1. Цифрлық технологиялар жұмысының негізгі прирциптері



бет7/35
Дата16.05.2024
өлшемі0.86 Mb.
#501318
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
Цкт жауаптары (1)

19. Microsoft office-
қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі. Құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Оның соңғы нұсқалары шағын баспа жүйесі ретінде кітап, газет- журналдар шығаруда кеңінен қолданылады. Microsoft Office Word дегеніміз компьютерде құжаттар жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама болып табылады. Суреттер немесе өң сияқты түрлі-түсті фотосуреттер немесе көрнекі суреттер пайдаланып әдемі мәтін жасау және карталар мен кестелер сияқты деректер қосу үшін Word бағдарламасын пайдалануыңызға болады.
20. Бұлтшалар арқылы сақталатын құжаттарды қарау әрі түзеуді кез -келген құрылғы арқылы жүзеге асыруға болатын мәтінді веб редактор:
Google Docs — бұлтшалар арқылы сақталатын, құжаттарды қарау әрі түзеуді кез-келген құрылғы арқылы жүзеге асыруға болатын мәтінді веб-редактор. Оның қолданысы жыл санап артып келеді. Өйткені, бағдарлама – мәтін жазып қана қоймай, күнделік жүргізуге, тіпті адамдардың пікірін білуге әрі керек жазбаларды түртіп қоюға таптырмас құрал. Бірінші рет қолданып отырған адам мұны өте жеңіл қабылдауы мүмкін. Дегенмен, оның сізге ұсынатын сан қызметі бар.
21. Сандық кітапхана: сандық кітапхана –
онда коллекциялар цифрлық форматта сақталады және компьютерлер қол жеткізе алады.Сандық кітапхана - бұл ақпаратты іздеу жүйесінің бір түрі.Сандық кітапхананың дәстүрлі кітапханада кездеспейтін бірқатар артықшылықтары мен проблемалары бар. Кейбір артықшылықтары - ақпаратты сақтауға физикалық шектеулер жоқ, материалдарға тәулік бойы бірнеше пайдаланушылар қол жеткізе алады және оларда ақпаратты іздеудің тиімді механизмдері бар. Мысалы, Google бірқатар ірі академиялық кітапханалармен жұмыс жасады және Google Books Library жобасы бойынша көптеген пайдаланушылардың кітапханалық қорын интернет қолданушыларына ұсынды. Қазіргі уақытта интернет желісінде тақырып бойынша, құрылымы бойынша ерекшеленетін көптеген электронды кітапханалар бар.Студенттер мен ғалымдар үшін қажетті ақпаратты қысқа мерзімде іздеудің маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет