып пішу;

6) жонарқалар, жағалар, етектер-есу жеңдерінің дайындамасына, техникалық бұйымдар үшін шеңбер мен секторларына қиып пішу;

7) иленген материалдар мен былғары алмастырғыштар- аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектеріне, ұлтаншасына, аралық бөлшектеріне қиып пішу;

8) тоқыма қосарланған материалдар-аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектері мен ұлтаншасына, былғары галантерея және қайыс-ер бұйымдарының бөлшектеріне қиып пішу.


Параграф 5. Материалдарды пішуші, 6-разряд


204. Жұмыс сипаттамасы:

аяқ киімнің жұбы үшін жинақтап қызмет ету пресінде немесе қолмен аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектеріне былғарыны қиып пішу;

тері созылымдылығының бағытына қатысты модельдердің дұрыс орналасуын сақтау;

былғары материалдарын ұтымды пайдалануды, таза және тегіс қиюды, кескіштердің ауданы мен сұлбасы бойынша бөлшектердің дәл сәйкестігін, жұптағы бөлшектердің бірдей қалыңдығы мен тығыздығын, бөлшектердегі былғарының біркелкі бояуы мен бедерін қамтамасыз ету.

205. Білуге тиіс:

қызмет ету престерінің құрылысын, оларды пайдалану және жөндеу ережелерін, пішілетін былғары материалдарының қасиеттері мен мақсатын, аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектері мен материалдарына қойылатын мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттарды, пішілген бөлшектерге арналған аяқ киімнің түрлерін, мақсатын, үлгісін және өлшемін, берілген үлгіде және мен түрде аяқ киім жинағындағы бөлшектер санын, пішілетін былғарыда кескіштерді ұтымды орналастыру тәсілдерін, былғары материалдарын пайдалану нормаларын.

Параграф 6. Материалдарды пішуші, 7-разряд
206. Жұмыс сипаттамасы:

аяқ киімнің жұбы үшін жинақтап престе немесе қолмен модельдік аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектеріне былғарыны қиып пішу;

Терінің созылымдылық бағытына қатысты бөлшектерді дұрыс орналастыруды сақтау;

әр түрлі түрлермен әрленген былғары материалдарын ұтымды пайдалануды, таза және тегіс қиюды, кескіштердің ауданы мен сұлбасы бойынша бөлшектердің дәл сәйкестігін, жұптағы бөлшектердің бірдей қалыңдығы мен тығыздығын, бөлшектердегі былғарының біркелкі бояуы мен бедерін қамтамасыз ету.

207. Білуге тиіс:

қолданылатын жабдықтың құрылысын, оны пайдалану және жөндеу ережелерін, пішілетін былғары материалдардың қасиеттері мен мақсатын, пішілетін материалдарға және модельдік аяқ киімнің бөлшектеріне қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, берілген фасон мен түрдегі аяқ киім жинағындағы бөлшектер санын, пішілетін былғарыда кескіштерді ұтымды орналастыру тәсілдерін, былғары материалдарын пайдалану нормаларын.

29. Үлбір пен киізді арамен кесуші
Параграф 1. Үлбір пен киізді арамен кесуші, 3-разряд
208. Жұмыс сипаттамасы:

екіге тілу машинасында қажетті қалыңдықта киізді кесіп екіге бөлу.

киіздің сызықтық өлшемдері мен оның қалыңдығын мерзімдік тексеру.

машинадан шығатын тіліндіні қабылдау және оны белгіленген тәртіпте жинап қою;

машина жұмысын реттеу;

таспалық пышақтарды қайрау және алмастыру.

209. Білуге тиіс:

қызмет ету машиналарын пайдалану және реттеу ережелерін, киіз түрлерін, дайын киіздің сапасына қойылатын талаптарды, киізді арамен кесудің технологиялық режимін.

Параграф 2. Үлбір пен киізді арамен кесуші, 5-разряд
210. Жұмыс сипаттамасы:

екіге тілу машинасында терілердің былғары тінін арамен екі қабатқа тілу, былғары тінінің қалыңдығына байланысты арамен кесудің қажетті қалыңдығына машинаны реттеу және жөндеу;

машинаның таспа пышақтарының астына терілерді жайып беру және арамен кесудің дәлдігін бақылау.

211. Білуге тиіс:

терілердің былғары тінінің құрылысын, былғары тінін кесу нормаларын, былғарыны өңдеудің болуы мүмкін ақауларын және олардың алдын алу және жою тәсілдерін, терілердің қалыңдығын анықтау ережелерін, екіге тілу машинасының құрылысын, оны жөндеу және реттеу ережелерін, таспалық пышақты қайрау және ауыстыру тәсілдерін.

30. Рамаларға былғары мен қой терісін созушы


Параграф 1. Рамаларға былғары мен қой терісін созушы, 3-разряд
212. Жұмыс сипаттамасы:

тілінді мен кесіндіні рамаларда біркелкі созу және оларды қысқыштардың, дөңесшелердің, шегелердің көмегімен немесе жапсырмамен әйнекке, фанераға және тағы да басқаға бекіту;

жұмыс орнына тіліндіні, кесіндіні және желімді беру;

тілімшелерден желімді жуып шаю, былғарыға желімді жағу;

тілінді мен кесіндінің барлық ауданын жазу;

рамаларды бекіту, оларды кептіргіштерге салу және одан шығару;

рамалардан тілінді мен кесіндіні түсіру және оларды жинап қою;

кептіргіштерде температура мен ауа алмасуын реттеу.

213. Білуге тиіс:

рамаларда тілінді мен кесіндіні созу тәсілдерін, былғарының қасиеттерін, өңдеуге дейін және одан соң былғары мен тіліндінің физикалық және механикалық көрсеткіштерін, кептірудің технологиялық режимін реттеу ережелерін, кептіру құрылғыларын пайдалану ережелерін.

Параграф 2. Рамаларға былғары мен қой терісін созушы, 4-разряд
214. Жұмыс сипаттамасы:

жиырылуға, табандар мен былғарының шеткі учаскелерінің нашар керілуіне жол бермей қажетті керілісті сақтай отырып, жыртпай және үзбей ең үлкен пайдалы ауданды алу үшін рамаларда былғары және қой терісінің ортасынан периметрге қарай бағытта былғары және қой терісін біркелкі созу және оларды қысқыштардың, дөңесшелердің, шегелердің немесе әйнекке, фанераға және тағы да басқаға желімдеу көмегімен оларды бекіту;

механикалық жылжымалы құрылғымен раманы терілерімен жылжыту;

жұмыс орнына былғары мен қой терілерін беру;

кептіргішке рамаларды былғарымен немесе қой терісімен салу, кептірудің технологиялық режимін бақылау және реттеу;

былғарының дайындық дәрежесін анықтау, рамаларға былғары мен қой терісін салу және одан қолмен түсіру.

215. Білуге тиіс:

рамаларда былғары мен қой терісін созудың ережелері мен ұтымды тәсілдерін, созуға былғары мен қой терісінің даярлығына қойылатын талаптарды, жақсы сапаны және былғарының пайдалы ауданының қажетті шығымын қамтамасыз ету үшін былғарының, қой терісінің созу мүмкіндігінің дәрежесін, кептірудің технологиялық режимін реттеу тәсілдерін және былғары мен қой терісінің даярлық дәрежесін анықтау, рамалар мен кептіргіштердің құрылысын.

Параграф 3. Рамаларға былғары мен қой терісін созушы, 5-разряд
216. Жұмыс сипаттамасы:

контактілі – вакуумдық және рамалық жартылай автоматты кептіргіштерде оларды қысқыштармен бекітумен және рамаға жинап қоюмен бірге былғарыны біркелкі созу және кептіру;

басқару тетігінен кептіргішке раманы терілерімен жылжыту және ауыстыру;

желімдеуге былғарыны дайындау, қосымша ылғалдау, ортасы бойынша жая бөлігін кесу;

кептіргіштерге буды, сығымдалған ауаны, суды жіберу үшін вентильдерді ашу;

қыздыру плиталарының ауданын максимал пайдалану үшін металл тілімшелерге желімделетін былғарыны ұтымды орналастыру;

оларды циклялармен барлық аудан бойынша ажыратумен бірге ең үлкен созылымдылық бағытында қыздырылатын плитаның бетіне былғарыны желімдеу;

қақпақтарды ашуды, жабуды және қыздыру камераларының орын ауыстыруын басқару тетігінен басқару;

былғарыны өңдеу технологиясына сәйкес кептірудің қажетті режимін (қысымды, температураны, ұстау уақытын) күйге келтіру және бақылау мен өлшеу құралдары бойынша қадағалау.

217. Білуге тиіс:

былғарыны созу мен кептірудің технологиялық режимін, тері топографиясын, қолданылатын жабдықтың және бақылау-өлшегіш құралдарының құрылысын, температураны, қысымды, теріні созуды және кептіру ұзақтығын орнату және бақылау ережелерін.

31. Материалдар мен бұйымдарды кесуші


Параграф 1. Материалдар мен бұйымдарды кесуші, 1-разряд
218. Жұмыс сипаттамасы:

дискілі пышақпен немесе қолмен қайшы көмегімен материалдарды кесу.

219. Білуге тиіс:

материалдар мен бұйымдарды кесу әдістері мен тәсілдерін, кесуге түсетін материалдарға қойылатын талаптарды, қағаз бен қатырма қағаздың сорттары мен сапасын, теңгерімдік және гильотиндік қайшылардың құрылысын.

220. Жұмыс үлгілері:

1) қағаз – қағаз сапасын бақылау мен ақау парақтарды жарамсыздыққа шығарумен бірге үлбір және тілдік музыкалық аспаптардың тысқабы үшін дайындамаларға кесу;

2) мақта – аралық қабатқа кесу;

3) мамық жүнді аң терісі құйрығының қылы – кесу;

4) табиғи және жасанды былғарының делюжкалары мен кесіндісі – белдіктер мен шырмауларға және басқа бөлшектерге кесу;

5) қатырма қағаз, қағаз – сапасын бақылау мен ақаулы парақтарды жарамсыздыққа шығарумен бірге белдіктерге, аралық қабатқа, қораптарға кесу;

6) жабағыланып қалған қыл – кесу;

7) жиектеме, жіп, арқан – белгіленген ұзындықтағы кесінділерге кесу.

Параграф 2. Материалдар мен бұйымдарды кесуші, 2-разряд
221. Жұмыс сипаттамасы:

кейіннен оларды түту және түйіндерге қолмен байлаумен бірге белгіленген өлшеммен ұзына бойы қылды, синтетикалық және басқа түрдегі талшықтарды кесу;

механикалық қайшыларда тегіс және бүрмеленген сымды кесу;

мамық жүнді аң терісі құйрықтарынан қылды электр машинкасымен кесу;

кейіннен жинақтаумен дискілі машинада табиғи және жасанды былғарының делюжкаларын, қабықшаны кесу.

222. Білуге тиіс:

материалдар мен бұйымдарды кесудің ережелері мен тәсілдерін және олардың ассортиментін, материалдарды кесу кезіндегі ұзындыққа қойылатын шектерді, делюжкалардың берілген еніне дискілі машинаны реттеу ережелерін.

Параграф 3. Материалдар мен бұйымдарды кесуші, 3-разряд


223. Жұмыс сипаттамасы:

қызмет ету станогында қайыс теріні белдіктерге, тері түтікшелерін ұшсыз белдікшелерге немесе муфташаларға белгіленген дәлдіктегі берілген өлшем бойынша кесу;

былғары белдіктерді, оларға ұзына бойы дөңгелек кесікті берумен қатар кесу;

пышақтарды орнату және алмастыру.

224. Білуге тиіс:

материалдар мен бұйымдарды кесу ережелері мен тәсілдерін, қызмет ету станогының құрылысын және оны реттеу ережелерін, жасалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды.

32. Бөлшектер мен бұйымдарды жинаушы
Параграф 1. Бөлшектер мен бұйымдарды жинаушы, 1-разряд
225. Жұмыс сипаттамасы:

желімді, мастикті, балауызды, жылтыратып өңдеу майын жағу әдісімен бөлшектер мен бұйымдарды құрастыру бойынша дайындық жұмыстарын орындау;

желімдеу және желімдеп жабыстыру, тартпа жиектің белгіленген енін, бүгілудің анық сызықтары мен қажетті пішінді қамтамасыз ету.

226. Білуге тиіс:

жағу, бөлшектерді желімдеу және бекіту ережелерін, бөлшектердің, фурнитураның түрін, үлгісін, өлшемі мен мақсатын, желімдеу материалдарының қасиеттерін, жасалатын бөлшектердің сапасына қойылатын талаптарды.

227. Жұмыс үлгілері:

1) ұлтарақ – дайын аяқ киімге салу (желімді жақпай);

2) аяқ киім дайындамасы – дайындаманың үстіңгі бөлігіне қорғаныш қабықшасын жағу;

3) қалыптар – майды, парафинді, талькті жағу;

4) табандар мен өкшелер – жылтыратып өңдеу майын немесе балауызды жағу;

5) ұлтан – кесікке балауызды қолмен жағу.

Желімдеу және желімдеп жабыстыру.

Өкшеастылар.

Желімді жағу.

1) бүгу және бүру үшін дайындама бөлшектері;

2) созу үшін аяқ киім ұшы мен бочоктардың бөлшектері;

3) фликтер;

4) доппель аяқ киімінің ұш бөлігі мен қаптама;

5) простилкалар;

6) дайындамадағы ұшасты;

7) сыздықтар, сыздықтардың ұшы;

8) сыздықты аяқ киімнің ізі;

9) бөлшектерді көмкеру үшін жиектеме.

Жағу және желімдеу.

1) қайыс-ер бұйымдарының бөлшектері;

2) футорға сыналар;

3) аяқ киім бөлшектеріне желімдіккішкене таспалар;

4) астараралықтар, қапталдықтар, құрсаулар, сыздық ұшының аралық шығырастылары, ілгекастылар, бекітпелер, жиектеме, тартпа және дайындаманың басқа бөлшектері;

5) ұлтарақтарға мата;

6) былғары, жасанды былғары мен мата бөлшектеріне поролон, қатырма қағаз, киіз, мақта, қағаз және басқа материалдар.

Желімдеу.

1) әр түрлі үлгідегі қуыршақ аяқ киімі – желіммен немесе шегелермен материалды бекітумен қатар, желім жағумен қағаз және тоқымамен қаптау, мақта немесе поролонды төсеумен желімдеу;

2) қатырма қағаз бөлшектері;

3) ұлтарақтар.

Даяр дайындаманың үстіңгі бөлігіне желімдеу.

1) бүйір жақтар;

2) астарлар.

Параграф 2. Бөлшектер мен бұйымдарды жинаушы, 2-разряд


228. Жұмыс сипаттамасы:

қызмет ету машинасында немесе қолмен жазумен, бөлшектерді ысқылаумен, бетін жазып тегістеумен және берік желімдеуді қамтамасыз етумен қатар желімді жағу әдісімен бөлшектер мен бұйымдарды құрастыру бойынша қарапайым жұмыстарды орындау;

материалдар мен желімді іріктеу;

кептіргішке бөлшектерді салу және оларды түсіру.

229. Білуге тиіс:

жағу және бөлшектерді желімдеу ережелерін, қолданылатын материалдар мен желімнің қасиеттері мен мақсатын, бөлшектер мен бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды, қызмет ету машиналарының құрылысын, оларды пайдалану және реттеу ережелерін.

230. Жұмыс үлгілері:

1) ұлтарақ, сірі, өкше, өкше ляписі, өкше қаптамасы, өкше платформасының (сынаның) қаптамасы – желімді жағу;

2) ұлтан – кесікке ерітілген балауызды жағу;

3) аяқ киімнің ізі – ыстық қарамайды жағу;

4) ұлтарақ пен жартылай ұлтарақтар – дайын аяқ киімге желімдеу.

Желімді жағу және желімдеу.

1) кесінді етіп ұлтаншаға берцылар;

2) былғарылық техникалық бұйымдардың бөлшектері;

3) сірі, аяқ ұшы, етік алдына ұлтарақтар;

4) аяқ киім дайындамасының бүйір жақ бетіне резеңке орамы;

5) тартпа аяқ киімнің ізіне тоқыма простилкалар.

Желімдеу, қаптау.

1) ұлтарақ сыздығының ерні – машинада жиектеумен;

2) қатырма қағаздық жүк бөлшектері – тоқымамен;

3) ұлтарақтар, платформалар (сыналар) – барлық периметр бойынша жиектемемен немесе былғарымен.

Іштен және сырттан желімдеу.

Қатты конструкциялы қайыс-ер бұйымдары.

Желімдеу.

1) бөлшектердің шетін ыстық тәсілмен;

2) әр түрлі материалдардан қайыс-ер бөлшектері мен бұйымдары.

Параграф 3. Бөлшектер мен бұйымдарды жинаушы, 3-разряд
231. Жұмыс сипаттамасы:

желімдеу және желімдеп жабыстыру әдісімен бөлшектерді, бұйымдарды және күрделі сұлбадағы бұйымдар элементтерін: престе немесе қолмен аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің және былғарыдан жасалған техникалық бұйымдардың бөлшектерін құрастыру бойынша орташа күрделіліктегі жұмыстарды орындау;

даяр бұйымдар мен бөлшектерді дестелеп жинау.

232. Білуге тиіс:

бөлшектер мен бұйымдарды желімдеу және желімдеп жабыстыруға қойылатын талаптарды, қолданылатын желімнің рецептурасын, сапасын, қасиеттерін, шоғырландыруды, шығыс нормаларын, қызмет ету пресінің құрылысын, оның қызмет ету және реттеу ережелерін.

233. Жұмыс үлгілері:

Желімді жағу

Тартпа жиектер, ұлтандар (подложкалар), ұлтан кесіктері.

Желімді жағу және желімдеу

1) аяқ киімнің ізіне бекітудің барлық түрлерінің дайындамасы;

2) шеттері бүгілген ұлтаншаға берцылар;

3) былғары ұлтаншасына аяқ киім көлемдік дайындамасының үсті;

4) гарнитуралар, әшекейлер және басқа фигуралы бөлшектер;

5) машинада былғары білікшелі ұлтанға әшекейлік, ысытылған сыздықтар;

6) оны бүрмелеумен былғарыға резеңке;

7) берцыларға жұлықтар

Желімдеу.

1) шеңберлер;

2) тілімшелер;

3) аралық қабаттар;

4) белдіктер;

5) аяқ киімнің сыздықтары;

6) агрегаттар үшін резеңке;

7) есу жеңдері;

8) ажарлауыш төсем.

Жинау.


Амортизаторлар, бастар, қайыстар,тойтармалы қайыстар, тартпа.

Параграф 4. Бөлшектер мен бұйымдарды жинаушы, 4-разряд


234. Жұмыс сипаттамасы:

сызбаларға және технологиялық карталарға сәйкес қолмен немесе престе желімдеу әдісімен былғарыдан жасалған техникалық бұйымдардың аса күрделі бөлшектерін жинау бойынша күрделі жұмыстарды орындау.

235. Білуге тиіс:

жинау әдістерін, былғарыдан жасалған техникалық бұйымдардың бөлшектерін желімдеуге дайындау тәсілдерін, жасалатын техникалық бұйымдардың сызбаларын оқу ережелерін, қолданылатын желімнің қасиеттері мен шоғырлануы және оның шығыс нормасын, қызмет ету жабдығының құрылысын және оны техникалық пайдалану ережелерін.

236. Жұмыс үлгілері:

1) буферлер, гонкалар, қамыттар – жинау, бекіту;

2) муфталар – желімдеу;

3) бөлгіш белдікшелер - өлшемін алу, желімдеу, жинау;

4) есу жеңдері – желімдеу, қайып тігу және тазартумен жинау.

33. Жоғарғы жылдамдықтағы ток құрылғыларында дәнекерлеуші


Параграф 1. Жоғарғы жылдамдықтағы ток құрылғыларында

дәнекерлеуші, 2-разряд


237. Жұмыс сипаттамасы:

Жоғарғы жылдамдықтағы ток (бұдан әрі-ЖЖТ) құрылғыларында полиамидтік былғары алмастырғыштар мен қабықшадан жасалған бөлшектер мен бұйымдарды дәнекерлеу және бедерлеу;

белгіленген штамп – электродтарды орнату, құрылғы жұмысын бақылау, түсіру, түрі және түсі бойынша бөлшектерді іріктеу, дайын бұйымдарды жинап қою.

238. Білуге тиіс:

ЖЖТ құрылғыларында дәнекерлеу тәсілдерін, былғары алмастырғыштар мен пластиктердің түрі және қасиеттерін, бөлшектер мен бұйымдарды дәнекерлеу және бедерлеудің технологиялық режимдерін, ЖЖТ құрылғысын пайдалану ережелерін.

Параграф 2. ЖЖТ құрылғыларында дәнекерлеуші, 3-разряд


239. Жұмыс сипаттамасы:

ЖЖТ құрылғыларында бір мезгілде пішумен қоса бөлшектер мен бұйымдарды жазықтық дәнекерлеу;

бұйымдар мен әшекей элементтерін ерітіп жабыстыру;

бөлшектердегі әрлеу сызықтары мен суреттерін тексеру;

құрылғыларда дәнекерлеу үшін электродтар мен аспаптарды дайындау және орнату.

240. Білуге тиіс:

ЖЖТ құрылғыларында дәнекерлеудің технологиялық режимдерін, материал мен жұмыс түріне байланысты дәнекерлеудің технологиялық режимдерін реттеу әдістерін, дәнекерленетін материалдардың қасиеттерін, ЖЖТ құрылғыларында дәнекерлеуді орындауға қойылатын техникалық талаптарды, ЖЖТ қондырғыларын пайдалану ережелерін.

Параграф 3. ЖЖТ құрылғыларында дәнекерлеуші, 4-разряд


241. Жұмыс сипаттамасы:

ЖЖТ құрылғыларында көлемді пішіндегі бұйымдарды дәнекерлеу;

бұйымдарды көлемді дәнекерлеу үшін арнаулы аспаптарды дайындау және орнату, аспаптарға бұйымдарды салу;

дәнекерлеудің технологиялық режимдерін бақылау және реттеу.

242. Білуге тиіс:

материал мен жұмыс түріне байланысты дәнекерлеудің технологиялық режимін, дәнекерленетін материалдардың қасиеттерін, ЖЖТ құрылғыларындағы дәнекерлеуге және дәнекерленген бұйымдарға қойылатын техникалық талаптарды, қолданылатын жабдықтың пайдалану ережелерін.

34. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы
Параграф 1. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы, 1-разряд
243. Жұмыс сипаттамасы:

ары қарай өндірісте пайдалану үшін және өткізу үшін жеке топтарға түрі, өлшемі, түсі, ұзындығы, жарамдылық дәрежесі бойынша материалдарды, жартылай фабрикаттар мен өндіріс қалдықтарын сорттау.

244. Білуге тиіс:

бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттау ережелерін, оларға қойылатын мемлекеттік стандарттарды.

245. Жұмыс үлгілері:

1) жасанды былғарының кесіндісі - түсі, түрі, жарамдылығы бойынша өндірісте ары қарай пайдалану үшін, былғары галантерея өндірісінде өткізу үшін топтар бойынша сорттау;

2) былғары кесіндісі – түсі, түрі, жарамдылығы бойынша өндірісте ары қарай қолдану үшін, былғары галантереялық және аяқ киім өндірістерінде өткізу үшін топтар бойынша сорттау;

3) былғары алмастырғыштардан кесінді және қысқа - қайыс-ер өндірісінде сорттау;

4) қылшықтың, қылдың және мамық жүнді қыл-қыбырдың қалдықтары – қыл-щетка өндірісінде ашық реңдегі қылшық түйіндерінен қара қылды пинцетпен немесе қолмен пышақпен іріктеу, сорттау;

5) белдіктер – техникалық бұйымдар өндірісінде ұзындығы бойынша сорттау;

6) тор – аяқ киім және былғары галантерея өндірісінде ұсақ кесіндіні ірісінен кесу және бөлу;

7) жіп – қыл-щетка өндірісінде іріктеу және домалақтарға орау.

Параграф 2. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы, 2-разряд
246. Жұмыс сипаттамасы:

мақсаты, түрі, түсі, ені, сорты, өлшемі бойынша тоқыма материалдарын, жасанды былғарыны, былғары кесіндісін, қайыс-ер бұйымдарын, жүнді, қылды сорттау;

стеллаждар немесе түптеріне бұйымдарды, материалдарды жинап қою;

тапсырмаға сәйкес өндірістік партияларды іріктеу;

белгіленген құжаттаманы толтыру.

247. Білуге тиіс:

былғарыны, тоқыма материалдарының, жасанды былғарының, қылдың қасиеттерін және олардың бұйымдардың түрі мен модельдері бойынша мақсатын, өндірістік партияларды іріктеудің ережелерін, белгіленген құжаттаманы толтырудың тәртібін.

248. Жұмыс үлгілері:

1) жылқының және сиырдың қылы – түрі, түсі, ұзындығы бойынша сорттау;

2) былғары кесіндісі – былғарыдан техникалық бұйымдар жасау өндірісінде өлшемі мен мақсаты бойынша сорттау;

3) тоқыма материалдары, жасанды былғары – мақсаты, түрі, түсі, ені, сорты бойынша сорттау;

4) қыл тұтамы – түбірді түбірге қою, қоспалардан тазарту, түйіндерге байлау;

5) былғары, шылбыр (тауарлық), жүріс қайыстары – түрі, өлшемі, қусырып тігу бойынша сорттау;

6) қамытбаулар, құлақбаулар – нөмірлері бойынша сорттау;

7) жүн – үлбір өндірісінде түрлері бойынша сорттау.

Параграф 3. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы, 3-разряд


249. Жұмыс сипаттамасы:

мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға сәйкес түрі, түсі, өлшемі, мақсаты, тығыздығы және басқа көрсеткіштері бойынша жүнді, қылшықты, қылды, үлбір кесіндісін, өсімдік тері илеу–экстрактылы шикізатты, қайыстарды, щеткаларды, бояу жаққыштарды сорттау, сорттылықты, ақауларды, жарамсыздықты есепке алу;

қылшықтардың қатар орналасуын сақтай отырып, буманың флажок бөлігінде түбірімен орналасқан, бумаларға жинап қойылған қылшықтарды, тамырларды, қылшық-айналымдарды қолмен немесе қызмет ету машинасында металл тарақпен тегістеуге дейінгі және одан кейінгі сорттау, түбірлік және флажоктық бөліктерді қылшықтың ұсақ қылдарының бытысуынан қылшық бумасын түбір мен флажокқа көп реттік түйістірумен бірге тазарту;

қылшықты алдын ала, бірінші және екінші сорттау;

қызмет ету машинасында немесе қолмен жылқы қылын ұзындығы бойынша сорттау, қылшық пен қылды ұзындығы бойынша сұрыптау, машина дискісіне салынатын қылшық бумаларының санын есептеу және кейінгі қажетті өлшемге машинаны реттеумен бірге созу кезіндегі бастапқы максималды өлшемді анықтау;

іріктеу, түйістіру, тегістеу және өлшемдері бойынша созылған қылшықты бумаларға байлау, оларды қораптарға жинап қою.

250. Білуге тиіс:

материалдар мен жартылай фабрикаттарды сорттау ережелерін, жүнге, қылшыққа, қылға, үлбір кесіндісіне, қайыстарға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, жүннің, қылшықтың, қылдың, үлбір кесіндісінің, өсімдік негізіндегі тері илеу-экстрактылы шикізатының түрлерін, қасиеттерін, сапасын және іріктеу мен жинап қою ережелерін, дайын бумадағы аударылған қылшықтарды анықтау әдістерін, бумадағы белгіленген өлшемнен қысқа қылшық пен қылдың рұқсат етілетін мөлшерін, қызмет ету машинасының әрекет ету қағидатын және оны реттеу ережелерін.

251. Жұмыс үлгілері:

1) тиіннің, ешкінің қылы және мамық жүн қылының басқа түрлері – бөгде қоспаларды жоюмен, қыл тұтамын түбірімен түбірге жинап қоюмен қоса түрі, түсі, ұзындығы бойынша сорттау, бумаларға байлау;

2) үлбір кесіндісі – түрлері бойынша сорттау;

3) қайыстар – мақсаты, тығыздығы, қалыңдығы, түсі бойынша сорттау;

4) емен, үйеңкі, шырша және басқа шикізат – стандартты емес шикізатты жарамсыздыққа шығарумен және шикізатты қатарлар мен вагонеткаларға тасымалдау үшін тақтап жинаумен қоса сорттау;

5) жүн, қылшық – бөгде қоспаларды жоюмен, қылшықты бүгілген жерімен жалаушаны жалаушаға жинап қоюмен қоса түрі, түсі, өлшемі бойынша сорттау, тамырға түйістіру;

6) щеткалар мен бояу жаққыштар – жеке бекітілмеген және шығыңқы талшықтарды жоюмен қоса мақсаты бойынша сорттау.

Параграф 4. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы, 4-разряд


252. Жұмыс сипаттамасы:

мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес өндірістік мақсат, түрі, сорты, қалыңдығы, тығыздығы, өлшемі және басқа көрсеткіштері бойынша былғары галантерея, қайыс-ер және үлбір өндірістерінде былғарылық материалдарды, былғары жартылай фабрикаттарды, ұсақ және орта түрдегі (мамық жүнді аң терісінен басқа) үлбір терілерін сорттау;

былғары галантерея және қайыс-ер өндірістерінде келіп түсетін былғары материалдарының сортталу сапасын тексеру;

қызмет ету машинасында немесе қолмен ешкі, борсық және жұмсақ қылдың басқа түрлерін ұзындығы бойынша сорттау, қылшықты ұзындығы бойынша сорттау;

бұйымдар, материалдар партияларын өндірістік мақсат және басқа көрсеткіштер бойыншажинақтау;

белгіленген есепке алу құжаттамасын жүргізу.

253. Білуге тиіс:

қасиеттерін, сортталатын шикізатқа, жартылай фабрикаттарға, материалдарға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, бұйымдар, материалдар партияларын өндірістік мақсат және басқа көрсеткіштер бойынша комплектілеу ережелерін, сынамаларды іріктеу әдістерін, белгіленген құжаттаманы жүргізу және рәсімдеу тәртібін, қызмет ету машинасының құрылысын және оны жөндеу ережелерін.

254. Жұмыс үлгілері:

1) былғары материалдар – мақсаты, сорты, қалыңдығы, тығыздығы, түсі және басқа көрсеткіштер бойынша сорттау, былғары галантерея, қайыс-ер және үлбір өндірісінде – сапасын бақылау;

2) мехты қой терісі және ұсақ және орта түрдегі терілер тоны (көртышқанның, су және қамба егеуқұйрықтарының, сарышұнақтың, сони-полчктің, бұзаубастың, қосаяқтың, көртышқанның, шақылдақтың, ақсары тышқанның, үй қоянының, үй мысығының, жылбысынның, лямканың, серкештің, қаратамақ торғайдың, сак-сактың, суырдың, иттің терілері) – түкті жабынның сипаты, тері тінінің қалыңдығы, сорты, өлшемі, сорттылығын анықтаумен қоса ақаулығы бойынша сорттау;

3) белдіктер үшін былғары кесінділер – сорттау, қалыңдығы және сапасы бойынша іріктеу;

4) былғары жартылай фабрикаттар – сапасы, мақсаты және басқа көрсеткіштер бойынша сорттау;

5) қылшық шикізаты, қыл жартылай фабрикаты – сапасы, саны бойынша сорттау, сынамаларды іріктеу.

Параграф 5. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы, 5-разряд
255. Жұмыс сипаттамасы:

мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес сапасы, қалыңдығы ауданы, түсі, өндірістік мақсаты және басқа көрсеткіштер бойынша дайын былғарыны, былғары материалдарын, былғары және үлбір жартылай фабрикатын сорттау;

аяқ киім өндірісінде келіп түсетін былғары материалдарын сорттау дұрыстығын, сапасын және олардың таңбалануын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру.

256. Білуге тиіс:

сортталатын бұйымдарға, жартылай фабрикаттар мен материалдарға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, былғары сорттылығын анықтаудың тәсілдері мен әдістерін, дайын өнімнің кемістіктерін, олардың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін.

257. Кәсіптік орта білім талап етіледі.

258. Жұмыс үлгілері:

1) дайын былғары - сапасы, қалыңдығы, ауданы бойынша сорттау (сорттылығын белгілеу);

2) былғарылық материалдар мен былғарылық жартылай фабрикаттар – мақсаты, тығыздығы, қалыңдығы, түсі және басқа көрсеткіштер бойынша сорттау және іріктеу;

3) жонарқалар, жағалықтар, етектер, бүтін техникалық былғарылар – сорты және мақсатты тағайындалымы бойынша сорттау;

4) мамық жүнді аң терісінің, қаракөл елтірісі түрлерінің және теңіз жануарының терілері (құндыздың, барыстың, борсықтың, тиіннің, қасқырдың, кәмшаттың, су тышқанның, ақ тышқанның, сусардың, кидустың, қарсақтың, жабайы мысықтың, аққұлақтың, қабыланның, түлкінің, қаракүзеннің, су тышқанының, ондатраның, ақ түлкінің, россомаханың, сілеусіннің, сарғыш күзеннің, бұлғынның, жолбарыстың, харзаның, голяктың, клямның, қаракөлшінің, қаракөлдің, муврдың, елтірінің, тиіннің, теңіз камшатының, теңіз мысығының, нерпаның және басқалардың) – сорттылығын анықтаумен қоса түкті жабынның сипаты, тері тканінің қалыңдығы, өлшемі, ақаулары және өндірістік мақсаты бойынша сорттау;

5) ұсақ және орта түрдегі терілер, үлбір және тондық қой терісі – прейскуранттар бойынша сорттау және бағалау.

Параграф 6. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды сорттаушы, 6-разряд
259. Жұмыс сипаттамасы:

иленген және боялған мамық жүнді аң терісін, қаракөл елтірісі түрлерін, теңіз жануарының терісін және терілердің санамаланған түрлерінен мех бұйымдарын және дайын былғарыны сорттау және бағалау, экспорт үшін мамық жүнді және үлбір терілерін даярлау және жинақтау;

мамық жүнді және үлбір жартылай фабрикаты және дайын үлбір пен былғары өнімі бағалануының, сортталуының дұрыстығын тексеру;

былғарыны сорттаудың және жинақтаудың дұрыстығын тексеру;

сорты бойынша дайын бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды есепке алуды жүргізу.

260. Білуге тиіс:

дайын былғарыға, теріге және олардан жасалған бұйымдарға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, мамық жүнді аң терісі мен қаракөл елтірісі түрлерін, теңіз жануары терісін және олардан жасалған үлбір бұйымдарын бағалау әдістерін, дайын үлбір және былғары өнімінің ақауларын, оларды анықтау және жою тәсілдерін, дайын былғарыны, мамық жүнді аң мен қаракөл елтірісі түрлерін, теңіз жануарының терілерін және үлбір бұйымдарын сорттау мен комплектілеудің дұрыстығын тексеру тәсілдерін.

261. Кәсіптік орта білім талап етіледі.

35. Былғары мен аң терісі шикізаттарын сорттаушы
Параграф 1. Былғары мен аң терісі шикізаттарын сорттаушы, 4-разряд
262. Жұмыс сипаттамасы:

былғары және мех шикізатын анағұрлым жоғары біліктілігі бар былғары және аң терісі шикізатын сорттаушының басшылығымен сорттау;

терілердің қалыңдығын өлшеу және анықтау, терілердің дайын бөліктерін анықтау, жартылай пакеттерге терілерді салу және таразыға қою, терілерді таңбалау және оларды транспортерге беру;

мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес түрі, сорты, салмағы, ауданы, мақсаты және басқа көрсеткіштері бойынша былғары шикізатын өндірістік партияларға жинақтау және сорттау;

партиондық биркаларды жасау және рәсімдеу;

былғары шикізатының жинақталған партияларын есепке алуды жүргізу.

263. Білуге тиіс:

былғары және үлбір шикізатын сорттау әдістерін, былғары зауыттарына тапсыру үшін өндірістік партияларды жинақтауға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, былғары және мех шикізатына қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, бақылау әдістерін, былғары және тондық шикізаттың түрлерін, консервілеу тәсілдерін, былғары және тондық шикізаттың кемістіктерін, олардың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін, былғары және аң терісі шикізатына қабылдап-өткізу құжаттамасын рәсімдеу және жүргізу ережелерін.

Параграф 2. Былғары мен аң терісі шикізаттарын сорттаушы, 5-разряд
264. Жұмыс сипаттамасы:

былғары, ұсақ және орта түрдегі аң терісі шикізатын (көртышқанның, су және қамба егеуқұйрықтарының, сарышұнақтың, сони-полчіктің, бұзаубастың, қосаяқтың, көртышқанның, шақылдақтың, ақсары тышқанның, үй қоянының, үй мысығының, жылбысынның, лямканың, серкештің, қатамақтың, сақ-сақтың, суырдың, иттің терілері), мамық жүнді аң терісінен басқа, сапасы (сорты), салмағы, ауданы, жынысы, жотасы, сыныбы, ақауы, жүнділігі және консервілеу тәсілдері бойынша сорттау;

белгіленген мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарда көрсетілген белгілер бойынша сапасын (сорттылығын), мақсатты тағайындалымы бойынша оны жинақтаудың дұрыстығын бағалау арқылы былғары және үлбір шикізатын қабылдау;

былғары және мамық жүнді аң терісі шикізатын өндірістік партияларға жинақтау мен оны өндіріске тапсыру;

былғары және үлбір шикізатын қабылдап-өткізуге қажетті құжаттарды рәсімдеу.

265. Білуге тиіс:

былғары, ұсақ және орта түрдегі мех шикізатын (мамық жүндіден басқа) бағалау және сорттау ережелерін, мақсатты тағайындалым бойынша өндірістік партиялардың сапасын (сорттылығын) бағалауға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, былғары және үлбір шикізатының сапасына қойылатын талаптарды, оның кемістіктерін және өңдеу ақауларын анықтау тәсілдерін, былғары және мехтық шикізатты сақтау және тасымалдау бойынша мал дәрігерлік және санитарлық қадағалаудың негізгі ережелерін.

Параграф 3. Былғары мен аң терісі шикізаттарын сорттаушы, 6-разряд


266. Жұмыс сипаттамасы:

мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес сапасы (сорттылығы), салмағы, ауданы, жынысы, жотасы, сыныбы, ақауы, жүнділігі мен консервілеу тәсілі бойынша аң терісі және тондық қой терісін, мамық жүнді және аң терісінің шикізатты, қаракөл елтірісі түрлерін, теңіз жануарының түрлерін бағалау және сорттау;

мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес былғары шикізатын, тондық аң терісі және қой терісін сорттау мен жинақтау дұрыстығын тексеру;

консервілеу күйі мен жорашылдыққа байланысты былғары және аң терісінің шикізаттың салмағына қойылатын салмақтық шегерім мен үстемені анықтау, оның кемістіктерінің және жарамсыздығының пайда болу себептерін айқындау, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды қайта жасау мүмкіндігін анықтау;

былғары және аң терісі шикізатының сортталған партиясына тауарлық сипаттаманы жасау;

былғары және аң терісі шикізатын өңдеудің технологиялық режимін сақтауды бақылау.

267. Білуге тиіс:

былғары мен мамық жүнді- аң терісі шикізатына, мамық жүнді тері мен қаракөл елтірісі түрлерінің шикізатына, теңіз жануарының терісіне, аң терісі және тондық қой терісіне қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, қолданылатын бақылау және өлшеу құралдары мен жабдықтың құрылысын және оларды пайдалану ережелерін, былғары мен мамық жүнді- аң терісі шикізаттың, теңіз жануары терісінің түрлерін және оларды алғашқы өңдеу технологиясын, былғары және аң терісі шикізатының сапасын бағалау бойынша нормативтік техникалық құжаттаманы, сапаны бақылау әдістерін, былғары мен мамық жүнді-аң терісі шикізатының өндірістік партияларын сақтау ережелерін, шикізаттың және былғары- аң терісі шикізатының өндірістік кемістіктерін және оларды айқындау мен жою тәсілдерін.

268. Кәсіптік орта білім талап етіледі.

36. Аппретураларды, эмульсиялар мен лактарды жасаушы


Параграф 1. Аппретураларды, эмульсиялар мен лактарды

жасаушы, 3-разряд


269. Жұмыс сипаттамасы:

белгіленген рецептура бойынша желімді, бояуларды, лактарды, аппретураларды, эмульсияларды жасау (дайындау) және балауызды даярлау;

мөлшерлеу, ұнтақтау, араластырғыштарға салу, бастапқы материалдарды араластыру, алынған қоспаны езіп пісіру;

бұйымға бояуды сынама жағуды орындау және бояу түсін эталондарға дейін жеткізу;

алынған қоспаның әзірлігін анықтау.

270. Білуге тиіс:

желімнің, бояулардың, лактардың, аппретуралардың, эмульсиялардың, балауыздың рецептурасын, оларды жасау үшін қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттерін, жеке құрамдас бөліктері мен дайын ерітінділердің, желімнің, бояулардың, лактардың, аппретуралардың жарамдылығының сыртқы белгілерін, қолданылатын жабдық пен бақылау және өлшеу құралдарының құрылысын және оларды пайдалану ережелерін.

37. Химиялық ерітінділерді жасаушы


Параграф 1. Химиялық ерітінділерді жасаушы, 3-разряд
271. Жұмыс сипаттамасы:

рецептураға сәйкес ас тұзының, әк сүтінің, қоспалардың, эмульсиялардың күрделі емес химиялық ерітінділерін жасау;

қоймадан химикаттарды алу;

бастапқы материалдарды мөлшерлеу, еріту және араластыру, өткізілетін талдаулардың және ерітінділердің, қоспалар мен эмульсиялардың физикалық және химиялық параметрлерін есептеу негізінде түзету және оларды тұндырғыштарға, жиғыштар мен аппараттарға айдап жіберу.

272. Білуге тиіс:

ерітінділерді жасаудың рецептурасын, қолданылатын бастапқы материалдардың қасиеттерін, қызмет ету аппараттарына бастапқы материалдарды салу тәртібін, қолданылатын жабдық пен бақылау және өлшеу құралдарының әрекет ету қағидатын және оларды пайдалану ережелерін.

Параграф 2. Химиялық ерітінділерді жасаушы, 4-разряд
273. Жұмыс сипаттамасы:

рецептураға сәйкес күлді, күлсіздендіру және жұмсарту сұйықтықтарының, лаксыздандыратын қоспалардың, пикельдік, бейтараптық және бояу ерітінділерінің, тері илейтін сөлдердің, май қоспалары мен эмульсияларының, полиуретандық қоспалардың, люстралық, формалиндік, импрегнирдік, майсыздандыру және басқа ұқсас ерітінділердің, қоспалардың, эмульсиялардың күрделі химиялық ерітінділерін жасау;

қызмет ету аппараттарының механизмдері мен химиялық ерітінділерді жасаудың, араластырғыштар реакторларының технологиялық режимін реттеу;

өндірістік құжаттаманы жүргізу.

274. Білуге тиіс:

күрделі химиялық ерітінділерді әзірлеудің рецептурасын, тәртібін және технологиялық режимін, ерітінділердің, қоспалардың, эмульсиялардың физикалық және химиялық параметрлерін түзету әдістерін, химиялық станцияларда ерітінділерді әзірлеу және оларды тұтыну орындарына механикаландырылған түрдегі беру тәртібін, қолданылатын жабдықты пайдалану және реттеу ережелерін.

38. Былғары және үлбір шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сүргілеуші
Параграф 1. Былғары және үлбір шикізаты мен

жартылай фабрикаттарды сүргілеуші, 4-разряд


275. Жұмыс сипаттамасы:

дайын өнімге қойылған мемлекеттік стандарттар немесе техникалық шарттармен бекітілген белгілі бір қалыңдыққа дейін барлық аудан бойынша оларды тегістеу және тері асты қабатына кертпей және жұлып алмай түзу, тегіс бетті беру мақсатында шошқа терісінен майды сүргілеу машиналарында, дискілі пышақтарда немесе қолмен былғарыдан жасалған аяқ киім, былғары галантереялық, қайыс-ер және техникалық бұйымдардың бөлшектерін сүргілеу бойынша қарапайым және орташа күрделіліктегі жұмыстарды орындау;

сүргілеудің қажетті қалыңдығына сүргілеу машиналарын реттеу, сүргілеуден соң қалыңдық өлшегіштің көмегімен былғарының қалыңдығын өлшеу;

пышақтарды мерзімдік қайрау.

276. Білуге тиіс:

былғары және мех шикізат пен жартылай фабрикаттарды сүргілеу ережелерін, шошқа терісі топографиясының ерекшеліктерін, дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, тері тінінінің қасиеттерін, сүргілеу машиналарының құрылысын, оларды реттеу және пышақтарды қайрау ережелерін.

Параграф 2. Былғары және үлбір шикізаты мен

жартылай фабрикаттарды сүргілеуші, 5-разряд


277. Жұмыс сипаттамасы:

дайын өнімге қойылған мемлекеттік стандарттар немесе техникалық шарттармен бекітілген белгілі бір қалыңдыққа дейін барлық аудан бойынша оларды тегістеу және тері асты қабатына кертпей және жұлып алмай түзу, тегіс бетті беру мақсатында дискілі пышақтарда, сүргілеу машиналарында аң терілерінің тері тінін (қымбат бағалылардан басқа), жонарқаны, шикізатқа жағалықты, етектің жағалықтырын, иленген түрдегі кесіндіні, дайын өнімді сүргілеу бойынша күрделі жұмыстарды орындау;

қайрау пышақтарын орнату;

сүргілеу машиналарын жөндеуге қатысу.

278. Білуге тиіс:

сүргілеудің ұтымды тәсілдерін және былғары және мех шикізаты мен жартылай фабрикаттардың әр түрлі түрлерінің топографиясының ерекшеліктерін, дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, былғары және үлбір шикізаты түкті жабынының қасиеттерін, сүргілеу машиналарының әрекет ету қағидатын, оны пайдалану және жөндеу, қайрақ тастарын орнату ережелерін.

Параграф 3. Былғары және үлбір шикізаты мен

жартылай фабрикаттарды сүргілеуші, 6-разряд


279. Жұмыс сипаттамасы:

үлбір терілерінің (бұлғынның, сусардың, қаракүзеннің, құндыздың, түлкінің, қаракөлдің, ақ түлкінің, теңіз мысығының, кәмшаттың) қымбат бағалы түрлерінің былғары шикізаты мен жартылай фабрикаттарды, иленген түрдегі бүтін терінің, жонарқаның, жағалықтың барлық түрлерін сүргілеу машиналарында сүргілеу бойынша аса күрделі жұмыстарды орындау;

сүргілеудің қажетті қалыңдығына машиналарды реттеу, оларды жөндеу.

280. Білуге тиіс:

былғары шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сүргілеудің ұтымды тәсілдерін, дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, былғары және үлбір шикізатының, жартылай фабрикаттардың қалыңдығының белгіленген шамаларын, сүргілеу машиналарын күйге келтіру және жөндеу ережелерін.

39. Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды кептіруші


Параграф 1. Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды

кептіруші, 1-разряд


281. Жұмыс сипаттамасы:

механикалық кептіру құрылғыларында қылшықты, қылды, олардың қалдықтарын, ширатылуды, жуылған жүнді, дайын аяқ киімді, былғары галантереялық, қайыс-ер, техникалық және қыл-щетка бұйымдарын, бұйымдар бөлшектерін, жартылай фабрикаттар мен мех бас киімдерін кептіру процесін жүргізу;

кептіру камераларына тиеу және одан түсіру.

282. Білуге тиіс:

механикалық кептіру құрылғыларында шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды кептіру ережелерін, кептіруден соң жартылай фабрикаттар мен бұйымдардың әзірлігін анықтау әдістерін.

Параграф 2. Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды

кептіруші, 2-разряд
283. Жұмыс сипаттамасы:

камералық кептіргіштерде қылшықты, қылды, олардың қалдықтарын, ширатылуды, жуылған жүнді, дайын аяқ киімді, былғары галантереялық, қайыс-ер, техникалық және қыл-щетка бұйымдарын, бұйымдар бөлшектерін, жартылай фабрикаттар мен мех бас киімдерін кептіру процесін жүргізу;

технологиялық талаптарға сәйкес бақылау және өлшеу құралдарының көрсетуі бойынша бу мен ауаны жіберуді, температура мен ауаның салыстырмалы ылғалдығын реттеу;

моторлардың, вентиляторлардың, калориферлердің, бу құбырының жұмысын және жартылай фабрикаттар мен бұйымдардың механикалық берілуін бақылау.

284. Білуге тиіс:

камералық кептіргіштерде шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды кептірудің технологиялық режимін, қылшықтың, қылдың, жүннің, былғары материалдарының, дайын бұйымдардың қасиеттерін, камералық кептіргіштердің құрылысын және олардың жұмысын реттеу ережелерін, қолданылатын бақылау және өлшеу құралдарының мақсатын және оларды пайдалану ережелерін.

Параграф 3. Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды

кептіруші, 3-разряд


285. Жұмыс сипаттамасы:

радиациялық кептіргіштерде қылшықты, қылды, олардың қалдықтарын, ширатылуды, жуылған жүнді, дайын аяқ киімді, былғары галантереялық, қайыс-ер, техникалық және қыл-щетка бұйымдарын, бұйымдар бөлшектері мен мех бас киімдерін,былғары және үлбір терілерін кептіру процесін жүргізу;

кептіруден соң былғары және үлбір терілерін, қылшықты, қылды, жүнді және жартылай фабрикаттарды тіркемелерге жинап қою.

286. Білуге тиіс:

шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды кептіру тәсілдерін, радиациялық кептіргіштердің, коммуникациялардың, қолданылатын бақылау және өлшеу құралдарының құрылысын, былғарының, үлбір терілерінің, қылшықтың, қылдың, жүннің қасиеттерін, кептірудің технологиялық режимін және радиациялық кептіргіштердің жұмысын реттеу ережелерін.

Параграф 4. Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды

кептіруші, 5-разряд
287. Жұмыс сипаттамасы:

Былғарыны кептіруші ағындық жартылай автоматтық қондырғыда кептіру процесін жүргізу;

сығу жабдығының, ажыратқыш машинаның, кептіру қондырғысының, пневматикалық қайшылардың, бақылау және өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының жұмысын бақылау;

дистанциялық жүйенің көмегімен кептіру рамаларының қозғалыс жылдамдығын, кептіргіштегі ауаны, теріні кептіру уақытын, кептіру бөліктері бойынша температуралық және ылғалдылық режимін реттеу;

рамаларға желімді беруді, желімді сүзуді, кептіру рамаларын жууды күйге келтіру;

қызмет ету жабдығын жөндеу және оның жұмысындағы бұзылуларды жою;

өңделген тері санын есепке алу.

288. Білуге тиіс:

кептіру жартылай автоматты қондырғының жабдығын, басқару тетігінің, қолданылатын бақылау және өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының құрылысын, әрекет ету қағидатын, оларды күйге келтіру, жөндеу және реттеу ережелерін, тері тінінінің түрлері мен құрылымын, жартылай фабрикаттарды сығу, ажырату, кептіру, кесу процестерінің технологиялық сызбасын, желімнің шығыс нормаларын және оның сапасын, тері ылғалдығын анықтау әдістерін, қолданылатын жабдықтың бұзылуларының пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін.

40. Бұйымдарды түсіруші


Параграф 1. Бұйымдарды түсіруші, 2-разряд
289. Жұмыс сипаттамасы:

кептіруден соң сөмке ботанының талшығын металл қалыптардан түсіру; кептіруден соң ағаш қалыптардан ер отырғышын түсіру.

290. Білуге тиіс:

қалыптардан бұйымдарды түсіру ережелерін, талшықтарды түсіру тәсілдерін, кептіруден соң бұйымдардың дайындығын анықтау әдістерін, ат әбзелдерін жасаудың және оны атқа қиюластыру әдістерін, бұйым сапасына қойылатын талаптарды.

Параграф 2. Бұйымдарды түсіруші, 3-разряд
291. Жұмыс сипаттамасы:

қайрақтан иіру жеңдерін түсіру, шегелерді кетіру және бүлдірмей қайрақтан жеңнің жабысқан бөлігін бөліп тастау;

түсірілген бұйымдарды дестелеп жинау.

292. Білуге тиіс:

қайрақтан иіру жеңдерін түсіру ережелерін, бұйымдар сапасына қойылатын талаптарды, бұйымдарды жинап қою тәсілдерін.

41. Теріні тартушы


Параграф 1. Теріні тартушы, 3-разряд
293. Жұмыс сипаттамасы:

талшықтарды механикалық бөлу және теріге қажетті жұмсақтықты, иілімділікті беру үшін созу және кергіш-жұмсартқыш машинасында немесе қолмен күдеріні, лайканы, қолғап былғарысын, кесіндіні, қайыс теріні созу және жұмсарту;

терінің түрі және дайындығына байланысты білікшелер мен топтамаларды орнату және реттеу, оларды тасымалдау.

294. Білуге тиіс:

күдеріні, лайканы, қолғап терілерін, кесіндіні, қайыс терілерін созу және жұмсарту тәсілдерін, тері топографиясын, терінің жеке бөліктерінің физикалық және химиялық қасиеттерін және оларды қажетті өңдеу дәрежесін, кергіш және жұмсарту машинасының тарту табандары бастарын реттеу тәсілдерін.

Параграф 2. Теріні тартушы, 4-разряд


295. Жұмыс сипаттамасы:

талшықтарды механикалық бөлу, теріге қажетті жұмсақтық беру және оның ауданын ұлғайту мақсатында жұмсарту және өтетін және өтпейтін үлгідегі керу-жұмсарту машинасында терілерді (күдері, лайка, қолғап терісі, кесінді, қайыс теріден басқа) созу;

өтілмейтін машинада тарту табандарының бастары мен топтамалардың арасындағы саңылауды реттеу;

алдыңғы және артқы плиталардың кіру тереңдігін, тасымалдаушы төсемдердің параллельдігі мен керіліс дәрежесін, өтетін машиналарда транспортерлер қозғалысының жылдамдығын реттеу;

теріні созу дұрыстығын және қызмет ету машинасы механизмдерінің жұмысын бақылау;

таяныштарға, тіркемелерге немесе түптеріне жартылай фабрикаттарды төсеу;

транспортерді ұсақ жөндеу.

296. Білуге тиіс:

теріні созу тәсілдерін, созуға дейін және одан кейін оған қойылатын талаптарды, терінің өндірістік кемістіктерін және оларды жою тәсілдерін, жұмсарту мен өтетін және өтпейтін үлгідегі кергіш және жұмсартқыш машиналардың құрылысын, қызмет ету машиналары мен транспортерді реттеу және пайдалану ережелерін.

42. Былғарылық, аң терісі бөлшектері мен бұйымдарды ылғалдаушы


Параграф 1. Былғары, аң терісі бөлшектері мен

бұйымдарды ылғалдаушы, 1-разряд


297. Жұмыс сипаттамасы:

сумен ылғалдау қондырғыларында немесе тампонның, губканың, щетканың, жаққыштың көмегімен қолмен аң терісі бөлшектерін, түсімін, кесіндіні, аяқ киімнің бөлшектерін, былғары галантерея, қайыс-ер және теріден жасалған техникалық бұйымдарды, аяқ киімнің дайындамасы мен тігістерін ылғалдау және күнге қақтау;

ылғалдаудан соң терілерді есептеу.

298. Білуге тиіс:

тері бөлшектерін, түсімін, кесіндіні, аяқ киімнің бөлшектерін, былғары галантерея, қайыс-ер және теріден жасалған техникалық бұйымдарды ылғалдау және күнге қақтау тәсілдерін, ылғалдау операциясын орындау кезінде былғары, үлбір бөлшектері мен бұйымдарының ақауларын жою тәсілдерін.

Параграф 2. Былғарылық, аң терісі бөлшектері мен бұйымдарды

ылғалдаушы, 2-разряд
299. Жұмыс сипаттамасы:

күнге қақтаумен қоса гидропульттің, бүріккіштің, тампонның, губканың, щетканың көмегімен сумен терілерді ылғалдау, тері тініне бояу, эмульсия ерітінділерін бүріккішпен және щеткамен жағу жолымен үлбір терілері мен бұйымдарын ылғалдау;

ерітінділер мен эмульсияларды әзірлеу;

ылғалдың біркелкі бөлініп таралуы үшін былғары мен үлбір терілерін дестелеп жинау.

300. Білуге тиіс:

ылғалдау, күнге қақтау және ерітінділер мен эмульсияларды жасау ережелерін, ылғалдың біркелкі бөлініп таралуы үшін былғары мен үлбір терілерін дестелеп жинау тәсілдерін.

Параграф 3. Былғары, аң терісі бөлшектері мен бұйымдарды

ылғалдаушы, 3-разряд


301. Жұмыс сипаттамасы:

былғары мен үлбір жартылай фабрикаттарын ылғалдау камераларында, ванналарда, дымқыл ағаш үгінділерінде, оларды салумен және жинап қоюмен қоса ылғалдау, ылғалданған былғары және үлбір шикізаттарын алу мен түсіру, арнаулы ылғандандыру камерасында бу және ауа қоспасымен аяқ киімнің дайындамасы мен бөлшектерін ылғалдау;

ылғалдау камераларына бу, су мен ауаның келуін бақылау және өлшеу құралдары бойынша реттеу;

ванналарда ылғалдайтын ерітінділерді әзірлеу.

302. Білуге тиіс:

былғары және үлбір жартылай фабрикаттарын ылғалдаудың технологиялық режимін, ылғалдаудан соң жартылай фабрикаттарға қойылатын талаптарды, ылғалдайтын ерітінділерді әзірлеу рецептурасын, бақылау және өлшеу құралдары бойынша ылғалдау камераларын реттеу мен қызмет көрсету ережелерін.

Параграф 4. Былғары, аң терісі бөлшектері мен бұйымдарды

ылғалдаушы, 4-разряд


303. Жұмыс сипаттамасы:

былғары және үлбір жартылай фабрикаттарын өтетін үлгідегі ылғалдау машиналарында және басқару тетігімен жарақтандырылған ылғалдау камераларында ылғалдау;

ылғалдаудың технологиялық режимін транспортердің қозғалыс жылдамдығын, берілетін судың мөлшері мен температурасын, желімді жуу үшін былғары жартылай фабрикаттарына алдыңғы және артқы щеткаларын қысу мен саңылау шамасын, бу, су, ауаның келіп түсуін реттеу жолымен орнату;

ылғалдау камерасының басқару тетігі бойынша қызмет көрсету;

ылғалданған жартылай фабрикаттарды органолептикалық бақылау;

былғарыны су өткізбейтін материалдармен жабу.

304. Білуге тиіс:

өтетін үлгідегі ылғалдау машиналары мен ылғалдау камераларында былғары және үлбір жартылай фабрикаттарын ылғалдау технологиясын, ылғалдауға дейін және одан кейін былғары және үлбір жартылай фабрикаттарының сапасына қойылатын талаптарды, өтетін үлгідегі ылғалдау машиналарының және ылғалдау камералараның құрылысын және оларды пайдалану ережелерін, ылғалданған былғары және үлбір жартылай фабрикаттарын органолептикалық бақылау әдістерін.

43. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы
Параграф 1. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы, 1-разряд
305. Жұмыс сипаттамасы:

тегістеу, жазу, бұйымның бұрыштары мен тігістерін шырғалау, өң бетін немесе терісін айналдыру жолымен қызмет ету машинасында, электрмен қыздырылатын тегістеуіштернемесе арнаулы аспаптардың көмегімен қолмен бөлшектер мен бұйымдарды қалыптау;

бөлшектерге, бұйымдарға, қажетті пішінді беру;

тегістеуіштерді қыздыру температурасын реттеу.

306. Білуге тиіс:

бөлшектер мен бұйымдарды қалыптау ережелерін, қалыптанатын бөлшектер, бұйымдар жасалған материалдардың қасиеттерін, бөлшектердің, бұйымдардың түрін, үлгісін және өлшемдерін, аяқ киімнің дайындамасында сірінің орналасуын, қызмет ету жабдығын пайдалану және тегістеуіштердің қызу температурасын реттеу ережелерін.

307. Жұмыс үлгілері:

1) сыздықты ұлтарақтың ерні, ұлтарақтың ерніне бекітілген сыздық – машинада шырғалау, тегістеу – түзету;

2) аяқ киім дайындамасы өкше бөлігінің қыры – балғамен қолмен қағу, өкшені отырғызу ақауларын жою;

3) жұмсақ материалдардан жасалған бөлшектер мен бұйымдар – бұрап шығару және қолмен қалыптау;

4) аяқ киімнің төменгі бөлігінің тері бөлшектері (табан, ұлтарақ, сына) – балғамен қағу;

5) ортопедиялық аяқ киімнің қатты бөлшектері – престерде қалыптау;

6) аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің дайындамасы – сіріні желімдеуге дейін және одан кейін өкше бөлігін машинада жазу;

7) спорт доптарының камералары мен қабы – жұмсарту, олардан ауаны қысып шығару;

8) қолғаптар – қолғаптың бармақтарын пресс астына қою;

9) сандал аяқ киімінің сыздықтары – сыздықтардың ұшын біреуін екіншісіне (шырғалаумен қоса) және дайындаманың тартпа жиегіне (табанды қайып тіккеннен соң) қысу;

10) қолғаптар – правилдерде қалыптау, пресс астына қою.

Параграф 2. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы, 2-разряд


308. Жұмыс сипаттамасы:

қызмет ету машинасында матрицалардың көмегімен, престерде қыздырумен және қыздырусыз, сондай-ақ қолмен рамкаларда, қалыптарда бөлшектер мен бұйымдарды қалыптау;

бөлшектерге парафинді немесе машина майын жағу;

бөлшектерге қажетті пішінді беру;

қалыптанған бөлшектердің тұрақтылығын және қалыптанған бөлшектің кескінін қалыптың кескініне дәл сәйкестігін қамтамасыз ету;

бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимін сақтау;

бөлшектер мен бұйымдарда әжімдер мен қыртыстардың пайда болуының алдын алу;

бөлшектер мен бұйымдарды белгіленген ылғалдылыққа дейін кептіру.

309. Білуге тиіс:

бөлшектер мен бұйымдарды қалыптауды орындаудың технологиясын, дайын бұйымдарға қойылатын техникалық шарттарды, бөлшектер мен бұйымдар жасалған материалдардың қасиеттерін, бөлшектердің түрін, үлгісі мен өлшемдерін, оларға сәйкес келетін матрицаларды, қалыптарды, рамкаларды, бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимін, қолданылатын жабдық пен жарақты пайдалану және реттеу ережелерін.

310. Жұмыс үлгілері:

1) бөлшектер (қалталар, клапандар, сыналар, тұтқалар, жақтар, бұрыштар, әшекейлік бүрмелер) және былғары галантерея бұйымдары – электрмен қыздырылмайтын машиналарда немесе қолмен қалыптау және бұрап шығару;

2) аяқ киімнің бөлшектері (бөлшектер мен дайындамалардағы сірі мен ұшастылар) – машинада қалыптау;

3) қатты материалдардан жасалған бөлшектер мен бұйымдар – машинада немесе қолмен терісін немесе өң бетін айналдыру;

4) жұмсақ материалдардан жасалған бөлшектер - машинада теріс немесе оң бетін айналдыру;

5) аяқ киімнің төменгі бөлігінің бөлшектері – машинада матрицалардың көмегімен немесе қолмен қалыптау;

6) аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің дайындамасы – айналдырумен және астар жағына оны бүгумен қоса көмкермені шырғалау, дайындаманың бүйір жақ қырларын және тартпа жиегін балғамен қағу;

7) доппель және сандал әдістерімен бекітілген аяқ киім – созу және оны табанға тығыз қысумен бірге дайындаманың тартпа жиегін пластиналармен сығу;

8) былғары үстіңгі бөлігі бар аяқ киім – ыстық ауамен қалыптау;

9) айналма аяқ киім – қалыптарда қалыптау;

10) былғары қолғаптар – машинада немесе қолмен теріс немесе өң бетін айналдыру;

11) тартылған аяқ киімнің ізі – машинада өкше және ұш бөліктерін қалыптау, тартпа тексті бір мезгілде бүгумен қатар аяқ киім ізінің қырларын түйіндерде және переймаларда қағу;

12) сыздықты ұлтарақтар – машинада аяқ киімнің сыздығы бойынша жасанды ерін мен тігістерді қалыптау.

Параграф 3. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы, 3-разряд


311. Жұмыс сипаттамасы:

ыстық матрицалардың көмегімен престерде, ыстықте тегістеуіштерде, гидравликалық престерде металл шаблондардың, қысу қалыптарының көмегімен машинада немесе қолмен бөлшектер мен бұйымдарды қалыптау;

бөлшектерге, олар жасалған материал мен тігістерді бүлдірмей, қажетті пішінді беру;

бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимін сақтау және оны реттеу;

материалды қисайтпай және күйдірмей, қалыптанған бөлшектердің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

қолданылатын жабдықты дайындау: бөлшектердің фасоны мен өлшемдеріне сәйкес қалыптарды, металл шаблондарды, тегістеуіштерді іріктеу;

пресс– қалыптарға бөлшектерді, бұйымдарды салу және қалыптау аяқталған соң түсіру;

пресс–қалыптарды бөлшектеу.

312. Білуге тиіс:

бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимі мен әдістерін, қалыптанатын бөлшектер мен бұйымдардың түрлерін, конструкциясын, өлшемдерін және оларға сәйкес келетін матрицаларды, шаблондарды, тегістеуіштерді бөлшектер мен бұйымдар жасалған материалдардың қасиеттерін, қолданылатын жабдықты пайдалану ережелерін.

313. Жұмыс үлгілері:

1) етіктің қоныштары – тігістерді бүлдірмей және оларды шырғалаумен ыстық тегістеуіштерде тегістеп жазумен қоса машинада немесе арнаулы аспаптардың көмегімен қолмен айналдыру;

2) былғары галантерея бұйымдарының бөлшектері (шабадандардың корпустары, жапқыштары, қатырма қағаз дайындамалары) – престерде немесе металл қалыптарда қолмен немесе рамкаларда қалыптау;

3) қайыс-ер бұйымдарының бөлшектері – ыстық тәсілмен матрицалардың көмегімен престе немесе қолмен қалыптау;

4) үй және гимнастикалық туфлилердің дайындамасы – машинада немесе арнаулы аспаптардың көмегімен қолмен айналдыру және қалыптау;

5) модельдік аяқ киімнің дайындамасы – машинада өкше бөлігін қалыптау;

6) былғары және былғары қатырма қағаз сірілер – металл шаблондар мен қысу қалыптарының көмегімен қалыптау;

7) құрастырылған былғары өкшелер – металл шаблондар мен қысу қалыптарының көмегімен қалыптау;

8) аяқ киім - өкшені орнату және өкше бөлігіндегі тартпа жиектің қырына анықтық беру үшін өкше бөлікті алдын ала қалыптау;

9) қолғаптар – электрмен қыздырылатын тегістеуіштерде оларға алдын ала парафин немесе машина майын жағумен қоса қалыптау;

10) былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар (тілімшелер, белдіктер, мақта тазалау машиналарының білікшелері үшін дискілер және басқалар) – гидравликалық престерде және қолмен белгілі бір температурада бұйымдар дайындамаларына әр түрлі заттарды сіңіру және іріктеумен қоса қалыптау.

Параграф 4. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы, 4-разряд


314. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық режимге сәйкес престер мен қалыптарда бөлшектерді, бұйымдарды қалыптау;

престі әзірлеу, қалыптарды іріктеу, будың қысымы мен плиталардың температурасын бақылау;

қалыптарды бөлшектеу;

аяқ киім жұлқысының үстіңгі бөлігін, термостатта оны қыздырумен бірге, алдын ала қалыптау;

сәйкес келетін үлгі мен өлшемдегі қалыптарға аяқ киім дайындамасын кигізу;

қисайтпай және тігістерді бүлдірмей, қалыпта дайындаманың қажетті орналасуын, дайындама материалын қажетті созуды қамтамасыз ету, дайындамаға аяқ киім қалыбының үлгісін беру, тексті қағу.

315. Білуге тиіс:

бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимін, оны реттеу тәсілдерін, дайындамалар мен бұйымдардың, қалыптардың түрін, үлгісін, конструкциясын және өлшемдерін, бөлшектер мен бұйымдар жасалған материалдардың қасиеттерін, бөлшектер мен бұйымдарды қалыптауға қойылатын талаптарды, қолданылатын жарақтың түрлері мен мақсатын, қолданылатын жабдықты техникалық пайдалану ережелерін.

316. Жұмыс үлгілері:

1) аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің термоиілімді сірісімен, қойылған ұшасты және сірімен бірге дайындамасы – қалыптау;

2) тартпа және тігу-желімдеп бекіту әдістерінсіз аяқ киім дайындамасы – қалыпта қалыптау;

3) былғары және былғары қатырма қағаз сірілері – жартылай автоматта және автоматта қалыптау;

4) тартпа жиек және аяқ киімнің бүйір жақ қыры-«Анклепф» машинасында қағу;

5) юфть аяқ киімі – машинада аяқ ұшы мен өкшені қалыптау;

6) былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар (сыналар, бастырмалар, жағалар, манжеттер, қамыттар) – гидравликалық престерде немесе қолмен суда белгілі бір температурада бұйымдар дайындамаларына әр түрлі заттарды сіңіру және іріктеумен қоса қалыптау;

7) тубустар және футлярлардың басқа бөлшектері – престерде қалыптау.

Параграф 5. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы, 5-разряд


317. Жұмыс сипаттамасы:

аяқ киім дайындамасын және былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар бөлшектерін престерде немесе қалыптарда қалыптау;

олардың пуансонға тығыз жатуын қамтамасыз етумен бірге дайындаманың тартпа әдібі мен сіріні сақтаумен қоса аяқ киімнің дайындамасын пуансонға орнату, оларды пуансонға қатысты ортаға дәлдеу;

қалыпты престеу және гелендік бөлікті қалыптау;

бір мезгілде шершеваттаумен қоса аяқ киімнің ұшы мен өкше бөліктерін, ПЛКО желісінде жасалатын аяқ киімнің өкше бөлігін (ПЛКО - аяқ киімге арналған қалып), ортопедиялық аяқ киім бөлшектерін қалыпта қалыптау, бөлшектерді тарту және оларды қалыпқа бекіту, бөлшектерге қажетті пішінді беру үшін қалыпта ұстау;

қалыптанған бөлшектердің тұрақтылығын қамтамасыз ету; Белгілі бір температурада былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар дайындамаларына әр түрлі заттарды сіңіру және іріктеу; Қалыптарды іріктеу, оларды преске орнату;

будың қысымын және плиталардың температурасын бақылау;

пресс– формаға бұйымдарды салу және қалыптау аяқталған соң оларды түсіру;

пресс-қалыптарды бөлшектеу.

318. Білуге тиіс:

бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимін, қалыптанатын бөлшектер мен бұйымдардың түрін, өлшемін, конструкциясын, олар жасалған материалдардың қасиеттерін, қолданылатын жабдықтың құрылысын және оны пайдалану ережелерін.

319. Жұмыс үлгілері:

1) былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар (сыналар, бастырмалар, манжеттер, жағалар, тілімшелер, қайыстар, қамыттар, мақта тазалау машиналары білікшелерінің дискілері) – престер-жартылай автоматтарда, ыстық және суық штамптарда, майды қолданумен қолмен қалыптау;

2) қалыптанған түйіндер мен бөлшектерден жасалған аяқ киім – сірілер мен аяқ ұштылар қойылған дайындаманың өкше және ұш бөліктерін қалыптау.

44. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды тазалаушы
Параграф 1. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен

материалдарды тазалаушы, 1-разряд


320. Жұмыс сипаттамасы:

былғарыны шаңнан щеткамен, тампонмен немесе матамен қолмен тазалау, аяқ киімнің төменгі бөлігінің бөлшектерін, дайындама мен дайын аяқ киімді, қалыптарды шаңнан, ластан, желім қалдықтарынан жуу құралдарын қолданумен не оларсыз қызмет ету машинасында немесе щеткамен не болмаса шұғамен қолмен тазалау, дайын үлбір терілері мен бұйымдарын тарамай және қырықпай щеткалы немесе пневматикалық машинада, оның бүтіндігін сақтаумен қоса түкті жабынға тазалықты, шашыраңқылықты беру үшін шаң мен ағаш үгінділерін қағу жолымен үлбір терілері мен бұйымдарын қолмен тазалау;

қызмет ету машинасында немесе инструменттің көмегімен қолмен ұлтарақтан және тартылған аяқ киімнің тартпа жиегінен шегені, қапсырма шегені, тарақшаларды, тексті жою, етік пен жартылай етіктің сірісінен тексті, саптама шегелердің қырларын түзулеу.

321. Білуге тиіс:

былғарыны тазалау бойынша жұмыстарды орындау ережелерін, шегелерді, қапсырма шегелерді, тарақшаларды, тексті жою тәсілдерін, қолмен үлбір терілерін шаңнан қағу тәсілдерін, қолданылатын жабдықты пайдалану ережелерін.

Параграф 2. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен

материалдарды тазалаушы, 2-разряд
322. Жұмыс сипаттамасы:

қызмет ету машинасында немесе қолмен терілерді күдерінің түктерін көтерумен және шаң мен ағаш үгінділерін жоюмен, дайын үлбір терілерін ұрғылау, пневматикалық немесе щеткалық машиналарда терілерді машинаға жайылған түрінде берумен қоса тазалау және әр түрлі бағытта көпреттік жылжыту мен оларды өңдеу, шегелердің, винттердің, қапсырма шегелердің, шпилькалардың қайырылмаған ұштарын бүгу, кесу немесе жою жолымен ұлтарақтардың, табандардың, шолақ ұлтаншалардың, өкшелердің беттерін өңдеу;

етіктер мен юфттің ішін шегелермен қағу;

машинада тері тіні жағынан мехтық қағу, тегіс емес қылды қырқумен, түтумен және бұйымдардың түкті жабынын қолмен щеткамен тегістеп жазумен қоса мех және тондық қой терісі бұйымдарының түкті жабынын тазалау және тарау.

323. Білуге тиіс:

бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды тазалау бойынша жұмыстарды орындау ережелерін, өңдеуге дейін және одан кейін жартылай фабрикаттар мен бұйымдарға қойылатын техникалық талаптарды, мех және тондық қой терісі бұйымдарының тері тіні мен түкті жабынның құрылымын, мех және тондық қой терісі бұйымдарының түкті жабынын тарау тәсілдерін, қызмет ету машиналарының құрылысын, оларды пайдалану ережелерін.

Параграф 3. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен

материалдарды тазалаушы, 3-разряд


324. Жұмыс сипаттамасы:

мотовариатормен жарақтандырылған щеткалы шаңсыздандыратын машинада түкті көтерумен немесе онсыз былғары жартылай фабрикатты тазалау және шаңсыздандыру;

таспалы транспортерге терілерді жайып беру;

транспортер қозғалысының жылдамдығын, щетка біліктерінің айналуын, щеткалы машинаның таспалы транспортері мен щетка біліктері арасындағы саңылауды жартылай фабрикаттың қалыңдығына байланысты реттеу;

машина жұмысының оңтайлы режимін таңдау: сору вентиляциясының қуаттылығын, шаңсыздандыру бастарына берілетін ауа қысымын;

созып кигізетін транспортер таспаларын реттеу;

ауаның өтуі үшін үстіңгі және төменгі тесіктерді, ауа сүзгісін, щеткаларды тазалау;

сору қысымын және ауа беруді реттеу.

325. Білуге тиіс:

былғары жартылай фабрикатты тазалау бойынша жұмыстарды орындау ережелерін, өңдеуге дейін және одан кейін жартылай фабрикатқа қойылатын талаптарды, щеткалы шаңсыздандыру машиналарының құрылысын, оларды пайдалану, күйге келтіру, жөндеу ережелерін.

45. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды ажарлаушы
Параграф 1. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен

материалдарды ажарлаушы, 2-разряд


326. Жұмыс сипаттамасы:

аяқ киімнің төменгі бөлігінің қарапайым бөлшектерін, ұсақ үлбір терілерінің былғары тінін қызмет ету машинасында, шабер станогында немесе қолмен тегістеу, тазалау.

327. Білуге тиіс:

аяқ киімнің төменгі бөлігінің қарапайым бөлшектерін, үлбір терілерін тегістеу тәсілдерін, тері тіні мен түкті жабынның құрылымы мен қасиеттерін, ажарлауға келіп түсетін үлбір терілері мен аяқ киімнің бөлшектеріне қойылатын талаптарды, ажарлау тәсілдерін, қызмет ету машинасы мен шабер станогын пайдалану ережелерін.

Параграф 2. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен

материалдарды ажарлаушы, 3-разряд


328. Жұмыс сипаттамасы:

терілерді, орташа түрдегі мех қой терісінің және ірі үлбір терілерінің тері тінін, аяқ киімнің төменгі бөлігінің орташа күрделіліктегі бөлшектерін, былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар мен бөлшектерді техникалық шарттар мен орындау технологиясына сәйкес қызмет ету машинасында, ажарлауыш шарығында немесе қолмен тегістеу, тазарту;

ажарлауыш шарықтар мен қағазды іріктеу, машина біліктерін қаптау.

329. Білуге тиіс:

бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды ажарлау және тазарту ережелерін, өңделетін терілердің топографиясын, қызмет ету машинасы мен аспаптарды пайдалану ережелерін, ажарлауыш шарықтарын іріктеу және біліктерді қаптау ережелерін.

330. Жұмыс үлгілері:

1) бөлшектер және техникалық бұйымдар – машинада немесе қолмен ажарлау;

2) өкше, сірі, ұш асты – машинада тегістеу;

3) орта құрастырма былғары өкшелер – машинада тегістеу;

4) унт сыналары – машинада тегістеу;

5) былғары жартылай фабрикаттар – машинада тері асты қабаты бойынша тегістеу;

6) табанның кесіктері – машинада тегістеу;

7) түсіруден соң желімдік табандардың гелендік крокульдік бөліктері – машинада тегістеу;

8) үлбір терілері – бөлшектеу машинасында немесе ажарлауыш шарығында тегістеу, тазарту.

Параграф 3. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен

материалдарды ажарлаушы, 4-разряд


331. Жұмыс сипаттамасы:

былғарының өң бетін, тіліндіні, қымбат бағалы үлбір терілерінің тері тінін қызмет ету машинасында, қапсырмада, шаберде, пемзамен қолмен тегістеу;

лак былғары өндірісінде былғарыға жағылған және кептірілген грунт қабатын немесе лакты тегістеу;

былғары мен терілерді беру және ажарлауыш немесе пышақ біліктерінің астында оларды біртіндеп жылжыту;

ажарлауыш–шаңсыздандыру машинасынан терілерді түсіру және тегістеу;

былғарылардың, терілердің қалыңдығына және беткі кемістіктер мен бүлінулердің тереңдігіне байланысты біліктердің арасындағы саңылауды реттеу;

абразивтік таспаларды іріктеу және ауыстыру, қапсырманы туралау.

332. Білуге тиіс:

бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды тегістеу технологиясын, қызмет ету машинасы мен аспаптардың құрылысын, оларды реттеу ережелерін, өңдеуге келіп түсетін жартылай фабрикаттар мен бұйымдарға қойылатын талаптарды, түрпілі таспаларды, пышақтарды алмастыру және пышақтарды қайрау ережелерін, қапсырманы туралау тәсілдерін.

333. Жұмыс үлгілері:

1) жасанды беті бар былғарыны немесе велюрді алуға арналған тері, тілінді – қызмет ету машинасында өң бетін тегістеу;

2) грунт қабаты немесе лак жағылған және кептірілген былғары-пемзамен тегістеу;

3) мехтың қымбат бағалы түрлерінің тері тіні: түлкінің, сусардың, ақ түлкінің, қаракүзеннің, бұлғынның, елтірінің, қаракөлдің, қаракөлшінің, тиіннің, су тышқанның, ондатраның, колоноктың, ақ тышқанның, құндыздың, дала құндызының, тондық қой терісінің, теңіз жануарының терілері – қызмет ету машинасында, қапсырмада, шаберде;

4) ажарлауыш–шаңсыздандыру машинасында қой терісінің тері тіні – тегістеу.

Параграф 4. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен

материалдарды ажарлаушы, 5-разряд


334. Жұмыс сипаттамасы:

өтетін ажарлауыш – шаңсыздандыру машинасында біріктіргіш транспортер мен автоқойғышпен бір жинақта терілерді, ажарлауыш–шаңсыздандыру агрегат–жартылай автоматта терінің өң беті мен тері асты қабатын жасанды беті бар былғарыны және тері шикізатының барлық түрлерінен велюрді алу үшін шикізат пен өндірістік кемістіктерді жоюмен қоса ажарлау;

агрегат үстелінде теріні жазу мен жинау және біліктер арасындағы саңылауға теріні салу;

ажарлау технологиялық процесін жүргізудің қажетті параметрлерін қамтамасыз ету үшін басқару тетігінен агрегатты күйге келтіру және жөндеу: қысу білігі мен ажарлау барабанының арасындағы саңылауды орнатуды, қысу және ажарлауыш біліктер ұштарының арасындағы саңылаудың ауыстыру шамасын немесе паралельдігін, шаңнан тазалаудағы ауаның қысымын және ажарлауыш қағазының керілісін, ажарлауыш барабанына теріні беру жылдамдығын және басқа;

агрегаттың жұмысын бақылау және қадағалау;

транспортердің жылдамдығына және тері ұзындығына сәйкес өтетін машина механизмдерін күйге келтіру және реттеу.

335. Білуге тиіс:

ажарлауыш–шаңсыздандыру агрегатта біліктер арасындағы саңылауға терілерді салу ережелерін, былғары шикізатының өндірістік кемістіктерін, ажарлауыш–шаңсыздандыру агрегатының, басқару тетігінің және ажарлауыш–шаңсыздандыру машинасының жұмыс қағидатын, оны күйге келтіру және жөндеу ережелерін, түрпілі материалдардың түрлері мен қасиеттерін.

336. Жұмыс үлгілері:

1) қой терісінен велюрді алу үшін ажарлаушы–шаңсыздандыру машинасында қой терісінің терісін – тегістеу.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет