1-дәріс. Кіріспе. Климатология гидрология негіздерімен пәнінің география ғылымдары жүйесіндегі орны



бет27/38
Дата14.03.2024
өлшемі2.52 Mb.
#495515
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38
Дәрістер жинағы

Температуралық режимі. Су – жердегі ең жылы дене, ол оның жылу сыйымдылығына байланысты. Судың жылу сыйымдылығы бірдей мөлшердегі ауаның жылу сыйымдылығынан 3 000 есе артық. Сондықтан су температурасы, ауа температурасына қарағанда өте аз өзгереді.


Жылу сыйымдылығы жоғары және аса зор аумақты алып жатқандықтан жазда мұхит пен теңіз суы баяу жылынып, қыста баяу суынады. Соған байланысты жазда мұхит пен теңіз суы температурасы құрлық температурасынан төмен, қыста жоғары болады. Сондықтан дүниежүзілік мұхит суы бетінің орташа жылдық температурасы шамамен 17,40С-қа тең болып, құрлық беті температурасынан 30С жоғары (құрлықтың орташа жылдық температурасы 14,30С).
Мұхит суы беткі қабатының температурасына қоршаған ортаның климаттық ерекшілігі де әсер етеді. Су температурасының ең жоғары көрсеткіші, жан-жағын шөл климаты алып жатқан теңіздерде байқалады. Мысалы, су температурасы Жерорта теңізінде 330С-қа, Қызыл теңізде 340С-ға жетсе, Парсы шығанағында 35,60С-ға дейін көтеріледі.
Мұхит суы температурасы жергілікті жердің географиялық ендігіне де тәуелді. Ыстық ендіктерде температура батысқа қарай жоғарыласа, ал қоңыржай ендіктерде шығысқа қарай артады. Су температурасының бұл өзгерісі мұхит ағыстарына байланысты.
Мұхиттар мен теңіздер суының беткі қабатының температурасы тәулік және жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп тұрады.
Теңіз суы температурасының тәуліктік өзгерісі теңіз жағалауларына жақын жерлер мен шығанақтарда ғана айқын байқалады. Теңіз суының температурасы жыл мезгілдері ішінде көбірек өзгеріске ұшырайды.
Маусымдық өзгерісі географиялық ендікке байланысты (ыстық ендіктерде 2-3С, қоңыржай ендіктерде 5-100С, суық ендіктерде 1-20С) өзгереді.
Тропиктік ендіктерде күн сәулесі су бетін қаншама қыздырғанымен, ашық мұхитта су температурасы 30°С-тан аспайды (себебі, судың жақсы араласуына байланысты). Тек құрлық ортасындағы шығанақтар мен теңіздерде ғана су температурасы 350С дейін көтеріледі.
Мұхиттар мен теңіздер суы температурасының тәуліктік және жылдық өзгерісі белгілі бір тереңдікке дейін ғана жүреді. Тәуліктік өзгерісі әдетте 25-30 м, жылдық өзгерісі 200-300 м, кей жағдайларда 350 м-ге дейін жүреді. 300-350 м тереңдіктен төмен қарай су температурасы бүкіл жыл бойы тұрақты болады. Су температурасы тереңдеген сайын төмендей береді (әр 1000 м тереңдікке шамамен 1-20С төмендейді), 3000-4000 м тереңдікте температура 20С-қа дейін төмендейді.
Мұхит суы температурасының тереңдік артқан сайын төмендей беру себебі, тығыздығы жоғары суық су, төмен қарай ауысып, жылы, жеңіл суды жоғары қарай ығыстырады.
Мұхиттар тереңдігіндегі судың төмен температурасы, полялық теңіздер мен мұхит әсеріне байланысты. Температурасы -1-20С дейін төмендеген су, барлық мұхиттар түбіне таралады. Көп жылғы жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде, мұхит суы беткі температурасының орташа айлық және жылдық картасы жасалынады.
Судың қатуы. Дүниежүзілік мұхиттың поляр аймақтары суы жылдың суық мезгілінде қатады. Тұздылыққа байланысты теңіз суының қатуы тұщы суға қарағанда күрделірек үрдіс. Тұщы су 00С-та қатса, тұзды су одан да төмен температурада қатады.
Теңіз суының қату температурасы ең алдымен, оның тұздылық дәрежесіне байланысты. Судың тұздылығы неғұрлым жоғары болса, қату температурасы да соғұрлым төмен болады. Мысалы, тұздылық 20%0-ге тең болғанда, қату температурасы -1,10С-қа, 35%0-де -1,90С-қа тең болса, 40%0-де -2,20С-та қатады. Сондай-ақ, судың қатуына оның тығыздығы да әсер етеді. Тығыздық артқан сайын да қату температурасы төмендей береді, бұл тұздылыққа байланысты. Тұщы судың ең жоғарғы тығыздығы 40С-да байқалады. Тұздылығы 20%0 -ге тең судың ең жоғарғы тығыздығы -0,30-қа тең болса, 35%0-де ең жоғарғы тығыздық -3,50-қа, ал, 40%0-ге тең болғанда ең жоғарғы тығыздық -4,50С-та байқалады.
Тұщы су алаптары беткі қабатынан салқындауына байланысты, ондағы беткі және терең қабаттарындағы су конвекциялық жолмен алмасады. Салқындаған су ауырлап төмен түссе, жылы, әрі жеңіл су оның орнын басады. Су ең жоғарғы тығыздығына жеткенде, конвекция тоқтайды да, онан әрі салқындау нәтижесінде, су беті мұз болып қатады.
Қалың жауған қар теңіз суы бетін тұщыландырып, қатуын жылдамдатады. Теңіз суы қатқанда оның құрамындағы тұз бөлініп, мұз кристалдары тек тұщы судан тұрады. Ол бөлінген тұз су тұздылығын онан әрі жоғарылатып, қату температурасын төмендетеді. Теңіз суының қатуына түрлі динамикалық үрдістер де (ағыс, толқын) кедергі келтіреді. Сондықтан теңіз суының қатуы үшін өте төмен температура мен ұзақ уақыт қажет.
Теңіздер бетінде пайда болған мұз қабатын өте күшті толқындар жеке бөлшектерге бөледі. Ол бөлшектерді мұз алаңдары деп атайды. Жел мұз алаңдарын бір-біріне ығыстырып соғады, жел әрекетінен олар шеттерінен бастап сынады. Бірінің үстіне бірі үйіліп мұз тростарын құрады. Мұз тростарының су үстіндегі биіктігі кей жағдайларда 5-10 м дейін жетеді. Теңіздердің құрлық жағаларына жақын жерлерінде мұздар топталып, қозғалмай, іркіліп қалады. Мұны жағалық припай деп атайды.
Полярлық аудандарда мұз қысқа жазда еріп үлгермейді, де келесі қыста мұз қалыңдығы өсе береді де, бірнеше метрге(5 м дейін) жетеді. Мұндай мұздар тұтас, әрі қалың алаңдар құрайды. Оны полярлық пак деп атайды.
Қысқа, әрі салқын жазда еріп үлгермеген мұздардың Солтүстік мұзды мұхитында жиналып қалмау себебі: Атлант мұхитынан жылы (Гольфстрим) ағысының келуімен және суық Гренландия ағысының мұздарды Атлант мұхитына ығыстыра айдауымен байланысты.
Айсбергтер. Антарктида материгі, Гренландия аралы және Солтүстік Мұзды мұхиттың көптеген аралдарын қалың материктік мұздар басып жатыр. Осы материктік мұздар теңізге сынып түсіп, үлкен қалқыма тау сияқты мұздарды түзеді. Бұл мұздарды айсберг деп атайды. Мұздың су бетіндегі биіктігі 30-40, кейде 70 м дейін барып, орташа қалыңдығы 180-200 м тең болады.
Гренландиядан түскен айсбергтер мұхит ағыстарымен Америка жағалауын бойлап, оңтүстік ендіктерге қарай өтеді.
Айсбергтер кеме қатынасына өте көп кедергі келтіреді. Мысалы, 1912 жылы бортында 1490 жолаушысы бар “Титаник” кемесі айсбергке соғылып опат болды.
Дүниежүзілік мұхит бетінің 15%-ын (55 млн.км2) мұз жауып жатыр. Оның 38 млн.км2 оңтүстік жарты шарда орналасқан.

Мұхит суындағы қозғалыстар. Мұхит суы үздіксіз қозғалыста болады. Ұзақ уақыттар бойы өте төмен тереңдіктегі су қозғалыссыз тыныш күйде болады деп саналды. Соңғы зерттеулер нәтижесінде мұхит суының тек беткі қабаты ғана емес, терең қабаты да қозғалыста болатындығы дәлелденді. Тіпті 1500 м тереңдікке дейін жылдамдығы 6 км/сағатқа тең қуатты ағыстар туатыны байқалды.


Толқын. Мұхиттар мен теңіздер беті тыныш жатпайды. Тіпті жел жоқ, тымық ауа райының өзінде су беті шымырлана, бұжырланып, жағалауды толқын ұрып жатады. Ал, желді күндері теңіз бетінде толқын пайда болады. Толқын жел күшіне байланысты туады. Толқынның су үшін маңызы зор. Толқын әсерінен судың беткі қабаты мен төменгі қабатындағы су алмасады, нәтижесінде су температурасы мен тұздылығы теңеседі.
Егер жағалауда тұрып, толқынға назар аударсақ, олар тұрақты ырғақпен, бірінен соң бірі, жарыса, жағалауды ұрып, теңіз суы ілгері қозғалып жатқан тәрізді болады.
Егер жағалауға қарай жақындап келе жатқан толқынға, құрғақ ағаштан қалытқы тастасақ, ерекше құбылысты байқаймыз. Толқын қалытқыға жақындай келе, оны ұшар биіктігіне дейін, тербете көтеріп, қайта сол орнына түсіреді де, өзі алға қарай жылжып, жағалауды келіп ұрады.
Алғашқы толқын ізінен келе жатқан толқын да, сол құбылысты қайталап, қалытқыны жоғары көтеріп, қайтадан сол орнында қалдырады да, толқынның өзі жағалауға жетеді. Бақылау нәтижесінде, теңіз суы бетіндегі қалқып жүрген кез келген зат, толқын әрекетінен бірде, жоғары, бірде, төмен түсіп, өз орнын сақтайтынын (егер жел ығыстырып әкетпесе) байқаймыз. Жалпы толқындағы су бөлшектері ілгері қозғалмай, вертикаль жазықтықта, толқын жалына перпендикуляр шеңбер бойымен айналыс жасайды.
Толқын және оның бөліктері. Көлеміне қарамай кез келген толқын төмендегідей бөліктерден: жалы, табаны, беткейі, биіктігі және ұзындығынан тұрады (25-сурет).







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет