1 Деректер қорына кіріспе


дәріс. Деректер қорын концептуалды жобалауың бірінші сатысы



Pdf көрінісі
бет7/26
Дата05.02.2024
өлшемі1.23 Mb.
#490878
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
ik 1

 5 дәріс. Деректер қорын концептуалды жобалауың бірінші сатысы 
(концептуалды үлгілеу)
Мақсаты: концептулды үлгілеу кезіндегі пәндік аймақтың қалай 
сипатталатынын көрсету (қандай ұғымдардың, ұсыныс құралдарының және 
тұрғызу мысалдарының көмегімен) және концептуалды үлгінің толықтығын 
шектеу есебінен деректер қорында ақпараттың анықтығы қалай қамтамасыз 
етілетінін көрсету.


24 
Енгізілген ұғымдардың және деректер қорын жобалаудың сатыларының 
иллюстрацияларын нақты пәндік аймақтың оқырмандары үшін жақын 
мысалдамен жүргізетін боламыз: жоғарғы оқу орнының студенттері туралы 
деректерді ұсыну. Қарастырылып отырған пәндік аймаққа қысқаша сипаттама 
берейік. Жоғарғы оқу орнында бірнеше факультеттер бар, олардың 
әрқайсысында бірнеше мамандық немесе бағыт бойынша дайындықтар жүреді. 
Факультеттегі әр мамандыққа арналған өзінің оқу жоспары бар, онда 
сабақтарының сағат сандары көрсетілген үйретілетін оқу курстарының реті 
келтірілген. Студенттер сәйкес пәндерді оқып үйренеді, емтихан және сынақ 
тапсырады, бағаларын алады.
Концептуалды үлгі жиі түйіндер – байланыстар (entity – relationship) 
немесе ER-диаграммалар түрінде беріледі. ER-диаграмманы тұрғызу үрдісі ER-
үлгілеу деп аталады.
Негізгі ұғымдарды енгіземіз, олардың көмегімен пәндік аймақ 
сипатталады.
Түйін (Entity) немесе нысан – ақпараттық жүйеге ақпарат жинақталады 
(неге қолданушы қадағалағысы келетін зат). 
Егер жүйеде факультет туралы ақпарат өңделетін болса, түйін факультет 
болып табылады, егер студенттер туралы болса, түйін – студент және т.б.
ER-үлгілеу кезінде түйін атауы, ережеге сәйкес, бас әріптермен 
жазылады. Әр түйін айқын қасиеттер жиынына ие (жүргізілетін зерттеу 
шеңберінде қолданушылардың қызығушылығын білдіретін, қасиеттерді ғана 
қарастырамыз), олар ақпараттық жүйеде сақталады. Осылай, мысалы, 
«ФАКУЛЬТЕТ» түйінінің қасиеті ретінде факультет нөмірін, факультет атауын, 
«СТУДЕНТ» түйіні қасиеті ретінде тегін, туған жылын, туған жерін, 
«ЕМТИХАН» түйінінің қасиеті ретінде пәнді, емтиханның өту уақытын, 
емтихан қабылдаушыны көрсетуге болады.
Түйіннің ақпараттық сипаттамасы үшін атрибут ұғымы енгізіледі.
Атрибут – түйіннің атаулы қасиеті (сипаттамасы). Атрибут түйін 
қасиетінің ақпараттық бейнесін білдіреді және көптеген мүмкін мәндердің 
ішінен нақты мәнді қабылдайды. Мысалы, ФАКУЛЬТЕТ түйіні үшін "атау" 
атрибуты түйіннің нақты экземплярынан "есептеуіш математика мен 
кибернетикадан" нақты мәнді қабылдайды. Осылайша, атрибут түйіннің сандық 
немесе сапалық қасиеттерінің ақпараттық сипаттамасын білдіреді, түйіннің 
жағдайын сипаттайды, түйіндерді теңестіруге мүмкіндік береді. Түйіндер 
туралы ақпараттар атрибуттардың жиынтығы түрінде ұсынылады. Мұндай 
атрибуттардың жиынтығын жиі нысан туралы жазба деп атайды.
Ақпараттық жүйеде бірдей қасиеттер қатарымен сипатталатын, түйіндер 
жиынтығы түйіндер класы (нысандар жиыны) деп аталады. Мысалы, барлық
«СТУДЕНТ» түйіндерінің жиынтығы «СТУДЕНТ» түйінінің класын құрайды, 
барлық «ФАКУЛЬТЕТ» түйіндерінің жиынтығы «ФАКУЛЬТЕТ» түйінінің 
класын құрайды. Түйіндер класы, осы класты құрайтын, түйіндер қасиеттерінің 
қатарымен сипатталады.
Түйіндер данасы (экземпляр) деп нақты түйінді (сәйкес қасиеттердің 
нақты мәні бар түйіндері) атаймыз. Жоғарыда біз түйінді ақпараттық жүйеде 


25 
ақпарат немен жинақталатыны ретінде анықтадық. Бұл тек бір жағы ғана. 
Ақпарат тек өз өзімен сақталып қана қоймай, сонымен қатар қолданушылардың 
ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру үшін де қолданылуы қажет. 
Сұраныстардың басым санын жүзеге асыру үшін ең алдымен оны 
қызықтыратын түйін данасын (өңдеу, жөндеу, жою мақсатымен) табуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет