1-бөлім. Жалпы ережелер


-бөлім. Тілдік аспаптар өндірісі



бет4/6
Дата09.06.2016
өлшемі0.89 Mb.
#124991
1   2   3   4   5   6

6-бөлім. Тілдік аспаптар өндірісі

29. Тілдік аспаптарды арматуралаушы


Параграф 1. Тілдік аспаптарды арматуралаушы, 2-разряд
260. Жұмыс сипаттамасы:

тілдік музыкалық аспаптардың қарапайым және күрделілігі орташа металл бөлшектерін арнайы аспаптармен жасау және құрастыру;

тұғыры дәнекерленген сол жақтағы механиканың білікшелерін түзету;

оң және сол механиканың серіппелерін жасау;

клавиатуралық және регистрлік механизмнің білікшелері мен осьтерінің ұштарын тесу;

арнайы аспаптарды реттеу, кесу құралын қайрау және орнату.

261. Білуге тиіс:

тілдік музыкалық аспаптардың қарапайым және күрделілігі орташа металл бөлшектерін жасау және құрастыру тәсілдері;

арнайы аспаптардың құрылысы, реттеу және пайдалану ережесі, өңделетін бөлшектердің атауы мен мақсаты;

материал сапасына қойылатын талаптар, серіппені термикалық өңдеу туралы қарапайым түсінік, серіппеге түсіруге болатын жүктеме шегі;

серіппе жасалатын болат маркасы, клавиатуралық тілдік музыкалық аспаптардың құрылысы;

бақылау-өлшеу аспаптарын және жұмыс құралдарын пайдалану ережесі;

құралдарды орнату, қайрау және түзету геометриясы, ережесі;

шектеулер мен әдіптер, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері туралы түсінік.

262. Жұмыс үлгілері:

1) регистрлік механизмдердің рычагы – құрастыру;

2) тұғыр, кронштейн және механиканың басқа да бөлшектері – жасау және түзету.

Параграф 2. Тілдік аспаптарды арматуралаушы, 3-разряд


263. Жұмыс сипаттамасы:

тілдік музыкалық аспаптардың күрделі металл бөлшектерін арнайы аспаптарда және станоктарда жасау және құрастыру;

гайкалы және білікшелі кергіштерді құрастыру;

регистрлік (модераторлық) пластиналарды қолмен түзету;

осьті, клавишалы, серіппелі клавиатуралық тарамдарды дыбыстық қатарды ескере отырып құрастыру;

механиканың бөлшектері мен тораптарындағы саңылауларды бұрғылау және жоңғылау;

құрастырылған механиканы түзету және барысын реттеу;

құлыпты орнату және тарамдарды бұрау;

жартылай автоматта серіппелерді орау;

арнайы станоктар мен жартылай автоматтарды реттеу.

264. Білуге тиіс:

тілдік музыкалық аспаптардың күрделі металл бөлшектерін жасау және құрастыру тәсілдері, клавиатуралық және регистрлік механизмдердің тораптарын құрастырудың технологиялық процессі;

клавиатуралық және регистрлік механизмдердің бөлшектері мен тораптарының өзара әрекеттесуі және құрылысы, олардың аспаптың ойнау қасиеттеріне тигізетін әсері;

материал қасиеттеріне және жүктеменің белгіленген шамасына байланысты серіппе ұшының бұралу бұрышын және айналым санын анықтау;

арнайы станоктар мен жартылай автоматтардың құрылымдық ерекшеліктері, реттеу және пайдалану ережесі;

станокқа кесу құралдарын орнату ережесі;

музыкалық білім негіздері, шектеулер мен әдіптер, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері туралы түсінік.

265. Жұмыс үлгілері:

1) декомпрессиондық клапан – құрастыру;

2) клавиатуралық және регистрлік механизмдердің тораптары-құрастыру.

30. Үлбір камераларды бүрмелеуші
Параграф 1. Үлбір камераларды бүрмелеуші, 1-разряд
266. Жұмыс сипаттамасы:

тілдік музыкалық аспаптардың үлбір камерасының бүрмеленген дайындамаларын нығыздау процессіне дайындау;

үлбір камералардың қабырғаларының картон дайындамаларын өлшемі бойынша іріктеу;

бүрмеленген дайындамаларды папкаларға құрастыру;

папкаларды арнайы айлабұйымдарға салу.

267. Білуге тиіс:

папкаларды құрастыру және оларды арнайы айлабұйымдарға салу ережесі;

үлбір камераларын жасау үшін қолданылатын картонның қасиеттері мен сорты, картон дайындамаларды іріктеу ережесі;

үлбір камераның құрылысы мен мақсаты.

Параграф 2. Үлбір камераларды бүрмелеуші, 2-разряд


268. Жұмыс сипаттамасы:

үлбір камераның дайындамаларын бүрмелеу және оларды арнайы станокта нығыздау;

бордың тік сызықтылығын, өзара параллельділігін және дайындама бағытың дұрыстығын тексеру;

бүрмеленген дайындамаларды эскизге (сызбаға) сәйкес кесу;

арнайы станокты реттеу және баптау.

269. Білуге тиіс:

үлбір камераның дайындамаларын бүрмелеу және оларды арнайы станокта нығыздау тәсілдері;

тілдік музыкалық аспаптардың үлбірін жасау үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері мен сорты;

арнайы станоктар мен айлабұйымдардың құрылысы мен пайдалану тәсілдері;

сызбаларды оқу, бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесі;

кесу құралының геометриясы.

Параграф 3. Үлбір камераларды бүрмелеуш, 3-разряд


270. Жұмыс сипаттамасы:

тілдік музыкалық аспаптардың үлбір камерасының бүрмеленген қабырғасын жасау жөніндегі жұмыстарды кешенді орындау;

үлбір камераның борының картонын іріктеу және сызбасы бойынша белгілеу. үлбір папкаларын белгісі бойынша бүрмелеу, оларды арнайы станокта немесе қолмен нығыздау;

сызбаға сәйкес операциялық бақылау.

271. Білуге тиіс:

үлбір камерасының бүрмеленген қабырғасын жасау технологиялық процессі;

әр түрлі және әр маркалы тілдік музыкалық аспаптардың борларының саны мен өлшемі, материалдар мен үлбір камераларға қойылатын талаптар, арнайы станоктар мен айлабұйымдардың құрылысы мен оларды реттеу ережесі;

кесу құралын қайрау, түзету және орнату ережесі;

шектеулер мен әдіптер.

31. Дыбыс планкасын құюшы


Параграф 1. Дыбыс планкасын құюшы, 2-разряд
272. Жұмыс сипаттамасы:

дыбыс планкасының кірме камерамен (резонаторлармен) қосылысын дыбыс планкасының жиегіне және концерттік, оркестрлік және ерекше тапсырыспен жасалғандардан басқа, тілдік музыкалық аспаптардың кірме камераларының оған жанасқан бетіне қыздырылған мастика құю арқылы герметикалау;

дыбыс планкасы периметрінің өн бойына салынған жікті түзету;

дыбыс планкасының кірме камераларға тығыз жанасуын тексеру;

арнайы мастика жасау және оны жұмыс процессіне дайындау;

температуралық режимнің сақталуын тексеру;

қыздыру аспаптарын белгіленген температуралық режимге реттеу.

273. Білуге тиіс:

кірме камераларды (резонаторларды) арнайы мастикамен герметикалау әдіс-тәсілдері, герметикалау мақсаты;

қолданылатын мастиканың құрамы мен сапасы, мастиканы қыздыру температурасы және мастикамен герметикалау кезіндегі жұмыс режимі;

мастикамен герметикалау сапасына қойылатын талаптар, қолданылатын құралдар мен қыздыру аспаптарын пайдалану ережесі.

Параграф 2. Дыбыс планкасын құюшы, 3-разряд


274. Жұмыс сипаттамасы:

дыбыс планкасының кірме камерамен (резонаторлармен) қосылысын дыбыс планкасының жиегіне және концерттік, оркестрлік және ерекше тапсырыспен жасалған тілдік музыкалық аспаптардың кірме камераларының оған жанасқан бетіне қыздырылған мастика құю арқылы герметикалау;

салынатын жіктердің үздіксіздігін және біркелкілігін сақтау;

белгіленген дыбыс планкасының дұрыстығын үндесімділігі және оның резонатордың бетіне жанасу тығыздығы бойынша тексеру;

аралық клапанды ауыстыру;

ақаулықтарды түзету.

275. Білуге тиіс:

герметикалаушы жікті салу дәлдігіне қол жеткізу тәсілдері, қолданылатын мастиканың қасиеттері мен сапасы;

дыбыс планкасының кірме камерамен қосылысын герметикалау сапасына қойылатын талаптар, дыбыс планкасын бекіту технологиясы;

дыбыс планкасын орнату дұрыстығын бақылау тәсілдері;

мастиканың берілу санын реттеу тәсілдері.

32. Дыбыс планкасын жасаушы


Параграф 1. Дыбыс планкасын жасаушы, 2-разряд
276. Жұмыс сипаттамасы:

дыбыс тілдерін дыбыс планкасының рамасына орнату және оларды бекіту алдында ойық симметриясының осі бойынша түзету;

дыбыс планкасының рамасын дыбыс тілін бекітуге дайындау.

277. Білуге тиіс:

дыбыс тілдерін дыбыс планкасына арнайы бекіткішпен қолмен орнату әдіс-тәсілдері, дыбыс тілдері мен дыбыс планкасының нөмірі және дыбысталу нотасы туралы қажетті мәліметтер;

болат дыбыс тілдері мен дыбыс планкасы ойықтарының қабырғалары арасындағы саңылау көлемінің тілдік музыкалық аспаптардың акустикалық қасиеттеріне тигізетін ықпалы;

дыбыс тілдерін, планкасы мен бекітпесін жасауда қолданылатын металдың физикалық-механикалық қасиеттері.

Параграф 2. Дыбыс планкасын жасаушы, 3-разряд


278. Жұмыс сипаттамасы:

белгіленген дыбыс тілін дыбыс планкасына қолмен бекіту әдісімен немесе станокта бекіту;

дыбыс тілдерін планка ойығының осі бойынша, дыбыс тілінің дыбыс планкасының бетіне қатысты биіктігі бойынша дыбыс тілінің көлемі мен серпінділігі бойынша түзету;

дыбыс планкасының ойығы ішінде дыбыс тілінің тербелу еркіндігін тексеру;

дыбыс тілін бекіту, орнату дұрыстығын және дыбыс тілі мен дыбыс планкасы ойығының қабырғасы арасындағы саңылаудың біркелкілігін тексеру.

279. Білуге тиіс:

дыбыс тілін дыбыс планкасына бекіту тәсілдері;

дыбыс тілі мен дыбыс планкасының нөмірі, дыбыстау нотасы, дыбыс планкасына және дыбыстау тілін орнатуға қойылатын талаптар;

болат дыбыс тілдері мен дыбыс планкасы ойықтарының қабырғалары арасындағы саңылау көлемінің тілдік музыкалық аспаптардың акустикалық қасиеттеріне тигізетін ықпалы;

арнайы станоктардың құрылысы мен оларды реттеу ережесі;

музыкалық білім.

Параграф 3. Дыбыс планкасын жасаушы, 4-разряд


280. Жұмыс сипаттамасы:

дыбыс тілінің жиынтығын мензураның өн бойындағы дыбыс планкасына қолмен бекіту әдісімен немесе станокта бекіту;

дыбыс тілі контурының көлемі мен дыбыс планкасының ойығын қажетті өлшемдерге жеткізу;

дыбыс тілінің дұрыс орнатылуын арнайы оптикалық аспаппен тексеру.анықталған ақаулықтарды жою.

281. Білуге тиіс:

дыбыс тілін тілдік музыкалық аспаптардың әр түрлі дыбыс планкаларына орнату тәсілдері, дыбыс планкасының мензурасы;

дыбыс тілдерінің дыбыс планкасына бекітілуі сапасының тілдік музыкалық аспаптардың акустикалық қасиеттеріне тигізетін ықпалы;

арнайы станоктар мен қалыптардың құрылысы мен оларды реттеу ережесі;

арнайы бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы;

мақсаты мен қолданылу ережесі.


Параграф 4. Дыбыс планкасын жасаушы, 5-разряд


282. Жұмыс сипаттамасы:

концерттік, оркестрлік, көп тембрлі ерекше тапсырыспен жасалған тілдік музыкалық аспаптарға арналған дыбыс тілі мен дыбыс планкасын қолмен жасау;

дыбыс рамалары ойықтарының бетін белгіленген өлшемі мен кедір-бұдырлығына дейін өңдеу;

дыбыс тілдерін профилі бойынша кесу және оларды жеке-жеке әрбір дауыстың қажетті тон жоғарылығына дейін өңдеу;

планка ойығы қабырғасын жетілдіру;

инертті массаны (дәнекерді) дыбыс тілдеріне орнату;

дыбыс тілдерін планкаға оларды ойықтың үстіне дәлме-дәл орната отырып бекіту;

дыбыс тілдерінің ойық ішінде тербелу еркіндігін тексеру;

бекітілген планканы таңбалау.

283. Білуге тиіс:

әр түрлі тілдік музыкалық аспаптардың дыбыс тілі мен дыбыс планкасын жасаудың технологиялық процессі;

концерттік, оркестрлік, көп тембрлі және дайын баянның құрылысы, дыбыс қатарын қалыптастыру негізі;

әр түрлі тілдік музыкалық аспаптарға арналған дыбыс планкаларының, тілдер мен дәнекерлердің мақсаты, номенклатурасы мен өлшемі;

дыбыс планкаларын жасау кезінде қолданылатын материалдың сапасына қойылатын талаптар;

аспаптың акустикалық қасиеттеріне байланысты дайын дыбыс планкаларына қойылатын талаптар;

тілдік аспаптардың дыбыс диапазоны, жұмыс құралдарын пайдалану ережесі;

жасалған дыбыс планкаларының сапасын тексеру тәсілдері, сызбаларды оқу және эскиз жасау.

Параграф 5. Дыбыс планкасын жасаушы, 6-разряд


284. Жұмыс сипаттамасы:

концерттік, оркестрлік, көп тембрлі және дайын ерекше тапсырыспен жасалған тілдік музыкалық аспаптарға арналған дыбыс планкасы жиынтығын (аккордты) қолмен жасау;

дыбыс планкасының ойықтарының қажетті көлемі мен тіл профилін дыбыс нотасы мен тембрлік бояуына байланысты анықтау;

дыбыс рамаларының бетін өңдеу;

дыбыс ойықтарының қажетті көлеміне дейін дыбыс нотасы мен дыбыс динамикасына сәйкес жетілдіру;

дыбыс тілдерін контуры мен профилі бойынша өңдеу және қажетті үндесімділікке дейін 1/8-1/16 тон шегінде өңдеу;

дыбыс тілдерін термоөңдеу;

қосымша инерттік массаның (дәнекердің) шамасын анықтау және оны тілге орнату;

тіл контурын дыбыс рамасы ойығының контуры бойынша өңдеу;

дыбыс тілдерін қатаң түрде ойық осі бойынша орналастыра отырып, дыбыс рамкаларына бекіту;

тілдерді дыбыс рамасының жазықтығына қатысты орналастыру, дыбыс тілдерінің тербелуінің ең төмен және ең жоғары шегін қамтамасыз ету.

285. Білуге тиіс:

дыбыс планкалары мен тілдер жиынтығын жасаудың технологиялық процессі;

әр түрлі тілдік музыкалық аспаптарға арналған дыбыс планкасы жиынтығының құрамы;

тілдік музыкалық аспаптардың дыбыс планкасының мензурасы;

тілдік музыкалық аспаптардың барлық түрлеріне арналған қозу шегі және дыбыс динамикасы;

болат, мыс пен алюминий балқымасының сорты, олардың қасиеттері және дыбыс планкасының сапасына тигізетін ықпалы;

әр түрлі тілдік музыкалық аспаптардың музыкалық диапазоны, дыбыстың тербелу жиілігінің өзгеруі тәсілдері;

жасалған дыбыс планкаларын дыбыстық сапасы бойынша тексеру тәсілдері;

шектеулер мен әдіптер, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері.

33. Тілдік аспаптардың күйін келтіруші
Параграф 1. Тілдік аспаптардың күйін келтіруші, 4-разряд
286. Жұмыс сипаттамасы:

тілдік музыкалық аспаптардың планкаларындағы дыбыс тілдерінің күйін жинақтаудың белгіленген схемасы бойынша визуалды баптау аспабын пайдалана отырып немесе бақылау планкалары бойынша тыңдап көру арқылы алдын ала келтіру;

визуалды баптау аспабын жөндеу;

дыбыс тілдері мен планкасының кедір-бұдырлығын тексеру;

дыбыс тілдерінің беріктігін, дәлме-дәл бекітілуін және мензурасын тексеру;

арнайы станоктар мен айлабұйымдарды баптау және реттеу.

287. Білуге тиіс:

планкаларындағы дыбыс тілдерінің күйін келтіру ережесі мен тәсілдері;

визуалды баптаудың электронды аспаптарының құрылысы және оларды пайдалану ережесі;

визуалды баптау аспабын белгілі бір нотаға баптау әдісі;

музыкалық білім негіздері, тілдік музыкалық аспаптардың дыбыстау диапазоны.

Параграф 2. Тілдік аспаптардың күйін келтіруші, 5-разряд


288. Жұмыс сипаттамасы:

тілдік музыкалық аспаптардың дыбыстық планкасының күйін дыбыстау нотасы бойынша дыбыс тілдерін унисон, «розлив» арнайы станокта баптай отырып, октаваға немесе тыңдап көру арқылы келтіру;

дыбыстау тілдерін тексеру және планканың үстіне дыбыстау нотасына байланысты орнату;

анағұрлым төмен барлық диапазон бойынша бірдей қозу шегін қалыптастыру үшін дыбыстау тілін орнатуды реттеу;

дыбыстау планкасының жиынтығын жинақтау схемасы бойынша құрастыру.

289. Білуге тиіс:

тілдік музыкалық аспаптардың дыбыстық планкасының күйін дыбыстау нотасы бойынша дыбыс тілдерін унисон, «розлив» арнайы станокта келтіру ережесі мен тәсілдері;

дыбыс тілдері тербелістерінің қозу шегін түзету тәсілдері, музыкалық білім, сызбаларды оқу, дыбыстау нотасын анықтау;

жинақтау схемасы мен мензураға сәйкес кесек планкаларды іріктеу ережесі және орналасу кезектілігі, дыбыстау тілдерінің күйін келтіру дәлдігінің аспаптың дыбыстық сапасына тигізетін әсері;

ойық клапандардың мақсаты және олардың дыбыстау тілінің тербелу жиілігінің өзгеруіне тигізетін әсері;

ойық клапаны, оның салмағы, тығыздығы, серпінділігіне байланысты дыбыстау тілдерінің күйін келтірудегі әдіптер;

кесу құралының геометриясы, қайрау, түзету және термоөңдеу ережесі, күйін келтіру станогының құрылысы;

дыбыстау тілінің күйін келтіруге байланысты оны баптау, реттеу және пайдалану ережесі мен тәсілдері.

Параграф 3. Тілдік аспаптардың күйін келтіруші, 6-разряд


290. Жұмыс сипаттамасы:

тілдік музыкалық аспаптардың күйін тербеліс жиілігі 440 Гц, бірінші октаваның «ля» камертоны (эталоны) бойынша дыбыстау нотасы бойынша тыңдау арқылы түпкілікті келтіру;

аспапты демонтаждау;

дыбыстау планкасын құрастыру сапасын, дыбыстау тілінің орнатылуы мен дыбыстау нотасына байланысты алдын ала күйін келтіруді қарастыру және тексеру;

тұтастай музыкалық диапазонның күйін кварт-квинт шеңбері бойынша, октава бойынша, резонаторларда унисонға немесе «розлив» келтіру;

шанақтағы аспаптың күйінің келтірілуін және қозу шегін тексеру;

құрастырылған аспапта дыбыстау планкасының қосымша күйін келтіру және дауыс ырғағын келтіру;

құралды қайрау және түзету.

291. Білуге тиіс:

әр түрлі тілдік музыкалық аспаптардың күйін түпкілікті келтіру ережесі мен тәсілдері;

табиғи және темпераланған музыкалық қатар, тілдік музыкалық аспаптардың диапазондары;

тілдік музыкалық аспаптардың барлық түрлерінің резонаторлары мен үнтілшелерінде құрастырылған дыбыстау планкаларын іріктеу ережесі және орналасу жүйелілігі;

кварт-квинт шеңбері бойынша күйін келтірудің дәлме-дәлдігін тексеру тәсілдері.

34. Тілдік аспаптарды реттеуші


Параграф 1. Тілдік аспаптарды реттеуші, 4-разряд
292. Жұмыс сипаттамасы:

тілдік музыкалық аспаптарды реттеуге дайындау;

бөлшектердің, тораптарды құрастыру және өзара әрекеттесуінің сапасын тексеру;

клапан, резонатор, үлбір рама, оң және сол жартылай шанақтарды, үнтілшелерді тексеру және ақаулықтарын түзету.

293. Білуге тиіс:

тілдік музыкалық аспаптардың бөлшектері мен тораптарының құрылысы, оларды өңдеу және құрастыру технологиялық процессі;

тілдік музыкалық аспаптардың әрбір бөлшектері мен тораптарына, оларды жасау үшін қолданылатын материалдың сапасына қойылатын талаптар;

әртүрлі бітеме, бояу, лактар, политраның құрамы мен дайындау тәсілдері;

сызбаларды оқу, кесу құралының геометриясы және қайрау ережесі.

Параграф 2. Тілдік аспаптарды реттеуші, 5-разряд


294. Жұмыс сипаттамасы:

тілдік музыкалық аспаптарды реттеу;

дайын құралдардың сыртқы түрі мен регистрлік музыкалық аспаптардың оң және сол механизмдерінің ойнау сапасын,барлық ықтимал тембрлерді ауыстырып қосу жеңілдігі мен дәлдігін, герметикалығын, клавишаның бірінен соң бірін басқан кезде диапазонның өн бойы бойынша дыбыстың қозу жеңілдігі мен біркелкілігін тексеру;

аспаптардың күйінің келтірілуін тербеліс жиілігі 440 Гц, бірінші октаваның «ля» камертоны (эталоны) бойынша тексеру;

бірінші октава шеңберінде хроматикалық темпераланған дыбыс қатарының кварт-квинт шеңбері бойынша 12 тонның барлығы бойынша тексеру;

жоғарғы, орта және төменгі регистрлердің келесі октаваларын октаваға, унисонға және «розлив» - квинтпен, квартпен, терциямен тексеру және диапазонның барлығы бойынша аккордтардың дыбыстауын тексеру;

барлық анықталған ақаулықтарды жою.

295. Білуге тиіс:

тілдік музыкалық аспаптарды реттеу жұмыстарын орындаудың әдіс-тәсілдері мен кезектілігі, әртүрлі тілдік музыкалық аспаптардың құрылысы;

дайын тілдік музыкалық аспаптар мен қолданылатын материалдардың мемлекеттік стандарты және техникалық шарттары;

дыбыстық және математикалық көріністегі үндесім, музыкалық интервал, күйін келтіру тәсілдері және күйі келтірілген аспаптарды тексеру;

клавиатуралық механизмдердің бөлшектері мен тораптарының өзара әрекеттесуінің кинематикалық схемасы;

қолданылатын материалдардың, тораптардың құрастырылу сапасы мен бөлшектердің жанасуының аспаптың ойнау және дыбыстау сапасына тигізетін әсері;

арнайы құралдарды пайдалану ережесі;

бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты, оларды пайдалану ережесі;

музыкалық білім.

35. Тілдік аспаптарды құрастырушы
Параграф 1. Тілдік аспаптарды құрастырушы, 1-разряд
296. Жұмыс сипаттамасы:

тілдік музыкалық аспаптардың бөлшектері мен тораптарын құрастыруға дайындық жұмыстарын орындау;

нөмірлері бойынша қалыптаудан кейін бірінші және екінші ойық мензурасына және олардың өту бағытына сәйкес дыбыстау планкаларының рамаларын іріктеу;

дыбыстау планкаларының рамаларын сүргілеуден кейін және белгіленген тәртіппен сауытқа салғаннан кейін оларды октавалары бойынша іріктеу және сұрыптау;

дыбыстау планкаларын орауға арналған материалдарды дайындау;

клапан ұстағыштарды іріктеу, орнату және октава, аккомпанемент, мелодия клапанына бекіту;

клавишаны клапанға бекіту үшін шеңбер мен шайбаны ойық клапанды серіппені арнайы айлабұйымдарда жасау, былғарыдан пішу;

кесу құралын қайрау;

сызбаға сәйкес операциялық бақылау.

297. Білуге тиіс:

тілдік музыкалық аспаптардың бөлшектері мен тораптарын құрастыруға дайындық жұмыстарын орындау әдіс-тәсілдері;

дыбыстау планкаларының рамаларын мензура бойынша іріктеу ережесі, оларды арнайы сауытқа салу және орау тәртібі;

дыбыстау планкаларының рамаларын өңдеу сапасына қойылатын талаптар, клапан ұстағыштардың мақсаты;

лайка және хром былғарыдан жасалған бекіту бөлшектерінің мақсаты мен өлшемі, кесу құралының геометриясы;

пайдалану ережесі;

арнайы айлабұйымдардың құрылысы.

Параграф 2. Тілдік аспаптарды құрастырушы, 2-разряд
298. Жұмыс сипаттамасы:

тілдік музыкалық аспаптардың бөлшектері мен тораптарын құрастыру;

клавиатуралық пластиналарды орнату және бекіту;

грифтерді бекіту;

серіппені іріктеу;

резонаторларды орнату және бекіту;

бауларды сызбалар бойынша құрастыру және бекіту;

механизм бөлшектерін сызбалар бойынша слесарлық өңдеу;

түйме мен кнопкаларды сапасы, түсі мен формасы бойынша іріктеу және сұрыптау;

итергіштер мен клавиатуралық рычагтарды белгіленген температураға дейін арнайы қыздыру аспаптарында түйме мен кнопкалардың материалдарының сапасын ескере отырып қыздыру;

пластмасса түйме мен кнопкаларды итергіштер мен клавиатуралық рычагтарға нығыздау;

резонатор, клапан, түйме, үлбірге арнап шаблондар бойынша төсемелерді арнайы айлабұйымдарда жасау және былғарыдан пішу;

төсемелер мен амортизациялаушы бөлшектерді жапсырылатын материалдардың икемділігіне, герметикалығына нұқсан келтірмей, желімнің ағуына жол бермей орнату;

материалдарды сорты, ені, біртектілігі, серпінділігі мен түсі бойынша іріктеу;

слесарлық және ұсталық құралды қайрау.

299. Білуге тиіс:

тілдік музыкалық аспаптардың бөлшектері мен тораптарын құрастыру әдіс-тәсілдері, құрастырылатын бөлшектер мен тораптардың атауы, құрылысы мен мақсаты;

итергіштер мен клавиатуралық рычагтарды қыздырудың температуралық режимі, қыздыру аспаптарын пайдалану қағидаты, олармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережесі;

былғарыны кесу және өңдеу үшін қолданылатын арнайы жабдықтардың құрылымдық ерекшеліктері мен оларды пайдалану ережесі;

қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын талаптар, былғарыдан жасалатын дайындамалар мен бөлшектердің сапасын оны қосымша өңдеу арқылы жақсарту тәсілдері;

бақылау-өлшеу, жұмыс және кесу құралдарын пайдалану ережесі;

қарапайым сызбаларды оқу, арнайы кесу құралын қайрау ережесі;

шектеулер мен қондырулар.

300. Жұмыс үлгілері:

1) біліктер, пластиналар, резонаторлардың бекіткіштері, кронштейндер мен механизмнің басқа да бөлшектері - слесарлық өңдеу;

2) біліктер – түзету және сызбалар бойынша орнату;

3) гармонның үлбір камерасы - бұрыштарын қолмен бекіту, әртүрлі материалдармен желімдеу, папканың боры мен бұрыштарының параллельділігін қамтамасыз ету;

4) шанағы – қалыпталған металл бұрыштарын бекіту;

5) бас жапсырмалар, сол механиканың кронштейндері – орнату және бекіту;

6) платик – саңылауды өңдеу, қашау және шанаққа орнату;

7) үлбір рамалар, бас жапсырмалар, үнтілше, клапан, түйме, тор – жапсырманы матаға, лайкаға және күдеріге жабыстыру;

8) гармон ромбиктері – тілу;

9) үлбір камералардың ромбиктері – жасау, өңдеу және герметикалығын арнайы аспапта тексеру.

Параграф 3. Тілдік аспаптарды құрастырушы, 3-разряд

301. Жұмыс сипаттамасы:

тілдік музыкалық аспаптардың күрделілігі орташа бөлшектері мен тораптарын құрастыру;

екі педальді регистрлік ауыстырып қосқыштарды құрастыру;

каркас оң торды құрастыру;

оң және сол механизмдерді жекелеп құрастыру және алдын ала реттеу;

үлбір рамаларды құрастыру;

үлбір камералардың боринасын биіктігі мен ені бойынша түзету, оның ішкі бетін желімдеу;

үлбір ромбиктерін іріктеу және герметикалығы мен икемділігін тексеру;

ромбиктерді кесіп және кере отырып жабыстыру;

барлық түрлі резонаторлардың бөлшектері мен тораптарын операция сайын құрастыру;

резонаторлардың жапсырмасы мен жоғарғы бөлігін жабыстыру;

жапсырмаларды жабыстыру және резонатордағы ауа камераларын дыбыстық планкалардың көлемі және дыбыстау тілдерінің дыбыстау нотасы бойынша жасау;

жапсырмаларды дыбыстау планкасының ені бойынша өңдеу;

шпонды розетканың ойығына жабыстыру;

резонатордың жабыстырылған бөлшектерін қысым астында ұстау режимін сақтау;

фагот (сынық) үнтілшедегі резонаторларды орнату;

үлбірмен құрастырылған оң және сол жартылай шанақтарды құрастыру;

оң және сол торды орнату;

рычагтың, біліктің қадамын сызбаға сәйкес алдын ала реттеу;

былғарыны кептіру, керу, түгін көтеру, өңдеу және бояу;

дыбыстау планкасының мензурасына сәйкес ойық клапандарының дайындамасын іріктеу, сұрыптау және орналастыру;

ойық клапандарының анағұрлым көп шығару мақсатында тиімді пішілуін анықтау;

клавишаны, кнопкалар мен түймелерді түсі бойынша іріктеу;

кнопкалар мен түймелерді итергіштер мен рычагтарға енгізу үшін арнайы станокты қатаң түрде сызбалар бойынша және енгізудің қажетті тереңдігіне баптау;

итергіштер мен клавиатуралық рычагтың температуралық режимін реттеу;

кнопкалар мен түймелерді итергіштер мен рычагтарға сызбаларға сәйкес арнайы айлабұйымдарда енгізу.

302. Білуге тиіс:

тілдік музыкалық аспаптардың күрделілігі орташа бөлшектері мен тораптарын құрастыру әдіс-тәсілдері;

резонаторларды жасау үшін қолданылатын ағаш жынысы, ақаулықтары мен қасиеттері;

желімдеу материалдарын дайындау тәсілдері;

металды әртүрлі материалдармен жабыстыру ережесі мен режимі, кнопкалар мен түймелерді нығыздау алдында итергіштер мен клавиатуралық рычагты қыздырудың тиімді режимін іріктеу ережесі;

оң және сол клавиатураны клавишаның, кнопканың, түйменің түсі, реңкі мен құрылысы бойынша іріктеу тәртібі, тілдік музыкалық аспаптар акустикасының негіздері;

дыбыстау тілдері мен ойық клапандарының физикалық-механикалық қасиеттері;

ойық клапандарының дыбыс ырғағын келтіру әдістері, илеу экстрактілері мен бояулардың құрамы мен қасиеттері оларды дайындау тәсілдері;

былғарыны химиялық реактивтерді өңдеу тәсілдері және былғарыны дымқылдау процессінде астауды реттеу;

былғарыны кептіру және өңдеу режимі, ойық клапанының көлемнің үлкендігі мен қалыңдығының тілдің мензурасына пропорционал тәуелділігі;

дайындаманы анағұрлым шығара отырып, былғарыны тиімді пішу әдістері методы, былғары сапасының тілдік музыкалық аспаптардың ойнау және дыбыстау сапасына тигізетін ықпалы;

ойық клапаны қалыңдығының дыбыс тілінің тербеліс жиілігінің өзгеруіне тигізетін ықпалы, клапанның құрылысы мен қызмет ету қағидасы;

күрделі сызбаларды оқу, арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, оларды пайдалану ережесі.

303. Жұмыс үлгілері:

1) грифтер-алдыңғы және артқы жартылай грифтерді, клавиатураны құрастыру;

2) регистрлік үнтілшелер- кронштейндерді бекіту және орнату;

3) дайындамаларды лайка және хром былғарыдан жасау-іріктеу, сұрыптау, химиялық өңдеу;

4) планканың дыбыстық тілдеріне арналған камералар - өңдеу;

5) декомпрессиондық клапандар – құрастыру;

6) ойық клапандар-өлшемдері бойынша жасау, регистрлері бойынша іріктеу;

7) резонаторлардың жіктері – жапсырмамен желімдеу;

8) шанақ -гриф астындағы, бүйір, резонатор астындағы бөренелерді, бас жапсырмалар мен басқа да бөлшектерді желімдеу;

9) шанақтың жиектері мен бұрыштары, грифтің кесігі мен үсті-металл платикамен құрсаулау, оларды түйреуішпен бекіту;

10) сол механизмдер – тұғырларды орнату, біліктерді рычагпен тіркеу;

11) оң механизмдер – түйме және клапан рычагтарын құрастыру;

12) резонаторлардың қалқасы – жігімен жабыстыру;

13) дыбыстау планкасы - ойық клапандарын жабыстыру, серіппені (ұстағыштарды) бекіту, мензурасы мен үндесімділігі бойынша дауыс ырғағын келтіру;

14) платика, грифтің үсті және кесектері – құрсаулау;

15) таяқша – мелодия резонаторларының ортасына жабыстыру;

16) гармон резонаторлары – құрастыру;

17) резонаторлардың розеткалары - жабыстыру;

18) оркестрлік баяндардың, пикколо баяндардың металл шанақтарының бұрыштары – құрсаулау.

Параграф 4. Тілдік аспаптарды құрастырушы, 4-разряд
304. Жұмыс сипаттамасы:

тілдік музыкалық аспаптардың күрделі бөлшектері мен тораптарын құрастыру;

оң және сол механизмдер мен 2-3 дауысты тілдік музыкалық аспаптардың регистрлік ауыстырып қосқыштарын түпкілікті құрастыру;

үш және одан да көп клавишасы бар регистрлердің ауыстырып қосқыштарын құрастыру;

концерттік, оркестрлік, тапсырыспен жасалған аспаптардан басқа, тілдік музыкалық аспаптардың мелодия, октава, контроктава және аккомпанемент резонаторларын толық құрастыру;

кірме камералардың тереңдігін дыбыстау тілінің тербелу амплитудасы бойынша анықтау, розетканың резонатордың ауа камераларына қатысты орналасу симметриялығын сақтау;

струбцинадағы резонаторлардың желімделген бөліктерін ұстау режимін белгілеу;

ортаның пластысын, резонатордың аралықтары мен үстін, бүйір жазықтықтарын өңдеу, резонатор үстінің кесектерін сопақшалау;

октава астындағы бөренелерді желімдеу, ойықтарды іріктеу;

көп тембрлі тілдік музыкалық аспаптардың торларын орнату және бекіту;

үлбір рамкалы үлбір қабырғаларын құрастыру;

үлбірдің боринасын сурет пен түсті көркем таңдай отырып және құралдың жалпы композициялық шешіміне сәйкес матамен жабыстыру;

көркемдік, дыбыстық талаптарды орындай отырып, сондай-ақ ағаш текстурасын, талшықтардың бағытын ескеріп, шанақ пен грифті ұсталық өңдеу.

305. Білуге тиіс:

тілдік музыкалық аспаптардың күрделі бөлшектері мен тораптарын құрастыру әдіс-тәсілдері, тілдік музыкалық аспаптардың құрылымдық ерекшеліктері;

құрастыру сапасының аспаптың дыбыстау және ойнау сапасына тигізетін әсері;

әр түрлі жынысты ағаштың акустикалық және механикалық қасиеттері;

қолданылатын материалдар мен жасалатын бұйымдарға қойылатын талаптар;

барлық түрлі резонаторларды құрастырудың технологиялық процессі;

дыбыс жасауда резонатор камераларының құрылысының мәні, клавиатура барысының дәлме-дәлдігінің, клапандардың көтерілу ауқымының, ойнау кезіндегі шудың аспаптың дыбыстау және ойнау сапасына тигізетін әсері;

клавиатура барысын және тембрді ауыстырып қосқыштарды реттеу әдістері;

бекіту бөлшектерінің номенклатурасы, дыбыстау планкаларының октаваларға сәйкес нөмірлері, арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымдық ерекшеліктері мен оларды реттеу ережесі;

музыкалық білім негіздері, шектеулер мен қондыру, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері.

306. Жұмыс үлгілері:

1) көп тембрлі тілдік музыкалық аспаптардың үнтілшелері – құрастыру және корпусқа орнату;

2) тапсырыспен жасалған тілдік музыкалық аспаптардың клавиатуралық механизмдерінің оң кнопкалары – жасау және рычагпен құрастыру;

3) регистрлік аспаптардың корпусы – құрастыру және ұсталық өңдеу;

4) үлбір - бұрыштарды орнату және бекіту, жасанды былғары жолағын боринаға жабыстыру;

5) резонаторлар, дыбыстау планкалары – мензурасы бойынша құрастыру.

Параграф 5. Тілдік аспаптарды құрастырушы, 5-разряд


307. Жұмыс сипаттамасы:

тілдік музыкалық аспаптардың өте күрделі бөлшектері мен тораптарын құрастыру;

ерекше тапсырыспен жасалған және экспортқа шығарылған 2-3 дауысты тілдік музыкалық аспаптарды толық құрастыру, қиыстырып келтіру, реттеу;

үлбірге эскиз жасау және оны тапсырыс берушінің алаптары бойынша жасау;

үлбірдің герметикалығын тексеру;

концерттік, оркестрлік, тапсырыспен жасалған тілдік музыкалық аспаптарға арналған мелодия, аккомпанемент және бас резонаторларының бөлшектері мен тораптарын жасау, құрастыру және өңдеу жұмыстарын кешенді орындау;

камераның тиімді көлемін дыбыстау тілдерінің нотасына байланысты анықтау;

резонаторларға арналған барлық бөлшектерді белгіленген диапазон, дыбыстау планкаларының жиынтығы мен сызбалар бойынша белгілеу және оларды өңдеу;

аспаптың ойнау қасиеттерін – клавиатура жеңілдігін, біркелкілігін, үн тазалығын тексеру;

аспаптың дыбыс шығару қасиеттерін – қозу шегінің жеңілдігін, біркелкілігін және дыбыс тілдерінде кедергілердің болмауын, дыбыс күші мен тембрін тексеру;

регистрлерді ауыстырып қосу механизмін ауыстырып қосу дәлдігі мен үнтілшедегі кірме саңылауларды жабу ауқымы бойынша реттеу;

регистрдің ауыстырып қосу клавишасына белгіленген тембрге сәйкес белгі жазу;

клавиша барысының, кнопкалар мен түймелердің тереңдігін реттеу;

сызбалар мен эскиздер бойынша шаблон жасау;

резонаторлардың аса күрделі бөлшектері өндірісіне арналған арнайы сулагаларды жасау;

арнайы айлабұйымдарды реттеу және баптау.

308. Білуге тиіс:

тілдік музыкалық аспаптардың өте күрделі бөлшектері мен тораптарын құрастыру әдіс-тәсілдері, 2-3 дауысты тілдік музыкалық аспаптарды толық құрастыру технологиялық процессі;

тілдік музыкалық аспаптардың құрылысы, үлбір жасаудың технологиялық процессі, үлбір жасау сапасының аспаптың ойнау сапасы мен дауыс күшіне тигізетін әсері;

үлбір камера бөлшектерінің өлшемін аспаптың диапазонына байланысты айқындау әдістері;

резонаторлар мен дыбыстау планкаларының құрылысы және оларға қойылатын талаптар, дыбыстау планкаларын дыбыстау ноталары бойынша орналастыру тәртібі;

резонатор камераларының тиімді көлемін анықтау тәсілдері, ауа камералары көлемінің аспаптың дыбыстау сапасына тигізетін әсері;

бөлшектер мен тораптарды өңдеудің тиімді режимін іріктеу ережесі;

резонаторлар бөлшектерінің желімделетін бетіне желім жағу тәсілдері және желім қабатының резонаторлардың дыбыстау қасиеттеріне тигізетін ықпалы;

герметикалығын тексеру тәсілдері, дыбыстау сапасы және тілдік музыкалық аспаптарды ойнау қасиеттері;

желімдеу материалдарының рецептурасын жасау және оларды дайындау, бөлшектер мен тораптарды өңдеу мен құрастырудың тиімді технологиялық жүйелілігін іріктеу ережесі;

құрастыру ақаулықтары және оларды жою тәсілдері, арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы;

реттеу және баптау тәсілдері, күрделі конфигурациялы және арнайы айлабұйымдардың бөлшектеріне эскиз бен жұмыс сызбаларын жасау ережесі.

Параграф 6. Тілдік аспаптарды құрастырушы, 6-разряд
309. Жұмыс сипаттамасы:

концерттік, оркестрлік, тембрлік, іріктелген және көп тембрлі ерекше тапсырыспен жасалған және экспортқа шығару үшін жасалған тілдік музыкалық аспаптарды толық құрастыру және қиыстырып келтіру;

бөлшектер мен тораптарды сызбалар мен схемалар бойынша жасау. дайын аспапта қозу шегін және дыбыстау тілдерінің тербелу кедергілерін анықтау;

дыбысы өте төмен болған кезде тілдік музыкалық аспаптардың барлық диапазоны бойынша дыбыстау тембрінің біркелкілігін қамтамасыз ету;

құрастырылған аспапты өңдеу;

клавишалардың, кнопкалардың, түймелердің, клавиатуралық механизмдердің, регистрлерді ауыстырып қосу механизмдерінің статикалық кедергілерін тексеру;

дайын аспаптың герметикалығын тексеру;

клавиатуралық механизмдер мен регистрлерді ауыстырып қосу механизмдерін реттеу;

оң және сол механизмдерге арналған бөлшектер мен тораптардың құрылысын жасау, құрастыру және оларды реттеу;

өте күрделі, жоғары сапалы тілдік музыкалық аспаптардың эксперименталдық үлгілерінің эскиздерін, схемасын, сызбаларын әзірлеу.

310. Білуге тиіс:

тілдік музыкалық аспаптардың бөлшектерін жасау, құрастыру және реттеудің толық технологиялық процессі, әр түрлі тілдік музыкалық аспаптардың құрылысы;

дыбыстау планкалары тілдерінің тербеліс амплитудасын, дыбыстау тілдерінің қозу шегі мен тербеліс кедергісін анықтау тәсілдері;

тілдік музыкалық аспаптардың барлық регистрлерін және барлық диапазондарын реттеу және баптау әдістері, ағаш өңдеу технологиясы және оның акустикалық қасиеттері;

тілдік музыкалық аспаптардың герметикалығын тексеру тәсілдері, дыбыстау сапасы мен ойнау қасиеттері;

тілдік музыкалық аспаптардың механикасын құрастырудың жоғары дәлдігіне қол жеткізу тәсілдері және оның аспаптың дыбыстау қасиеттеріне тигізетін әсері;

музыкалық білім, шектеулер мен қондыру;

квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдерінің жүйесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет