1 дәріс. Білім беру аймағындағы педагог-психологтың кеңес беру қызметі


 дәріс. Жасөспірімдер мен балалардың құқық бұзушылық тәртібі мәселелері



Pdf көрінісі
бет15/16
Дата03.04.2024
өлшемі469.46 Kb.
#497513
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
қызмет ұйымдастыру

11 дәріс. Жасөспірімдер мен балалардың құқық бұзушылық тәртібі мәселелері. 
Құқық бұзу тәртібінің алдын-алу міндеттері.
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы өте созылмалы және күрделі процесс. Заңсыздық 
және бассыздықпен күрес мәселесі айрықша маңызға феодализм және авторитарлық пен 
тоталитарлық тәртіптегі буржуазиялық полицейлік мемлекеттер кезеңінде ие болды. Адам 
пайда болуымен бірге, оның табиғат, әлем және адамның өзі жайлы сұрақтары туындай 
бастайды. Осы сұрақтармен сәйкес мемлекет жайлы сұрақ қойылды. Бұрынғы заманда 
мемлекет жайлы түсінік құдайлық мінезге ие болған. Зороастризмге сәйкес, мемлекет аспан 
әлеміндегі Ормузда патшалығының жерлік таңбасы. Монарх – Ормузданың қызметшісі, ол 
қол астындағыларын жамандықтан қорғауы тиіс және мемлекеттегі зұлымдыққа қарсы тұра, 
жақсылықты өрістету керек. 
Көне Қытай философиясында Конфуций философиясы басты рөлді болды. Конфуций 
бойынша, дәстүрді құрметтеуде басты орынды Ереже алады, олар тек ерте заманда ғана 
болған. Оның ойынша, мемлекет – үлкен отбасы. Император өкіметі, «аспан ұлының», 
әкесінің өкіметіне бағынады. Ал басқарушылар мен қол астындағылар арасында отбасылық 
қарым-қатынас. Әрбір қоғам мүшесі туғаннан бастап қайтыс болғанына дейін күнделікті 
өмірде әдепті болуы керек. Императорға өкімет үстіден беріледі, сондықтан негізгі қол 
астындағылардың сайлауы адал әрі басқарушыға және “үлкендерге” адал болуы тиіс. 
Конфуций үшін “ли” ритуалы мемлекет құрылуының басы және негізі болып табылады. 
Ритуалды жоғалтқанда тәртіпсіздік пайда болады. Конфуций өзінің “Басшы” деген 


20 
шығармасында “Күнді мейірімділікпен сәйкестендіруге болады, ол жұлдыз өз орнында 
тұрады, ал басқалары оны айналып жүреді. Егер халықты заң жүзінде басқарса және тәртіпті 
жазалау арқылы ұстаса, халық айыптан бас тартуға тырысып, ұятты сезбейді. Ал егер 
халықты мейірімділікпен басқарып, тәртіпті рәсім арқылы қолдап тұрса, онда халық ұят 
дегенді біледі және олар түзеледі” – дейді Конфуций.
Оның ойынша, заң алдындағы барлық қол астындағылардың тепе-тендік принципі жеке 
адамға күш көрсету болып табылып, мемлекет басқаруының негізін бұзады.
Ресей ғалымдары Н.С.Самощенко, В.В.Тищенко өз зерттеулерінде «құқықтық тәрбиені» 
тұлғаның құқықтық санасын жоспарлы, жүйелі қалыптастыру үдерісі деп түсіндіре отырып, 
индивидтің құқықтық санасына әсер ететін факторлар ретінде әлеуметтік-экономикалық 
құрылыс пен әлеуметтік ортаны және оның ұйымдастырушылық-саяси ерекшеліктерін бөліп 
көрсетеді.
Отандық ғалым Т.Ғабитов құқықты мәдени-әлеуметтік реттеу жолдарын: 1) «мораль 
мен құқық - барлық адамдардың бірдей қолдана алатын ережелер қатынасы»; 2) «әдеп пен 
құқық - азамат пен мемлекет мүдделерінің үйлесімді ету құралы»; 3) «құқық – адамның іс-
әрекетін реттеуші құрал»; 4) «құқық - мәдени-әлеуметтік алғышарттар» деген түрлерге бөліп 
көрсеткен. Егер зерттеуімізге тірек етіп алынған ұғым «құқықтық тәрбиені» Ресейлік 
зерттеуші А.Бойков «құқықтық тәрбие - құқықтық сананы қалыптастыруға бағытталған 
мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың және тұлғаның өзінің мақсатты 
ұйымдастырылған жұмысы», - деп айқындайды. 
Құқық адамдардың мінез-құлқын реттейтін, мемлекет тарапынан үнемі қолдау тауып 
отыратын жүйе. Сонымен бірге құқық жүйесі – құқық салаларының өзара байланысын, 
арақатынасын және құрылымын анықтайтын институционалдық түсінік ретінде құқықтық 
жүйенің құрамына енеді. Құқықтық жүйеге құқық жүйесінен басқа да қоғамның құқықтық 
өмірінің бөлшектері, құқықтық білім, құқықтық тәжірибе және тәрбиенің барлық элементтері 
де кіреді. Құқықтық білім – құқықтық тәрбие мен құқықты оқытудың біртұтастығы, оның 
мәні құқықтық нұсқауларды, қатынастарды, құқық реттейтін саладағы қызметтерді 
қалыптастырады. Бұл жүйе оқушының қоғамда болып жатқан барлық өзгерістерге өзіндік 
көзқарасын дамытуға, оған деген өзіндік бағдарын қалыптастыруға және заң мен 
заңдылықтарды меңгеруге, іс-шараларда өзінің азаматтық парызын түсінуге көмектеседі. 
Құқықтық жүйеде педагогтардың ықпалы тәрбиелік кеңістікте жеткіншектердің санасына, 
сезіміне, сеніміне, еркіне, құқықтық мінез-құлқының қалыптасуына бағытталған олардың 
педагогикалық іс-әрекеттерінің кешені мұғалімдер, ата-аналар, мектептен тыс мекемелер, 
т.б. жағдайда өзара жауапкершілікті субьект – субьектілік қарым-қатынасымен 
айқындалады. 
Ертеңгі заң қорғаушылардың адамгершілік құндылық қасиеттерінің қалыптасуы да, 
алдымен, тәрбиеге байланысты. Құқықтық білім беруді адамгершілік тәрбиесімен 
ұштастырып, байланыстырып отыру тиіс. Яғни ұлттық , құқықтық, адамгершілік сананы 
қалыптастыру қажет, ол- қоғамдық сананың ерекше түрі. Бүгінде әлемдік деңгейде 
адамдардың құқығын қорғайтын « адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» бар. 
Бұл бүкіл әлем азаматтарының құқын қорғайтын бірден-бір құжат болып табылады. 
Құқық- қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы, 
қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, ал қоғамға зиянды қатнастарды шектеп, 
тыйым салатын құрал. Ол азаматтардың бостандығын, қоғам алдындағы міндеттерін 
жариялап, оларды жүзеге асыруға заң жүзінде кепілдік береді. 
Құқықтық тәрбиені педагог ғалымдар құқықтық сана қалыптастырудан бастау керек деп 
есептейді(Б.Лихачев). Оның құрамды заңды, сол мемлекеттің мәдениетін ондағы 
демократиялық бастамаларға құрмет және жауапкершілік пен белсенділік. Заң дегеніміз-әр 
мемлекеттің өзі ұстанған саясатын қоғамдық өмірге орнықтырудың басты құралы.Ол 
құқықтық нормаларды нақты өмірдегі қарым-қатынасқа ендіру арқылы адамдардың 
құқықтық санасын қалыптастыру, азаматтардың саналылығын қоғамдық пікір арқылы және 
заң күшімен дамыту. Құқық қоғамдық өмірде бірқатар аса маңызды қызмет атқарады. Ал 


21 
оның бастамасы мемлекеттің қабылданған - конституция.Ал қалған құқықтық нормалар мен 
актілер сол негізде түзеледі, мысалы, еңбек туралы, азаматтық туралы, меншік, басқару, 
отбасы, қылмыстық, т.б.заңдар қабылдананады. Олар арқылы қоғамдық қатынастар мен 
мәліметтер реттеліп отырады. 
Құқықтық тәрбие- дегеніміз бұл қоғамдық ұйымдардың, жеке азаматтардың заңнамалық 
тәжірибесі негізінде, жүйелі түрде адамдардың мінез-құлқына, біліміне, көзқарасына, 
құндылығына позитивті көзқарас, құрмет көрсетіле отырып, қоғамдағы тәртіпті 
қадағалайтын мемелекеттің мақсатты бағытталған іс-әрекеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет