1 Деректер қорына кіріспе


дәріс. Концептуалды жобалаудың екінші сатысы (ДҚБЖ



Pdf көрінісі
бет9/26
Дата05.02.2024
өлшемі1.23 Mb.
#490878
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
ik 1

6 дәріс. Концептуалды жобалаудың екінші сатысы (ДҚБЖ 
деректерінің үлгілері. ДҚБЖ деректерінің үлгілері құралдарымен 
концептуалды үлгіні ұсыну)
Мақсаты: деректер қорын құру кезінде концептуалды үлгіні ұсынуға 
арналған құрал ретінде ДҚБЖ деректерінің үлгілері туралы жалпы ұсыныс 
беру, деректердің типтік үлгілерін қарастыру (желілік үлгі, иерархиялық үлгі, 
реляциялық үлгі, көп өлшемді үлгі), әртүрлі ДҚБЖ концептуалды үлгі қалай 
ұсынылатынын көрсету, деректер қорын автоматтандырылған жобалаудың 
құралдарының негізгі жұмыс принципін қарастыру.


28 
Деректер қорын жобалаудың негізгі сатыларына сәйкес концептуалды 
үлгіні тұрғызғаннан кейін деректер қорын басқару жүйесі таңдалады, оның 
көмегімен деректер қоры және онымен жұмыс ұйымдастырылады. Әр ДҚБЖ 
деректердің біршама түрін және типін қолдайды, сонымен қатар ДҚБЖ 
деректері үлгісін құрайтын, деректер арасындағы байланысты ұсыну 
құралдарын да қолдайды. Деректер қорын жобалаудың екінші сатысы ДҚБЖ 
деректері үлгісінің құралдарымен концептуалды үлгінің алдыңғы сатыларында 
тұрғызылған ұсыныстардан немесе концептуалды үлгінің ДҚБЖ деректері 
үлгісі бейнесінен тұрады. Бұл сатыны жиі деректер қорының жергілікті 
жобалануы деп атайды. Сонымен бірге алынған үлгіні жиі концептуалды үлгі 
немесе сұлба деп те атайды (бірақ ДҚБЖ деректері үлгісі ұғымына 
айрықшаландырылған). Кейбір дереккөздерінде алынған үлгіні деректердің 
жергілікті құрылымы немесе деректер қоры деректерінің үлгісі деп атайды.
ДҚБЖ деректері үлгісі ұғымын түрліше сипаттауға болады. Бір жағынан, 
ДҚБЖ деректері үлгісі – бұл, пәндік аймақтан ала бөтен біршама абтракция 
ретінде қарастырылатын, деректерді құрылымдау тәсілі. Тағы бір жағынан, 
ДҚБЖ деректері үлгісі – бұл пәндік аймақтың және динамиканың 
концептуалды үлгі ұсынысының құрылғысы.
Жоғарыда көрсетілген екі жақты да ескере отырып, пәндік аймақтың 
(түйіннің, атрибуттың, байланыстың) концептуалды үлгі ұсынысы үшін 
қолданылатын, ДҚБЖ деректері үлгісінің негізгі құрылымдарын анықтайық.. 
Деректер элементі (өріс) – деректердің ең кіші атаулы бірлігі. Атрибут 
мәндерін ұсыну үшін қолданылады.  
Деректер элементімен «деректер типі» ұғымы ажырамастай бір-бірімен 
байланысты, ол өзіне сәйкес өрісті ала алады. Әртүрлі ДҚБЖ әртүрлі деректер 
типі қолданылуы мүмкін, олардың ішінде аса көп тарағандары (көптеген ДҚБЖ 
қолданылатын) келесілер болып табылады: сандық (numeric), символдық (char), 
дата (date) және т.б.. 
Жазба – өрістердің атаулы жиынтығы. Түйін атрибуттарының 
жиынтығын ұсыну үшін қолданылады (түйін туралы жазбалар)
Жазбалар данасы – нақты мәнді өріс жазбалары
Бастапқы кілт – файл жазбаларының данасын бір мағыналы 
теңестіретін, минималды жазба өрістерінің жиыны.  
Файл – бір типтің жазба даналарының атаулы жиынтығы. Түйіндердің 
бір түрдегі жиынын ұсыну үшін қолданылады.  
Файлдар жиыны – жүйеде өңделетін, файлдардың атаулы жиынтығы. 
Бірнеше түйіндер жиынын ұсыну үшін қолданылады.  
«Файл» және «жазба» ұғымдарын жалпылайтын, «топ» ұғымын енгіземіз.
Топ – бұл деректер элементінің және де басқада топтардың атаулы 
жиынтығы.  
Концептуалды үлгінің маңызды ұғымы түйіндер (түйіндер жиыны) 
арасындағы байланыс болып табылады. ДҚБЖ деректері үлгісінде сәйкес 
ұғымдар «топтық қатынастар» ұғымымен бейнеленеді.
Топтық қатынастар – қарастырылатын топтың екі даналар жиынына 
берілген, атаулы бинарлы қатынастар. Бинарлы байланыстардың сипатына 


29 
қарай топтық қатынастарды келесі түрлерге бөледі: 1:1, 1:M, M:1, M:N. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет