20
ДҚБЖ деректерінің үлгісі
деп аталатын, нақты деректер түрін ұстанады
(жазбалар мен қатынастар форматы).
Деректер қорын жасақтаудың келесі сатысы нақты ДҚБЖ деректерінің
үлгісінің көмегімен үлгіні ұсынуды таңдау.
Осындай жолмен алынған
концесптуальды үлгінің
ұсынысы ДҚ логикалық үлгісі
деп аталады. Немесе
басқаша сөзбен айтқанда, логикалық үлгі
– бұл, нақты ДҚБЖ тілінде
айрықшаландырылған, концептуальды сұлба. Логикалық үлгі деректерді және
деректер элементтерін олардың мазмұнына және сақтау ортасына тәуелсіз
ұсынады. Әрі қарай жүйені жасақтаушы ДҚБЖ құралдарыменн ДҚ алынған
логикалық үлгісін ЭЕМ жадысында бейнелейді және рұқсат әдісін анықтайды.
ЭЕМ жадындағы алынған деректер ұсынысы ішкі ұсыныс немесе сақтау
құрылымы деп аталады. Қолданбалы бағдарламалар логикалық үлгілермен
жұмыс жасайды, әр қолданушыға, оның пәндік
аймағы туралы ұсынысын
бейнелейтін, осы логикалық үлгінің ішкі жиындары (ішкісұлба) беріледі. Әр
қолданбалы бағдарлама өзіне қажетті деректерді ғана "көреді" және өңдейді.
Қолданбалы бағдарламалармен (қолданушылармен) деректердің сәйкес
«көрінуі» сыртқы ұсыныстарды білдіреді. Жоғарыда көрсетілген үлгілердің
арасындағы өзара байланыс бейнеленген (4.2 сурет).
4.2 сурет – ДҚ
деректер туралы әртүрлі ұсыныстар
Берілген сұлбада деректерді сипаттаудың үш әртүрлі деңгейі (сыртқы,
концептуальды, ішкі) айрықшаланған. Бұл үш деңгей, 1975 жылы АҚШ
стандартизациясының Ұлттық институтымен (American National Standards
Institute – ANSI) Стандарттарды және SPARC (Standards Planning and
Requirements Committee) нормасын жоспарлау комитетімен ұсынылған,
ANSI/SPARC
үшдеңгейлі архитектурасын құрайды. Бұл архитектураның негізгі
мақсаты деректер қорында қолданушылардың
деректер туралы ұсынысын
21
олардың физикалық ұсынысынан ажыратудан тұрады. Деректер туралы мұндай
ұсыныстарды қолдану ДҚ қойылатын негізгі талаптарды – бағдарламалар мен
деректердің тәуелсіздігін орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қолданбалы бағдарламаларды өзгерту кезінде сәйкес сыртқы ұсыныстар
өзгеруі мүмкін, бірақ деректердің логикалық үлгісі өзгермейді және демек,
басқа қолданбалы бағдарламалар өзгермейді. Ішкі ұсынысты өзгерту кезінде
(сақтау құрылымы) логикалық үлгі өзгермейді, демек, қолданбалы
бағдарламаларда өзгермейді.
Сәйкес ұсыныстарды
қолдану сонымен қатар, деректер қорымен жұмыс
жасайтын, әртүрлі тұлғалардың өкілеттілігін нақты шектеуге мүмкіндік береді.
Сәйкес ұсыныстар деректер қорының «көрінуін» олармен жұмыс
жасайтын түрлі тұлғалармен сипаттауға мүмкіндік береді:
- сыртқы ұсыныс – пәндік аймақ маманының (қолданушы) ұсынысы;
- ішкі ұсыныс және логикалық үлгі – қолданушы үшін нақты қосымша
жасақтайтын, қолданбалы бағдарламалаушының ұсынысы;
- логикалық үлгі және ішкі ұсыныс – деректер қорын әкімшілендіретін,
жүйелік бағдарламалаушы ұсынысы.
Деректерді (деректер қорын) жобалау зерттелетін нақты өмір
құбылыстарын ЭЕМ жадында деректер түрінде тізбектей бейнелеу үрдісін
білдіреді (4.3 сурет).
4.3 сурет
– Жобалаудың ортақ сұлбасы
Жүргізілетін зерттеулер үшін мүдделерді ұсынатын, нақты өмірдің
нақты құбылыстарын пәндік аймақ деп атаймыз.
Деректер қорын жобалау (үлгілеу) көп сатылы үрдіс болып табылады.
Бұл үрдістің негізгі сатылары 4.4 суретте келтірілкен.