Мәдениет, ойлау, тіл бірлігін жүзеге асыру қағидасы – білім алушыларды бүгінгі ғаламдану үдерісінде жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтау мен ізгі дәстүрлерін жалғастыруға шынайы мүдделілігін тудыратын, мәдени-танымдық құзіреттіліктерін дамытатын тірек қағида.
Білімнің мотивациялық сипатын арттыру қағидасы тілдік білім мазмұны білім алушылардың танымдық және әлеуметтік мотивтерін туғызуға, қызығушылықтары мен тілге оң қатынасын қалыптастыруға, тілді қолдануға ішкі мүдделіліктерін дамытуға тірек болады. Тілді қатысымдық, танымдық, экспрессивтік қызметтеріне сай қолдануға ұмтылысын арттырады.
Өмірлік дағдыларды жетілдіру қағидасы әртүрлі мәселелерді пікір алысу мен пайымдауға жүгіну арқылы шешуге, субъектілер арасында түсіністік орнатуға, әлеуметтік келісімге қол жеткізуге үйрететін дискурсты меңгертуге негіз болады.
Құзіреттілік қалыптастыра оқыту қағидасы қазақ тілін тілді оқыту үдерісінде білім алушыларды ана тілінде еркін қарым-қатынас жасауға төселдіру және сөйлесім әрекетіне тән оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім компоненттерін кешенді меңгерту нәтижесінде олардың ақпараттық, қатысымдық және өздігінен шешім жасау, мәдени-танымдық құзіреттіліктерін дамытудың жолдарын анықтауға мүмкіндік жасайды.
Табиғилық қағидасы оқыту табиғи және әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-қоғамдық үдерістердің өзара байланысына және білім алушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуда олардың жеке тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескеруге негізделеді.
Білім алушыны әрекет субъектісі деп тану қағидасы – заманауи білім беру талаптарымен тұтастай үндесетін, ізгілікке негізделген оқыту жүйесін жүзеге асырудың тетігі. Әр білім алушыға құрметпен қарап, оның таңдау құқықтарына еркіндік беру арқылы өздігінен шешім жасауға, өзін-өзі дамытуына жол ашады.
Тілдің әлеуметтік мәнін арттыру қағидасы тілді оқытудың инновациялық технологияларын қолдануды әлеуметтік ортаның талаптарымен сәйкестендіруге, қоғамдық сұраныммен ұштастыруға ықпал етеді. Тұлғаның әлеуметтенуіне қажетті ұтымды шарттарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Білім беруді демократияландыру қағидасы білімді меңгерту үдерісінде білім алушылардың ой еркіндігі мен сөз бостандығына негізделетін, олардың өзара іс-әрекеттеріне, ынтымақтастығына құрылатын оқыту жүйесін құруға тірек етіп алынады. Бұл қағида оларды адамгершілік рухында тәрбиелеп, қарым-қатынас мәдениетін дамытуды көздейді.
№ 3 дәріс. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің психологиямен байланысы.
№ 4 дәріс. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің педагогикамен байланысы. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық ұстанымдары
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне жаңа сана мен қоғамдық мәртебе беру және оны айрықша сала ретінде қабылдау қажет, оның бірінші кезектегі міндеті – жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау, икемділік пен білімділік болуға тиісті», – делінген. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы – филология бөлімдерінің студенттеріне теориялық білім мен практикалық дағды, іскерлік қалыптастыратын негізгі пәннің құрамдас бөлігі.
Педагогикалық талап – білім беру жолында қолданылатын теория мен практиканы басшылыққа ала отырып, мұғалім оқушылардың тілден алған теориялық білімін практика жүзінде меңгерту мақсатталады.
Қазақ тілінде әр септіктің грамматикалық тұлғасы біркелкі жүйеде қалыптасқан. Бірақ оны жаттап алу оқушылардың қазақ тілін сапалы түрде тиянақты меңгеруі дұрыс нәтиже бере бермейді. Тиісті затты көзбен көру, қолмен ұстау арқылы жүргізілетін сабақ ұзақ есте қалады.
Осындай тірек материалдарын, сигналды карточкаларды, символдарды мол пайдалану педагогикалық технологияның бір тармағы – жеделдетіп оқытуға жатады. Ол оқытуға жеке тұлғаның мүмкіндігін ашуға септігін тигізеді.
Оқыту жүйесі оқушының жан-жақты дамуына, таным қабілетінің артуына және тұлғаның интеллектуалдық қалыптасуына бағытталады, ал бұл проблемаларды жүйелілікпен шешу жаңа технологиялармен оқытудың дамыта оқытумен мазмұндас екендігін көрсетеді.
Дидактика зерттейтін оқыту мен білім беру үдерісі тек білім берушілік сипатта болмай, сонымен бірге үлкен тәрбиелік мүмкіндіктерге негізделетіні де белгілі. Себебі жан-жақты дамыған, іскер, талантты, білімді жаңа қоғамның иесін даярлау, тұлға ретінде қалыптастыру дидактиканың да даму негізі болып табылады. Бұл ретте дидактика оқыту психологиясымен де байланыста болуы тиіс.
Педагогикалық үдеріс – оқыту, қалыптастыру, жетілдіру, үйрету, тәрбиелеу сияқты жұмыс түрлерін қамтиды.
Педагогикалық үдерісте өзіндік дамуға көмектесудің жолы ашылу керек. Жаңа технологиялармен оқытуда педагогикалық үдеріс шығармашылық сипатқа ие болып, тосын нұсқау бойынша емес, органикалық қажеттілік бойынша жүреді. Ол үшін педагогикалық үдерісте дербес жұмыс түрлері қолданылу керек.
Оқыту үдерісі – педагогтік күрделі үдеріс. Оқу танымдылығының, ғылыми зерттеулер сияқты, ақиқат дүниені тану процесі болады. Ақиқат дүниені тану – ғылыми зерттеулер жасап, жаңа білімді ашу. Танып білу – бұл адамның сана сезіміндегі ақиқат дүниенің бейнелену процесі.
Әрі тілдік тақырыптарды түсіндіруде оқушы қабылдауын дамытудың ерекше екенін ескере отырып, төмендегідей талаптарды басшылыққа алу:
түсіндірілетін тілдік тақырыптардың өзіндік ерекшелігін меңгеруде, оқушы үшін байқау мен қабылдаудың мақсатын айқын ұғыну керектігін білу;
түсіндірілетін тілдік тақырыптарды бір-бірімен салыстыруға, жеке тілдік материалды оқушылардың қалыптасқан білімдік дағдыларымен үнемі байланыстырып отыруға, әртүрлі тілдік тақырыптардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратуға, көзделген басты мақсаттар мен жеке мәселелерді түсініп айыра алуына бағыт беру;
оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда тілдік материалдардың түрі, көлемі, ауыр-қиындығы есепке алынып, бұларды қабылдауының сапалы болуына дұрыс нұсқау беру т.т.;
оқыту жүйесінің негізін өзара байланыстағы қиыншылықтың жоғарғы деңгейінде оқыту, бағдармаламалық материалды оқытудың жоғарғы қарқындылығын ескеру, теориялық білімнің жетекші, маңызды рөлі сияқты ұстанымдар.
Шығармашылық ойды қалыптастыратын оқытуды дамыта оқыту деп есептейді. Тиімді ойды оқып білім алудың негізі деп қарастыра отырып әдіскерлер өзіндік ойлаудың ерекшеліктерінің сырттайғы көрінісі – жаңа білімді өз бетінше игеру және оны іс-әрекетте қолдана білу деп біледі. Әрі мұндай ойдың негізгі көрсеткіштері ретінде ойдың жеке даралығын, әдеттегіден тыс жауапты таба білуін, ассоциациялық байланыстардың пайда болуының жылдамдығы және дамуын, мәселенің ұғымдылығы, оның әдеттегіден тыс шешімділігін, ойдың жүйріктігі мен кейбір талаптарға сәйкес уақыт бірлігінде пайда болатын ассоциациялық идеялардың болуын атайды.
Психологиялық тұрғыдан сабақ неғұрлым әсерлі болса, оқушы оқу материалын соғұрлым дұрыс түсініп, берік білім алады. Бұл, әрине, мұғалімнің шеберлігіне қатысты мәселе.
Бірінші жағдай – сабақтың педагогикалық тұрғыдан ойдағыдай құрылуы. Оған қатысты мәселелер мұғалім мен оқушының сабақ кезіндегі қарым-қатынасы, мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, биік өнегесі, сөйлеу мәдениеті.
Екінші жағдай – сабақтың теориялық жағынан талапқа сай болуы. Сабақтың теориялық жағы негізгі фактілермен дәлелделініп, ғылыми жағы көңілге қонымды болса, ол оқушының нақты әрі абстрактілі ойлауын қалыптастырады, ынтасын арттырады, сабақ түсінікті болады.
Үшінші жағдай – сабақтың әдістемелік жағынан тиімді болуы. Ол мұғалімнің материалды меңгерту әдісін шеберлікпен игере алуына, дидактиканың заңдылықтары мен ұстанымдарын тиісті жерде қолдана білуіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |