16. Гигиеналық себептер \факторлар\ - дене тәрбиесінің қосымша амалы.Гигиеналық факторлар – дене тәрбиесінің қосымша амалдары
Табиғи күштер (күннің қызуы, судың, ауаның температурасы, атмосфераның қысымы т.б.) денсаулықты нығайтуға, шынықтыруға, жұмыс қабілетін өсіруге, жаттығуларды тиімді пайдалануға көмегін тигізетін дене тәрбиесінің қосымша амалдары болып есептеледі.
Дене тәрбиесі үрдісінде табиғи күштер жаттығуларды қолайлы жағдайда орындау бағытында пайдаланылады. Еңбек және оқу тәртібінде бұл процедураларды тиімді пайдаланса, белсенді демалысқа немесе шаршаған ағзаны қалпына келтіруге қол жетеді.
Дене тәрбиесінің бір қосымша амалы – гигиеналық факторлар. Бұл амалдың тәсілдерін екі топқа бөлуге болады.
1. Дене тәрбиесі үрдісіне кірмейтін тәсілдер. Олар: еңбек гигиенасы, тамақтану, демалыс режімдері, яғни дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысуға толық мүмкіндік беретін жағдайлар.
2. Дене тәрбиесі үрдісіне кіретін тәсілдер. Бұған марафонды жүгіру кезіндегі арнайы тамақ беру, жаттығу кезінде жайлы жағдай туғызу (ауа тазалығы, жақсы жарық беру т.б.) ағзаны тез қалыпқа келтірудің гигиеналық тәсілдері (ауаны аэронизациялау, ауа – температура ортасы) жатады.
Ауа – температура ортасы. Оларға жүзу бассейндері, су бүркетін себез қондырғылары, ванналар, монша, сауна, термокамерлер жатады.
Ауаны аэронизациялау – спортшылар дем алып жатқан жердің ауасына қосымша оттегі жіберу. Бұлардың бәрі спортшылардың көңіл-күйлерін көтеріп, бойын сергітеді.
17.«Әдістемелік тәсіл», «Әдіс», «әдістеме» дегеніміз не?
«Әдіс» деген түсініктен біз «әдістеме» түсінігін ажырата білуіміз керек. Әдістеме деп дене тәрбиесі үрдісінде белгілі бір нәтижеге жету жолына бағытталған амалдар мен әдістер жүйесін айтады.
Дене тәрбиесінің барлық әдістері арнайы (тек қана дене тәрбиесі процесіне тән) және жалпы (дидактикалық білім беру және тәрбие бағытында қолданылатын) болып екі топқа бөлінеді.
Дене тәрбиесінің арнайы әдістері: а) қатаң шектелген жаттығулар әдістері; ә) ойын әдісі; б) жарыс әдісі.
Дене тәрбиесінің жалпы әдістері: а) сөзді қолдану әдістері; ә) көрнекілікті қолдану әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |