1 бөлім. Жұмыссыздықтың теориялық негіздері


Халықты жұмыспен қамту саясаты



бет3/3
Дата11.06.2016
өлшемі0.97 Mb.
#128298
1   2   3

3. Халықты жұмыспен қамту саясаты .

3,1. Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы.

Жұмыссыздық – экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселелерінің бірі. Жұмыссыздықты әр түрлі мектеп өкілдері әр түрлі түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты рыноктық сұраныстың жетіспегендігімен түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік мектебінің теориясы- жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік теориясы қазіргі өкілдері- «монетаристер»- осы көзқарасты қолдады.

К. Маркстың қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория жұмыссыздықтың болуын біріншіден- капиталдың қорлануымен, екіншіден,- техника прогрессімен болатындығын көрсетеді.

Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-1834ж.ж) жасаған. Ол 1798жылы ˝ Халық саны туралы заңның тәжірибесі ˝

кітабын шығарған. Онда ол былай жазған: Жер шарындағы тұрғындар геометриалық прогрессиямен өседі: яғни әрбір 25 жылда 2 есе өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі : халық саны 1,2,4,8,16,32ж.т.б., ал өмір сүру жабдығы 1,2,3,4,5ж.т.б.

Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу қарқыны жоғарыдағы көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынадай қорытындыға келген:

тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі қайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп- салдары болып табылады.

Тұрғындардың қарқынды өсуін Мальтус ( әрбір 25жылда 2 есе өсуі) 17-ші ғасырда АҚШ-да тұрғындар саны тек табиғи өсіммен ғана емес, Еуропадан иммигранттар легінің келуімен де өскенің ескермеді.

Қазіргі жағдайда адамзаттың өмір сүру әдісінің тұрғындар қарқынының тез өсуінен қалмауы үшін мүмкіндіктер көп. Бұл туралы ағылшын экономисі Джон Бернал өзінің 1954 жылы шыққан ˝ Қоғам тарихындағы ғылым ˝ кітабында былай жазған : ˝Қазіргі уақытта атом ядросының бөлінуі негізіндеге ядролық энергия алынды және оны ядролық синтезден тіпті көп мөлшерде күтуге толық негіз бар , себебі тамақ өндірісін ары дамытудың шексіз екенін көрсетеді.

Ағылшын экономисі Джон Кейнетің баяндауынша, жұмыссыздық дұл тауарға сүранымның төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі мен жалақының өте жоғарылауының салдары деп түсіндірді. Төлем сұранымының жеткіліксіздігін ол адамдардың қор жинауға бейімділігімен және күрделі қаржыға ынталандырудың әлсіздігімен түсіндіреді. Оның ойынша, толық жұмыстылықпен қамтамасыз етуге болады, ол үшін адамдардың қор жинауға бейімділігін жою қажет және жұмыс орнын құру үшін жоғарғы деңгейлі күрделі қаржыны қарастырған дұрыс.

Батыс мектебінің өкілдері ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейін жұмыссыздықты дәстүрлі түсіндірумен, яғни жұмыссыздық –жолдамалы жұмыскердің өзінше еркін талдауы деп есептеледі. Жұмысшылар шектен тыс жоғары жалақы талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді.

Бұл теорияны ағылшын экономисі Кембридж университетінің професоры А. Пигу өте дәйектілікпен жасады . Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан ˝ Жұмыссыздық теориясы ˝ кітабында баяндады . Алайда ХХ- шы ғасырдың 30- шы жылдарындағы жаппай жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі барынша айқындала түсті .



Қазіргі жағдайда “ монетарлық теория ” өзі туралы барынша айқын көрсете білуде . Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саяасатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс түсіндіре отырып, өндіріс процессін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады. Мысалы , Жаңа Зеландиялық экономист Олбен Филлипс ( 1914ж.ж) осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрде көрсетіп кейінірек ол “Филлипс қисығы ” деп аталады .

Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамту АҚШ- да 1955 жылы 6,5 млн адамнан 1990 жылы 3,2млн адамға қысқарды , ал қызмет көрсету саласында 1955 жылы 30,1 млн адамнан 1990 жылы 85,3 млн адамға артып , жалпы жұмыспен қамтылғандардың 75 пайызын құрады . Кәсіби құрылымда ой еңбегімен айналысатын жұмыскерлер арта түсті . Олар 1991 жылы барлық жұмыспент қамтылған жұмыс күшінің 51 пайызын құрады .

Біліктілік құрылымында жұмыс күші білім деңгейінің өскендігін көрсетті. АҚШ- да 1970 -1992 жылдардың аралығында орташа білім алған адамдардың саны өсті және жұмыс күшүінің жоғары білім алғандар мен толық алмағандар 21% - дан 38 % - ға үлесі артты. Демографиялық құрылым бойынша әйелдерді жұмыс күші құрылымына тезірек тарту байқалады . АҚШ – да әйелдердің экономикалық деңгейге қатысуы 1980 жылы 34% - дан 1992 жылы 60% - ке өсті .

ҚР –да осы уақытқа дейін еңбек нарқы болған жоқ . Рыноктық экономикаға көшу осындай нарықтың болуын қарастырады .Еңбек рыногы -

бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі . Еңбектің тікелей әсер етуінің арқасында жоғарғы біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі , әрбір жұмыс орнының бағасы өседі , жұмыскерлерге және оның еңбегіне талап күшейеді . Еңбек рыногында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әр қатал талдау жүргізіледі . Рынок еңбекке қабілетсіздерді , жалқау , әлсіздерді ешқашан аямайды . Ол еңбектің жоғарғы шапшаңдығын қамтамасыз етіп , іскерлік пен бастамашылдықты ынталандырады .

ҚР – дағы қалыптасып отырған еңбек рыногы нақты еңбек рыногынан өзгешелеу . Мұнда әзірше жұмыс күшін еркін сату жүзеге аспай тұр және оның болуы әкімшілік құқықтық және экономикалық факторлармен шектелуде: Әлі де болса паспорттық құжаттық режим сақталуда , жұмыс күшінің еркін аумақтық құйылуын тоқтатып нақты тұрған жай нарығы болмай тұр . Мысалы , көмір және тау –кен өндіру , мұнай өңдеу аудандарында ерлер еңбегі басымдау . Себебі мұнда әйелдер еңбегін қолданатын кәсіпорындар нашар дамыған , осыдан байқалатыны елдегі жұмыссыздардың 3 -тен 2- сін әйелдер құрайды .

Республикада 1991 жылы алғаш рет жұмыссыздар тіркеліп , олар 4000- нан астам адамды құрады оның ішінде 75 % әйелдер болды . Ал, 2000 жылы жұмыссыздардың арнайы тіркелген саны 247,6 мың адам болды . Алдағы жылдары тіркелетін жұмыссыздар саны бірнеше мыңға ұлғаюы мүмкін . Бұл процесске мемлекет дайындалғаны жөн және әлемдік тәжерибелерге сүйене отырып , оны реттеуді үйренген дұрыс . Тұрғындарды еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеу механизмі құқықтық негіздегі, арнайы мекемелер бөлімшелерін , экономикалық тетіктер жүйесін ендіреді. Осы жағдайды мемлекет әлеуметтік саясатында мінлдетті шараларды жүргізуге міндетті : әсіресе, жұмыссыздарға жәрдем төлеу біліктілікті арттыру мен жаңа жұмыс орындарын құру және әлеуметтік саясат және т.б.

Жұмыссыздық мәселесін шешуде ерекше орынды еңбек биржалары ( тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы ) алады . Еңбек биржасы – бұл тұрақты негізде қызмет жасайтын мекеме , мұнда еңбекті жалдау кезінде жұмыскер мен кәсіпкер арасындағы делдалдық іс - әрекет жүзеге асады .

Бүгінгі қалыптасқан шындық барлық еңбек нарығы элементтерінің қайтадан пайда болу қажеттілігін алға тартуда . Қазақстанда тұрғындарды жаппай жұмыспен қамту орталығы 1991 – ші жылы 1 шілдеден бастап жұмыс істей бастады . Қазіргі кезде мұндай биржалар орны өсіп келеді . Қоғамдық қатынастары дамыған елде еңбек биржасы алғашқыда гуманитарлық институт ретінде пайда болып , оның мақсаты жұмыссыздарға көмек көрсету еді . Уақыт өте келе және бұл елдегі еңбек қатынастарының дамуына сай олардың қызметтері мен міндеттері өзгереді . Соңғы жылдағы еңбек биржасы еңбек нарығын реттеудің иаңызды инструменті болып , жұмыспен қамту саясатын жасап әрі оны өмірге ендірді . Мұндай биржалардың бүгінгі кездегі негізгі қызметі мынау болып табылады : еңбек нарығындағы сұраным мен ұсыным реттей білу , жұмыссыздар санын есепке алу , бос жұмыс орнын тіркеу , жұмысты ауыстыратын және жұмысқа тұрғысы келетін адамдарға ақпарат беру , жұмыс іздеген мамандарды оқытуды ұйымдастыру және жаңа дайындықтан өткізу , жастар арасында кәсіби бағдар жүргізу , адамдарды жұмысқа орналастыру кезінде делдалдық іс атқару және жұмыссыздарға жәрдем ақы төлеу болмақ .

Мемлекет кәсіпорын және ұйымдастыру мүдесін ескере отырып биржа арқылы еңбек нарығына әсер етеді . Еңбек биржасы берген жұмысқа жолдама кәсіпкер үшін ұсыныс болып табылады . Себебі олар кімді аламын десе де таңдау еркіне құқылы және өзінің кадрлар бөлімі арқылы жұмыскерді жалдауға мүмкіндігі бар . Экономикасы дамыған елдер кәсіпорын компаниясында жұмыс күшін жалдау екі жағдайды ескре отырып жүргізіледі :



  • біріншіден , фирманың ағындағы тұтыныстарын , оның қосымша даму стратегиясын және фирманың өз ішінде кадрларды даярлау мүмкіндіктерін ескеру керек ;

  • екіншіден , жұмыс күшінің ұлттық нарығының жағдайын ескерту керек ;

  • жұмыс күшін қолдау кезінде төмендегідей тәсіл қолданылады ;

  • жоғарғы және орта оқу орындарынан мамандарды тарту ;

  • жұмыспен қамту орталығы арқылы кадрларды жалдау ;

  • жарнамалық хабарлау мен жаппай ақпараттық құралдар көмегімен кадрларды тарту ;

  • орналасатындарды конкурстық негізінде мұхият таңдау , сондықтан бір жұмыс орнына бірнеше орналасатындарды тарта білу . Талдау іс -

әрекеті мұхият талқыланып , рнда әр түрлі тестілерді қолдану ескеріледі . Тестілер жұмыс орнына таласатын іздемпаздың лауазымды қызметіне байланысты әр түрлі болып құрылады . Тесті жалпы интеллектуалды деңгецн тексеруге , кейде әл түрлі дайындық деңгейін байқататын , жалпы және өндірістік сипатты көрсететін сауалдарға , оның ішінде талапкердің таңдап алған мамандығы бойынша сұрақтарға негізделіп жасалады .

Қазақстан Республикасында тұрғындарды жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламасы жасалған . Еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып , жұмыссыздарды қайтадан оқыту шаралары қарастырылған , жастар , әйелдер ,

мүгедектерді жұмыспен қамтуға қамқорлық жасау көзделген . Кәсіпорындарда оларды жұмысқа алудың үлесі белгіленген .

Қазір еңбек биржасында , жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным туралы мағлұматтар банкісі болуы қажет . Осы бағытта өнеркәсібі дамыған Батыс елдерінің тәжірибесін қолдануға болады . АҚШ – та , мысалы , аймақты және жергілікті деңгейде жұмыс күшінің электронды банкілері құрылған . Онда жұмысқа орналасқан кезде жоғары сапалы консультациялық көмек көрсетіледі . Нәтижесінде барлық мамандық топтарындағы жұмыссыздардыұ 40 проценті бір айдең ішінде жұмысқа орналасады . Сондай – ақ жұмыссыздарды қаржыландырудың жаңа бағдарламасы енгізілген . Әсіресе , Вашингтон штатында федералдық үкімет тиісті білім , жұмыс тәжірибесі ьар және өз ісінің маманы болғысы келген 400 жұмыссызға белгілі бір уақытқа дейін мүмкіндік беріп , алдын ала жәрдемақы төлейді . Бұның өзі , олардың жұмыс жобасының экономикалық дәлелі бар , әдейі куртарды өткен , сондай – ақ жаңа істі консультант көмегімен бастаған жұмыссыздарға беріледі .

3,2 Халықты жұмыспен қамту

Қазақстан Республикасы ˝ Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы ˝ жұмыссыздығы үшін олардың , негізгі жалақысының 50 % - нан төмен емес мөлшерде кепілдікпен ақы белгіленді . Ол төлем республикадағы қалыптасқан жағдайға , күн көру деңгейімен төмен болмауы қажет . Салыстыру үшін жұмыссыздық бойынша ақы мөлшерін келтірейік : АҚШ – да жалақының 50 % - ын құрайды , Жапонияда жұмыссыздардың жас ерекшелігі мен басқада көрсеткіштеріне бйланысты 3 – 12 айдың жалақысының - 60 – 80 % құрады , Францияда – 1 – 2,5 жылдағы жалақының 42 % - ын құрап , қосымша күніне 40 франк төленеді , ал 3 жыл бойы ерекше ақы төленеді . Ұлыбританияда 52 апта бойы 28,5 фунт стерлинг төлейді . Жұмыс істейтіндердің жалақысынан шегеріліп , сол жиналған соммалардан арнайы қор пар құрылады .

Нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде еңбек нарығындағы әр түрлі категориядағы адамдарға дифференциялды түрде қарау көзделген . Әсіресе жастарға . Осы мақсатта жастар арасындағы жұыссыздықпен күресу үшін арнайы бағдарлама жасалып , ол өмірге ендірілді. Бұл бағдарламада кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жұмыс орнын құру шараларына ерекше орын берілген , кәсіпер жалақыны төлеу шығындарын қаржыландырмаса , мемлекет кәсіби дайындықта жұмсалатын шығындарды өз мойнына алады . Қазақстан Республикасы Президентінің1996 – шы жылы 6 қазанда ˝ Мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру шаралары туралы ˝ шешім шығып , онда осы мәселелерді қарастыру көзделген .

Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай ? Біздің елде еңбек ресурсы 1992 жылы 9,4 млн адамға жетті немесе халықтың жалпы санының ( 17 млн адам ) 55 % - ін құрады . Халық шаруашылығы қызметінің барлық салаларында 7,4 млн адам жұмыспен қамтылған . Олардың 6 млн – ға таяуы немесе 81 % - і экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді . Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың әлі де басым екендігін , яғни , нарық механизіміне тән еңбекке қамту қатынастарының қалыптасуы өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді . Сонымен қатар қазіргі еңбекпен қамту қатынастары , әкімшілдік эконамика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастарының терең дағдарсын көрсетіп отыр . Біздің қоғам әкімшілдік басқару жүиесі жағдайында халықты толық , әсіресе тиімді еңбекпен қамту мәселесін шеше алмады .

Қазақстан Республикасының ˝ Халықты жұмыспен қамту туралы ˝ Заңына сәйкес , жұмыстан босап қалып , жұмыссыз деп тіркелген азаиаттарға , бұрынғы жұмыс орнындағы негізгі жалақысының 50 % - дан кем емес мөлшердегі , бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өмір сүру минимумінен төмен болмайтын жәрдем ақша беруге кепілдік береді .

Осымен бірге мемлекет жұмыс күшінің ұстанымын азайту үшін иммиграцияны ( шетел азаматтарының келуі ) шектеу , шетел жұмысшыларының репартациясын ( отанына қайту ) ынталандыру , жұмыс аптасының ұзақтығын қысқарту , жұмыс орнына бөлу және мерзімінен бұрын құрметті демалысқа шығару сияқты жұмыспен қамту саясатын жүргізеді . Мемлекет қосымша жұмыс орындарын жасау үшін қаржы жұмыс бағдарламасын жүзеге асырады , сөйтіп жұмыссыздықтан мейлінше жапа шеккен , бірінші кезекте жастар мен үнемі жұмыссыз болатындарға жәрдем көрсетеді .

Нарықтық қатынастары дамыған көп елдерде еңбек нарығы әр түрлі топтардағы адамдарды , әсіресе жастарды жұмыспен қамтудың жеке шараларын жүзеге асырады .Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылданып іске асырылады . Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жалақы шығындары бөлінеді және олардың кәсіптік мамандыққа дайындайтын шығындарды мемлекет толық өз мойнына алады .

Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту саласындағы үрдістер әрқашан әлеуметтік – экономикалық даму аспектісінің орталық мәселелері болып табылады . Өйткені елдің тұрақты дамуы тікелей тұрақты жұмыспен қамтылу және еңбек нарығы саласындағы әртүрлі қолайсыз жағдайлардың алдын алумен байланысты .

Нарықтық қатынастарға көшу мен экономикалық реформалауға байланысты жаңа тәуелсіз елдерде жұиыспен қамтылу , жұмыссыздық мәселелері пайда болды . Еліміздегі нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық және экономикалық тұтқалардың , нарықтық инфрақұрылымның жетілдірілуі көптеген әлеуметтік мәселелерді , әсіресе еңбек және жұмыспен қамтылу саласындағы мәселелерді өте маңызды ете түсті .

Жаңадан қалыптасып келе жатқан Қазақстандық еңдек нарығы аймақтық еңбек нарықтарының қарама – қайшылықтарын бойына жинақтаған . Сондықтан да жұмысшы күші мен еңбек нарығын саралау үшін және сол негізде макродеңгейде біртұтас стратегия құру үшін облыстардағы жұмыспен қамту мәселесіне толық талдау жасау қажет .



Қазақстан Республикасынаң 2003 жылғы экономикалық белсенді 7657,3 мың халқының 6985,2 мың адамы жұмыспен қамтылған . Республиеалық жұмыспен қамтылу деңгейі 91,2 % болды .

Қазақстан Республикасының еңбек рыногы.





2001

2002 жыл

4кв

2003 1кв

Экономикалық белсенді халық

7479,1

7399,7

7326,4

7244,5

Экономикалық белсенділік деңгейі %

70,2

40,1

69,4

68,7

Еңбекші халық

6698,8

6708,9

6646,8

6545,2

Еңбекшілер деңгейі %

89,6

90,7

90,7

90,3

Жалдамалы жұмысшылар

3863,3

4030,2

4122,5

4084,1

Жұмысшы халық сандық деңгейі %

57,7

60,1

62,0

62,4

Өзбетінше жұмысшылар

2835,5

2678,7

2524,3

2461,1

Жұмысшы халық сандық деңгейі %

42,3

39,9

38,0

37,6

Жұмыссыз халық

780,3

690,8

679,6

699,3

Жұыссыздар деңгейі %

10,4

9,3

9,3

9,7

Жас жұмыссыздар деңгейі

19,1

17,3

17,4

16,8

Ұзақ уақыт жұмыссыздық деңгейі %

7,6

6,0

5,8

6,2

Экономикалық белсенді емес халық

3175,8

3155,3

3229,6

3303,7

Экономикалық белсенді емес халық деңгейі %

29,8

29,9

30,6






Қортынды
Жұмыссздық – ең өткір мәселелердің бірі болып табылады . Жұмыссыздықтың халық арасында көп таралуы елдің экономикасына зор нұқсан келтіреді . Қандай да мемлекет болмасын халқының тұрмысының , әл – ауқатының деңгейінің жоғары болуы сол елдің экономикасының артып , барлық жағынан дер қарқынмен дамуын қалайды . Осыған байланысты қазіргі таңда нарықтық экономика мен әлеуметтік әділеттік негізінде жоғары өркенинтті демократиялық қоғам құру жолында әртүрлі оқиғаларды басынан кешіп отырған республикамыздың бүгінгі тіршілігінің негізгі мақсаты мемлекеттегі әрбір азаматтың бақытты өмірін және мұң – мұқтажсыз ауқатты тұрмысын тұрмысын қамтамасыз ету .

Менің ойымша қалаларға жаңа технологиялар алып келіп , жұмыс орындарын алмайынша аталмыш шаруа шешімін табуы екіталай деуге негіз бар . Оның үстіне шикізаттың барлығы дерлік шетелдіктер қолында болғандықтан, тауарлардың өзіндік құны жоғары . Біз қаншалықты еңбеккерлер мен зейнеткенлердің жалақысын артырып отырғанымызбен , ол бәрібір инфляция жетегінде кетіп жүр . Әсіресе , осыдан жұмыссыз отбаслар қатты зардап шегеді .Сонықтан орбір отбасының жағдайын жақсарту және инфляция деңгейін бәсеңдету үшін адамдарды жұмыспен қамту шарт .

Елдегі жұмыспен қамту мәселесін шешуде кемшіліктер , кедергілер аз емес . Бұл ауданның әлеуметтік – экономикалық жағдайына тіреліп тұрған жоқ . Мәселен , Халықты жұмыспен қамту туралы заңға бір жылда екі рет өзгеріс енгізілсе , оның орындалу механизмін кешіктіру жұмысты жоспарлы түрде жүргізуге кері әсерін тигізеді . Яғни , бұрынғы заңның жетімсіздігін өмір көрсетті . Кейбір мекеме , кәсіпорын басшыларының заңды құрметтеу мәденйетінің төмендігі жұмыссыздарды еңбекке орналастырғанда қиыншылықтар туғызатыны жасырын емес . Осындай сәйкессіздіктің салдарынан күнделікті жұмыста қолбайлаулар да кездесіп жатады .

Пайдаланылған әдебиеттер :



  1. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е . Жатқанбаев, Е. Байжұмашев ,

˝ Экономикалық теория негіздері ˝ Алматы ˝ Санат ˝ 1998 ж .

2. Шәденов . Ө. Қ, Байжомартов. Ү.С, Жүнісов. Б. А, Комягин. Б. И. ˝ Жаппы экономикалық теория ˝ Алматы – Ақтөбе 2002 ж

3. Мамыров , Тілеужанов . Макроэкономика 2001 ж

4. Әубәкіров . ˝ Экономикалық теория негіздері ˝ Оқу құралы . Алматы 1999ж

5.САЯСАТ – POLICY № 4 2005ж

7. Егемен Қазақстан ˝ Жұмыссызы жоқ аудан ˝ 28 сәуір 2001 ж № 85 4 бет .

8. Шымкент келбеті ˝Тіршілік жанданса , жұмыссыздық азаяды ˝ 6 ақпан

9. Шымкент келбеті ˝ Жұмыссыздық жайы әлі де жай таппай тұр ˝ 20 желтоқсан 2002 ж

10.Егемен Қазақстан ˝ Жұмыссыздық берті – ауыр дерт ˝ 24 сәуір 2004 ж 2 бет № 105 – 106 ( 23742 )

11. Оңтүстік Қазақстан ˝ Жұмыссыздық жұлынын үзуге бола ма ? ˝ 26 маусым 2001 ж № 47 ( 17234 )

12. Оңтүстік Қазақстан ˝ Жұмыссыздық – дерек пен дәйек не дейді ? ˝ 31 наурыз 2001 ж

13.ҚҰУ хабаршысы . Экономика сериясы . № 2( 48 ) 2005 ж



14. САЯСАТ – POLICY № 9 – 10 2002 ж

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет