1 дәріс. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – қолданбалы ғылым және жеке пән. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары


Қазақ тілі әдістемесінің негізін қалаушылар



бет3/9
Дата17.10.2023
өлшемі47.55 Kb.
#480858
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ҚТОӘ дәрістер

Қазақ тілі әдістемесінің негізін қалаушылар
Қазақ тілін оқыту пәнінің мақсаты – студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің бастау көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасы негізінде жүйелі түрде оқушыларға тиімді әдіспен жеткізудің жолдары мен тәсілдерін таныту үрдісіне негіз болу. Қазақ тілі мамандарын шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру, сабақ бере білудің тиімді әдістерін меңгерту, әдістемелік жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру. Тіл – халық тарихы. Қазақ тілінің оқыту әдістемесінде тарихи даму жолы жатады. Қазақ әдіскерлерінің ойы, құнды тұжырымдары, қағидалары әдістемелік еңбектерде баяндалды, оқу үдерісінде пайдаланылды. Сондықтан да тіл әдістемесінің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу – қажеттілік. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі – оқыту әдістемесі, тілі.
Қазақ тілі методикасының ғылыми негізі Кеңес дәуіріне дейінгі кезеңнен басталады. Қазақстанда педагогика тарихы, сондай-ақ, қазақ тілін оқыту мәселелері Ыбырай Алтынсарин есімімен байланысты. Ол мектептегі оқу үдерісінің ғылыми негізде құрылуын, халықтың жаппай білім алуын, халқымыздың мәдениетінің ілгері дамуын аңсады.
Ы.Алтынсарин Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашып, осы кезеңнен ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Шалғай түкпірде мектеп ашу жұмысының қиыншылықтарына қарамастан, ағартушылық идеяларымен қанаттанған ағартушы көздеген мақсатын орындауға кірісті. Халыққа кәсіптік білімнің маңызы мен мақсатын түсіндірді. Ы.Алтынсарин әлем педагогикалық классиктерінің гуманистік идеяларын басшылыққа алып, оларды қазақ даласында оқу-ағарту практикасына енгізген тұңғыш педагог болды. Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрып, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді және оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында әсіресе, ана тілін үйренуде К.Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. 1879 жылы Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және дидактикалық оқу мәселесі жөніндегі «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралы болды. Ағартушы жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосты. Ол қазақ жастарын, ең алдымен, оқу, өнер, білім, техниканы игеруге шақырды («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар»). Автор оқу, білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлық қажет екенін ескертті.
С.Жиенбаевтың «Грамматика талдауыш» (1936 ж. орта мектептің V-VI кластарына арналған) «Үлкендерге хат танытудың методикасы» (1938 ж.) «Бастауыш мектепте кітап оқытудың методикасы» (1939 ж.), «Қазақ тілі методикасы» (1941 ж.) «Грамматикалық таблицалар» (1942 ж.), «Жаттығу емле мен тіл дамыту» (1944 ж.). «Қазақ тілі методикасы» (екінші басылымы 1946 ж.) сияқты еңбектері жарық көрді.
Бұл еңбектердің қазақ тілін оқыту әдістемесінде алатын орны ерекше. Онда қазақ тілі әдістемесінің педагогикалық негіздері, жазу жұмыстары, талдау үлгілері, грамматиканы оқыту, кітап оқу әдістемесі сияқты мәселелерге тоқталумен бірге, «мұғалім сабақты біреудің көрсетіп бергенінен айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті. Методика рецепт те емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба», – деп әдістеменің көптеген мәселелеріне тоқталды, ол қазірде де мәнін жойған жоқ. Әдіскер сонымен бірге «Құрмалас сөйлемнің топтастырылуы», «Қазақ тілінің методикасы», «Қазақ тілі», «Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы», «Оқу кітабы», «Кітап оқу методикасы», «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы» т.б. көптеген әдістемелік еңбектердің авторы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет