1 дәріс Қазіргі білім, оның даму тенденциялары, білім берудің негізгі тұжырымдамалары мен тәсілдері. Педагогикалық қызметтің ерекшелігі және «Педагог» мамандығы


Қазақстандағы білім беру жүйесінің жалпы құрылымы



бет3/4
Дата01.10.2024
өлшемі4.71 Mb.
#504205
1   2   3   4
ДӘРІС 1.Педагогика СТУДЕНТТЕРГЕ 2

Қазақстандағы білім беру жүйесінің жалпы құрылымы
Білім беру – үрдіс және іс-әрекет ретінде
Білім беру педагог пен оқушы, студент арасындағы қарым-қатынас үрдісі. Бұл үрдіс барысында оқушы оқу, тәрбие, даму үрдістеріне жан-жақты белсенді қатысып педагогикалық қарым-қатынастың субъектісіне айналады.
Білім беру барысында педагог пен оқушы арасында ғана емес, оқушылардың өзара біріккен әрекеттері де нығая түседі.
Білім беру – үрдіс және іс-әрекет ретінде
ПЕДАГОГ
ОҚУШЫЛАР
Білім беру үрдісі – мұғалімнен, оқытушыдан оқушыға оқу ақпараттарын жеткізу арнасы. Білім беру үрдісіндегі көптеген жұмыстардың табыстылығы педагогтың кәсіби-шығармашылық іс-әрекетіне тікелей тәуелді. Әрбір сабақтың өтілуі де мұғалімнің талпынысына, әдістемелік шеберлігіне байланысты түрлі нәтиже көрсетеді. Мұғалімнің іс-әрекеті үздіксіз шығармашылық үрдіс. Ол балалармен үнемі ынтымақтастықта жұмыс істеуге әрекет жасайды. Осы бірлескен белсенді танымдық іс-әрекет барысында оқушыларды табысқа жетуге бейімдей алудың педагогикалық маңызы зор.
Білім беру нәтиже ретінде: сауаттылық - білімділік - кәсіби кұзыреттілік - мәдениет - діл (менталитет)
Сауаттылық әр адамды білім беру саласында бастапқы мүмкіншіліктермен қамтамасыз ететін білім деңгейі.
Білімділік – қажетті максимумға дейін жеткізілген қоғамдық және тұлғалық сауаттылық. Білімділік ұғымы адамның қоғам мен өмірдің түрлі сұрақтары бойынша дүниетанымының кеңдігі, танымдық үрдістерінің жетілу деңгейі, меңгерген білімдері негізінде қалыптасқан адамгершілік қадір-қасиеттері мен құндылықтары.
Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби білімінің деңгейі, жеке қабілеттері, өзін-өзі үздіксіз жетілдіру іскерліктері, өз ісіне деген шығармашылығы, жауапкершілігі, теориялық білімдерін практикада тиімді қолдана алу іскерліктері.
Мәдениет – адам білімділігі мен кәсіби құзіреттілігінің жоғарғы көрінісі. Мәдениетадам жанын да, қоғамды да, табиғи ортаны да ізгілікке бөлейтін пәрменді ерекше құрал. Сондықтан мұғалім шәкірттерді тәрбиелеудегі ізгіліктің бастауы, мәдениеттің қайнар көзі, әдебиет пен өнер шығармаларының жаршысы бола алатын жетекші тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет