Шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын ояту



Дата02.10.2023
өлшемі2.23 Mb.
#479549
түріСабақ
Презентация Жадыра Құсайынова

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ОЯТУ

Құсайынова Ж.М.

Педагог ретіндегі ойым...

«Қазіргі кезде жалпы орта білім берудің мақсаты мен міндеттері, мазмұны едәуір өзгеріске ұшырап, жаңаша мәнге ие болды. Сондықтан сабақтарды жаңадан ұйымдастыру қажет деп ойлаймын. Қалай да оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын ояту керек».

«Қызығу — әр қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым, адамның белгілі бір объектіні ұнатып, білуге ұмтылған іс-әрекетіне қуаттандыратын психикалық ерекшелік».

  • С. Рубинштейн
  • Н. Морозова
  • М. Беляев

Қазақ тілі сабақтарында өнімді жұмысқа қол жеткізу үшін:

  • мағынасы ұқсас немесе қарама-қарсы сөздерді таңдау;
  • әңгімені жалғастыру;
  • сөздерді, сөз тіркестерін ойлап табу;
  • берілген сөзбен сөйлем құрастыру;
  • сурет бойынша, схема бойынша, ұсынылған сөз тіркесімен сөйлем құрастыру;
  • сұрақтар бойынша, суреттер бойынша, өз әсерлері негізінде әңгіме құрастыру;
  • әңгімеге ауызша сурет салу; әңгіме, әңгіме бөліктеріне, суретке ат қою және т.б.

«Жоғалған әріп» -йын, а-айын, айна-айын, тел-дид-р (ойы, ағайын, айналайын, теледидар). «Сөз ішінде сөз тап» Аспан (сан, сана, ас, аспа, аса, Асан, сапа, сап) Қалам (қал, ала, ал, лақ, қала, мал) Жаңбырлы (жал, жар, аң, ар, бар, жыр, бар)


01
«Шашыраңқы сөз»
Барқыз, алам, шақұ, ушықо
(Қарбыз, алма, ұшақ, оқушы)
«Адасқан дыбыстар»
Ас (аю) отыр партада
Екi қолы қалтада
Апай қабақ (сабақ) сұраса
Ұйықтап қапты, - Масқара!
Наурыз келді алақай,
Кел билейік, қалақай (балақай),
Бізде қарап тұрмайық,
Қойға (тойға) шашу шашайық!

2 Жұмбақтар

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады .

(Күн)

Көзіңе көрінбейді,

Қаңғуға ерінбейді.

Шалғынды жапырады,

Жол бойын сыпырады.

(Жел)


Үстім жолақ
Тісім-орақ
Күшім мол-ақ.
Барып тұрған қайсарлық,
Өзің айтшы, қайсы аңмын?
(Жолбарыс)
Қимылдаса қос шебер
Қыруар іс тындырар.
(Қол)
Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат,
Байлауынан бір босамас қызық ат.
(Тіл)

Ой ұшқырлығын талап ететін жұмбақтар

Әзіл-оспақ түріндегі жұмбақтар

Адам есектен неге құлайды?

(Жерге)

Екі адам шахматты 2 сағатта ойнаса,бір адам неше сағат ойнайды.

(2 сағат)

Логикалық жұмбақтар

Торда он екі құс бар, оның он бірі басқа жаққа ұшып кетті.

Торда неше құс бар?

(12, өйткені ешқайсысы ұша алмайды)

• Төрт қызметші

Бір патша.

(Үстел)



«Синкуейн» әдісі. («Бес жолды өлең»)

Бірінші жол-тақырыптың атауы (Зат есім)

Екінші жол- тақырыпты сипаттайтын сөз (әдетте сын есім айтыңдар)

Үшінші жол-тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (әдетте етістік алынады)

Төртінші жол-тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы.

Бесінші жол- бір сөз –тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.

Синквейн - дидактикалық мақсататрда, тиімді әрі әсерлі сөз дамыту мақсаттарында қолданысқа енді.


Тақырыптың аты: жұмбақ
Сипаты: қызықты; ойлы
Қимылы: айтамыз; жасырамыз; ойланамыз
Нақыл сөз: Жұмбақ-ұйқасты сөздер тізбегі
Тақырыпқа синоним сөз: Жасырын.
Кейбір әдіскерлердің ойынша «синквейн» оқушыларға күрделі ақпаратты синтиздеуде, олардың тұжырым жасау және (лексикалық ққабілеттерін бағалауда тез шешімін табуға «синквейн» ыңғайлы деп санаған), сөздік қорын дамытуына тиімді, пайдалы деп танылған.

4. Көлемді мәтіндермен шығармашылық жұмыстар

  • Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;
  • Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;
  • Ертегіні ұжым болып тыңдау;
  • Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;
  • Қиялдау арқылы сурет салғазу, рөлмен ойнату;
  • Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.
  • Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау.

«Ертеде бір түйе болыпты. Ол кіп – кішкентай екен. Оны өзінен үлкен жануарлар мазақтай беріпті. Әсіресе шыбын көп күліпті. Бірде шыбын түйе көлеңкелеп жатқан ағаштың бұтағына отырып алып, оны мазақтай бастайды...» Түйе не істеді?

Елестету

Жазғы дала. Тау етегі. Айнала жап – жасыл. Бір топ бала өзенге қарай жүгіріп барады...

Көлемді мәтіндермен шығармашылық жұмыстар түрлері сан-алуан, оларды 3-4 сыныптарда орындатқан абзал

  • Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру.
  • Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қою.
  • Шығарма, мәтін құрастыру.
  • - тақырып бойынша
  • - жоспар бойынша
  • - тірек сөздер бойынша
  • Өлең құрастыру
  • - дайын өлең жолдарының бір, екі жолдарын беру
  • - дайын ұйқастарды ұсыну
  • Кейіпкерлерге мінездеме беру
  • Рөлге бөліп оқу.
  • Шығарманың мазмұнына сурет салғызу.
  • Логикалық ойлауын дамытатын ойындар.
  • Автор туралы толық мағлұмат жинап, реферат жазғызу.

5. Грамматиканы шығармашылықпен оқыту

Назарларыңызға рахмет!

https://instagram.com/jadyrakusayo

+7 708 643 8507

jadira_kusainova@mail.ru



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет