1-дәріс. Кіріспе. Климатология гидрология негіздерімен пәнінің география ғылымдары жүйесіндегі орны


-кесте Дүниежүзілік мұхит көрсеткіштері



бет24/38
Дата14.03.2024
өлшемі2.52 Mb.
#495515
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
Дәрістер жинағы

4-кесте
Дүниежүзілік мұхит көрсеткіштері





Атауы

Ауданы,
млн км2

Көлемі,
млн км3

Орташа тереңдігі, м

Ең терең шұңғымасы, м

Тынық

178,62

710,36

3 980

11022 (Мариан шұңғымасы)

Атлант

91,56

329,66

3 600

8742 (Пуэрто-Рико шұңғымасы)

Үнді

76,17

282,65

3710

7729 (Зонд шұңғымасы)

Солтүстік мұзды

14,75

18,07

1220

5527 (Гренландия теңізі)



Тынық мұхиты – көлемі жағынан ең үлкені, әрі тереңі. Ол батысында Еуразия мен Аустралия материктері жағалауын, шығысында Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері жағалауын, оңтүстігінде Антарктида материгі жағалауларын шаяды.
Солтүстігінде тар Беринг бұғазы арқылы Солтүстік мұзды мұхитымен байланысса, оңтүстігінде кең су алқабы арқылы Атлант және Үнді мұхиттарымен байланысады. Олармен арадағы су арқылы өтетін шекара шартты түрде алынған. Тынық және Атлант мұхиттары арасындағы шартты шекара: Горн мүйісінен (Отты жер аралы), Грейм Жеріне (Антарктида) өтеді. Тынық және Үнді мұхиты арасындағы шартты шекара: Вильямс мүйісінен (Антрактида), Тасман аралығындағы Оңтүстік мүйісіне өтсе, Еуразия мен Аустралия аралығындағы бөлікте, Малакка түбегінен Үлкен және Кіші Зонд аралдары доғасының сыртқы жағымен, Жаңа Гвинеяға және Торресов бұғазы арқылы, Аустралияға өтеді.
Атлант мұхиты – көлемі жағынан екінші мұхит. Ол Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері жағалауын батысында, Еуразия және Африка материктері жағалауын шығысында шайса, Антарктида материгіне оңтүстік жағалауында ұласады. Су айдыны арқылы оңтүстігінде Тынық, Үнді және солтүстігінде Солтүстік мұзды мұхиттарымен байланысады. Үнді мұхиты арасындағы шекара шартты түрде: Антарктида жағалауынан (Ларса жері), Игольный мүйісіне (Африка) дейін жетеді.
Үнді мұхиты – жер шарының біртұтас су айдынындағы үшінші мұхит. Ол батысында Африка материгі жағалауын, шығысында Аустралия материгі мен солтүстігінде Еуразия материгі, оңтүстігінде Антарктида материгі жағалауларын шаяды.
Солтүстік мұзды мұхиты – дүниежүзілік мұхиттың алып жатқан көлемі мен тереңдігі жағынан ең кіші, әрі саязы. Еуразия мен Солтүстік Америка материктері жағалауын солтүстік бөліктерінде шайып, Атлант мұхиты арасындағы су арқылы өтетін шекара: Лабрадор түбегінен Бафинов жеріне, одан шығысқа қарай, Девисов бұғазы арқылы, Гренландия аралына өтіп, одан Дат бұғазы арқылы, Исландия, Фарер аралдары арқылы, Скандинавия түбегіндегі Стадланд мүйісіне дейін барады. Мұхиттар теңіздер мен шығанақтарға бөлінеді.
Теңіз – суының өзіне тән, физикалық және химиялық қасиеттерімен (температурасы, тұздылығы және ағыс сипаты) ерекшеленетін, мұхиттың азды-көпті оқшауланған бөлігі.
Теңіздер орналасу орны мен қазан шұңқыр сипатына қарай: материк аралық, ішкі және шеткі теңіздер болып бөлінеді.
Материк аралық теңіздер – атынан көрінгендей, материктер аралығында орналасады. Мысалы, Жерорта, Қызыл теңіз. Материк аралық теңіздер қазан шұңқыры, әдетте, терең болып келеді.
Ішкі теңіздер – белгілі бір құрлықты ішкерлей орналасады. Ішкі теңіздер негізінен, Еуразия материгіне тән. Мысалы, Балтық, Қара, Азов теңіздері.
Шеткі теңіздер – материк жағалауларын жиектей орналасады, Еуразия материгі жағалауында тізбектеле, бірнеше теңіз орналасқан. Мысалы, Баранец, Лаптевтер, Беринг теңіздері.
Теңіздер арасында көлемі жағынан ең үлкені, әрі ең тереңі – Корал теңізі (4,07 млн ​​ км2, 10 038 м), ал ең кішісі – Мәрмәр теңізі (12 000 км2). Ең таязы – Азов теңізі, оның орташа тереңдігі небәрі 7 м, ал максимум тереңдігі - 13 м. Мұхиттар мен теңіздердің жекелеген бөліктері шығанақтар мен бұғаздарға бөлінеді.
Шығанақ – мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп, мұхиттан немесе теңізден азды-көпті оқшауланған бөліктері. Жекелеген теңіздерді кейде шығанақ деп те атайды. Мысалы, Мексика, Гудзон, Парсы шығанақтары. Жағалауларының шығу тегі мен пішініне және құрылымына қарай, шығанақтарға көбінесе жергілікті атаулар беріледі (қойнау, шығанақ, фьорд, эстуарий, т.б.).
Бұғаз – құрлық пен құрлықты бөліп, көршілес екі су айдындарын байланыстыратын, енсіз тар су алаптары. Мысалы, Беринг бұғазы Тынық және Солтүстік Мұзды мұхиттарын байланыстырып, Еуразия мен Солтүстік Америка материктерін бөліп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет