Линименттердің жіктелуі дисперсиялық жүйенің түріне байланысты:
- гомогенді (линимент-ерітінділер, экстракциялық линименттер);
- гетерогенді (суспензиялық, эмульсиялық, аралас линименттер).
Дисперсиялық ортаның сипаты бойынша:
майлы, спиртті, сабын-глицеринді, вазолименттер;
- Май линименттер дисперсиялық орта ретінде май майлары не май тәрізді заттардың болуы. Көбінесе күнбағыс, кастор майы, зығыр пайдаланылады.
- Спирттік линименттер құрамында спирт немесе тұнба, сонымен қатар әртүрлі ДЗ бар.
- Сабынды-спиртті линименттер дисперсиялық орта ретінде сабындардың спирттік ерітінділері бар.
- Вазолиенттер вазелин майымен сипатталады.
Суспензиялық линимент. Құрамына суда, глицеринде, майларда және басқа сұйықтықтарда ерімейтін ( ксероформ, мырыш тотығы, крахмал, ақбалшық және т.б.) кіреді. Суспензиялық линиментерді дайындаған кезде дәрілік заттарды майда ұнтақ болғанша уқалайды және одан кейін белгіленген сұйықтықпен араластырады. Суспензиялық жағармайларға қарағанда суспензиялық линиментер седиментациялық тұрақтылығы төмендігімен байқалады. Тұрақтылығын арттыру үшін қоюлатқыштар, аэросил (оксил) жалпы линимент салмағынан 3-5% мөлшерде қосылады. Мысалы, тұрақтандырылған Вишневский линименті қосылуы мүмкін.
Эмульсиялық линимент, М/С немесе С/М түріндегі эмульсиялар болатын, екі фазалы жүйелер. Олар майлы майлар мен сілтілердің немесе сабындардың ерітінділерінің қоспасы. Кейбір жағдайларда эмульгаторлар линименттің құрамына кіретін ингредиентердің әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі. Кеңінен пайдаланылатын аммиак (ұшқыш) линименті.
Судағы май - (М/С) линимент. Олеин қышқылы тұрақты эмульсия алу мақсатында түзілген эмульгатор мөлшерін көбейту үшін енгізіледі.
Құрғақ босататын құтыға өсімдік майын өлшеп, араластырып отырып олеин қышқылын және аммиак ерітіндісін қосады. Тығындап, біртекті қоспа түзілгенше, шайқайды.
Аммиак линименті жарық түспейтін салқын жерде, жақсы жабылатын құтыларда сақталуы керек. Негізгі этикетка «Сырт тәнге», «Қолданар алдында шайқа» деген ескерту белгіленуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |