1-дәріс. Кіріспе. Климатология гидрология негіздерімен пәнінің география ғылымдары жүйесіндегі орны


-кесте Сарқырамалардың “ ұлы бестігі”



бет30/38
Дата14.03.2024
өлшемі2.52 Mb.
#495515
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
Дәрістер жинағы

5-кесте
Сарқырамалардың “ ұлы бестігі”





Аты

Биіктігі, м

Ені, м

Су шығыны, м³/сек

Орналасқан орны

1.

Кон

21

12500

8700-45000

Меконг өзені, Еуразия

2.

Гуаира

40

4800

9000-13000

Парана өзені, Оңтүстік Америка

3.

Игуасу

80

4000

1700-12000

Игуасу өзені, Оңтүстік Америка

4.

Виктория

120

1800

1400-7500

Замбези өзені, Африка

5.

Ниагара

50

1200

1350-6000

Ниагара өзені, Солтүстік Америка



6-кесте
Әлемдегі ең биік сарқырамалар





Аты

Биіктігі, м

Орналасқан орны

1.

Анхель

1054

Чуруми өзені, Оңтүстік Америка

2.

Тугела

933

Тугела өзені, Африка

3.

Иосемит

727,5

Иосемети өзені, Оңтүстік Америка

4.

Кукенан

610

Кукенан өзені, Оңтүстік Америка

5.

Мтарази Фолс

610

Родс-Иньянга ұлттық паркі, Африка

6.

Тальниковый

600

Тальниковая өзені, Еуразия

7.

Кауаи

600

Кауаи аралы, Гавай

8.

Сатерленд

580

Артур өзені, Жаңа Зеландия

Қазақстан жер көлемі жөнінен әлемдегі алдыңғы он мемлекет құрамына еніп, соған сай табиғаты да алуан түрлі болып келеді. Сарқырамалар аумағының он пайызы таулы рельеф болып келетін Қазақстан өзендеріне де тән құбылыс. Еліміздегі табиғаттың ерекше құбылысы ретінде – Жетісудағы Бұрхан Бұлақ, Алтайдағы Көккөл, Іле Алатауындағы Аюлы, Жоңғар Алатауындағы Мұздыбұлақ және Тянь - Шаньдағы Күркілдек сарқырамаларын атауға болады.


Бұрхан Бұлақ – тек Жетісу өлкесіне ғана емес, тіпті Орталық Азиядағы ең үлкен сарқырама ретінде саналады. Қора өзенінің сайында, теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте орналасқан. Оның үш сатысының биіктігі – 112 метрге, ең биік тұсы 120 метрге жетеді. Тонналаған мұзды су төменге бұрқырай құлап, айналаны шашыранды сумен жуып өтеді. Жап - жасыл мүкке оранған қызғылт түсті тастардың аясында мөп - мөлдір су тамшылары күн көзіне шағылысып, түрлі - түсті кемпірқосақты толықтырып отырады. Су қатты ағынмен баспалдақтар мен кемерлерді жасырып, төменге құлдилайды. Текелі қаласынан 55 км жердегі Қора өзенінің шатқалындағы Бұрқан Бұлақтың бірегей күкіртті - сутегі тұмасы емдік қасиеттерімен де танымал. Сарқырама бірнеше күркіреуікті құламадан тұрады. Оның үшеуі төмендегі жағынан көрінсе, төртіншісін тек соқпақ жолмен жоғары шыққанда ғана аңғара аласыз. Мұндағы су қоры, әсіресе, шілде айында молая түседі. Ғалымдар болжамында ерте заманда Қора шатқалы будда монархтарының мекені болған делінеді. “Бұрхан” сөзінің төркіні соны меңзейді. Бұл жердің бір тұсында осыдан бірнеше ғасыр бұрын жастарға қашалған Будданың мүсінін мүк басып жатуы да мүмкін. Қытай Халық Республикасымен арада 400 шақырымға созылып жатқан Жоңғар Алатауы табиғи шекара іспеттес. Мұндағы Қора шатқалының ұзындығы – 90 километр. Туристер болса Бұрхан Бұлақ сарқырамасына Ақсу ауданының Абай ауылы арқылы 110 шақырым жолды еңсеріп барып жетеді.
Сондай-ақ Алтай тауында да бірнеше сарқырамалар бар, атап айтқанда, Көккөл сарқырамасы (биіктігі 60 метр), Қаракөл сарқырамасы (биіктігі 10-12 метр), Арасан сарқырамасы (биіктігі 5-6 метр), Рахман сарқырамасы (биіктігі 30 метр), Пиала сарқырамасы (биіктігі 5-6 метр).
Тянь - Шаньдағы Күркілдек сарқырамасы 54 метр биіктіктен құлайды. Ол Алматы облысының Шұбартал жайлауында орналасқан. Аюлы сарқырамасы Алматы қаласының іргесінде 44 шақырым қашықтықтағы Түрген аңғарында орналасқан, оның биіктігі 30 метр.
Жалпы жер бетіндегі кез келген сарқырама табиғаттың тек ерекше ұлы құбылысы ретінде саналмай, сонымен бірге, адам баласын өзіне тартып, қызықтыратын және жанын ләззатқа бөлейтін табиғи - мәдени ескерткіші де болып табылады.
Өзен сағасының мұхит пен теңіз немесе шығанаққа құяр жеріндегі жазыққа шөгінді жыныстардың үшбұрыш пішіндегі жинақталуы нәтижесінде атыраулар пайда болады. Өзен атыраумен жазықты бойлап тармақтарға бөлініп кетеді де, саға тұнбаның жинақталуынан жағалауға қарай өсе береді. Атырау беті тегіс келіп, адамның шаруашылық мақсатында кеңінен игерілген. Атыраулар Амозонка, Ніл, Еділ сияқты ірі өзендер сағасында кең аумақты алып жатыр.
Өзендердің қоректенуі мен су режимі. Өзендегі су мөлшері жыл бойы тұрақты болмай, өзгеріп тұрады. Ол өзеннің қоректену жағдайымен байланысты. Өзендердің қоректену жағдайы жергілікті жердің климаттық ерекшелігіне тәуелді болып келеді.
Табиғатта өзендердің қоректену ерекшелігіне қарай үш негізгі типі: жер беті суларымен қоректену, жер асты суларымен қоректену және аралас қоректену ажыратылады
Жер беті суларымен қоректенетін өзендер өз ішінде: жаңбыр, еріген қар және мұздық суларымен қоректенетін өзендер болып бөлінеді.
Жаңбыр суымен негізінен: тропик аймақтар мен климаты муссондық облыстардың көпшілік өзендері қоректенеді. Сондай-ақ климаты жұмсақ болып келетін, Батыс Еуропаның көптеген өзендеріне де жаңбыр суларымен қоректену тән.
Еріген қар суымен қыста қар мол түсетін – Еуразия мен Солтүстік Американың көпшілік аймақтары өзендері қоректенеді. Климат ыстық аймақтар өзендері қар сумен мүлде қоректенбейді.
Мұздық суларымен негізінен: басын биік таулардан алатын өзендер қоректенеді. Қар суымен қоректенетін өзендер көктемде, ал, мұздық сумен қоректенетін өзендер жазда тасиды.
Жер асты сулары – өзендер үшін тұрақты, әрі “сенімді” қорек көзі болып табылады. Сондықтан жер асты суларымен қоректенетін өзендер жыл бойы тұрақты ағысқа ие болады. Сондай-ақ жер асты сулары, көпшілік өзендер үшін қыстағы бірден-бір қорек көзі болып табылады.
Табиғатта тек жаңбыр немесе қар мен мұздық және жер асты суымен қоректенетін өзендер өте сирек. Өзендер бір мезгілде аталған су түрлерінің барлығымен қоректене береді. Сондықтан аралас қоректену деп аталады. Өзен суы деңгейі жыл ішінде тұрақты болмай өзгеріп тұрады. Ол оның жыл мезгілдеріне қарай қоректену жағдайымен байланысты. Жыл ішінде өзен суы деңгейі өзгерісінің үш түрі: судың тасуы, тасқын және судың сабасына түсуі (межень) байқалады.
Судың тасуы деп – жыл сайын белгілі бір мезгілде, су мөлшерінің молаюынан, өзен суы деңгейінің күрт көтерілуін айтады. Мысалы, судың тасуы жазық жер өзендерінде қардың еруіне байланысты көктемде, басын биік таулардан алатын өзендерде, мұздықтардың еруіне байланысты жазда жүреді.
Өзен суының тасуы жергілікті жердің климаттық ерекшелігіне байланысты болса, тасу ұзақтығы мен қарқындылығы жыл сайын өзгеріп тұрады. Мысалы, еріген қар суымен қоректенетін өзендердегі, судың тасуы өзен алабына жауған қар мөлшерімен, оның еру қарқындылығына байланысты. Сондай-ақ, өзен алабы топырағының ылғалға қанығу дәрежесі мен күзгі жаңбыр да әсер етеді.
Тасқын деп – өзен суы деңгейінің мол жауған жаңбыр немесе басқада табиғи құбылыстар әсерінен тез, әрі қысқа мерзімде кенеттен молайып, зор биіктікке көтерілуін айтады. Тасқын – жыл сайын белгілі бір мезгілде тұрақты қайталанбайды.
Судың сабасына түсуі (межень) деп – өзен суы деңгейінің жыл ішіндегі ең төменгі жағдайын айтады. Өзен суының сабасына түскен деңгейі, оның жер беті суларымен қоректенуін мүлде тоқтатып, тек жер асты суымен қоректенуге көшкен кезден байқалады. Өзен суының сабасына түскен деңгейінің қысқы және жазғы мезгілдері айқын ажыратылады.
Өзен суы деңгейінің жылдық өзгерісін типтік график (28-сурет) арқылы көрсетеді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет