1. Дәрігердің пациентпен, оның отбасы мүшелерімен, медициналық қызметкерлермен/әріптестермен тиімді және жанжалсыз өзара қарым-қатынас орнату үшін коммуникативтік құзыреттіліктің маңыздылығы



бет3/6
Дата02.01.2022
өлшемі42.32 Kb.
#453776
1   2   3   4   5   6
5тақырып

3. Кәсіби психикалық деформация.

Кәсіптік деформация дегеніміз- дәрігердің психологиялық болмысына мамандығының жасайтын әсері. Кәсіптік деформация адаммен адам қарым-қатынас жасайтын қызметтерге тән. Кәсіптік деформация,кәсіби адаптацияға байланысты, яғни дәрігер аурудың қиналуына үйреніп, бейімделу негізінде пайда болады. Әрине, дәрігерге змоционалдық қарсы тұру қабілеті де керек, бірақта ол мамандықтың оңды қасиеттерін, этика нормалары негіздерін мұқият сақтауы қажет.Дәрігер өз шешімдері мен әрекеттеріне толық міндетті және науқастарға көрсетілген жәрдемнің түрлеріне толық жауапты болады. Науқастарға көрсетілген жәрдемнің сапасы ешқашан да оның білімі мен біліктілігінен жоғары болмайтынын есінде сақтап, дәрігер міндетті түрде және үнемі кәсіби дәрежесін жетілдіруі керек. Дәрігер өз әрекетін іске асыруда медицина ілімінің соңғы жетістіктерін қолдануы қажет. Кәсіби шешім қабылдауында, материалдық пайда табу жағы, дәрігерді қиянатқа итермелемеуі кажет.Дәрі шығару фирмаларының препараттарын тағайындау үшін, дәрігер олардың сыйлықтарын алуға дағдыланбауы жөн. Дәрілерді тағайындаған кезде, дәрігер тек науқастың кұкығын сақтап, меди-циналық көрсеткіштерін басшылық етеді. Соғыс және бейбітшілік жағдайында, медициналық жәрдемді қажет етуші адамдарға, олардың жасына, жынысына, ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына, азаматтылығына және басқадай медициналық емес жағдайына, сонымен қатар, материалдық жағдайына байланысты көмек беріледі.Емделудің кезеңдеріне қарай, дәрігер мен науқастың қарым-қатынасы дәрігерге түрлі міндет артады. Мысалы, 1-ші сатысында бір-бірін түсініп, ем мақсатына келісім жасалады. Екінші сатыда - коммуникативтік жүйесі қүрастырылып, әрқайсысының реттік ролі және емдеуге әрекеттесіп қатынасу дәрежесі анықталады. Үшінші кезеңде дәрігер белсенділігін тежейді, аурудың дербестігіне және тәуелсіздігіне мүмкіндік жасайды.Қарым-қатынас жасаудың қолайлы түріне, дәрігердің белсенді болып, директивті және директивті емес стильдің шегінен шықпауы жатады.Ақылы медициналық жәрдем беру жағдайында, науқастың дәрігерден тосулары және талап қоюы қарқынды өседі. Мұндай жағдайда, екеуінің қарым-қатынасы келісім-шарт үлгісіне негізделеді. Бұл үлгі жеке кәсіпкерлік руһына сай, сұраныс және үсыныс, нарықтық қарым-қатынасқа байланысты қүрылады.

Қазіргі таңда жұмыстың кәсіби зиянды әсері зерттелуі психологиялық тұрғыдан маңызды мәселе болып отыр. Алайда химиялық, физикалық немесе биологиялық зиянды әсері емес, эмоционалдық және стрес әсері. Кәсіби стрессогендік факторлар, маманның тікелей жұмысына байланысты болғандықтан, әр түрлі неврологиялық бұзылулардан психосоматикалық бұзылуларға әкелуі мүмкін. Тұлғаның кәсіби деформациясы – бұл кәсіпқой маман иесінің жұмысының әсерінен тұлғаның мінез-құлқының өзгеруі.
Кәсіби деформацияның себептері, яғни оған әкелетін стрессогенді факторлар: эмоционалды күю синдромы, моббинг, субъективті моббинг, кәсіби өшу синдромы, қажу, жұмыс қарбаластығы және қақтығыстар, жұмыстың бірқалыптылығы және т.б. себептерден пайда болуы мүмкін. Осы аталған факторларға қысқаша тоқталып кетсек:

Жағымсыз алаңда жұмыс істеу – кез келген мамандықта жағымсыз материалмен жұмыс істеуге тура келеді, осы жағдайда жағымсыз эмоциялар пайда болады. Өз кезегінде олар жинақталып, кәсіби деформацияға әкеледі.

Эмоционалды күю синдромы – бұл когнитивтi және физикалық энергияның бiртiндеп жоғалтуын, жұмыстың орындауымен зерделi жүдеу, физикалық қажу, жеке аластатушылық және қанағаттанудын төмен деңгейін көрсететiн процесс. Жұмыс қарбаластығы және қақтығыстар – әріптестер арасында түсініспеушілік, олардың тым сынағыштығы. Дәрігер тәжірибесінде әріптестерімен кейбір жағдайда келіспеушіліктер, түсініспеушіліктер болып тұрады.

Моббинг – психология ғылымында жаңа терминдердің бірі болып табылады, ол жұмыста қыспаққа алуы және қудалауды қайғыру күйімен сипатталады. Субъективті моббинг – тұлғаның жұмысқа бейімделуінің деструктивті формасы. Тексеріс, эмтихан, комиссия және т.б. себептерден қобалжу болып табылады.

Өзінің денсаулығына қауіп төндіру – вирустармен жұмыс кезінде инфекция жұқтырып алу, психикасы бұзылған науқастармен жұмыс кезінде, жедел жәржем көлігінде жарақаттану қаупі.

Ургентті аддикция – өзі байқамай, мiндеттемелердiң орындалмайтын санымен жүктеу.

Экстремалды жағдайлар – дәрігерлер жұмыс барысында тез әрі жауапты шешімдер қабылдауы қажет.

Аса жоғары жауапкершілік – жасалынған жұмыс туралы есеп беру, уақытысында және ұқыпты протокол толтыру, ауру тарихын толтыру және т.б. Дәрiгердiң жұмысы адам өміріне байланысты болғандықтан жеке де, кәсiби де өте қызу шығынды, тұрақты жетiлдiруді талап етедi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет