Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты – білім алушыға тек академиялық білім беріп, білік пен дағдыларды қалыптастыру емес, сонымен қатар жеке тұлғаның бойында әлеуметтік құнды іс-әрекеттерге қатыса алуы үшін өзіне де, қоғамға да қажетті қабілеттерін дамыту. Осы тұрғыдан қарағанда білім берудің білім, білік пен дағдыларды қалыптастыру міндеттері арқылы жеке тұлғаның үйлесімді түрде эмоционалды, ақыл-ой, адамгершілік, рухани-құндылық, еріктік, физикалық қабілеттері жағынан толыққанды тұлға ретінде дамуы маңызды.
Білім беру философиясы
Білім беру философиясын жан-жақты зерттеген ғалымдар В.В.Краевский, Б.Л.Вульфсон, В.В.Кумарин, Б.С.Гершунский т.б. болған. Бұл ғалымдардың зерттеуінше білім беру философиясы үш тұрғыдан қарастырылады:
- Білім беру философиясы – қолданбалы философия ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыдан білім беру саласының даму заңдылықтарын негіздеу үшін жалпы философиялық қағидаларды қолдану жеткілікті деп есептелінеді.
- Білім беру философиясының мазмұны педагогика ғылымының теориялық-әдіснамалық мәселелерімен сәйкестендіріледі.
- Білім беру философиясы дербес ғылыми білімдер саласы, оның негізін тек білім беруге қатысты жалпы философиялық ілімдер ғана емес, білім берудің барлық аспектілерінің қызметтерін қамтитын жеке шынайы даму заңдылықтары құрайды.
Білім беру ұғымының 4 негізгі аспектілері
Білім берудің құндылықтық сипаты: Білім беру мемлекеттік құндылық; Білім беру қоғамдық құндылық; Білім беру жеке тұлғалық құндылық.
Білім беру жүйе ретінде
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесі ретінде өзара бірлесе іс-әрекет ететін:
- білім берудің деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен оқу бағдарламаларының жиынтығы;
- білім беру бағдарламаларын типтеріне, түрлеріне, меншіктік формаларына қарамастан іске асыратын білім беру ұйымдарының жиынтығы;
- білім беру сапасының мониторингін жүргізетін ғылыми ұйымдар мен оқу-әдістемелік қамтамасыздандыратын білім беруді басқару органдарының және оған сәйкес инфраструктураларының жиынтығы қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |