1-бөлім. Жалпы ережелер


– бөлім. Қияқты аспаптар өндірісі



бет3/6
Дата09.06.2016
өлшемі0.89 Mb.
#124991
1   2   3   4   5   6

4 – бөлім. Қияқты аспаптар өндірісі

22. Қияқты аспаптардың күйін келтіруші-реттеуші


Параграф 1. Қияқты аспаптардың күйін келтіруші-реттеуші, 6-разряд
191. Жұмыс сипаттамасы:

қияқты музыкалық аспаптардың күйін тербеліс жиілігі 440 Гц, бірінші октаваның «ля» камертоны (эталоны) бойынша келтіру және реттеу;

аспаптарды орнату және ішектердің толық релаксациясына дейін сақтау;

аспаптардың күйін қайта келтіру, жылтқышы мен тұғырын түпкілікті орнату;

аспаптың дыбыс шығаруын оның тембрлік және динамикалық сипаттамасы бойынша тексеру;

скрипканың мензурасын және оның монтаждық өлшемдерін тексеру;

тұғырдың корпусқа қатысты бұрыш бойынша дұрыс орналасуын,тұғыр аяғын жоғарғы үнтілшенің сферасына біріктірілуінің дұрыстығын анықтау;

ішектің ажыратылуын және оның гриф үстіне көтерілуі биіктігін, тұғырдың акустикалық элементтерінің аралануының белгіленген үлгіге сәйкес келуін тексеру;

ішектің тікенді қорапта орналасу тәртібін тексеру;

тікеннің жатық қозғалуын реттеу;

мойынның қол астындағы орнының өңделуін бақылау;

ішек ұстағыштың дұрыс монтаждалуын тексеру.

192. Білуге тиіс:

қияқты музыкалық аспаптардың күйін келтіру және реттеу ережесі мен тәсілдері, қияқты музыкалық аспаптардың мензурасы мен барлық түрлерінің құрылысы;

ішектің аккордтары және олардың сапасына қойылатын негізгі талаптар, қияқты музыкалық аспаптардың құрылысын кварт-квинт шеңбері бойынша тексеру әдістері және жылтқышты;

тұғыр мен табалдырықты дәл орнату ережесі, музыкалық білім, дауыстың акустикалық сипаттамасы;

интервал және жазбаның ноталық жүйесі, тұғырдың акустикалық сипатының қияқты музыкалық аспаптардың дыбыс шығаруының тиімді өлшемдеріне тигізетін әсерін тексеру ережесі;

жылтқышпен тұғырды аспаптың түріне және аспаптың тембрлік, динамикалық сипаттамасына байланысты реттеу тәсілдері;

қияқты музыкалық аспаптарды жасауда қолданылатын ағаштың физикалық-механикалық қасиеттері және ағаш жынысының аспаптың акустикалық қасиетіне тигізетін әсері;

визуалды баптау аспаптардың құрылысы және онымен жұмыс істеу әдістері;

қияқты музыкалық аспаптар сипаттамасының тиімді өлшемдері туралы түсінік және оларды аспаптарды баптау және реттеу кезінде пайдалану;

қияқты музыкалық аспаптардың сапасына қойылатын талаптар.

23. Қияқты аспаптарды құрастырушы-монтаждаушы
Параграф 1. Қияқты аспаптарды құрастырушы-монтаждаушы, 2-разряд
193. Жұмыс сипаттамасы:

қияқты музыкалық аспаптардың қарапайым бөлшектері мен тораптарын құрастыру және монтаждау;

бұрандалы жез дюралюминий бастарын құрастыру;

бастарды арнайы айлабұйымдарда нығыздау және өңдеу;

қияқтың таяқшасының цилиндрлік ұшына оқаны тығыздап орау;

оқаның ұшына лайка сақинасын белгілеу, кесу, жабыстыру;

қалыптың ысырмасын жасау және монтаждауға дайындау.

194. Білуге тиіс:

қияқты музыкалық аспаптардың қарапайым бөлшектері мен тораптарын құрастыру және монтаждау әдіс-тәсілдері;

ағаш, металл, былғары, пластмасса, целлулоидтің физикалық-механикалық қасиеттері және ақаулықтары;

құрастырылатын бөлшектер мен тораптардың атауы, өлшемі мен мақсаты, оларды құрастыру сапасына қойылатын талаптар;

оқаның өлшемдері, оны арнайы станокта орау тәсілдері және оның сапасына қойылатын талаптар;

арнайы құралдардың құрылысы және оны пайдалану ережесі;

құралды қайрау және түзету ережесі;

қосалқы материалдардың атаулары мен қасиеттері.

195. Жұмыс үлгілері:

1) жез бөшкелер мен сақиналар - монтаждау;

2) қияқтың бастары - целлулоипен қаптап орау.

Параграф 2. Қияқты аспаптарды құрастырушы-монтаждаушы, 3-разряд
196. Жұмыс сипаттамасы:

қияқты музыкалық аспаптардың күрделілігі орташа бөлшектері мен тораптарын құрастыру және монтаждау;

барлық түрлі қияқтарды толық құрастыру;

шанақтың қиғаш бетін радиустары әртүрлі өзара қиылысқан екі доға бойынша сүргілеу;

табалдырық радиустарын өңдеу;

сабының қол астындағы жерін өңдеу;

шанағын сабына қиыстырып келтіру және жабыстыру;

үнтілшелердің кергі өлшемдері бойынша жылтқышты орнату;

тұғырдың аяғын үнтілшенің бетіне қиыстырып келтіру, жоғарғы бетін шанақтың сопақ беті мен биіктігі бойынша реттей отырып, тұғырдың аяғын орнату;

кнопка орнату үшін саңылауды орталықтау және бұрғылау;

пластмасса қалыптың екі бөлігін толуолмен желімдеу;

ысырманы қиыстырып келтіру және қалыпқа қолмен орнату;

қалыпты таяқшаға қиыстырып келтіру;

қыл бумасын түсі, өлшемі және қыл саны бойынша, қияқ өлшемі бойынша іріктеу және бау етіп түю;

қылды салу, оны бекіту, ұштарын біркелкі ету үшін шетін күйдіру;

қылдың созылуын, бұранданың жылжуының біркелкілігін және қияқ таяқшасының иілу жебесін тексеру;

иек астын құрастыру;

иек асты қапсырма шегесіне былғары жабыстыру;

қапсырма шегені орнату үшін саңылау бұрғылау, қапсырма шеге мен муфтаны монтаждау.

197. Білуге тиіс:

қияқты музыкалық аспаптардың күрделілігі орташа бөлшектері мен тораптарын құрастыру және монтаждау әдіс-тәсілдері;

қияқты аспаптардың түрлері, желім, лак, политра қасиеттері, жабыстыру тәсілдері және сақтау режимі;

бөлшектер мен тораптарды құрастыруға және монтаждауға арналған шаблонның, айлабұйымдар мен кесу құралдарының түрлері;

тегістеу былғарысының түрлері және оларды пайдалану ережесі;

бұрғылау станоктарын баптау және реттеу, музыкалық білім бойынша негізгі мәліметтер;

музыкалық аспаптар ойнау тәсілдері, қияқты музыкалық аспаптарды, қияқтарды, иек астын монтаждау ережесі;

қияқты музыкалық аспаптардың дыбыстық қасиеттеріне әсер ететін құрастырылатын бөлшектер мен тораптардың негізгі өлшемдері мен параметрлері.

198. Жұмыс үлгілері:

1) ішек ұстауыштар - монтаждау;

2) жадына (талшық) - аспаптардың барлық түлеріне жапсыру.

Параграф 3. Қияқты аспаптарды құрастырушы-монтаждаушы, 4-разряд
199. Жұмыс сипаттамасы:

қияқты музыкалық аспаптардың күрделі бөлшектері мен тораптарын құрастыру және монтаждау;

қарапайым қияқты музыкалық аспаптарды толық құрастыру;

уске қиыстырып келтіру және қияқты музыкалық аспаптардың рамасын түзейтін күрделі иілген бөлшектердің нысанына құрастыру;

қарапайым қияқты музыкалық аспаптардың корпусын құрастыру;

үнтілшенің құламасын рамасының периметрі бойынша түзету;

үнтілшенің осін және құралдың рамасын орталықтау;

ұяшықты тілу және гриф мойнын шанағына қиыстырып келтіру;

мойнының басы мен қол астындағы орнын көркем өңдеу;

конустық саңылауларды тікенектері мен кнопкасына арнап орталықтау және бұрғылау;

ішектердің күйін келтіру, керу және алдын ала күйін келтіру;

монтаждың дұрыстығын тексеру;

ұсақ ақаулықтарды жекелеген бөлшектерді ауыстыра отырып жою;

душкасын скрипка мен альттің тембрлік және динамикалық сипаттамасына бойынша түпкілікті акустикалық реттеу.

200. Білуге тиіс:

қияқты музыкалық аспаптардың күрделі бөлшектері мен тораптарының құрылысы және оларды құрастыру технологиялық процессі;

құрастырылатын бөлшектер мен тораптарды өңдеу режимі, ағаш іріктеу ережесі;

қолданылатын желімнің құрамы мен қасиеттері, олардың қияқты музыкалық аспаптардың сапасына тигізетін әсері;

арнайы кесу құралын қайрау, кесу геометриясы, бөлшектер мен тораптарды нақты ұсталық өңдеу тәсілдері;

қияқты музыкалық аспаптарды өңдеуге қажетті материалдардың атауы, мақсаты және сапасы;

тембрлік және динамикалық сипаттар, ішек ұстағышта, тұғырда және жоғарғы табалдырықта ішектердің орналасуы;

аспаптардың ойнау ережесі, тәсілдері.

201. Жұмыс үлгілері:

1) грифтер – жабыстыру және өңдеу;

2) тікендер – монтаждау;

3) тұғырлар – корпусы мен ішегі бойынша реттеу;

4) табалдырық – қиыстырып келтіру, жабыстыру;

5) скрипкалар мен альт – толық құрастыру;

6) ішек ұстағыш – корпусына орнату.

Параграф 4. Қияқты аспаптарды құрастырушы-монтаждаушы, 5-разряд


202. Жұмыс сипаттамасы:

күрделілігі орташа қияқты музыкалық аспаптарды толық құрастыру;

қиыстырып келтіру және қияқты музыкалық аспаптардың рамасын түзейтін күрделі иілген бөлшектер түрінде құрастыру;

қиғаш сызықты беттегі өзара қиылысқан екі доғаның өлшемдерін ескере отырып, грифтің сопақша бетін қолмен өңдеу;

шанақты мойнына қиыстырып келтіру, шанақтың мойнын өңдеу;

шанақ пен үнтілшенің доғалы бойынша порожканы өңдеу;

күрделілігі орташа қияқты музыкалық аспаптардың корпусын құрастыру;

ернеушелерді есептеу және қиыстырып келтіру;

мойнын тілу және грифтің иілу көлемі мен үнтілшенің біріккен жеріндегі грифтің биіктігі бойынша корпусқа қиыстырып келтіру;

корпусты ұсталық және сыртқы көркем өңдеу;

тұғырдың жоғарғы доғалының биіктігін және оның аспаптың мензурасына сәйкес орналасуын, грифтің корпусқа көлбеу орналасу бұрышын және оның биіктігін анықтау;

буманы жасай отырып, ішек ұстағышты монтаждау. Порожкаларды белгілеу және тілу;

ішек салу, аспаптың күйін келтіру және реттеу;

кнопка мен штокты монтаждау;

монтаж сапасын бақылау және ақаулықтарын жою.

203. Білуге тиіс:

күрделілігі орташа қияқты музыкалық аспаптардың құрылысы және оларды құрастыру технологиялық процессі;

бөлшектер мен тораптардың атауы, олардың өлшемдері, қолданылатын желімнің қасиеттері мен рецептурасы, қияқты музыкалық аспаптардың қияқты музыкалық аспаптардың Республикалық стандарты, бөлшектер мен тораптардың құрастырылу және монтаждалу сапасын тексеру әдістері;

сулагалар мен арнайы айлабұйымдардың құрылысы және оларды пайдалану ережесі;

сызбаларды оқу, бақылау-өлшеу құралы және оларды пайдалану ережесі;

ұсталық кесу және слесарлық құралдарды қайрау және түзету геометриясы мен ережесі, музыкалық білім және акустика негіздері;

ойнау кезінде монтаждаудың ақаулықтарын анықтау тәсілдері;

жоғарғы және төменгі үнтілшелердің қалыңдығын есептеу ережесі;

қолданылатын станоктардың құрылымдық ерекшеліктері, олардың күйін келтіру және реттеу әдістері;

шектеулер мен әдіптер, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері.

204. Жұмыс үлгілері:

Толық құрастыру, өңдеу және күйін келтіру:

1) жоғары сапалы, жеке альт;

2) жоғары сапалы, жеке скрипка

Параграф 5. Қияқты аспаптарды құрастырушы-монтаждаушы, 6-разряд


205. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі қияқты музыкалық аспаптарды толық құрастыру;

виолончель мен контрабастың ернеушелерінен, контр-ернеушеден, бұрыштары мен клецтен рама құрастыру;

рама мен жоғарғы клецті өңдеу;

күрделі қияқты музыкалық аспаптардың корпусын құрастыру;

корпуста усқа арналған кертік тілу, усты орнату және оны түпкілікті өңдеу;

гриф жасау;

грифті мойынның қабатына қиыстырып келтіру, оны жабыстыру және өңдеу;

аспаптың корпусына грифті мойынды белгілеу, тілу және жабыстыру;

виолончель мен контрабастың барлық түрлері мен өлшемдеріне арналған мензураны есептеу;

мойынның корпус осіне бүгілу бұрышын, жоғарғы үнтілшенің грифтің тиімді биіктігін анықтау;

жоғарғы клецтің қиғаштау бұрышын және үнтілшенің тартылу күшін белгілеу;

үнтілшенің акустикасын статистикалық иілудің деректерін және тербелістің тиісті жиілігін айқындау.

206. Білуге тиіс:

күрделі қияқты музыкалық аспаптардың құрылысы және оны құрастырудың технологиялық процессі;

ағаштың әртүрлі жынысының акустикалық қасиеттері және ерекшеліктері, күрделі қияқты музыкалық аспаптарға физикалық-механикалық;

эстетикалық және акустикалық қасиеттері бойынша қойылатын талаптар, музыкалық білім, қияқты музыкалық аспаптардың әр түрлі және өлшемді мензураны есептеу;

гриф монының иілу бұрышын корпусқа және үнтілше жиынтығының үстіндегі грифтің биіктігіне қатысты есептеу;

корпустағы ауа бағанын есептеу, үнтілшелерді жұптап акустикалық іріктеу;

қияқты музыкалық аспаптардың сапасын тексеру тәсілдері және құрастыру ақаулықтарын жою.

207. Жұмыс үлгілері:

Толық құрастыру, өңдеу және баптау:

1) виолончель;

2) контрабас.



5 – бөлім. Шертпелі аспаптар өндірісі

24. Шертпелі аспаптарға бүркуші

Параграф 1. Шертпелі аспаптарға бүркуші, 2-разряд
208. Жұмыс сипаттамасы:

шертпелі музыкалық аспаптардың бөлшектері мен тораптарына бүрку әдісімен су немесе спирт бояғыштарын бүрку;

қара реңктен ақшылт реңкке бүріккіштің көмегімен түсін өзгерту;

бүріккіш кабинаға бөлшектер мен тораптарды орнату;

бүрку сапасын бақылау.

209. Білуге тиіс:

музыкалық аспаптардың бөлшектері мен тораптарын бүрку тәсілі арқылы бояу әдіс-тәсілдері;

бүрку кабинасында бүріккішпен жұмыс істеу ережесі;

бүрку кезінде қолданылатын бояу мен лактың құрамы мен қасиеттері;

олардың әрбір музыкалық аспаптың сапасына тигізетін әсері.

210. Жұмыс үлгілері:

Бүрку әдісімен қаптау:

1) гитара грифін;

2) гитараның шанағы.

Параграф 2. Шертпелі аспаптарға бүркуші, 3-разряд
211. Жұмыс сипаттамасы:

дайын шертпелі музыкалық аспаптардың бөлшектері мен тораптарына бүрку әдісімен су немесе спирт бояғыштарын бүрку;

қара реңктен ақшылт реңкке бүріккіштің көмегімен көркем тондау;

бұйымды бүрку кабинасына орнату. бояуды белгіленген рецептура бойынша дайындау;

бүріккіш ағынының ұзақтығын, диаметрі мен иілу бұрышын анықтау;

ақаулықтарды анықтау және анықталған ақаулықтарды түзету.

212. Білуге тиіс:

шертпелі музыкалық аспаптарды бүрку тәсілі арқылы бояу әдіс-тәсілдері;

бояуларды колер бойынша жағу тәсілдері, ағаш жынысы, ақаулықтары мен физикалық-механикалық қасиеттері, оның түтіктерін толтыру кезінде лак пен бояуды қабылдауы;

жарық және түс спектрлері, бір тоннан екінші тонға ауысу тәсілдері;

әр түрлі шертпелі музыкалық аспаптардың бетін өңдеу кезінде бояу реңктерін көркемдік іріктеу тәсілдері;

колердің жалпы тоны бойынша бояудың ақаулықтарын жою және бояғыштарды лайықтау әдістері.

213. Жұмыс үлгілері:

Бүрку әдісімен қаптау:

1) балалайканы;

2) мандолинаны;

3) оркестрлік аспаптарға.

Параграф 3. Шертпелі аспаптарға бүркуші, 4-разряд


214. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым пішінді суреттерді немесе оюды үнтілшеге, корпусқа және дайын шертпелі музыкалық аспаптарға трафарет бойынша салу;

суретті кистьпен жетілдіру, реңк пен блик жағу;

суреттің кедір-бұдырлығын түзету, бояу реңктерінің айқын білініп тұрған айырмашылықтарын солғындату;

бояу дайындау және бояу колерін сурет бойынша тон таңдай отырып жасау;

ағынның алшақтығы мен факел диаметрін лактың тұтқырлығы мен бояу консистенциясы бойынша анықтау.

215. Білуге тиіс:

ағаштың бетіне қарапайым композициялы сурет немесе ою салудың әдіс-тәсілдері, қарапайым сурет пен композиция жасау әдістері;

музыкалық аспаптардың өңделу сапасына қойылатын талаптар;

бүркудің оның сыртқы түріне тигізетін әсері.

216. Жұмыс үлгілері:

1) жартылай доғал, жоғары сапалы балалайкалар, мандолиндер – сурет сала отырып, бүрку тәсілімен қаптау;

2) гитары эстрадалық жоғары сапалы гитаралар – бүрку тәсілімен түрлі-түсті лак жағу.

Параграф 4. Шертпелі аспаптарға бүркуші, 5-разряд


217. Жұмыс сипаттамасы:

үнтілшеге, корпусқа және дайын шертпелі музыкалық аспаптарға күрделілігі орташа сурет немесе күрделі композициялы ою салу;

сурет пен ою жасау және олар бойынша трафарет жасау;

ағашты бүріккіштің көмегімен бағалы жыныс түрінде көрсету;

суретті кистьпен әртүрлі лак немесе бояулармен жетілдіру;

суретке көп қабаттап лак жағу, табиғи жағдайда кептіру, лак қабатын тегістеу;

бояу іріктеу және суреттің жарық спектрінің әзірленген үйлесімділігі бойынша колер дайындау;

сурет композициясын ауқымдылығын сақтай отырып, музыкалық аспаптың көлемі бойынша есептеу;

бояу жасау, оның тұтқырлығын анықтау;

бүріккішті реттеу және баптау.

218. Білуге тиіс:

күрделілігі орташа және күрделі композициялы сурет немесе оюды ағаш бетіне салудың әдіс-тәсілдері;

көркем сурет пен ою жасау тәсілдері;

лак, бояу іріктеу ережесі және оларды таңдалған колерге жағу әдісі;

лак және оның еріткіштерін жасау технологиялық процессі;

бүріккішпен өңдеу сапасына қойылатын талаптар, бүріккішті консистенциясы әр түрлі бояудың барлық түрлеріне реттеу және баптау тәсілдері.

219. Жұмыс үлгілері:

Көркем бүрку:

1) концерттік гитаралар;

2) жоғары сапалы ерекше тапсырыспен жасалған аспаптар;

3) жоғары сапалы оркестрлік аспаптар.

25. Шертпелі аспаптардың күйін келтіруші


Параграф 1. Шертпелі аспаптардың күйін келтіруші, 3-разряд
220. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым шертпелі музыкалық аспаптардың күйін келтіру;

прима балалайканың ішектерінің астындағы бос орынға арналған ойықтың сапасын тексеру;

грифтің корпусқа қатысты көлбеу орналасу алшақтығына байланысты тұғырларды биіктігі бойынша түзету;

аспаптың мензурасы бойынша үнтілшедегі тұғырдың орналасатын орнын белгілеу;

ішектің тұғырда орналасуы және одан ішекке арналған ойықтарды егеулеу;

прима балалайканың бірінші ішегінің күйін тербеліс жиілігі 440 Гц, бірінші октаваның «ля» камертоны (эталоны) бойынша келтіру;

екінші және үшінші ішекті аспаптың қатарына қарай күйін келтіру;

ішектердің бір октавада үндесуін тексеру және тұғырдың үнтілшеде орналасуын нақтылау;

әрбір ішектің барлық үйлесімде ойнату және прима балалайка қатарының барлық диапазон бойынша дұрыстығын тыңдап көру арқылы анықтау;

күйін келтіру кезінде анықталған кемшіліктерді түзету.

221. Білуге тиіс:

қарапайым шертпелі музыкалық аспаптардың күйін келтіру ережесі мен тәсілдері және үндесімдердің дұрыс орналасуын мензура бойынша тексеру;

қарапайым шертпелі музыкалық аспаптардың құрылысы;

музыкалық білім негіздері;

аспаптың ойнау қасиеттерін, тиісті қатары бойынша аспаптың күйінің келтірілуі мен үн тазалығын тексеру әдістері.

Параграф 2. Шертпелі аспаптардың күйін келтіруші, 4-разряд
222. Жұмыс сипаттамасы:

күрделілігі орташа шертпелі музыкалық аспаптардың күйін келтіру;

ішекті сызбалар бойынша гитараның саз пластиналарын биіктетіп орналастыру;

бірінші ішегінің күйін тербеліс жиілігі 440 Гц, бірінші октаваның «ля» камертоны (эталоны) бойынша келтіру;

қалған ішектердің күйін қатарға сәйкес бірінші ішекке үндестіріп келтіру;

гитараның дыбыс шығаруын және оның күйінің келтірілуінің дәлме-дәлдігін барлық диапазоны бойынша ойнату арқылы тексеру;

саз пластиналарының грифте орналастыру дәлдігін, ақаулықтарын түзете отырып тексеру;

күйін келтіру кезінде ішектерді тарту және олардың пайдалануға беріктігін анықтау;

гитараның ойнау және дыбыстау сапасын бағалау.

223. Білуге тиіс:

күрделілігі орташа шертпелі музыкалық аспаптардың құрылысы;

күйін келтіру ережесі мен тәсілдері;

мензураның құрылымын есептеу және әдістері;

аспаптың ойнау тазалығын анықтау, медиаторларды пайдалану ережесі.

Параграф 3. Шертпелі аспаптардың күйін келтіруші, 5-разряд
224. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі шертпелі музыкалық аспаптардың күйін келтіру және реттеу;

күйін келтіру процессінде грифтің орналасуын, ішектің саз пластиналарынан биіктігін, тұғыр мен порожканың биіктігі мен орналасқан орнын реттеу;

грифке саз пластиналарын орнату және оларды өңдеу кезінде ақаулықтарды түзету;

капрон, нейлон негізді ішектермен жабдықталған аспаптардың күйін дәлме-дәл келтіру;

оркестрлік аспаптардың, жоғары сапалы гитара, домбыра және балалайканың тоспалы панцирінің жабық тікен механизмін монтаждау;

эстрадалық гитараның электромагниттік дыбыс түсіргішін монтаждау;

кәсіпқой музыканттардың талаптарына сәйкес жоғары сапалы музыкалық аспаптардың дыбыстау сапасын, ойнау ыңғайлылығын субъективті бағалау.

225. Білуге тиіс:

күрделі шертпелі музыкалық аспаптардың күйін келтіру ережесі мен тәсілдері, олардың құрылысы мен құрылымы;

әр түрлі шертпелі музыкалық аспаптардың дыбыстау диапазоны, тікенді механизмі, ішек, ішек байлағыш, кнопка, тұғыр және басқа да бөлшектер номенклатурасы;

ағаш жынысы, ақаулықтары және физикалық - механикалық қасиеттері;

бақылау-өлшеу аспаптары және оларды пайдалану ережесі.

226. Жұмыс үлгілері:

Күйін келтіру:

1) оркестрлік шертпелі аспаптар;

2) арфадан басқа, жеке тапсырыспен жасалатын шертпелі аспаптар;

Параграф 4. Шертпелі аспаптардың күйін келтіруші, 6-разряд


227. Жұмыс сипаттамасы:

өте күрделі шертпелі музыкалық аспаптардың (арфаның) күйін тербеліс жиілігі 440 Гц, бірінші октаваның «ля» камертоны (эталоны) бойынша, «до-бемоль – мажор» үндесімділігінде кварт-квинт шеңбері бойынша келтіру;

арфа педальдарының бекарлық және диездік күйінде тиісінше «до – мажор» және «до-диез – минор» үндесімділігінде реттеу;

педаль және негізгі механизмдердің жұмысын тексеру, ішектерді бір үндесімділіктен басқасына көшірген кезде педальді басу күшін реттеу. Ішектің сапасын анықтау;

ішектердің тартылыс күшін реттеу;

арфаны реттегеннен кейін шертіп байқау;

педаль және негізгі механизмдердің анықталған ақаулықтарын, қосымша үндері мен шуылды жою;

арфаның дыбыстық және ойнау сапасын бағалау;

дыбыс тембрі мен динамикалығын анықтау.

228. Білуге тиіс:

арфа педальдарының бекарлық және диездік күйінде оның күйін келтіру және реттеу ережесі;

шертіп көру техникасы,

анықталған ақаулықтарды түзету тәсілдері;

арфаның құрылысы, педаль және негізгі механизмдері бөліктерінің өзара әрекеттесуі;

музыкалық училище деңгейінде арфа шерту ережесі;

арфаның дыбыстау сапасын және оны шерту ерекшеліктерін анықтау әдістері.

26. Фильерді тегістеуші
Параграф 1. Фильерді тегістеуші, 3-разряд
229. Жұмыс сипаттамасы:

жаңа алмас, кремний және победит фильерлерін тегістеу және қолданылған алмас, кремний және победит фильерлерінің көлеміне арнайы станоктарда жетілдіру;

сым созатын станоктарда жез және қызыл мыс сымды созу;

айналмалы фильердегі болат конус инені көп мәрте ауыстыру;

сым үзіктерін фильер арқылы түпкілікті керу;

қысқаш цанганы өңделетін фильер диаметрі бойынша орнату;

фильердің, цанганың дұрыс орнатылуын тексеру, соққыларды тоқтату;

фильерге арналған болат конус инені жасау және мөлшері бойынша іріктеу;

Тегістеу қоспасын дайындау.

230. Білуге тиіс:

тегістеу және фильер көлеміне дейін жетілдіру әдістері, фильерді тегістеуге арналған арнайы станоктардың құрылысы;

тегістеу кезінде фильер қадамының жүйелілігі, металдың негізгі қасиеттері және оны өңдеу ерекшеліктері;

қолданылатын карбид ұнтағының, алмас пудра мен басқа да қосымша материалдардың негізгі қасиеттері;

тегістеу қоспасын дайындау тәсілдері;

болат конус ине жасау әдістері;

бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесі.

27. Шертпелі аспаптарды құрастырып-монтаждаушы
Параграф 1. Шертпелі аспаптарды құрастырып-монтаждаушы, 1-разряд
231. Жұмыс сипаттамасы:

шертпелі музыкалық аспаптарды құрастыруға дайындық жұмыстарын орындау;

бөлшектерді ағаш түсі бойынша іріктеу;

бөлшектер мен тораптарды шаң-тозаңнан бүріккіш кабинада ауа ағынымен тазалау;

бөлшектерді жалпы құрастыруға дайындау.

232. Білуге тиіс:

шертпелі музыкалық аспаптарды құрастыруға дайындық жұмыстарын орындау кезінде қолданылатын тәсілдер мен негізгі әдістер;

қол ұсталық құралын пайдалану ережесі;

желімнің құрамы мен қасиеттері;

бөлшектердің атауы мен мақсаты, құрастыру алдында бөлшектерге қойылатын талаптар.

233. Жұмыс үлгілері:

1) гитараның бұрандалары мен кілттері – құрастыру;

2) розеткалық талсым – іріктеу және бума етіп түю;

3) балалайканы қаптау – жабыстыру;

4) гитара мен мандолинаның шанақтарының тілі - іріктеу және жабыстыру;

5) грифтің целлулоид нүктелері – орнату.

Параграф 2. Шертпелі аспаптарды құрастырып-монтаждаушы, 2-разряд
234. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым шертпелі музыкалық аспаптарды арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып құрастыру және монтаждау;

ішек ұстағыштарды, кнопкаларды және басқа да бөлшектерді, оркестрлік және жоғары сапалы түрлерінен басқа шертпелі музыкалық аспаптардың шанағына монтаждау;

қарапайым бөлшектер мен тораптарды арнайы станокта өңдеу;

ішектерді арнайы станокта керу және оны гитара грифінің порожкасына орнату;

материалдардың, жартылай дайын өнімдердің, дайын бөлшектердің сапасын тексеру.

235. Білуге тиіс:

шертпелі музыкалық аспаптардың түріне байланысты қарапайым тораптарды құрастыру және монтаждаудың технологиялық процессі;

тікенді механизм, ішек, тұғыр, ішек ұстағыш және құрастыру мен монтаждау кезінде қолданылатын басқа да бөлшектердің номенклатурасы;

мемлекеттік стандарты және техникалық шарттары, шығарылатын шертпелі музыкалық аспаптардың түржиыны;

қолданылатын станоктардың құрылысы, қол ұсталық құрал және оны қайрау әдістері.

236. Жұмыс үлгілері:

1) гитара, балалайка, мандолина грифтерінің басы-шуруп орнату үшін саңылау бұрғылау;

2) гитара шанағы – фальцті тазалау;

3) гитара, балалайка, мандолинаның тікен механизмдері-гриф басына ұяшықтарды орнату.

Параграф 3. Шертпелі аспаптарды құрастырып-монтаждаушы, 3-разряд


237. Жұмыс сипаттамасы:

күрделілігі орташа шертпелі музыкалық аспаптарды арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып құрастыру және монтаждау;

құрастырылған тораптарды ағаш өңдеу станогында станоктық өңдеу;

бөлшектерді түсі, текстурасы мен егеу түріне қарай іріктеу;

жапсырманы жабыстыру және гитараның шанағына қосымша бекіту;

станокта лак қабатын тазалау;

гитара грифін шанағына құрастыру;

грифтің иілу бұрышын анықтау;

шанақ клеціндегі бұрандаға арнап саңылау белгілеу;

гриф бұрандасына арнап көлденең-бұрғылау станогында саңылау бұрғылау;

шертпелі музыкалық аспаптардың тікен механизмін құрастыру;

бұрамдық торабын, колонканы, бұрамдық тістегершіктерді тұғырға және біріктіретін планкаға монтаждау;

құрастырылған тікенді механизмді арнайы жазу станогында байқап көру;

тікенді механизмнің тораптарының өзара әрекеттесуінің дұрыстығын сызбаға сәйкес тексеру.

238. Білуге тиіс:

күрделілігі орташа шертпелі музыкалық аспаптарды құрастыру және монтаждау технологиялық процессі;

шертпелі музыкалық аспаптарды құрылысы мен мензурасы, шанақтағы тұғырдың орналасуын есептеу және грифтегі мензураны есептеу ережесі;

ағаш сапасына байланысты бөлшектер мен тораптарды жабыстырудың температуралық режимдері;

кесу құралын қайрау және түзету геометриясы, бақылау-өлшеу құралы және оны пайдалану ережесі;

қолданылатын станоктардың құрылысы және оларды пайдалану ережесі.

239. Жұмыс үлгілері:

1) гитараның үнтілшесі - розетканы жабыстыру;

2) гитара, балалайка, мандолинаның тегіс және жартылай сопақша шанағы – толық құрастыру;

3) балалайка панцирі – үнтілшеге жабыстыру;

4) гитара, балалайка, мандолина грифтерінің тұтқасы – жапсырмаларын жабыстыру;

5) тегіс және жартылай сопақша мандолина грифтерінің тұтқасы – шанаққа жабыстыру;

6) сопақ мандолинаның қалқаны мен жиекшелері – шанаққа жабыстыру.

Параграф 4. Шертпелі аспаптарды құрастырып-монтаждаушы, 4-разряд


240. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі шертпелі музыкалық аспаптарды арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып құрастыру және монтаждау;

қарапайым шертпелі музыкалық аспаптарды толық құрастыру;

бөлшектер мен тораптарды және қолмен сызбалар бойынша құрастырылған шертпелі музыкалық аспаптарды профильді ұсталық өңдеу;

целлулоидті түсі бойынша іріктеу;

жекелеген тораптарды станоктық өңдеу;

грифке порожканы орнату және бекіту, оны биіктігі бойынша қиыстырып келтіру;

оркестрлік музыкалық аспаптар грифінің басындағы тікенді механизмді орнату және бекіту;

планканың тығыз жанасуын тексеру;

саз пластиналарының мензура бойынша дәлме-дәл орнатылуын тексеру және оны бір жазықтықта грифтің биіктігі бойынша тазалау;

мензураның бөлінуін он екі сатылы біркелкі темперленген қатар бойынша тексеру;

саз пластиналарын гриф жиегі бойынша сопақшалау;

оркестрлік шертпелі музыкалық аспаптардың үнтілшелеріндегі қосымша саздың орналасуын белгілеу;

станоктарды баптау, реттеу;

фрезаны, бұрғыны қайрау және оны станокқа орнату.

241. Білуге тиіс:

шертпелі музыкалық аспаптардың әрбір түріне арналған күрделі тораптарды құрастыру және монтаждау технологиялық процессі;

сызбаларды оқу, оркестрлік шертпелі музыкалық аспаптардың түржиыны, олардың мензурасы мен құрылысы;

ағаш жынысы мен ақаулықтары, целлулоидтің түрі мен қасиеттері;

бөлшектерді өңдеу режимдері, шертпелі музыкалық аспаптардың әрбір түріне арналған ішектер мен тікенді механизмдердің номенклатурасы;

бөлшектерді өңдеуге қойылатын шектеулер мен әдіптер, қолданылатын станоктардың құрылымдық ерекшеліктері, оларды баптау және реттеу тәсілдері.

242. Жұмыс үлгілері:

1) жоғары сапалы гитаралар – құрастыру;

2) шертпелі музыкалық аспаптардың грифтері – профильді жетілдіру;

3) домбыра – арнайы айлабұйымның көмегімен клецті орнату және өңдеу;

4) оркестрлік балалайка грифтерінің тұтқасы – басына және басының жапсырмасына арналған ұяшықтарды іріктеу.

Параграф 5. Шертпелі аспаптарды құрастырып-монтаждаушы, 5-разряд
243. Жұмыс сипаттамасы:

өте күрделі шертпелі музыкалық аспаптарды арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып құрастыру және монтаждау;

шанақтың бөлшектері мен тораптарын дәлме-дәл қиыстырып келтіру және жетілдіру;

күрделілігі орташа шертпелі музыкалық аспаптарды толық құрастыру;

шертпелі музыкалық аспаптарды құрастыруға арналған бөлшектерді түсі, текстурасы және ағаш талшықтарының бағыты бойынша, ағаштың акустикалық қасиеттерін ескере отырып іріктеу;

педаль механизмі мен арфаның негізін монтаждау және бөлшектерінің өзара әрекеттесуін алдын ала реттеу;

дыбыс түсіргішті орнату, электр гитарасының электр схемасы мен торабын монтаждау, дыбысты реттеу;

металл және талсым ішекті октавасы бойынша арнайы аспаппен іріктеу, оны салу және тарту;

алдын ала күйін келтіру және алғаш рет реттеу;

станоктық және қол кесу құралы мен айла бұйымдарын орнату, түзету және бекіту.

244. Білуге тиіс:

өте күрделі шертпелі музыкалық аспаптарды құрастыру және монтаждау технологиялық процессі, шертпелі музыкалық аспаптардың дыбыстау қасиеттерінің технологиялық факторларға тәуелділігі;

ағаштың тығыздығы, дыбыс өткізгіштігі, серпінділігі, макроқұрылысы мен физикалық және механикалық қасиеттері;

желімдеу және желімдеуден кейін сол күйінде ұстау режимі, бөлшектер мен құрастырылған тораптардың шектеулері;

электр гитараның дыбыс түсіргіштерінің электр схемасы.

245. Жұмыс үлгілері:

1) арфа – алдын ала күйін келтіре отырып ішек қаптамасын монтаждау;

2) 12 ішекті жеке гитара – құрастыру;

3) клавишалы гусли – жасау және клавиатуралық механизмін реттеу;

4) оркестрлік балалайка - прима, секунда, альт - құрастыру;

5) оркестрлік домбыра - пикколо, прима, альт, тенор - құрастыру;

6) он жеті жерден бекітілген сопақ мандолина - құрастыру;

7) электр гитаралар - құрастыру.

Параграф 6. Шертпелі аспаптарды құрастырып-монтаждаушы, 6-разряд


246. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі және өте күрделі шертпелі музыкалық аспаптарды арнайы сулагалар мен айлабұйымдарда жекелеген бөлшектері мен тораптарын құрастыру элементтерімен құрастыру;

құрастыру алдында бөлшектерді ұсталық жетілдіру;

негізгі механизм мен арфаның жекелеген механизмдерін монтаждау және дәлме-дәл реттеу;

арфаны шерту кезінде анықталған ақаулықтарды түзету;

арфаны өздігінше жөндеу және реттеу;

қол ұсталық құралды қайрау, баптау және түзету.

247. Білуге тиіс:

күрделі және өте күрделі шертпелі музыкалық аспаптарды құрастырудың технологиялық процессі, жекелеген бөлшектері мен тораптарын құрастыру әдістері;

аспаптың дыбыстық қасиеттерінің музыкалық аспаптың құрылымдық ерекшеліктеріне және бөлшектер мен тораптарды өңдеу режиміне тәуелділігі, шертпелі музыкалық аспаптарды құрастыру және монтаждау кезінде қолданылатын бөлшектер мен тораптарды тиімді өңдеу режимін іріктеу ережесі;

құрастырудың жоғары дәлдігіне қол жеткізу тәсілдері;

аспапты қайрау бұрышының бетінің тазалығы мен үнтілшенің, түбі мен жіктерінің дыбыстық қасиеттеріне тигізетін әсері;

бақылау-өлшеу аспаптары, құралдары мен оларды пайдалану ережесі.

248. Жұмыс үлгілері:

Толық құрастыру:

1) арфаны;

2) оркестрлік балалайканы - бас, контрабас;

3) домбыраны - бас;

4) ерекше тапсырыспен жасалған шертпелі музыкалық аспаптарды;

5) сопақ, жиырма үш жерден бекітілген мандолиналар

28. Саз пластиналарды орнатушы
Параграф 1. Саз пластиналарды орнатушы, 2-разряд
249. Жұмыс сипаттамасы:

белгіленген саз пластиналарын мензурасы бойынша шертпелі музыкалық аспаптардың грифіне гидравликалық нығыздауышта немесе қолмен нығыздау;

саз пластиналарының (басын, аяғын) қасиеттері мен негізгі өлшемдерін калибрмен анықтау;

пластиналардың нығыздалу сапасын бақылау-өлшеу аспаптарымен тексеру;

саздарды грифтің жазықтығы бойынша түзету;

нығыздауыштың аспаптың грифіне қысу орталығын оның мензурасын ескере отырып анықтау;

айлабұйымдарды нығыздауышқа орнату және оларды реттеу;

музыкалық аспаптың мензурасын тексеру;

әрбір аспаптың түріне арналған мензураны есептеу.

250. Білуге тиіс:

саз пластиналарын грифтің барлық жазықтығы бойынша нығыздау және түзету тәсілдері;

гидравликалық нығыздауыштың құрылысы және онымен жұмыс істеу ережесі;

арнайы бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесі;

шертпелі музыкалық аспаптардың ойнау сапасына қойылатын талаптар, музыкалық білім негіздері;

шертпелі музыкалық аспаптардың мензурасын есептелуін тексеру ережесі.

Параграф 2. Саз пластиналарды орнатушы, 3-разряд


251. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым шертпелі музыкалық аспаптар грифінің ұяшықтарына саз пластиналарын арнайы айлабұйымдарда орнату;

саз пластиналарын қолмен белгіленген биіктік пен белгіленген енге қиыстырып келтіру;

мензураны тексеру;

гриф жапсырмаларын бояу;

қарапайым шертпелі музыкалық аспаптар грифінен саз пластиналарына арналған ұяшықтарды көп егеу мензуралық станоктарда егеулеу;

аралық сақиналары бар мензуралық егеулерді реттеу, баптау және орнату.

252. Білуге тиіс:

қарапайым шертпелі музыкалық аспаптар грифінің ұяшықтарына саз пластиналарын орнату тәсілдері;

қарапайым шертпелі музыкалық аспаптар мензурасының өлшемдері, саз сымының сапасына қойылатын талаптар, оның шертпелі музыкалық аспаптардың әрбір түріне арналған өлшемі;

көп егеулі мензуралық аралау станогының құрылысы мен баптау ережесі;

араның көлемі, арнайы айлабұйымдарды пайдалану шарттары, ішек мензурасы туралы түсінік, шертпелі музыкалық аспаптардың әр түрлі түрлеріне арналған саздардың саны;

шертпелі музыкалық аспаптар грифіндегі лак пластиналарына арналған ұяшықтардың мақсаты;

сызбаларды оқу, бақылау-өлшеу аспаптарының қолданылу ережесі.

253. Жұмыс үлгілері:

1) прима балалайка – ұяшықтарды аралау және саз пластиналарын орнату.

Параграф 3. Саз пластиналарды орнатушы, 4-разряд
254. Жұмыс сипаттамасы:

күрделілігі орташа шертпелі музыкалық аспаптар грифінің ұяшықтарына саз пластиналарын арнайы айлабұйымдарда орнату;

саз пластиналарының ұштарын арнайы станокта өңдеу;

саз пластиналарын белгілі бір биіктікке дейін мензура бойынша 0,1 мм дейінгі дәлдікпен жетілдіре отырып тегістеу;

саз сымының өлшемін диаметрі бойынша анықтау, оны шертпелі музыкалық аспаптардың әрбір түріне арнап дыбыс тазалығына және шерту ыңғайлылығына қарай іріктеу;

бедерлеудің қиғаш бұрышы мен аяқтың қалыңдығын гриф жапсырмасындағы ойықтың тереңдігі мен еніне сәйкес өлшеу;

күрделілігі орташа шертпелі музыкалық аспаптар грифінен саз пластиналарына арналған ұяшықтарды көп егеу мензуралық станоктарда егеулеу;

арнайы және көп егеулеу мензуралық аралау станоктарын бапату және реттеу.

255. Білуге тиіс:

күрделілігі орташа шертпелі музыкалық аспаптар грифінің ұяшықтарына саз пластиналарын арнайы айлабұйымдарда орнату тәсілдері;

шертпелі музыкалық аспаптарға арналған мензураны есептеу әдістері және олардың жеке ерекшеліктері;

гриф жасауда пайдаланылатын ағаштың ақаулықтары мен физикалық-механикалық қасиеттері, грифтің шертпелі музыкалық аспаптардың әрбір түрінің шанағына қиғаш орналасу бұрышын тексеру әдісі;

қолданылатын арнайы және көп егеу мензуралық станоктардың құрылымдық ерекшеліктері, оларды баптау және реттеу ережесі.

256. Жұмыс үлгілері:

Ойықтарды егеулеу және саз пластиналарын орнату:

1) оркестрлік балалайкалар - секунда, альт;

2) гитара;

3) домбыра - прима, альт;

4) мандолина.

Параграф 4. Саз пластиналарды орнатушы, 5-разряд


257. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі шертпелі музыкалық аспаптар грифінің ұяшықтарына саз пластиналарын арнайы айлабұйымдарда орнату;

оркестрлік, концерттік және жеке шертпелі музыкалық аспаптардың мензурасын он екі сатылы тең темперленген қатар бойынша есептеу;

есептелген мензура бойынша трафареттерді немесе арнайы мензуралық қораптарды жасау;

аспап грифіндегі мензураны есептеу;

саз пластиналарына арналған ойықты белгісі бойынша немесе арнайы мензуралық қорап бойынша күрделі шертпелі музыкалық аспаптар қатарының барлық регистрлердегі дұрыстығын қамтамасыз ете отырып егеулеу;

саз сымды аспаптың дыбысты таза шығаруын және оңай шертілуін қамтамасыз ететін өлшемі бойынша іріктеу;

саз пластиналарын дәлме-дәл салыстырып тексеру және әр түрлі шертпелі музыкалық аспаптардың мензурасы бойынша жетілдіру;

гриф сапасын онда орнатылған саз пластиналарымен қоса тексеру;

трафаретті, мензуралық қораптарды, қол аспаптары мен қысқыш айлабұйымдарын жұмыс процессіне дайындау.

258. Білуге тиіс:

күрделі шертпелі музыкалық аспаптар грифінің ұяшықтарына саз пластиналарын орнату тәсілдері;

мензура мәні және саз пластиналарының орнатылу дәлдігі мен өңделу сапасының шертпелі музыкалық аспаптардың шерту сапасы мен акустикалық қасиеттеріне тигізетін әсері;

мензураны аспаптардың әрбір түріне арнап бөлу тәсілдері және мензураның шертпелі музыкалық аспаптың түріне тәуелділігі;

шертпелі музыкалық аспаптардың барлық түрлерінің жеке дыбыстау ерекшеліктері;

күрделі шертпелі музыкалық аспаптар грифінің ұяшықтарын егеулеу ережесі;

дыбыс акустикасы бойынша негізгі мәліметтер, музыкалық білім, интервал және қатар.

259. Жұмыс үлгілері:

1) оркестрлік балалайкалар-оркестрлік бас, контрабас, домбыра-ойықтарды егеулеу, сал пластиналарды орнату және өңдеу;

2) концерттік гитаралар – мензураны есептеу;

3) жеке шертпелі аспаптар - ойықтарды өңдеу, сал пластиналарды орнату және өңдеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет