1 дәріс. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – қолданбалы ғылым және жеке пән. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары



бет8/9
Дата17.10.2023
өлшемі47.55 Kb.
#480858
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ҚТОӘ дәрістер

Қазақ тілін оқыту ұстанымдары
Қазақ тілін оқыту әдістемесі мен әдіснамалық ұстанымдар педагогика ғылымының оқу-тәрбие беру жөніндегі барлық теорияларына, оның дидактика бөліміне негізделеді. Өйткені дидактика – барлық ғылымды оқыту жөніндегі саласы. Сондықтан дидактикалық ұстанымдар әр пәнді оқыту әдістемесінің теориялық негізі болып табылады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі жалпы дидактикалық ұстанымдарға сүйенеді.
Дидактика мен әдiстеме – өзара тығыз байланысты болғанмен, әр бөлек ғылым салалары.
Әдiстеме мен дидактиканың зерттеу нысаналары бiр-бiрiне тығыз байланысты, бiрақ бiрдей емес. Кейбiр тiлшiлер оларды объектiсi бiр ғылымдар деп санайды. Мәселен, «Дидактика мен методика бiр объектiнi – оқу-тәрбие процесiн зерттейдi, яғни олардың зерттеу мақсаты бiр. Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы мынада: дидактика оқу-тәрбие процесiн жалпылама зерттесе, методика оны тек белгiлi оқу пәнiне /яғни, бұл жерде шетел тiлiне/ байланысты қарастырады».
Ғалымдардың мұндай пiкiрге келуi әдiстеме мен дидактиканың өзара тығыз байланысты болуынан туындаған. Өйткенi дидактиканың негiзгi қағидалары әдiстеме iлiмi арқылы жүзеге асады, ал әдiстеме дидактиканың басты ережелерi мен заңдылықтарын пайдаланады.
Ана тiлiн оқытуға байланысты еңбек жазған С.Қазыбаев дидактика туралы айта келiп, жоғарыдағыдай пiкiр бiлдiредi. Мысалы: «Дидактика – бiлiм мазмұнының ғылыми негiзiн, оқыту әдiстерi мен ұйымдастыру формаларын, яғни ненi оқыту, қалай оқыту жайын зерттейдi. Демек, дидактика бiлiм мазмұнын анықтау, оқыту процесiнiң заңдылықтарын ашу, оқытудың ең тиiмдi әдiстерi мен ұйымдастыру формаларын табу проблемаларын шешiп отырады» – деп жазады.
Сол сияқты Қ.Исабаев: «Қазақ тiлi методикасы бiлiм берудiң негiзгi құралдарын iздестiрсе, ал дидактика бiлiм беру мен оқытудың теориялық мәселелерiн, оның формалары мен әдiстерiн зерттейдi» – дейдi.
Бұл анықтама бойынша, әдiстеменiң негiзiне бiлiм беру құралдары алынып, дидактиканың негiзiне оқытудың теориялық мәселелерi қабылданып, олардың ара жiгi нақтылана түседi. Дегенмен, оқытудың формалары мен әдiстерiне келгенде, айқындық бұзылады. Өйткенi көптеген ғалымдар оқытудың әдiс-тәсiлдерiн дидактикаға да, әдiстемеге де жатқызып, соның нәтижесiнде түсiнiксiздiк пайда болады.
Ал мәселе ұстаным (принцип) туралы болса, сөз басқа. Өйткенi, ғылымда әбден қалыптасқан дидактикалық ұстаным да өзiнiң даму барысында белгiлi бiр ұстанымдарға сүйенедi. Дидактика мен әдiстеменiң екеуiне де ортақ жалпы ұстанымдар да, сонымен қатар әрбiр саланың әрқайсысына тән жеке ұстанымдар да қалыптасқан.
Дидактика оқу, бiлiм, тәлiм-тәрбие процестерiндегi теориялық мәселелер мен ережелердi, заңдылықтарды қарастырса, әдiстеме осы ережелер мен заңдылықтарды тiкелей жүзеге асыру үшiн қолданылатын нақтылы әдiстер мен тәсiлдердi, оның тиiмдi де, сапалы жолдарын қарастырады. Ал әдiснама /методология/ болса, ол – осы әдiс-тәсiлдердiң жиынтығын ғылыми тұрғыдан қарастыратын iлiм, яғни ол практика жүзiнде iске асыратын арнайы әдiстер мен тәсiлдердiң жиынтығын теориялық ережелер арқылы дәлелдейдi және осы ережелерге қатысты басты ұстанымдардың түп қазығы, негiзi болып табылады.
Қазақ тiлiн оқытудың негiзгi қағидаларын айқындау үшiн, алдымен бұл сөздiң мәнi мен мағынасын анықтап алу қажет.
«Принцип» деген сөздiң өзiн әркiм әртүрлi түсiндiредi. Мәселен, Е.И.Пассов: «Принцип – это часто закон, выполняюший функцию принципа» – десе, П.В.Гурвич: «Методические принципы – это лишь основные ведущие тенденции, они необязательно должны проявляться на каждой точки учебного процесса» – деп түсiнiктеме бередi. Демек, алдыңғы ғалымдардың пiкiрi бойынша, принцип белгiлi бiр саладағы заңдылықпен тiкелей қатысты ұғым болса, кейiнгi автордың айтуынша, ол оқу процесiндегi басты орын алатын бағытпен байланысты қарастырылады.
Қазақ тiлiн оқыту туралы ұстаным – осы саладағы заңдылықтарға, оқытудың мақсаты мен маңызына, мiндеттiң орындалу қажеттiлiгiне сай ережесiне, сол ереженiң iске асуының жолдарына, оқытудың басты бағытына, тағы сол сияқты негiзгi белгiлердiң барлығына сүйенетiн ең тиiмдi, сұрыпталған ерекшелiк.
Әдіскер-ғалымдар жіктеген ұстанымдар өте көп. Бірақ осы ұстанымдардың барлығын көптеген әдіскерлер тек төртке бөліп қарастырады: әдіснамалық ұстанымдар; ғылыми ұстанымдар; психологиялық ұстанымдар; жеке дидактикалық ұстанымдар.
Жалпы дидактикалық ұстанымдардың көпшiлiгi ғылымда маңызды рөл атқара келiп, бiреуi қарастырылып отырған объектiге тiкелей байланысты болса, екiншiсi қосалқы қызмет атқаруы мүмкiн. Сол себептi де бiр кiтап авторлары оның 6 түрiн бөлiп көрсетсе, екiншiлерi 8 түрiн, үшiншiлерi 10-шақтысын жiктеп шығарады. Бiздiң пiкiрiмiзше, қазақ тiлiнен бiлiм беру мен оқытуға байланысты ұстанымдарды төмендегiдей сатылап бөлген жөн.

  1. Жалпыдидактикалық ұстаным.

  2. Жалпыәдiстемелiк ұстаным.

  3. Салаәдiстемелiк ұстаным.

Мұндай деп жiктеудiң негiзгi өлшемi мынада: бiрiншiден, бұл ұстанымдардың ортақ заңдылығы – олардың барлығында оқыту мәселесiне қатысты ең керектi, маңызды ережелер негiз етiп алынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет