1 дәріс Аналитикалық химия: пәннің мақсаты мен міндеттері. Аналитикалық химияның негізгі түсініктері. Заттардың аналитикалық белгілері және аналитикалық реакциялар. Аналитикалық реакциялар мен реактивтердің түрлері


Талдаудың жүйелік және бөлшектеу әдістері



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата11.03.2024
өлшемі273.64 Kb.
#494982
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Лекция 1 Аргимбаева

 
Талдаудың жүйелік және бөлшектеу әдістері 
Зерттелетін ерітіндіде бір емес бірнеше катион бірден болуы мүмкін  және 
олардың көпшілігі бір-біріне ұқсас реакцияларға түсіп, анықтауға кедергі 
келтіруі мүмкін. Сондықтан, иондарды белгілі бір жүйемен топтарға 
біріктіріп, кедергі келтіретін иондарды бөліп тастап, содан соң анықтауға 
кіріседі. 
Иондарды осылай топтар бойынша жіктеп анықтауды жүйелік анықтау 
дейді. 


Талдауды бөлшектеу әдісімен жүргізу үшін ерекше немесе таңдалмалы 
әсер ететін реагенттерді қолдану керек. Бөлшектеп анықтау әдісін А.Тананаев 
ашқан. Бұл әдіс жүйелік әдіспен салыстырғанда жылдамдығымен, басқа 
иондарды бөліп жатпай, әсіресе иондар саны көп емес ерітінділерде, бірден 
анықтауға мумкіндік беретінімен сипатталады. 
 
Катиондардың аналитикалық топтары және элементтердің
периодтық жүйесі 
Катиондардың 
аналитикалық 
топтарға 
бөлінуін, 
әрбір 
топ 
катиондарының қасиеттерін, олардың топ реагентімен әрекеттесулерін, сол 
катиондарды түзетін элементтердің периодтық жүйеде алатын орнымен 
түсіндіруге болады. Элементтердің, олардың иондарының химиялық 
қасиеттері көптеген факторларға тәуелд: атомдардың және иондардың 
электрондық құрылыстарына, иондану потенциалына, тотығу-тотықсыздану 
потенциалына, заттың негізділігіне, иондардың полярлануларына, комплекс 
түзу қабілетіне... Катиондар қасиетіне иондардың зарядтары да әсер етеді 
(қосылыстардың 
қышқылдық 
қасиетіне, 
гидролиздену 
дәрежесіне, 
ерігіштігіне). Ионның заряды неғұрлым жоғары болса, қосылыстарының 
қышқылдығы соғұрлым жоғары болады, ал ерігіштігі томен. Иондардың 
аналитикалық сипаттамаларының ішінде маңыздылары иондану потенциал 
мен ионның полярлануы. 
Иондану потенциалы деп ионның электр зарядының ион радиусына 
қатынасын айтады ( p
i
= z / r
i
), ол зарядтың тығыздығын көрсетеді. 
Катиондарды аналитикалық топтарға жіктеудің үш түрі белгілі: 
сульфидтік (күкірттісутектік), аммиакты-фосфатты және қышқылдық-негіздік 
талдау жүйелері. 
Сапалық талдаудың классикалық сульфидтік жүйесінде сульфидтердің, 
хлоридтердің және карбонаттардың ерігіштіктері негізге алынған. Соған қарай 
барлық катиондар бес аналитикалық топқа бөлінеді. ( СӨЖ ). Сульфидтік 
талдау жүйесі универсалды жүйе, бірақ кейбір кемшіліктері бар: жұмыс 
барысында күкіртті сутектің колданылуы арнайы бөлме және ерекше 
жағдайларда жұмыс істеуді талап етеді, ойткені күкіртті сутек өте улы зат; 
катиондарды толық талдау үшін 25-30 сағат кетеді. 
Катиондарды талдаудың аммиакты-фосфатты жүйесі фосфаттардың 
ерігіштігіне негізделген. Катиондар бес топқа жіктелінеді. Анықталатын 
катиондар санын сульфидтік жүйесімен ашылатын катиондар санымен 
салыстыратын болсақ, шамалары бірдей, бірақ анықтау әдісі күрделірек. 
Катиондардың қышқылдық-негіздік талдау жүйесін педагогикалық оқу 
орындарына енгізген Д.Бесков және А.Слизовская (СӨЖ). Бұл жүйе бойынша 
катиондар тұз және күкірт қышқылдарына, сілті мен аммиак ерітінділеріне 
қатынасты алты топқа жіктелінеді: 


1-кесте 
Қышкылдық-негіздік жүйе бойынша катиондарды жіктеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет