-
Жұмыс үлгілері:
-
әуе бомбылары – бугельдердің жіктерін тұздау;
-
оқ-дәрі – бугельдермен, болттармен, шайбалармен жинақтау;
-
бугельдер - түсіру, қаптау;
-
капсюл втулкалары, атылған – гильзадан қолмен бұрап алу;
-
гильзалар – тығын қақпақтарын және үйкелеу жүйелерін престеу;
-
гильзалар – майлау, тұздау, кернеу;
-
бардық калибрдегі гильзалар, металл қораптары – жаншылған жерлерді қолмен және станоктарда түзету;
-
артиллерия гильзалары - престе сыртқы және ішкі диаметрді калибрлеу, камерада тығындар, қапсырмалар бойынша тексеру, тұнбаларды түсіру, коррозиядан тазарту;
-
зарядтарға арналған картон гильзалар (жабдықталмаған) – жабу станогында оқпандардың ауыздарын жабу;
-
шпагаттан жасалған байламдар – жасау;
-
картуз бен жіберетін жерлердегі зарядтар – байламын шешу және байлау;
-
оқ-дәрі зарядтар – лак пошкаларынан, дәрі түтінің шаңынан және флегматизатор қалдықтарынан тазарту;
-
картуздар, заряд қапшықтары – сұрыптау және жөндеу;
-
снаряд корпустары – трассерлер мен гайкаларды бұрап алу, мыс жіппен бекіту;
-
артиллерия снарядтары мен интернді жабдықталған миналардың корпустары - тоқтату;
-
инертті жабдықталған миналар – тұрақтандырғыштарды керндеу;
-
тангенциалды тесіктер - герметизациялау;
-
артиллерия патрондары – қол престе ыспалайтын жүйені қысу, патрондау алдында белдік бөлігін майлау;
-
инертті жабдықталған реактивті снарядтар – сапты қақпақтарды және қозғалтқыш камераларынан негізгі бөліктерді бұрап алу.
119. Оқ-дәрілерді құрастырушы, 2-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
қолмен оқ-дәрілердің қарапайым және күрделілігі орташа тораптарын құрастыру (бөлшектеу), құрамында дәрі, ЖЗ, пиротехникалық құрам бар бұйымдарды құрастыру бойынша қарапайым жұмыстарды орындау, жабдықталмаған қарапайым немесе инертті жабдықталған бұйымдарды құрастыру. Шағын габаритті зарядтарды қолмен байланыстыру немесе желімдеу арқылы құрастыру. Бөлшектерді, тораптар мен бұйымдарды құрастыруға дайындау (инертті жабдықталған бұйымның орталық салмағын айқындау, сынауға дейін және кейін бұйымдарды өлшеу, желінген жерлерді бояу, тазарту, бұрандаларды қабыршақтардан тазалау, іріктеу, майлау және кружкаларды желімдеу, өлшемі және сыртқы түрі бойынша іріктеу). Арнайы аспаптарда салмақты немесе габаритті белгілер бойынша бөлшектерді топтарға сұрыптау. Құрастыру сапасын тексеру және бұйымдарды бөлінген топтар бойынша ТББ тапсыру.
-
Білуге тиіс:
атысты құрастыруға қойылатын техникалық шарттар, дәрі мен зарядтарға қойылатын техникалық талаптар, әр түрлі зарядтардың, дәрі маркаларының құрылғысы, дәріні реттеу ережесі, дәрі зарядтарын реттеу ережесі және ыспалау жүйесінің міндеті, тұтандырғыш түтіктердің құрылғысы және престеуге қойылатын талаптар, гильзалардағы зарядтарды герметикалауға қойылатын техникалық шарттар, флегматизаторлардың міндеті және оларды гильзаға салу кезінде қойылатын талаптар, ЖЗ, дәрі, пиротехникалық құрамдардың негізгі физикалық-химиялық қасиеті және оларды пайдалану ережесі, оқ-дәрілерді картуздарға және зарядтау қаптарына салу тәсілдері әрі зарядтарды картуздарға тігу ережесі, жұмыс және бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесі.
-
Жұмыс үлгілері:
-
әуе бомбалары – тұрақтандырғышы бар корпус жігін лентамен орау;
-
оқ-дәрілер – сыртқы диаметрлік және сызықты өлшемдерді өлшеу, таразының көмегімен салмақты сипаттарды айқындау;
-
қару-жарақтар – майларды түсіру;
-
бомбалар, миналар, ұрыс зарядтарының бөлімшелері – бөлшектеу, тазарту, сырлау;
-
тұтандырғыш – гильза ұшына жабыстыру, зарядқа бекіту;
-
үш призмадан тұратын тұтандырғыштар – байланыстыру;
-
тұтандырғыштар, жалын сөндіргіштер, зарядтар – картуздарға тігу, оқ-дәрі маркалары мен партиялары сұрыптау;
-
капсюл төлкелері – нөмірлері, клеймалары, партиялары және жарамдық дәрежесі бойынша сұрыптау;
-
капсюл төлкелері және гильзадағы оталдырғыш түтіктер – салқындату;
-
гильзалар – фланецтің ұзындығы мен диаметрін өлшеу, станокта және қолмен ыспалау жүйесі мен тығын қақпақтарын престеу, станокта және қолмен оталдырғыш түтіктерді престеу, оқпанның аузын кесу және токарлық станокта фланецті қайрау, оқпанның аузын қысу және біліктеу;
-
гильзалар, снарядтар – шорларды, қабыршақтарды, ойыстарды аралау, ұяшықтарды белгілеушілермен калибрлеу;
-
жабдықталмаған зымыран қозғалтқыштары – тысын алып тастау, гидрооқшауларды алу;
-
стаканның түбі, алдыңғы – зымыран қозғалтқышынан ажырату;
-
дәрілік зарядтар – құрастырғыштар мен пеналдарға салу (алу);
-
гильзадағы зарядтар – қолмен реттеу;
-
бөлек оқтау атысына және домалақ емес қарулардың атысына арналған зарядтар – жинақтау;
-
зымыран камералары – сақтандырғыш дискіні, бұқтырмаларды бұрып алу;
-
тұтандырғышы бар каркас – қозғалтқышқа салу;
-
тұтандырғыш корпусы – бортиктарды бұрау;
-
жз толтырылған снаряд корпусы – бас жағын бекіту, нөмірлерді шағу;
-
инертті толтырылған снарядтардың корпустары – гильзамен біріктіру, жабдықтау (толтырғышты алып тастау), мыс жіппен байлау;
-
снаряд корпусы – трассерлі гайкаларды бұрау (бұрап алу), инертті құтылармен жабдықтау;
-
пулемет магазиндері, ленталары – жабдықтау;
-
мина 120 мм, жарық беретін – құрастыру үшін бөлшектерді жинақтау, тығынды негізгі ұяшыққа бұрау;
-
теңіз миналары – қақпағын түсіру;
-
инертті жабдықталған миналар – тұрақтандырғыштарды бұрау, қайта ату үшін қалпына келтір, негізгі зарядты тұрақтандырғышқа салу;
-
миналар, инертті жабдықталған реактивті снарядтар – төлкелер мен бос жарғыштарды бұрап алу, орталық салмағын айқындау;
-
жз жабдықталған миналар – тұрақтандырғышты керндеу және қосымша зарядтарды тұрақтандырғышқа ілу;
-
баллистикалық ұштықтар – снарядтың негізгі бөлігіне бұрау (бұрап алу);
-
оталдырғыш және сигнал беру патрондары – гильзаны капсюлдеу, жұлдызшаларды корпустарға салу, орау және зиговкалау;
-
пиропатрондар – шығарып алу және тексеру;
-
пирошамдар – бөлшектеу, құрастыру, пиропатрондармен жабдықтау;
-
жалын сөндіргіштер, флегматизаторлар – зарядтары бар гильзаларға жинау;
-
түтіні жоқ дәрі – берілген өлшемге кесу, ысқылау, майсыздандыру;
-
түтікті дәрілер – байламдау, жинау;
-
зарядтарға арналған түтік будалары – байлау;
-
теңіз қарулары зарядтарына арналған орталық будалар – құрастыру;
-
снарядтар мен миналар-орталықтың жуандануын және снарядтардың жетекші іздеушілерін сақиналармен, миналарды трубалар мен проймалармен тексеру;
-
жабдықталмаған артиллерия снарядтары мен миналары – станокта бекіткіш бұрама өкшелері бойынша ұяшықтар бұрғылау;
-
жабдықталмаған немесе инертті жабдықталған әр түрлі калибрлі снарядтар, миналар, әуе бомбалары – негізгі және берілген бөліктегі ұяшық бұрандаларының, қолмен және станокта бекіткіш бұрама бойынша бұранданың ақауларын тексеру;
-
жабдықталған артиллерия снарядтар – орталық жуандатқышқа, белдеу бөлікке, ұяшықтардың бұрандаларына және берілген бөліктің бұрандаларына май жағу;
-
ЖЗ жабдықталмаған реактивті снарядтар-қозғалтқыш камераларынан сапты қақпақтарды және негізгі бөліктерді бұрап алу;
-
тұрақтандырғыш – ауытқушылықты түзету және жою;
-
трассерлер – тұрақтандырғыштың қанаттарына бекіту;
-
кері теппейтін қаруға арналған атыстағы заряд құрылғыларының түтіктері – біріктіру және ажырату;
-
металл тығыны – түрлері және жарамдылық дәрежесі бойынша сұрыптау;
-
от өткізгіш шнур – ұзындығын өлшеу.
120. Оқ-дәрілерді құрастырушы 3-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
сағат механизмі бар оқ-дәрінің күрделі тораптарын құрастыру (бөлшектеу). Калибрі 100 миллиметрге дейін артиллериялық снарядтар мен миналарды құрастыру. Гильзаларды зарядтармен жабдықтау әрі патрондау және сынау камераларында калибрі100 милиметрге дейін атысты калибрлеу. Құрамында оқ-дәрі, ЖЗ, пиротехникалық құрамдар мен капсюльдер бар,салмағы 500 кг дейін зымырандардың ұрыс бөлігін құрастыру бойынша күрделілігі орташа жұмыстарды орындау. Құрастыру алдында және құрастыру процесінде дайындық және тексеру жұмыстарын орындау, жабдықталатын бұйымдарда бекіткіш бұрамалардың астынан ұяшықтар бұрғылау, қолмен немесе аспаптардың көмегімен стапельге орнатып, қарапайым конфигурациялы (цилиндрлік, конустық) салмағы 200 кг дейін бұйымдарды тексеру, инертті жабдықталған бұйымдар инерциясының экваторлық және полярлық сәттерін анықтау. Оқшаулардың кедергілерін және тізбектің тұтастығын тексеру. Қалайымен және дәнекерлеушілермен дәнекерлеу. Сынақтарды пневматикалық және гидравликалық сынау. Станоктарда шағын габаритті зарядтарды құрастыру. Қозғалтқыштарды зарядтармен, тұтандырғыштармен және оталдырғыштармен жабдықтау. Дайын зарядтарға герметикалық құрам құю. Құрастырылған қозғалтқыштарды тексеру, реттеу. Бұйымдарды құрастыру және сынау кезінде анықталған ақауларды жою. Құрастырылған бұйымдарды ТББ тапсыру.
-
Білуге тиіс:
дәрілердің, ЖЗ мен пиротехникалық құрамдардың негізгі физикалық-химиялық негіздері, бұйымдардың түрлері мен калибрлері және оларды пайдалану ережесі, қару-жарақтың құрастырылатын тораптары мен бұйымдарының құрылғысы, міндеті және жұмыс істеу принципі, бұйымдарды құрастыруға қойылатын техникалық шарттар, снарядтарға таңба және жарғыштарға клейма салу, снарядтардағы негізгі жарғыштар мен түтіктерді дайындау ережесі.
-
Жұмыс үлгілері:
-
салмағы 500 кг дейін әуе бомбылары – тұрақтандырғыштармен бұрау;
-
оқ-дәрілер – капсюлдер немесе оталдырғыш түтіктер салу, электрлік капсюлді төлкелерді гильзаларға бұрау, жабдықталған оталдырғыш стакандар мен бос жарғыштарды бұрау;
-
сағат механизмдері бар қару-жарақтар – іске қосылу дәлдігін тексеру;
-
оқ-дәрі – таразыларда өлшеу және баллистикалық белгілерді жағу;
-
оқ-дәрі – станокта немесе қолмен патрондау, таразыларда құрама дәріден тұратын зарядтарды өлшеу;
-
торпеда БЗО – орнату, электр тізбектің кедергілерін тексеруге арналған бекіткіштер, контейнерді азотпен толтыру;
-
бомбалар, БЗО, миналар – құрастыру;
-
капсюл төлкелері – қолмен және станокта снарядтарды патрондарға немесе зарядтарға, ұяшықтарға бұрау (бұрап алу), бұралуын тексеру;
-
атыс, артиллериялық, жарғыштар – тораптар мен бөлшектерге бөлшектеу;
-
гильзалар – станоктарда немесе престерде қысу, сынауға дейін және кейін барлық өлшемді айқындау;
-
гильзалар – түтікті және түйірлі дәріден тұратын құрама зарядтармен жабдықтау;
-
электр оталдырғыш төлкесі бар гильзалар – салқындату;
-
гильзалар – капсюлдерді немесе оталдырғыш түтіктерді салу;
-
қозғалтқыштар, оқ-дәрілік, реактивті – құрастыру, стенд сынақтары кезінде бөлшектеу;
-
руль қозғалтқыштары – зымыраннан түсіру;
-
іске қосу қозғалтқыштары – құрастыру кезінде бұйымдарды орнатып және түсіріп «сухарьға» май құю;
-
реактив қозғалтқыштары – плитаны сатыдан ажырату;
-
бұқтырмалар, пирошамдар – оқшаулауды тексеру;
-
гильзадағы зарядтар – станоктарда (дірілмашиналарында) реттеу;
-
дайын зарядтар – герметикалайтын құрамды құю;
-
пироксилинді оқ-дәріден жасалған зарядтар – станокта құрастыру (байлау);
-
минасыздандыру зарядтары – реактивтік қозғалтқыштар мен жарылғыш құрылғыларды орнату;
-
жаратын зарядтар – реактивті снарядтардың басындағы бөлігі зарядтарының ұяшықтарына ЖЗ құтыларын салу;
-
салмағы 200 кг дейін зымыран техникасының бұйымдары – орнату және стапелде тексеру;
-
зымыран камерасы – басындағы бөлікке бұрау (бұрап алу);
-
снаряд корпусы – трассерлі гайканы трассермен жабдықтау және трассерлі гайканы трассермен бұрау;
-
барлық калибрдегі снарядтардың корпустары – түптерін бұрап алу, бұрау, жарғыш заттармен (блоктармен) жабдықтау, негізгі ұрыс жарғыштарын бұрау және оларды станокта керндеу;
-
артиллериялық миналар – тұрақтандырғыштарды бұрау, бұрып алу;
-
жабдықталған миналар –негізгі зарядты тұрақтандырғышқа салу;
-
артиллериялық патрон – станокта ЖЗ жабдықталған снарядты корпуспен қасу;
-
ЖЗ толтырылған артиллерия патрондары және снаряд корпустары – камера және рейсмуг бойынша тексеру, гильзада тесік бұрғылау және оны бекіту;
-
зымыран – монтаждау-жіктеу арбашықтарында сақиналау;
-
снарядтар мен миналар – басындағы және түбіндегі бөлік ұяшықтарының бұрандаларын және бекіткіш бұрама тесігінің бұрандасын белгілегішпен түзету, негізгі жарғыштар мен түтіктерді бекіту;
-
жабдықталған снарядтар мен миналар – станокта бекіткіш бұрама өкшесі бойынша ұяшық тесу;
-
снарядтар – қолмен керндеп снаряд ұяшығында берілген жарғышты бекіту, 3 қырлы призмада орталық салмағын айқындау;
-
айналмайтын кумулятивті снарядтар – бүру;
-
снарядтар, миналар – оталдырғыш станоктарды бұрау, бұрап алу;
-
тұрақтандырғыш – зымыран камерасынан бұрап алу, бұрау;
-
жарғыш заттардың құтылары – блоктарға желімдеу.
121. Оқ-дәрілерді құрастырушы, 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
сағатты механизмдері мен пиротехникалық бұйымдары бар оқ-дәрінің озық партиясының күрделі және негізгі тораптарын құрастыру (бөлшектеу). Калибрі 100-ден 152 дейін артиллерия, реактивті және кумулятивті снарядтар мен миналарды, миналық-торпедалық ұрыс запастарының бұйымдарын және салмағы 500 кг дейін арнайы бұйымдарды, құрамында дәрі, ЖЗ, пиротехникалық құрам бар, салмағы 500 кг дейін зымырандардың ұрыс бөлігінің күрделі және жауапты тораптарын құрастыру. Сынау камераларында калибрі 100 миллиметрден артық атысты және кумулятивті снаряды бар атысты патрондау және калибрлеу. Атысты, снарядты, миналарды жарғыштармен жабдықталған түрге келтіру және оларды керндеу. Тығыздағыш астарларды, астарларды есептеу, іріктеу және престеу, рискалар жағу және артиллерия снарядтарын құрастыру кезінде астардағы оттискінің сапасын бақылау. Полигонды сынақ кезінде электр схемаларды құрастыру және монтаждау, электр өткізгіштерді және көпірлерді, тұтанғыш электр құралдарын, қозғалтқыштардың мен реактивті снарядтардың жабдықталуын тексеру. Желімдеу әдісімен қатты отынның жекелеген блоктарынан орташа мөлшердегі зарядтарды құрастыру. Қозғалтқыштардың құрастырылған тораптарын құрастыру дәлдігіне және герметикалығына тексеру. Құрастырылатын бұйымдардың гидравликалық және пневматикалық сынақтары. Бұйымдарды ТББ тапсыру.
-
Білуге тиіс:
дәрілердің, ЖЗ және пиротехникалық құрамдардың физикалық-химиялық қасиеті, бұйымдардың түрлері мен калибрлері және оларды пайдалану ережесі, құрастырылатын тораптар мен бұйымдардың міндеті және оларды құрастыру (бөлшектеу) ережесі, тізбектердің электр өткізгіштігін тексеру үшін қолданылатын электр схемалар, тұтандырғыш құралдың құрылғылары, зарядты қозғалтқышқа салу және артиллерия снарядтарын құрастыру кезінде есептеу әдіснамасы, қатты отынның негізгі қасиеті және оларды пайдалану ережесі, бұйымдарды құрастыруға (бөлшектеуге) қойылатын техникалық шарттар, шектеулер және бұйымдарды өлшеу жүйесі, орындалатын жұмыс көлемінде электр техниканы.
-
Жұмыс үлгілері:
-
БЗО – кабельді бірігулерді монтаждау;
-
оқ-дәрінің барлық түрі – жарғыштарды қолмен жете бұралау;
-
жарғыштар мен түтіктер - салқындату;
-
атыс, снарядтар, миналар- толықтай жабдықталған түрлерін штатты жарғыштарға келтіру;
-
зымыран қозғалтқыштары, рульді – ішкі диаметр мен ұзындығын өлшеу, зымыранға орнату;
-
салмағы 3 т дейін оқ-дәрілік зымыран қозғалтқыштары – құрастыру, бөлшектеу;
-
қозғалтқыш – тұтандырғышты торға және қозғалтқыш снарядын зарядпен бекіту, түпті және сапты қақпақтарды бұрау, саптарды және сапты торларды орнату;
-
реактивті қозғалтқыштар-фюзляжда ұрыс бөлігін орнату, фюзеляжбен біріктіру;
-
кумулятивті бұйымдар – қалпақшаларды құрастыру;
-
зымыран камерасы – бас жағынан бұрау, зарядтарды оқ-дәрілерін алып тастау, тұтандырғыштар және электр тұтандырғыштар;
-
ЖЗ жабдықталған корпустар – трассерлі камера диаметрін өлшеу, тығыздаушы астарларды іріктеу;
-
реактивті снарядтардың корпустары – пиропатрондарды, оқ-дәрі зарядтарын және тұтандырғыштарды салу;
-
ЖЗ жабдықталған миналар, БЗО, бомбалар – калибрлеу;
-
ЖЗ жабдықталған миналар – бөлшектеу, қосымша зарядтарды түсіру, негізгі зарядтарды экстракциялау және жарғыштарды бұрау;
-
миналар – артқы бөлік клапаны рычагтарын келтіру, КАП-3 тексеру;
-
пиропатрондар – пирошамдарға салу;
-
гидростатикалық миналы аспаптар және УГП, ПП-58, ГП-56, АППУ типтік сағатты механизмдері бар аспаптар – құрастыру, тексеру, реттеу;
-
зымыран – қозғалтқыш қондырғыны және басындағы бөлікті жабдықтау және құрастыру;
-
зымыран (ұрыс бөлігі) –электр тізбегін тексеру;
-
снарядтар мен миналар – бас жағындағы және түбіндегі жарғыштарды бұрау және бұрап алу, таразыларда өлшеу;
-
калибрі 100-ден 152 мм дейін артиллерия снарядтар – түпті бас жағынан бұрау;
-
снаряд 130 мм реактивті – басындағы бөлікті реактивті бөлікпен бұрау, түптер мен бастарын бұрап бекіту;
-
жз толтырылған снарядтар мен миналар – тығыздаушы астарларды іріктеп қолмен ұрыс жарғыштарын бұрау;
-
тұтандырғыш стакандар және қалпақшалар – бұрап алу, оларды ұрыс және инертті заттармен толтыру;
-
негізгі түтіктер – УМВ көпірінің көмегімен кедергіге тексеру.
122. Оқ-дәрілерді құрастырушы, 5-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
сағатты механизмдері бар оқ-дәрінің озық партияларының ерекше күрделі тораптарын құрастыру (бөлшектеу) және реттеу. Калибрі 180 мм және одан артың артиллерия снарядтарын құрастыру. Салмағы 500 кг артық зымыранның ұрыс бөлігінің күрделі және жауапты тораптарын құрастыру. Салмағы 10 т дейін дәрілік реактивті іске қосқыш қозғалтқыштарды жабдықтау, құрамында дәрі, ЖЗ, пиротехникалық құрамдар, қоспалы қатты отын зарядтары бар барлық өлшемдегі жарық бергіш әуе бомбыларын құрастыру. Бөлшектерді келтіріп, жарғыш және жаратын құрылғылардың барлық жүйесін баптау және реттеу. Эпоксидті компаундта және басқа да бекіткіштерде жекелеген күрделі тораптарды бұйымдарға салу. Озық және баллистикалық зарядтарды құрастыру. Жабдықталған түрін кумулятты снарядтарға келтіру және оларды керндеу. Бұйымдарды ТББ тапсыру.
-
Білуге тиіс:
ерекше күрделі тораптар мен бұйымдарды құрастыруға (бөлшектеуге) және реттеуге қойылатын техникалық талаптар, сағатты механизмдері бар жарғыштарды пісіру және реттеу амалдары әрі оларды сынау режимдері, жарғыштардың және жарғыш құралдардың жүйелері, құрастырылатын тораптар мен бұйымдардың конструкциясы мен міндеті, бұйымдарды өлшеу тәсілдері.
-
Жұмыс үлгілері:
-
электр механикалық жарғыштар – құрастыру;
-
реактивті қозғалтқыштар, тұтандырғыштар – жабдықтау;
-
зарядтар – 0,01 мм дейін дәлдікпен өлшеу;
-
әуе және түтікті миналардың корпустары – зәкірлерді корпустармен жіктеу;
-
артиллериялық снарядтар мен миналар, жабдықталған – станокта ұрыс жарғыштарын бұрау;
-
калибрі 180 мм және одан артық артиллерия снарядтары – берілген торапты құрастыру;
-
снарядтар, миналар және арнайы бұйымдар – 3 жіпті аспада тарту әдісімен инерция (полярлық және экваторлық) сәтін айқындау, роликтерде немесе призмаларда орталық эксцентрисит шамасын айқындау және есептеу.
Зымыран және торпедалық қару құрастырушы
123. Зымыран және торпедалық қару құрастырушы 2-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым және күрделілігі орташа агрегаттар мен тораптарды бөлшектеу. Жабдықтарды, аспаптарды, құралдарды, аспаптар мен бұйымдардың элементтерін тексеруге дайындау бойынша күрделі емес жұмыстарды орындау. Бұйымдардың бөлшектері мен агрегаттарын тазарту, жуу, үрлеу және майлау. Күрделі емес агрегаттардың жапырылған қабықшаларын түзету. Қарапайым колердің бояулары мен лактарын құрастыру. Агрегаттар мен бұйымдардың үстіңгі бояуын қалпына келтіру. Трафарет бойынша цифрлар мен әріптерді түсіру. Жоғары және төмен қысымды шлангтарды біріктіру. Жоғары білікті құрастырушының басшылығымен бұйымдарды көлденең тексерген кезде жекелеген монтаждау операцияларын орындау.
-
Білуге тиіс:
бұйымның қозғалтқыш қондырғылары құрылғысының принциптері және жабдықтар мен аппаратураны тексеруге дайындау тәртібі, зымыран мен торпедаларды пайдалану ережесі, жөнделетін торпедалардың, зымыран мен агрегаттардың атауы, күрделі емес агрегаттардың құрылғысы және бөлшектердің атауы, майлау материалдары жөнінде негізгі мәліметтер және оларды қолдану тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптары мен жоғары және төмен қысымды шлангтарды қолдану ережесі.
-
Жұмыс үлгілері:
-
торпедалардың тәжірибелік заряд бөлімшелері, машина крандары және 1995 жылы шығарылған жетекші бөлімшелері – бөлшектеу;
-
торпеданың тәжірибелік заряд бөлімшелері және жетекші бөлімшелері – сыртқы және ішкі бетін бояу;
-
торпеданың резервуарлары, аккумуляторлық және жетекші бөлімшелері – ажарлағыш қабықшаларды қолданып станоктарда тазарту.
124. Зымыран және торпедалық қару құрастырушы, 3-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
бұйымдарды агрегаттарға бөлшектеу. Күрделі агрегаттарды бөлшектеу. Күрделілігі орташа агрегаттарды жөндеу, құрастыру және реттеу. Қысымы 20 кг/см2 дейін тораптар мен агрегаттарды пневматикалық және гидравликалық сынау. Торпеда желілерінің тұтастығын және ток өткізгіш тізбектердің оқшаулау кедергілерін тексеру. Электр агрегаттың қарапайым схемаларын тексеру. Станоктарда ажарлағыш машинаны немесе ажарлағыш шеңберлерді қолданып, бұйымның сыртқы бетінен терең рискалар мен коррозияларды кетіру. Күрделі емес агрегаттарды тексеру және сынау кезінде анықталған кінәраттарды жою. Ішкі қол жетпейтін бетіне және сыртқы бетіне бояуды 3-4 қабаттап жағып бояу. Бұйымдардың бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды арнайы ерітінділермен майсыздандыру және химиялық өңдеу. Бұйымның ауа резервуарларының, баллондарының және су отсектерінің ішкі бетінен майды кетіру және жағу. Бұйымдарды көлденең тексеру кезінде монтаждау жұмыстарын орындау.
-
Білуге тиіс:
бұйымдардың күрделі агрегаттарының құрылғысы және жұмыс істеу принципі, электрмен өлшеу аспаптарын қолдану ережесі, жөндеу және ауыстыру кезінде қолданылатын материалдар туралы негізгі мәліметтер, шектеулер мен әдіптер туралы негізгі түсінік және олардың сызбадағы белгілері, бұйымдарды сақтау кезінде металл коррозиясын тудыратын себептер және оларды коррозиядан қорғау әдістері.
-
Достарыңызбен бөлісу: |